Осы жұрт Абсентті біле ме екен?!
Абсент арқылы қазақтың аты әлемге тарамаса да Қазақстанның жылқы зауытынан шыққанын жоққа шығара алмаймыз. Қазақы бие мен Араб атты ахалтеке айғырдан туған Абсент 1960-шы жылғы өткен Рим Олимпиадасының (27-ші жазғы олимпиада) чемпионы.
Абсенттің әкесі Арабты 1945-ші жылғы Жеңіс парадында маршал Жуков мініп шыққан екен.
Әрі қарай
Абсенттің әкесі Арабты 1945-ші жылғы Жеңіс парадында маршал Жуков мініп шыққан екен.


"Әміре Қашаубаевты білмейтін қазақ кемде-кем" деп бастасам өтірік болар ма еді. Баяғыда өлген Әміре түгілі көзі тірі Қайрат Байбосыновты білмейтін қазақтар көп. Әміре шетел сахнасында өнер көрсеткен тұңғыш қазақ. 1925-ші жылы Париж сахнасында ән салған қазақтың әнші ұлы. Тақырыпта неліктен Париж сапарына шүйліктік?! Бұл жайлы мәліметтер кейініректе анықталып жатыр.
Шамалыдан соң қан аралас көпіріктердің тамып жатқанын байқадым. Қызыл еттің қанауы дегенде білем, дәл бұлай қанамайтын тісімнің еті. Аузым аши бастады, кәдімгідей ашып ауырды. Аузымды сумен шайып жатырмын, қан тоқтайтын түрі жоқ. Не керек, тіс щеткамды шайып орнына қояйын десем… Тіс щеткасы дегенім сақал қыратын станогым!