Қиялдың күш-қуаты білімнің өзінен де маңыздырақ! Оқуға тұрарлық пост емес*lol*:%

Блог - AAGZAMKYZY: Қиялдың күш-қуаты білімнің өзінен де маңыздырақ! Оқуға тұрарлық пост емес*lol*:%Адам дене күшінен гөрі: қыруар рухани, моральдық күш-жігерге, берік сенімге көбірек мұқтаж ғой. Күн сайын бойымызға күш-қуат құйып, көңілімізге шалқар шабыт, жүрегімізге ыстық махаббат сыйлайтын тек СЕНІМ ғана емес…
Сенімділік секілді әсер ететін адамдар да бар. Ондайларды өз айналамызға топтастыру әсте мүмкін емес. Алайда арада жатқан бірнеше мың шақырымдарға қарамастан, мықты жандардың жігерлендіруі біз үшін үлкен жетістік. Мотивация күші арманын міндетті түрде орындағысы келетін студенттер үшін өте маңызды.

Бала кезімнен бастап аспандағы жұлдыздармен әңгімелесетінмін...Әлі де әр жаз сайын олардың қайсысы қалай жарқырайтынына дейін білгім келіп, құмартамын. Сосын аспандағы ғана емес, жердегі жұлдыздарды да жақын тарта бастадым. Асылхан Төлеповке ғашық болғанмын!)). «Кәдімгі махаббат» Мектептегі ешқандай қыз менің көзімше ол жайлы еркін пікір білдіре алмайтын. Оның бар сүгіретін телефоныма жасырып ұстайтынмын. Сұхбатта берген жауаптарын жаттап та алатынмын. «Ол ең мықты актер болғанда, мен ең мықты журналист боламын. Асылханмен өзім ғана сұхбаттасамын» дейтінмін. «Қалқаң құлағымен Айгөлекті жүргізіп жүр» деп даттайтындар бірден менің қас дұшпаныма айналатын. Студент болғалы бері оған деген сезімім су сепкендей өшті де кетті.і. Өткеннің еншісінде қалды. Есесіне, «Бойы қысқа жігіттерге жаным ашиды» деген ұстаным пайда болды.
Қиялыңдағы идеал тұлғаның =>
Қашықтықта жүріп қаншама күш сыйлай алатынын сіз білесіз бе?!
Біріңізге таныс, кейбіріңізге мүлде бейтаныс найзағайдың қуатынан да қуатты бұл сезімді бастан өткеріп жүргеніме біраз уақыт болды.
Мен Астанада...=>
Олар Шымкентте… Алматыда…
Бірақ, менің дәл жанымда жүргендей. Ең қызығы, олармен бір күн тілдеспей қалсам, күннің мәні де сәні де болмайтындай. Тұзы жоқ тамақ ішіп, қанты жоқ пирог жеп, ұйқысы қанбаған адамдай есімнен алжаса бастайтындаймын. Адам айтса сенгісіз қауіпті халге түсемін.
Телепорт дейтін дүние керек!
Тәуліктің кез-келген уақытында қоңырау шалып, өзімнің кез-келген проблемамады айтып, әрдайым, әрқашан мазалай алатын жеке меншік екі жанашарым бар. Ол екеуі Алматыда… сонааау Алатаудың баурайында...ҚазҰУда…
«Сіздер! Әй, екеуіңіз, менің бұл постымды оқымайтындарыңыз анық. Бірақ, мен Сіздерді қатты-қатты жақсы көремін. Оны ашық айта алмамсам да, мұны білулеріңіз керек. Көңіл-күйімнің көтерілуі, мақсат-арман деген аңыз жоспарларымның құрылуына себепшісіздер ғой! Тәңірім жар болса, арамыздағы сыйластық ажарлана түссе деймін!»
Суреттегі жігітті таныстырудың өзі артық шығар.
Қазақстандағы ең сымбатты 8 тележүргізушінің көшін бастап тұрған Талғаттың мен танитын бір қызға күш-жігер сыйлайтынына менің екі көзім және бөлмедегі басқа қыздар болып куәгерлік етеміз.
Талғат біздің қызды танымайды. Иә. Танымайды. Есесіне, біздің ару ол туралы бәрін білгісі келеді.
Хабар арнасының бас продюсеріндей болсам деген бұл арудың арманы асқақ, мақсаты айқын. «Талғат Алманның суретіне қараған сайын, ол бүгінгі істі ертеңге қалдырмауға дағдыланамын. Бос уақытымды тиімді пайдаланумен қатар сәтсіздіктердің жеңіске жетелейтіндігін түсінем» дейді біздің аруымыз)
Қыздар қауымы бір қызықпыз ғой. Құр жүрмей, қиялдап, сол қиял арқылы өмірімізді түрлі-түсті бояуларға «бояп» жүрейік!)
Әрі қарай

