Елдестірмек елшіден, Жауластырмақ жаушыдан...
Өнерді жақсы көргеннен кейін, қоғамдағы жағдайдан хабардар болып отыру мақсатында қазақ өнерінің жаңалықтарын, жалпы жаңалықтарды жібермеуге тырысамын.
Кеше, #Астана арнасындағы #Сырласу бағдарламасына #ТөреғалиТөреәлі келді. Бұл жолы жалғыз емес, әкесі Төреәлі Төлепұлымен бірге келді. Алғаш ашылғандағы «Сырласу» сырласу еді. Қазіргі бағдарлама пиарға ғана бағытталған сияқты болып кетті. Оның өзінде өнерпаздарды емес тек арнаны, бағдарламаны жарнамалау ғана. Осыдан бір апта бұрын бағдарламаға #Орда тобының әншісі #ДастанОразбеков келген болатын. Сол кезде жүргізуші, журналист #ӘйгерімСейфолла Дастанға «Сіз Заттыбек, Төреғали, Ернар Айдар, Қайрат деген әншілерді тыңдайсыз ба?» деген сұрақ қойды. Дастан: «Тыңдамаймын. Бірақ, қосылып тұрса өшір деп айтпаймын. Төреғали болсын, жігіттер айыпқа бұйырмасын музыкаға келгенде өзгенің әнін орындаудың қажеті жоқ. Бірақ, бұл менің сөгуім емес» деді. Осы жердегі ең бірінші болып айтылып қалған Төреғали деген сөзді #ЕлАуызында деген әншілердің сөзін қиып-қиып шағыстыратын бағдарлама қағып алды да екеуінің арасына шоқ сала салды. Ол жерде Дастанның барлық әншілерді айтқысы келгені есі дұрыс адамға белгілі нәрсе сияқты ғой. Әлде мен шатасам ба?! Жақсы. Осымен #плагиат туралы әңгіме аяқталған болатын. Енді не керек? Әрине, Төреғалиға барып хабар беру керек. "Әй, анау Дастан сені ұрлықшы деді." деген сияқты әңгімені таратып, арналарына рейтинг жинауға кірісті. Сөйтіп, тез арады бағдарламаға Төреғалиді қайта шақырып алды. Бағдарлама барысында Әйгерім Төреғалиға «Кеше ғана Дастанмен сөйлесіп келдім. Ол, Төреғали сияқты жігіттер тыңдарманды алдағанды қойсын.Орындап жүрген #хит әндерінің басым көпшілігі өзгенікі, тек сөзін жазып шығарып жатыр» деп ортадағы отты көседі. Осы әңгіме дұрыс па?! Болмайтын әңгіме ғой. Анандай әңгімеге кез-келген адам ашуланып қалады. Ондай әңгімеден кейін өнерпаздар болсын, жанкүйерлер болсын екіге бөлініп алады. Содан бір-бірін балағаттау басталады. Әкесі де түсінбей қалды. «Халықты алдауды қойсын деп айтқаны ұят болған екен» деп ренжіп қалды. Ал, негізінде Дастан солай айтты ма? Ол жалпы айтқан сияқты. Оның ішінде Ернар да, Қайрат та, керек десеңіз Заттыбек те бар. Дастан дұрыс айтты. Өзгенің әнін алсаңдар алғанын айтыңдар деді. Несі бар?! Айтсын! Дастан Өте дұрыс сөйлеп отыр. Төреғали де орынды сөз айтып отыр. Бірақ бір түсініспеушілік бар. Ол түсінішпеушілікті тудырған өсек, сөз тасу! Бұл жерде Дастанды #Орда тобынан бөліп қарау керек. Топтағы жігіттер бір төбе де Дастан бір төбе.
