Жарияланымдар

NINETY ONE ТОБЫ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ

Блог - AbilmansurKamzaev: NINETY ONE ТОБЫ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ
Осы бір топтың фанаты(eagles) болмасам да әндерін тыңдап тұрамын. Бұл пост арқылы мен 91(ninety one) тобын жақтап, немесе жамандап жатқым келмейді. Менсіз де жамандап, немесе мақтап тастаған адамдар жеткілікті. Халық арасында қатты сынға ұшыраған топтың жақында(кеше ғана) "Қалай қарайсың" әніне клиптерін көрдім.(Glaмұр для дұр филімінің саундтрегі). Негізі жақсы клип екен. Алған әсерімнің плюс жақтары көп болды. Барлығы да жаңаша. Егер "қоғам бір орында тұрмайды, әрдайым жаңашылдыққа ұмытылу керек" деп айтсам 91-дің, оның ішінде осы топтың бас продюссері Ерболат Беделханның сөзін сөйлеп тұрғандай көреді барлығы. Жақында(өткен аптада) ninety one-ның шетелде тыңдармандары пайда болыпты дегенді естіп қалғаным бар. Егер шетелде "Қазақстанда осындай топ бар екен, осыларрдың әндерін тыңдап көрейік" деп шетелдіктер қызығушылық танытып жатса бұның несі айып. Тағы бір мәрте "Қайтадан" айтам маған "Қалай қарайсың" ол жағы өз еріктеріңізде, бірақ мені жазылған постым үшін ешкім «Айыптама»-с деп үміттенемін.
Әрі қарай

ЖАҢА АРНА- ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Блог - AbilmansurKamzaev: ЖАҢА АРНА- ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Қазақстан аумағында «Setanta Қазақстан » арнасы өз жұмысын бастайды. Аталған арнадан Ағылшын премьер лигасының ойындарын футбол сүйер қауым алдағы үш маусым бойы тамашалай алады. Арнада еліміздің беделді спорт комментаторлары қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайды деп күтілуде. Жаңа арна өз жұмысын осы сенбі, яғни 24 қыркүйектен премьер лиганың VII тур ойындарымен бастайды. Алғашқы тұсаукесер ойын Манчестер Юнайтед және Лестер командалары арасында өтетін болады. Осыған дейін «Setanta Sport»: Германия, Италия, Франция біріншіліктерімен бірге Англия кубогі және Англия лигасының кубогімен қоса 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарынан өз трансляцияларын жүргізіп келген. Сонымен қатар, Ұлттық хоккей лигасы, бокс, UFC, регби және Формула -1 жарыстарын көрсетіп келеді.
Әрі қарай

ШАЙҚАСТЫ ЖЕҢІЛГЕНІМЕН СОҒЫСТЫ ЖЕҢЕДІ

Блог - AbilmansurKamzaev: ШАЙҚАСТЫ ЖЕҢІЛГЕНІМЕН СОҒЫСТЫ ЖЕҢЕДІ
Ағылшын премьер лигасының төртінші туры аясында қос Манчестерлік клуб кездескен болатын. Бұл кездесу дербиден бөлек Моуриньо мен Гвардиола текетіресінің жаңа кезеңі. Жаңа маусымда дерби Гвардиоланың пайдасына аяқталды. Алайда бұл тек маусымның басы болғандықтан, чемпиондық атақ туралы ойлауға әлі ерте.
Ойын қонақтардың басымдығымен басталды. Кездесуді он бесінші минутында қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған Кевин Де Брейне есепті ашты. Қонақтар гол соққаннан кейін тоқтап қалмай, шабуылдарын үдете түсті. Соның нәтижесінде қақпа алдындағы қарбаласты 20 жасар Келечи Ихеаначо пайдаланып, есепті 2:0 ге жеткізді. Бірінші тайм аяқталуға үш минут қалғанда Златан Ибрагимович есеп айырмасын қысқартты. Екінші тайм барысында есеп өзгеріссіз қалды.
Осылайша, Англияда басталған алғашқы кездесу испаниялықтың пайдасына шешілді. Моуриньо шайқаста жеңілгенімен соғысты жеңуге барын салатыны айдан анық.
Әрі қарай

СПОРТТА НЕШЕ ЖАСҚА КЕЛГЕНІҢ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС, БАСТЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН СЕНІМ!