Француз текті бикеш. Новелла

Блог - bake: Француз текті бикеш. Новелла
Жаңбыр астында тұрғанның өз мәнәсі бар шығар, бірақ, мына тұрысым өзіме жақпаны рас.
Ойда жоқ жерден:
-Кім боласыз?-деп сұрап қалса.
-Жергілікті газеттің штаттан тыс фотографы боламын,-деп құтыламын.
-Осы күнге дейін штаттан тыс фотографы болсаңыз негізгі табыс әкелетін жұмысыңыз не болғаны?, -деп ешкім сұрамапты. Осылайша негізгі жұмысым жайлы айтып, түсіндірмей-ақ «фотограф», «фототілші» атанып жүре беремін.
Жасың үлкейген сайын, ойыңдағы сөзді емес, аузыңнан күткен сөзді шығаруға мәжбүрсің. Сондықтанда әңгіме айтқанда ғибратты сөзді қосасың.
Жан-жаққа қарап көз қандырып, дүниенің көп бөлігін білдім-ау деген жасқа жетсеңде бірдеңе байқап, бағалап өткен-кеткенмен салыстырып жүресің.
Бағана, автобуста келе жатқанда баланы байқап қалдым. Таныс біреудің баласы емес. Осы заманның қалада туып-өскен қазақ балаларының бірі. Құрдастарына қарағанда қарапайым киініпті. Сырт киімінде қара-көк түсі басым. Үстінде ұзындығы орташа күртікше, белтұста белдігі бар. Басында ағылшын қалпағы. Жұқа иленген бұлғарыдан тігілген. Маңдайын және төбесін ғана жабады. Қарақұсы ашық. Оның есесіне күн қақышы үлкен. Қара күзде күн көзге түспеседе мына бас киімінің сән үлгісі осындай.
Жейденің ақ жағасының астынан көкшіл галстук байқалады. Яғни, балалар ұйымының мүшесі. Мойынға байланған көкшіл галстук оған антпен бекітілген міндет жүктелгенін білдіреді. Сол бір кезде менде осындай балалар ұйымына мүше болғанда ант бергенмін:

«Отанымды қадірлеймін. Ата-анамның және ұйым басшыларының тапсырмаларын орындаймын. Әлсіздерге көмектесемін… т с.с.»

Осындай ант қабылдағандағы бет-жүзін елестетіп көрдім. Ойға батып күңіреген емес, жан-жағын шолып жадыраған емес…
Әдетте…
-Болашағы бар, ең болмағанда мемлекеттік қызметкер болады,- деген сыбыс естілер еді.
Уақыт өттті. Ант берген балалар азамат болып өсті. Сол кезде күтпеген жерден домбырасын күңгірлеткен ақын сөзі сан ұрындырмасқа кім кепіл?

«Ант бергендердің барлығы анттарына берік болса!
Үкілеп, көзтигеннен сақтандырғандары озат болса!»


Домбыраның күңгірлеген дуысы бәсеңдеп алыстай берді. Жаңбырдың құлақты бітеген шуы басылып, жаңбыр толасып, тамшылары сирей түсті. Құлаққа таныс мелодия ырғағы жетті. Оған ілесіп жас әнші әнін шырқауда.
Мерекелік күн жаңбырлы күнге қарамасан аталып өтуде. Дәстүр бойынша ортаңғы алаңға сахна орнатылды, дәстүр бойынша сахна алдында халық жиналды. Жиналған халықты танып тұрмын, дәстүр бойынша… Көбі студент. Үлкен-кішілі кәсіподақ ұйымның мүшелері. Ересек, дәлірірек айтқанда денелері кесек азаматтар мен азаматшылар. Бұлар жеке тұрады, оның қимылын байқап, баққан бір топ қызметкерлері не сол немесе оң жағынан шығып оның көзіне көрініп қояды. Бастығын баққандар. Мұндай қылықтары үшін оларды сөге алмайсың. Бастығыңа жақпасаң күнің жоқ. Одан кейін әр түрлі әкімшілікте ұсақ-түйек қызметтегі қыз-келіншектердің тобын бірден аңғарылады. Жұқа сырт киім астында костюм-көйлек. Арасында костюм-шалбар киген біраз жігіттерді кездестіресің. Олар қалайша тез жиналып, көзге түскен соң, дәл солай көзалдынан ғайып болады. Ана жерде, мына жерде жеке-жеке тұрған полиция қызметкері байқалады. Жабық жасыл түсті плащ иықтарынан тік түсіп, күлпәрәсі фружкаларын ұшбұрыш жасап жауып тұр.

