Жарияланымдар
Сәлем бердік «Керекинфо» қауымы.
Мен сізді жақсы көремін...
Жұма… Далада шелектеп жаңбыр жауып тұр. Көңіл-күйім күндегідей көңілді емес, сәл де болса жабырқау бар. Себебі, сағындым… Жаныма жігер, күш, сенімділік, бойыма қуат беретін, көңілімді көтеріп, бірге қуанатын, жылайтын да жан жырақтау болып тұрғаны…
Әрі қарай
Розаның туылған күніне тарту!

Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын, Розатай, туған күнің!
Алматы. Керекшілер. Демалыс.
Сәлем бердік, «Керекинфо»-ның тұрғылықты жамағаты!
Жағдайларыңыз жақсы, мал-жан аман ба? Студенттер қауымы оқу жылының жартысын артқа тастап, қысқы демалысқа да шыққан болатын. Мен де сабақтарымнан емтиханымды сәтті тапсырып, демалысымды Алматы қаласында өткізбек болдым. 4-5 күнге жоспарланған демалыс, бір апта, жо-жоқ, 10 күнге ұласты. Сонымен не керек, қаңтар айының 17-ші жұлдызында батыс пойызына билет алып, жолға шықтым.
Әрі қарай

Қолөнер
Сәлем бердік, жамағат!
Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар. 
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Әрі қарай


Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
... не пісіресің?
Уа, жамағат! Аязды қыс мезгілінде жылы үйде отырып, дастархан басында ыстық шәймен ішетін тәттілерді жасауды ұсынамын. Оңай, тез, дәмді!
Менімен бірге ілесе отырыңыздар, бастайық!
Әрі қарай

Көрме - көрмек үшін!
Сәлем бердік, жамағат! Осыдан бірер күн бұрын «Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениеті: келелі мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми — теориялық конференциясы, яғни «KORKUT AND MUSIC OF THE GREAT STEPPE» түркі халықтарының бас қосуы болған болатын. Жиын қатысушылары: түркі халықтарынан келген делегаттар, музыкатанушы ғалымдар мен дәстүрлі орындаушылар және жазушы, драматург, «Мәдениет» журналының бас редакторы — Дулат Исабеков пен Қызылорда облысының әкімі — Болатбек Қуандықов, мәдениет ісінің бастығы — Берік Жүсіпов мырза. Мерекелік шара 21-24 аралығында, яғни 3 күнге созылды. Екінші күні өткен іс-шараға қатысқан болатынмын.
Жалпы, конференцияда келген қонақтардың ой-пікірі мен ғылыми жобалары қысқаша тыңдалды. Соңында «Сайын дала. Саза дала. Ұлы дала." деген атпен Сыр елі қолөнер шеберлері мен суретшілерінің көрмесі өтті. Көрмеден фоторепортаж ұсынайын 
Әрі қарай



Сүйікті де, сүйкімді әпкелер!
Сәлем бердік ағайын! Қасиетті Рамазан айының да аяқталуына аз қалды, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, жиған сауаптарыңыз еселене түссін деймін!
Әрі қарай

Mille-feuilles!
Иә, Раббым! Жәрдем бер қысылғанға,
Мейірім төк жүрегін ұсынғанға…
Алланың рақымына бөленетін,
Бүгін жұма – бір мейрам мұсылманға!
Сәлем бердік жамағат! Жұма мүбәрак, тілеген дұға – тілектеріңіз қабыл болсын! @AKY әпке,мен АҚҚУ деп оқи берем, сондай әдемі айтылады да, солай айта берсем бола ме екен… тез сауығып кетсін деп дұға етейік. Мен үшін жұма – аптадағы жеті күннің ішіндегі ең сәтті де, бақытты күндердің бірі, Аллаға шүкір! Былайынша айтқанда, мен үшін ТОЙ ғой, бұл күн!
Әрі қарай
Мейірім төк жүрегін ұсынғанға…
Алланың рақымына бөленетін,
Бүгін жұма – бір мейрам мұсылманға!
Сәлем бердік жамағат! Жұма мүбәрак, тілеген дұға – тілектеріңіз қабыл болсын! @AKY әпке,
Торт "KEREKINFO"
Құрметті ЖАМАҒАТ, сәлем бердік! Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Жаратқан Иеміз жар болып, жәрдем берсін деймін! не болса да шыдаңыздарЧы
Тааак, кеше ауызашарға
Әрі қарай
