Жарияланымдар

Ауыл жастарының арманы асқақ

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен облысқа қарасты Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Арал аудандарында «Бүгінгі жас — ертеңгі ел болашағы» тақырыбында ауыл жастары, еңбек майданындағы жұмысшы және жұмыссыз жастардың қатысуымен әлеуметтік конференциялар өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты -«Дипломмен — ауылға!», «Жастар кадрлық резерві-2013», «Бизнестің жол картасы — 2020», «Қолжетімді баспана — 2020», «Жасыл ел» еңбек жасағы, Қызылорда облысы бойынша құрылған «Жас құрылысшылар жасағы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы жастарды кеңінен, ақпараттандыру.
Әлеуметтік конференцияға аудандық әлеуметтік сала басшылары, «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық, аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары қатысып, қатысушылар тарапынан қойылған түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді. Жастар бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне қатысты ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, ауыл жастарының кездесу барысында көтерген мәселелері 27 шілде күні Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі кеңесте талқыланатын болады.
Әрі қарай

Арал ауданында жастар орталығы ашылды

Арал ауданында жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға және, ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған ресурстық орталық ашылды.
Орталық жұмысының негізгі мақсаты — қала мен ауыл жастарын дара кəсіпкерлікті жүргізе білуге жəрдемдесу, қала мен ауылда қажет етілетін бизнес-жобалар жасауды көтермелеу, сондай-ақ, қала мен ауылдағы жастардың шағын несие алуына жəрдемдесу. Сонымен қатар, аудан және ауыл жастарына елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жастар үшін тиімді тұстарын түсіндіру. Орталық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша орындалып, жастар саясатын дамыту мақсатында қолға алынып отыр. Салтанатты жиынға Арал ауданы әкімінің орынбасары Ә.Алданов, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Е.Меңлібаев, жас кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты.
Іс-шара «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға және, ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында жүзеге асырылды. Орталықтың ашылуы жастар үшін, оның ішінде ауыл жастары үшін үлкен көмек болары сөзсіз.

Блог - 77777_000_abk: Арал ауданында жастар орталығы ашылды

Блог - 77777_000_abk: Арал ауданында жастар орталығы ашылды
Әрі қарай

Жастардың саяси лагері

23–25 маусым аралығында Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен Қазалы ауданының әкімдігі және «Қызылорда — Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен Қызылорда облысы жастарының жазғы саяси лагері өтті.
Мақсат — Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылған мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру және жастар ұйымдары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Блог - 77777_000_abk: Жастардың саяси лагері

Блог - 77777_000_abk: Жастардың саяси лагері

Блог - 77777_000_abk: Жастардың саяси лагері

Лагерьге «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облысының белсенділері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жастар, жас кәсіпкерлер, спортшы және шығармашыл жастар, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының аясында жұмыс жасаушы жастар, ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жасаушы мамандары қатысты.

Саяси жиын барысында аймақ белсенділерінің басын біріктіру, оқыту және дайындау, жастардың кәсіби тұрғыда өсуі үшін жаңа білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге қажетті жағдай жасау, өзін-өзі басқарудың жаңа технологиялары негізінде тиімді жүйені қалыптастыру, шебер сөйлеу мәнерін меңгерген, жеке ұстанымдарын дәлелдей алатын, жас саясаткерлер мектебін қалыптастыру сынды көптеген мәселелер қарастырылды.
Әрі қарай

Таза қала – жанға дауа!

Жуырда «STOPҚылмыс» республикалық қоғамдық науқаны, «Эко-Сақшы» акциясы аясында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Сырдария өзенінің жағалауына және Қорқыт Ата мемориалдық кешен маңында тазалық жұмыстары жүргізілді.




Шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтай оырып, жастарды табиғатты аялауға шақыру. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін білетін жасотандық жастар шараға белсене қатысты.
Тазалық жұмыстары кезінде өзен маңындағы күл-қоқыстар түгел тазаланып, арнайы қоқыс тасушы автокөліктерге тиеліп, күл-қоқыс полигонына жіберілді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Әрі қарай

Тіл бұзарға тосқауыл!

Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Таза тіл» ерікті жастар тобы, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жастар тобы «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңының 21 бабына сәйкес келмейтін Қызылорда қаласында орналасқан ойын-сауық, сауда және басқа да алдын-ала ескерту жасалынған жекеменшік нысандарды қайта аралады. Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолданыс аясын кеңейту, қазақ тіліне деген құрметті арттыру.





Айтылған ескертулерді назарға алмай, сыртқы көрнекі, ақпараттарын заңға сәйкес өзгертпеген жекеменшік нысандары жергілікті БАҚ беттеріндегі «Тіл бұзарға тосқауыл» атты айдарына, интернет сайттарға жарияланатын болады. Алдағы уақытта «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Таза тіл» ерікті жастар тобы облыстық тілдерді дамыту басқармасымен әріптестік байланыс орнатып, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.
Әрі қарай

Жалында, жастық шақ!

Сырдария ауданының — 85 жылдық мерейтойы қарсаңына және Халықаралық отбасы күніне орай «Жас Отан» Жастар қанаты Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан орталығы — Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда «Жалында, жастық шақ!" атты флеш-моб өтті.




Шараның мақсаты — жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру және аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту. Аталмыш шараға ауданымыздың дарынды оқушыларынан, жұмысшы жастардардан құралған 200-ден астам жастар қатысты.

Әрі қарай

Жолда жүру ережесін білесіз бе?

«Нұр Отан» ХДП Республикалық желілік кестесіне сәйкес 22 мамыр күні «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы автотұрақтар мен қоғамдық орындарда «Жолда жүру ережесін білесіз бе?» тақырыбында жол ережелерін бұзу фактілерін алдын алу мақсатында, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Соңғы жылдары еліміздің барлық қалаларында көліктің барлық түрі көбейіп келеді. Бұл машина жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жетік біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Жол — ең алдымен балалар үшін аса қауіпті аймақ. Жол ережелері өте көп, сондықтан көлікті жүргізу сырт көзге оңай болғанымен, оқып, ережелерін біліп, оларды сақтау әр жүргізуші үшін-де, жаяу жүргіншілер үшін-де міндет. Насихат жұмыстары жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерінің жол ережесі туралы білімін кеңейтуге, жол белгілерін ажырата білуге, жол ережесін қатаң сақтауға үйрету, жол апаттарын болдырмау мақсатында өткізіліп отыр.




2013 жылдың бастапқы төрт айының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында барлығы 100 жол көлік оқиғасы орын алған, оның ішінде қаза болғандары 22 және әр түрлі дене жарақаттарын алғаны — 121. Заңды тұлғаның кінәсінен болған жол көлік оқиғасы -10, жеке тұлғаның кінәсінен — 85, ал жаяу жүргіншінің кінәсінен — 3 жол көлік оқиғасы тіркелген.
Ақпараттық-насихат жұмыстары барысында Қызылорда қаласындағы автотұрақтар мен қоғамдық орындардағы автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге, орта мектеп оқушыларына жол ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да мұндай түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады.
Әрі қарай

Жастар кадрлық резерві – 2013

Жастар көп жиналатын қоғамдық орындарда Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Ақпараттық насихаттық топ» еріктілері «Жастар кадрлық резерві — 2013» жобасы туралы, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жоғары оқу орындарын бітіруші және жоғары білімді жастарға жобаның жаңа бағыттары мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
2010 жылдың 14 мамырында «Жас Отан» Жастар қанатының І Съезі барысында Елбасы Н.Назарбаев жастар арасынан «мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керек» деген болатын. Бұл мәселе 2008 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ" стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының II Форумында да көтерілгені белгілі. Осыған орай, бүгінде «Жастар кадрлық резерві» жобасы еліміздің барлық аймақтарында конкурстық негізде, 29 жасқа дейінгі ұшқыр ой-пікірі бар, жоғары білімді жастар арасында өткізілуде.





Аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты ҚР Президентінің «Болашақ" стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығымен бірігіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жұмыс қызу жүргізілуде.
Әрі қарай