Жарияланымдар

Жағдай қиындады...

«Блогкэмп» деп, «наурыз» деп сайран салып, оқуды жайына қалдырып едім, осы жерден оңбай ұсталдым. Украинадан прәпесір шал келген, лекциядан лекция, тапсырмадан тапсырма. Былжырап жүрген маған, әсіресе, қиын болды. Есімді жия алмай қалдым((( Дәл желкеңнен «программа жаз» деп тұрып алатыны жаман екен))) Ия, ия, енді екі апта бойы интенсивті түрде ғылыммен айналысатын боламын.
Жұмысы түскір де қанды ішті ужы. Күзден бастап жұмысты тастап, тек қана оқуға кіріссем бе деп жоспарлап отырмын. Әйтпесе, масқара болатын түрім бар…
Әрі қарай

Біз де ұйымшыл боламыз)))

Аршаттың «5 адам жиналса рахмет» деген сөзі қамшы болып, жұмыстан шыға сала таксилетіп «Тағамға» бардым, Қарақыз екеуміз қабаттаса кірдік))). Біразы жиылып, сыйлықтарын алып үлгерген екен, Қарақызға да футболка бұйырды әйтеуір. Таң қалғаным, бұрын көрген блогшылардың арасында әріптесім Азамат жүр)) «Блог ашам» дейді. «Дауай» дедім. «Дауай» демекші, тағы екі құрбымды блог жүргізуге үгіттеп қойдым, Өркен айтпақшы «Астаналық блогшы қыздардың санын срошно арттыру керек». Аршат әдейілеп оларға деп екі папка берді, аванс ретінде))) Басқа да тың ойлар айтылды, ол енді құпия әзірге. Келесі құрылтай да тілге тиек болды. Алматылықтардан қалай озып… қалыспай, жақсы өткізуге болады деген сияқты)))
Ия, айтпақшы, біздер де енді жиі-жиі кездесіп тұруға келістік, "імммә" деп қояйын!
Әрі қарай

Соңғы вальс (Маржан Арапбаева)

Мені ұмыттың соншама зарықтырып,
Елемедің өзгемен сауық құрып.
Неге, неге суыттың сезімімді?
Өте ыстық деміме жанып тұрып?

Қайырмасы:

Соңғы вальс, мұңға баттым ойлана,
Соңғы вальс, шыр көбелек айнала…
Әрі қарай

Блогкэмпті қимаймын...

Иә, қанша уақыттан бері асыға күтіп жүрген Блогкэмп-2011 2-ақ күнде зу етіп өте шықты. КИМЭП-тің абыр-сабыр холлы, қызықты да көңілді жүздесулер, жаңа танысулар (Айкона, Алтыградус, Қисық, Қуаныш, Розатай, Талғат т.б.), презентация алдындағы толқу, блогшылармен мафия ойнау, Қалдықыздың қазысы, Айконың моншасы — бәрі де артта қалды.
Өзім қатысқан презентациялардың арасынан Өркеннің блогты танымал ету жолдары туралы айтқандары, Патиктің киноға рецензия жазуға қатысты кеңестері және Ақзеренің «Арулар.кз» сайтын таныстыруы ұнады. Ақзереге айтарым, орамал байлаудың бір әдісін білуші ем, соны видео ретінде сайтыңа тарту етем болашақта)))
Қостанайда блогшыға арналған ескерткіш бар екендігін Бальзаминкадан естіп, таң қалдық. Қуаныштың интернет арқылы ақша табу әдістерін тыңдап, "лібә, оңай байып кетуге болады екен ғой" деген ой туындады)))
Айтпақшы, өз жобам бойынша біраз тартымды идеялар жинақтадым.

Енді, фотолар сөйлесін:

Қызықты жүздесулер


Әрі қарай

9-класстағы оқиға

Ақыры бала кезді еске алған екенмін, тақырыпты жалғастыра кетсем.
Тоғызыншы сынып оқып жүрген кезім. Мектеп директоры шақыртып алып: — «Пәлен» қоры байқау ұйымдастырып жатыр, соған очерк жазу керек. Бас жүлдеге — телебизір, — деді. «Окой» деп
Әрі қарай

Наурыздағы оқиға



Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді. Осыған орай, бір кездері "Ұлан" газетіне жарияланған "ірі" туындыларымның бірі — «Наурыздағы оқиға» атты өлең ертегімді ұсынғым келіп отыр. Аршаттан қалыспайын деп скәнірленген нұсқасын да салып қойдым.

Наурыздағы оқиға

Үйрек-қалпында емес ©

Аязды ақпан кетті де,
Наурыз келді күлімдеп.
Күн сәулесін төкті кеп,
Аямады нұрын көк.

Сақылдады сауысқан,
Бар тіршілік оянды.
Жар салуға Арыстан,
Жұмсады сұр Қоянды.

Шарлап Қоян тоғайды,
Деді:
— Асыр сап ойнаймыз.
Алаңда ең қолайлы
Наурыз тойын тойлаймыз.
Әрі қарай

Былтырғы 8 наурыздағы өлең

Сегізінші наурыздың да таңы атты,
СМС-ті достар қарша боратты.
Арасынан көріп сенің атыңды,
Маужыраған ұйқым шайдай ашылды.

Гүлге оранып сала берді өмірім,
Телефонға қарай бердім қуана.
Небір сыйға ерімеген көңілім
Тасып кетті, тағдыр неткен дуана?!

«Мерекеңмен!» Бір-ақ ауыз жазғаның,
Сол бір сөзің жүрек қылын қозғады.
Көптеу жазсам, үміттенер дедің бе?
Ал жазбауға мүлдем дәтің бармады…

Авторы: мен
Әрі қарай