Блог - AbilmansurKamzaev: СПОРТТА НЕШЕ ЖАСҚА КЕЛГЕНІҢ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС, БАСТЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН СЕНІМ!
Бүкіл әлем көз тіккен Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін кезек параолимпиада ойындарында. Ғаламшарымыздың түкпір-түпкірінен жиналатын ойындар- мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін. Алайда, олардың тек мүмкіндіктері шектеулі деген аты ғана екеніне тарих куә. Шын мәнінде он екі мүшесі сау спортшылармен бәсекеге түсе алатынын сан мәрте дәлелдеген. Тағдыр тауқыметіне түссе де мойымаған жандарға қарап сүйсінесің!
Еліміз тәуелсіздік алғалы параолимпиадашылармыз төрт жылдықтың басты бәсекесінде бірде бір медаль олжалай алмай келген. 20 жыл күткен сәт келді. Сүйінші ағайын! бүгін Жүзу спорты бойынша 100 метрге еркін жүзу әдісінде Зульфия Габидуллина Қазақ елі үшін алғашқы жүлдемізді қоржынға салып отыр. Жүлде болғанда қандай десеңші шіркін! АЛТЫН. 49 жасар Жамбыл спортшысы тек чемпион атанып қоймай, әлем рекордын жаңартты. 6 жасында жол апатына ұшыраған Зульфия өмір бойына мүгедектен арбасына таңылған. Бірақ нағыз мінез танытып, тынбай еткен еңбегінің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, алты дүркін әлем чемпионы, көптеген әлем рекодтарының иегері, 2014 жылғы Азия Пара ойындарының жеңімпазы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, кез- келген спортшы мансбындағы басты бәсеке ПараОлимпиада жеңімпазы атанып отыр. Өзінің айтуы бойынша: «Кішкентай күнімнен барлық жерде өзімді көрсетуге тырысатынмын, тағдырдың жазғанына көндігіп, спортқа өмірімді арнауды жөн көрдім. Біраз уақыттан соң нәтижелер де келе бастады. ТЕК АЛҒА! деген өмірлік ұстаныммен өзімді қамшылаған кездерім де болды» дейді Тараз қаласының тұрғыны.
Зульфия Габидуллинаның бұл жеңісі еліміздегі барлық мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін серпіліс болатыны сөзсіз.
Әрі қарай

ӘЛЕМДІ ТАҢДАНДЫРҒАН ҚОС ВИОЛЕНЧЕЛЬ!

Блог - AbilmansurKamzaev: ӘЛЕМДІ ТАҢДАНДЫРҒАН ҚОС ВИОЛЕНЧЕЛЬ!2CELLOS (2 Виолончель) — Лука Шулич және Степан Хаузерден тұратын қос виоленчельде ойнайтын хорват музыканттары. Әйгілі Майкл Джексонның «Smooth Criminal» әнін виоленчельде орындап, атақтары әлемге жайылды. YouTube сайтында алғашқы екі аптада 3 млн адам тамашалаған. Барлығы 253 млн(2016 жылғы 17 қаңтардағы мәліметтер бойынша).
Лука Шулич — (25 тамыз, 1987 жыл Марибор, Словения) Загребтегі Музыка академиясында, кейін Вена, Лондондағы музыка академияларында білім алған.
Степан Хаузер — (15 маусым, 1986 жыл Пула, Хорватия) Манчестердегі корольдік музыкалық колледжінде, одан бұрын дарынды балаларға арналған Тринтин колледжінде білім нәрімен сусындаған. Дуэт болып, құрылғанға дейін екеуі әр түрлі халықаралық музыкалық жарыстарда бәсекелестер болған.
Бір қарағанда біздің ментолитетке жат қылықтар жасағанымен дуэттің аспаптың құлағында ойнауы кімді де болсын таңдандырмай қоймайды. Өздеріңіз видеодан тамашалап, бағасын беріңіздер!
Әрі қарай

Олар тағы кездеседі

Блог - AbilmansurKamzaev: Олар тағы кездеседі

Еуропада футбол маусымы басталды. Бұл дегеніміз әлем назары Ағылшын премьер лигасына ауады деген сөз. Себебі Англияның жоғарғы дивизионына осы маусымда келген бапкерлер: Антонио Конте, Вальтер Мацарри, Жозе Моуриньо, Хосеп Гвардиолаларға — Юрген Клопп(Ливерпуль), Моурисио Почеттино, Клаудио Раньери, Арсен Венгер сынды беделді мамандар бәсекелес атанды. Әсіресе Испаниялық пен португалиялық арасындағы дуэль қызық болайын деп тұр. Қос Манчестер арасындағы тартыс бұрынғыдан бетер қыза түспек. Әзірге екеуіде жеңіліс таппай көш басында келеді. Осы ойында екі команданың бірі не болмаса екеуі де ұпай жоғалтатыны түсінікті.

Моуриньо мен Гвардиола 1996-2000 жылар аралығында Барселона сапында бірге болған. Гвардиола команда капитаны әрі көшбасшысы болса, португалиялық алдымен аудармашы, кейіннен сол кездегі бас бапкер Луи Ван Галдың көмекшісі қызметін атқарған. Қос бапкер арасындағы текетірес 2009-2010 жылғы Чемпиондар лигасында басталып, испанияның Ла лигасында жалғасқан болатын. Енді міне Тұманды Альбионға да кезек келді. Статистика испандық бапкер пайдасында. Енді Англияда дуэльдің жаңа кезеңі басталғалы тұр.

