Жарияланымдар

ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕН, БАУЫРЫМ!

Бүгін, әкемнің соңынан ерген өмірінің жалғасы, анамның үміті, менің тірегім Данияр Уалиахметтің туылған күні.
Дәке дүние есігін ашқанына, міне, бүгін 23 жыл өтсе де, күні кешегідей көз алдымда. Ол туғанша бес жасқа дейін жан баласы бетімнен қақпай, әкемнің мойнына мінгізіп, еркін өсірген, 32 жасында көрген жалғыз ерке қызы едім. Айы, күні жақындағанда мені әжеме тапсырды да, әкем анамды перзентханаға алып кетті. Бір апта дегенде сүйінші хабар жетті бір кеште. Қазан көтеріліп, демде үй қонаққа толды. Ол 1990 жылдың 20 тамызы болатын.
Әрі қарай

Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013

Блог - 19852407: Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013
Қарғыс алма, алғыс ал дейді. Кешегі Нұрғиса Асылбеков қонақ болған «Шалқар» радиосы, "Ұшқын" жастар бағдарламасының тікелей эфиріне Орал қаласынан Алмажай атты апамыз хабарласып: «Домбыра PARTY құптарлық шара. Оралда әр бейсенбі сайын өтіп тұрады, немерелерімізбен барып, демалып қаламыз. Рахмет!»,- деп, хабарласып, алғысын айтып жатыр. Оралдағы шара өзінің тұрақты көрермендерін тапқанына мәз боп қалдық.
Әрі қарай

Сен туған күн - мерекеміз!!!

Бүгін, яғни 21-ші ақпан вешній студент, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ізденушісі & мұғалимасы, Ақтөбенің тумасы, Астананың девішкасы болып қалқып, Минскіде миллионер боп шалқып жүретін, интернет әлемінің белсенді қолданушысы, һәм мен жақсы көретін батыстың бестиясы — Әйгерім Бөрібаева-Кеулімжайдың туылған күні!
Әрі қарай

"Ай, айналайын, орыстар-ай, бәрін біледі ғоой!"

2011 жыл. Қарасуық қараша айы. Батыс Алаш Орданың астанасы болған — Жымпиты. Қазіргі Сырым елі.
Үбеннің шешесі келіні кіріп келсе мәз-мейрам, еденде жалаңаяқ секіріп тұр дейді. «Ай, айналайын, орыстар-ай, бәрін біледі ғоой!» деп…

Р.S. Үш күн бұрын үйіне газ (!) өткізіп біткен болатын апамыз
Әрі қарай

Қалпағын қайырса...еһһһ!

Өтірікті шындай, шынды судай қылып сапырып өтірік ақпаратты жазатын бульварлық басылымдардың журналистерінің қалпағын қайырса ғой шіркін!

Ақпараттың анық-қанығын екі шұқып, бір қарап, тексеріп алмай, ұзынқұлаққа сеніп, сұйық ақпар тарататын журналистерге журналистік жауапкершілік, журналистік этика, объективтілік, жеке пікірді көпшілікке танбау дегенді үйрететін, үйренбегендердің рүшкесі мен тетрадын тартып алып, тілін тілім-тілім етіп, пирсинг тағып жіберетін кім бар өзі?!?
Әрі қарай

Құт қонақ па екен?..

Алдымен қонақ келеді делініп, сенбілік пен мазасыздық қатар қосыла келді қала халқына.Қадірлі қонақты сөзбен ғана емес, көзбен де тойғызайық деп шабылып жатыр нешеме күннен бері Жайық.Оралға бұрын-соңды келген, келіп-кетіп жүрген қонақтың НӘНі көктемдегі тасқын су тарықтырған қалың көптен алғыс алмаққа келе жатыр жоспар бойынша.



Құтты қонаққа таза қала
Әрі қарай

ҚҰДАЛЫҚ ХИКАЯСЫ

Біздің ауыл сұрағанға Тастай деп аталады. Біреу білер, біреу білмес. Қараүзген ауданы, Қоқан совхозының білдей бір бөлімшесі. Он екі түтіні бар алақандай ауыл. Оған қоса, 4 кластық бір мектеп, 2 мұғалім және Кеңес кезінен мұраға қалған жалғыз мәдениет үйіміз бар. Жылына бір жиналатын біз секілді қаладағы студенттер жазда мәдениет үйінің аузындағы қара құлыпты алып, үлкендерге кәнсерт қойып береміз. Басқалай ауылдың өз қызығы өзінде.
Әрі қарай

Көпті көре бергенше, біреуін есте сақта...

… дың ба?!?

SOS!!! Керекшіл бауырлар, көп көмектеріңіз қажет!
Вопрос жизни и смерти деуші ме еді
… солай да, солай болып тұр… қалғанын кейін айта жатармын, сәтін салса, әзірге асарлатып жіберсеңіздер екен  Алдын-ала рахмет!

Қысқасы маған томендегі суреттердегі ғимараттардың атауы мен орналасқан көшесі, қай көшемен нақты қиылысатыны қатты қажет боп тұрғаны:

1. (65.84 Kb, 448x298)

2. (73.66 Kb, 448x299)

3. (77.77 Kb, 448x324)

4. (45.29 Kb, 448x299)
Әрі қарай