Жігіттер! Кішкентай Алматыда жүріп бүкіл Қазақстанға қыртымбай әңгіме таратқанды, алауыздықты қойыңдар! Мейлі «пиар ход» болсын, келісілген дүние болсын бәрібір. Халық іштеріңде не болып жатқанын түсінбейді. Қарапайым халық «мыналарың қатын болып кеткен ба?» деп сөгіе салады. Ол кезде мынанікі дұрыс, мынау бұрыс деп жатпайды. Шындығына келгенде кінә журналист жақтан. Ұрыстыру мақсат болса сұрақты да сол ұрысқа реттеп қоюға болады. Солай емес па?! Сондықтан да тату болыңдар!
P.s. Дастан айтпақшы: «Бұл менің сөгуім емес» )
Қазақ өнері, қазақ әндері жасасын!
Әрі қарай

Әлқисса, қара түс. Қазақы танымда қара түстің мағынасы жүз құбылады. Кейде қорқыныш, кейде мұң, кейде қайғы, кейде қасірет, ал кейде қасиет. «Қара тұту», «қара жүрек», «қара жамылу», «қаралы көш», «қара қазан», «қара шаңырақ», «қара жер» сияқты ұғымдар соның айғағы. Сондықтан да қара түстен кейде қорықсақ, кейде жұбаныш табамыз.
Нақышы ерекше Табылдының әндерінде мәдениеттанушы Әуезхан Қодар айтпақшы «еуропалық интеллектуализм» бар. Бітісі бөлек шығармаларының ырғағы құлақ үйренген әлдебір жаттанды әуеннен ада тосын музыка. Сондай-ақ, көкірегіңде жатталып қалатын сыршыл, өрнекті суреттермен нақышталған тұтас дүние. Сондай шығармаларының бірі бардтың өзі сүйіп орындайтын «Қара гүл» әні.
««Қара гүл» өлеңі енді бойжеткен 16-17 жасымда жазылған. Қандай жағдайда жазылғаны есімде қалмапты. Десе де қазақ танымындағы қара түс үнемі тұспалдап жеткізіледі. Қыздың бойжеткен тұсы – қауыз жарған гүлдің өміріндей ғана сәт. Өсіп шығады, қауыз жарады, солады. Сол аралықта бойжеткеннің басынан небір тағдыр өтуі мүмкін, қалтарыс-бұлтарысқа толы болады ғой. Ал әннің шығу тарихына келер болсақ, қандай жағдайдан туғанынан өзім хабарсыздау екенмін.Табылды менен кейін оқуға түсті ғой. Бұл мәтін қолына қалай түскенінен бейхабармын. Алғаш Табылды өзі гитарасымен орындап берген еді. Алайда жас болғандықтан әнге көп мән бере қоймадым. Тіпті бұл әнді қалың жұртшылыққа танымал болады деп еш ойламадым. Кейінірек мәдениеттанушы Әуезхан Қодар осы әнді орысшаға аудартықызып жүргенін естідім, кейінгі тағдыры қалай болғанынан хабарым жоқ екен. Өмірде Табылдымен етжақын араластық деп айта алмаймын, шығармашылық сыйластықта болдық».
Жүздеген жас әнші, жалт-жұлт жарық ойнаған караоке сахнасы, елімізге танымал өнерпаздар, қатаң қабақты қазылар алқасы… Бұлардың бәрін «Астана дауысы» байқауынан көре аласыздар! Мақсаты биік, арманы асқақ жоба. Авторы және жетекшісі — Нариман Думанұлы деген белсенді жас азамат. Бұл істің басы қасында өзі шапқылап жүріп, жұмысын өрістетіп келеді. Келесі жылы халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырған жоба жетекшілері биыл көптеген жас әншілердің талантын шыңдап, дарынын ұштады.
Бұл жобада ең әуелі жүздеген жасқа есігін ашты. Содан соң солардың ішінен небір күміс көмей, алтын дауыстарын таңдап алып сайысты бастаған болатын. Оларға вокалдан дәріс беріп, дауысын қояды. Содан соң олардың ішінен іріктеліп, іріктеліп келіп, финалға шыққандарға авторлық ән сыйлап, студияда жазып та береді. Бұл өнерге келген жас әншіге үлкен қолдау екені рас.