Сонымен 10 қыркүйек 2016 жыл. Ағылшын Премьер Лигасы. 4 тур. «ОЛД ТРАФФОРД» стадионы. Манчестерлік дерби.
Әрі қарай

ЕНДІГІ КЕЗЕК ҚЫЗДАРЫМЫЗДА

Бүгін Астанада «БАРЫС АРЕНА» мұз сарайында бокстан әйелдер арасындағы ІХ әлем чемпионаты жалауын көтерді. Байрақты бәсекеде РИО олимпиядасына үш салмақ дәрежесі бойынша(51,60,75) он екі жолдама сарапқа салынатын болады. Біздің құрама барлық он салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатын болады. Әсірсе, Олимпияда ойындарына баратын салмақтағы қыздарымыз барын салуы тиіс. Қыздарымыз жарыс жолына ертеңнен бастап шығады. Әзірге қыздармыздың еншісінде бір жолдама бар, Дариға Шакимова 75 келіде Цяньаньда өткен іріктеу турнирінде күміс жүлдеге ие болға болатын. Әлі де болса екі салмақта олимпияда жолдамаларын алып, толық құрамда баруға мүмкіндік туып тұр. Айта кетейік, еліміздің ерлер құрамасы тұңғыш рет Олимпияда ойындарына барлық он салмақ дәрежесінде қатысады. Ендігі кезек қыздарымызға келген сияқты. Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 19-27 мамыр аралығында өтеді. Әлем чемпионатының барлық кездесулерін КAZSPORT арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Әрі қарай

ҚАРТ СЕНЬОРА ТАҒЫ ДА ЧЕМПИОН!!!

Еуропада футбол маусымы аяқталуға жақын қалды. Енді бір 10-15 күнде барлығы да белгілі болады. Ал кейбір біріншіліктердің чемпиондары белгілі болды. Егер ПСЖ ең бірінші болып, «Лига 1» чемпионы атанса, енді скудетто(Италия) иесі де белгілі болды.
Ювентус былтырғы жылғы атағын қорғап қалды. Массимилиано Аллегри шәкірттері қатарынан бесінші мәрте «А» Сериясында жеңіске Романың арқасында жетіп отыр.
35 турдың соңғы кездесуінде Спалетти шәкірттері өз алаңында Наполиді қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Бұл нәтиже Ювентусті отыз екінші мәрте Италия чемпионы жасады.
Маусым қарт сеньора үшін жақсы басталды деп айта алмаймыз. Бірақ естерін дер кезінде жинаған Буффон бастаған жігіттер 11 турдан бастап, жеңілістің не екенін білмей келеді. Оның үстіне қақпашы Джанлуиджи Буффон қақпасын голдан 974 минут(11матч) аман сақтап тұрып, «А» Сериясында жаңа рекорд орнатты.
Енді қалған матчтарды тек жанкүйерлер үшін өткізу қалды. Жарайсыңдар Аллегри шәкірттері!!! Forza Juvenus!
Әрі қарай

GGG және JORDAN

Генадий Головкин әлемге әйгілі брендттердің бірі JORDAN мен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтын болады.
Соңғы 30 жылда бренд ұлылықтың белгісіне айналып үлгерді. Аты әлемге мәшҺүр баскетболшы Майкл Джордан есімімен аталатын бұл бренд осы кезге дейін тек ҰБА(Ұлттық Баскетбол Ассоциациясы) (Кобе Брайант пен Леброн Джеймс) жұлдыздарымен келісім-шартқа отыратын. Алайда Гена аталған брендке қосылған үшінші боксшы.(Андре Уорд және Рой Джонс).
«Мен үшін бұл үлкен мәртебе, алдағы уақытта осы бренд арқылы көп жетістіктерге жететініме сенімдімін, 23 сәуірде Доминик Уэйдке қарсы өткізетін кездесуге JORDAN бренді ұсынған киімде шығамын» деп журналистерге мәлімдеме жасады.
Әрі қарай

БІРІНШІ КҮН ЕКІНШІ КҮННЕН ӨЗГЕРЕК

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының жекелей белдесулері аяқталды. Өкінішке орай жарыстың екінші күні алғашқы күндей болмады. Дегенмен қоржынымыз 3 қола, 1 күміс жүлделермен толықты. Азия чемпионатының қола жүлдегерлері: Әзиз Қалқаманұлы(81келі), Максим Раков(-100келі), Ержан Шынкеев(+100 келі) болды. Ал финалдық белдесуде Гүлжан Исанова(+78 келі) кореялық қарсыласына шамасы жетпеді. Осы кеште күрескен тағы бір отандасымыз Альбина Амангельдиева болса қола жүлде үшін болған белдесуде қарсыласына жол беріп, бесінші орынға табан тіреді.
Екінші жарыс күнінен кейін жапон дзюдошылары командалық есепте көш бастады. Олардың еншісінде 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль, екінші орында моңғол балуандары олар осы біріншілікте 4 алтын, 1 күміс және 6 қола болса, үшінші орында Қазақстан құрамасы, еншімізде 3 алтын 2 күміс және 4 қола жүлде бар. Жарыс қожайындары өзбек ағайындар болса жетінші орында, еншілерінде 3 күміс және 3 қола медаль бар,
Ертең, яғни үшінші жарыс күнінде командалық бәсекелер өтетін болады. Жерлестерімізге сәттілік!
Әрі қарай