Блог - bake: Француз текті бикеш. Новелла
Байк «чоппер» (мотоциклдің түрі)

Велосипед мінген бозбала көрмендер қатарын толықтырды. Ауа-райына сәйкес киініпті, өзін емін-еркін сезінеді. Жауынды елемейді. Велосипеді чоппер мотоциклі тектес. Велосипед рамасы, дөңгелектері кішкене. Рулі велосипедші бойына сәйкес биік көтерілген, орындығы болса керсінше өте аласа орнатылған. Алаңдағы концерт ол үшін велоакробатика жаттығуларының арасындағы үлкен музыкалық үзіліс сыңайлы…
-Өтіп жатқан өмір, -ішкі ойым сыртыма шығып үлгерді. Фотоаппарат қаншалықты кең форматты, болсын. Фотосурет тек мына өмірдің, өте кішкене бөлігін қамтиды. Суық өтті, сыз өтті дегенде түшкіріп жібердім, бір емес бірнеше рет.
-Әпчуууу!, әәәә, әпппчууу!, -көз ашып, көзден тамшы шықты. Бір жерден оқығанмын:
-Адам түшкірген шақта сол мезетте талып түскендей болады.- деп. Шын мәнінде де солай.
-Сау болыңыз!
-Әпчуууу!
-Сау болыңыз!
Қайсы уақытта қасыма келіп, қол шатырының астына алған бикешті байқамай қалыппын. Оң қолында ұстаған шатыры салмағын басып, белін майыстырып тұр, сол жақ қолында полиэтилен плащ.
Жұқа полиэтилен плащты қалқалап соның астынан фотосурет түсіріп тұрғанмын. Түшкіргенімде плащка ие болмаппын. Жел оны үстімнен ұшырып тура бикештің қолына түсіріпті.
Ол мені, мен оны сырттан танитынмын.
Бикешті осындай жиында және жергілікті газет редакциясында кездестіретінмін. Бикеш деп еркелетіп айтқаным, әйтпесе білегі жуан келіннің жасына жеткен қыз. Бикеш демей мадам десем дұрыс, ұстанымы кинода көрсетілетін патша заманындағы балаларды тәрбиелеу үшін алынған шет елдік тәрбиеші әйелге ұқсас. Қазақша сөйлесең түсінеді. Бірақ қазақша сөйлегісі келмейді.
Әрі қарай әңгіме барысында сізді және өзімді шатастырмай оны «бикеш» деп атай берейін.
-Сау бо-лы-н(ң -айтылмайды)ыз, будьте здоровы!
-Добрый день!, -дедім, фотоаппаратты арнаулы сөмкесіне салып жатып.
-Вот Ваш плащ, -деп қолыма ұстатты.
-Спасибо. Больше не понадобится. Пользуюсь, чтобы фотоаппарат защитить от влаги.
-Не солнечный день, работать надо!
-Вы правы!
-Я, свою работу выполнила, можно и домой.
Осындай байланыспайтын үзіктерден тұратын диаглогымыз жалғаса берді. Мен болсам бикештің қолындағы шатырды өз қолыма алып, қасында еріп келемін. Көше бойына шығыппыз. Диалогта мән жоқ. Не туралы сөйлескеніміз есте қалмапты.
Аяққа киген тұмсығы үшкір қызыл туфлиі ана-мына арықты аттау үшін немесе су кешкенге әдейлеп бейімделмеген сыңайлы. Қуаныштың бәрі туфли үшінде. Көзалдымда үштері кезек-кезек алмасады. Бұл тек үші, жалғасы оданда қызық дегендей қыдыққа тиеді. Дегемен бикеште шарм бар.
-Киген киім үлгісінде әлде бетін әрлеп сылаған косметикасында ма? Әйтеуір өзіне көңіл бөлгізіп тартып тұрады. Еркек заты қатты тас емес, сондықтан, іштегі қиял өзіне ерік бергенді қалап:
-Қызыл баумен түйілген шашы тарқатылса толқитындай…
-Жә, жә тоқтат, -деп дер кезде ішкі тежегіш іске қосылды.
Қазір дәмханада отырмыз. Бикеш тапсырыс беріп үлгеріпті. Былайша өмірде, санап көрсем, маған, дәмханада және тегін тағам дәмін таттырған бикеш саны көп болмапты. Қайсымыз аңшымыз, қайсымыз аңшы қолына түсуі тиіс олжамыз?
Бикеш ештеңені білдіртпей, сездірмегендей өз әңгімесін орыс тілінде айтуда, арасында мені әңгімеге тартады:
-Дәрігер болсам маған жарасар ма? Қалай ойлайсыз?
-Жарасады деп ойлаймын. Сізден жақсы дәрігер шығуы әбден мүмкін. Маска үстінен әдемі көздеріңізбен пациенттіңізе қарап, оған көз жылуын сыйлар едіңіз.
-Дәрігер болмай қалдық. Тұрмыс құрудыңда жолы болмады. Күйеуге шығуға шақырды. Өткен аптада апайымның үйіне қонаққа бардым. Бүгінгі күндей жауынды күн. Терезеден үйдің сыртқы ауласына қарадым. Бір-бірін тіреген, бірге кәрілікті қарсы алған көп жыл оттасқан жұп кетіп барады. Бір уақытта терезе алдына екі көгершін бір-бірімен жарыса қонып, сосын қарт жұптың үстін басып ұшып көрінбей кетті. Жайдан-жай қарт жұпты бақылап тұрғанымда көгершін жұбы ұшып келмегені анық. Тағдыр маған осылайша белгі беріп тұр, -деп сөз кезегін маған берді.
Қазіргі жағдай, кафедегі отырысым, көрінісі нашар спектакль қойлымында ойнаған актер жағдайындай. Әрі қарай көнсем спектакль соңындағы шымылдық жағдайыма жеңілдік әкелмес. Қазіргі ролім үшін іштегі "ұят" есеп сұрап, мазалай бастады. Жоқ, өзімді "ұят" алдында ақтап болдым. Онсызда өмірде біле тұра жіберген қателіктерім жетеді. Соның санын бірге артырғанға құлқым жоқ. Салқын, салмақты дауыспен орыс тілінде:
-Білсеңіз, біреудің бақытың ұрлап бақытты боламайсыз.
Сценадағы көңіл-күй бірден өзгерді. Қазір үстел басында кездейсоқ, алғаш бір-бірін көрген еркек және әйел отыр. Шындығы сол. Осы күйге түспей тұрып жүріп-тұрысымыз, отырғанымыз соқыр құмарлық айырған бас-көзсіздік. Оны бикеште түсінді.
Бір-екі секундтық үнсіздікті бикеш бұзды, орыс тілінде:
-Асығыспын, тезірек үйге оралу қажетпін, -деп жинала бастады. Менде бірге жиналып жатып:
-Аялдамаға дейін шығарып тастаймын.
-Жоқ, сіз басқа жаққа барасыз. Шығарып салудың қажеті жоқ.
Осыдан кейін екеуіміз кафеден бірге шықтық, бикеш болса аяғын тез-тез басып кете берді.
Бір жұмдан кейін. Оңаша кездесу іздегенде таппайтын жердің бірінде жауынды күнде кездескен бикешкеті кездестірдім.
Қабырға бойымен жиналған қораптар екі ғимаратты жалғастырған дәлізді тарылытыпты. Қарама-қарсы келген адам бір-біріне жол бермесе соқтыспай өтпейді. Соны пайдаланып бикештің жолын бөгедімде:
-Сізден ұялып жүрмін. Өткенде кафэге сіз шақырдыңыз. Сізге қарыз болып қалдым. Кафэге жүріңіз. Түс мезеті жақын. Түскі асты бірге ішейік.
Бикеш орыс тілінде:
-Сіз үйлененген адамсыз. Менің басым болса бос. Сыртымыздан көрген жаман ойлап қалады, -деп жүре берді.
Тағы бір жұма өтті.
Осы жолы газет редакциясындағы бос үстелдің басына отырып, ноутбугімді үстіне қойып ішіне жазылған фотосуреттерді көрмекші болдым. Орыс тілінде таныс дауыс:
-Сәлеметсізбе, маған көмектесіп жіберіңізші.
Осы жолы ешқандай артық немесе кем ойсыз өмірімде менімен үшінші рет тіл қатып тұрған бикешке:
-Қолымнан келетін көмек болса көмек беруге дайынмын, -дедім.
-Менің фотоаппаратым бар, фотосуреттерді дұрыс түсірмейді, соны қарап беріңізші.
Фотоаппаратты ноутбугіме қосып ішіндегі бір-екі фотосуретті ашып қарап шықтым. Ол кезде бикеште үстел басына жайғасып қасыма отырып үлгерді. Фотосуреттер болса тамаша түсіріліпті. Бикештің фотоаппарат сапалы фотосурет түсіретіні анық көрініп тұр. Сондықтан:
-Фотоаппарат жақсы жұмыс істеп тұр. Ешқандай ақауын байқаған жоқпын, -дедім. Сөзімді үздімде «биешке тағыда қандай сұрағын бар» дегендей сыңай танытып қарадым. Үш-төрт секундттық үнсіздік орнады. Диалог жалғасын күтпей үстел басына тұрып кете бердім. Бикешке бұл қылығым ұнамады. Оның ағарып кеткен беті соған дәлел.
Жыл бойында бикешті бір-екі рет кездестірдім. Ауысша онымен амандасып көрдім. Бір жолы менімен амандасты. Одан кейін амандаспады. Біраздаң соң менде онымен амандасқанды қойдым. Сол кезден бастап бикеш менің көзалдымнан ғайып болды.

P.S.: «Уақыт зымрап өтіп жатыр» көпшілікке таныс қарапайым ойды білдіретін сөйлем. Мағынасы біреуді ойландырса, біреуді асықтырады.
Әрі қарай

"Азғын" қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)

Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Бізде тұрақты әңгіме жазып жүрген адам өзін біраздан соң априори «таланттымын» деп есептей бастайтын сияқты. Жалпы, ақын, жазушы біткен бірден өзін құдайдан ерек туған уникум деңгейінде қабылданатынына көзім үйреніп кетті. Ал батыста, қалам тербеушілерге кәдімгі даяшы немесе шаштаразға қарағандай қарайды екен. Бәлкім, бұл да стереотип шығар. Бірақ, қиялды түртпектейтін жаттығулардың, тіпті арнайы жазушылық қабілет дарытатын сабақтардың болуы — соның дәлелі.
Мен өзім адамда қиял өрбіту қасиеті әу бастан жоқ болса, оның кенет талантты болып кетуіне ешқандай курс та, жаттығу да көмектеспейтініне көзім жетті. Дегенмен, титімдей ғана ұшқын болса, оны әр-алуан өмірлік тәжірибе арқылы һәм қатемен жұмыс арқылы біршама тартымды дәрежеге жеткізуге болатынын да көріп жүрмін.
Әрі қарай

"Бруно 667"

Жер планетасына ұқсас планеталарды экзопланеталар деп атайды. Ғалымдар бекіткен түрлі шарттарға сай келген планета (көлемі, сыртқы түрі, атмосферасы және т.б.) біздің Жерімізге ұқсас, потенциалды тіршілік иелері бар планета деп әзірше саналуда. Ондай планеталардың біздің Құс жолы галактикасында мыңдағаны ашылды, алайда олардың ең жақынының өзі бізден мыңдаған жарық жылдары қашықтықта жатыр. Экзопланеталарды ашуды «Кеплер» жобасы қолға алған. Әзірше мықты деген құралдардың өзі тек Құс Жолы галактикасынындағы экзопланеталарды аша алады, ал біздің әлемде Хаббл телескопы анықтағандай галактикалардың саны шектеусіз.
«Бруно 667» атты жоба Күн жүйесіне ең жақын орналасқан экзопланета Глизе 667-ге аяқ басатын алғашқы адамдар тобын дайындаған болатын. Күн жүйесінен шыға алатын, үшінші ғарыштық жылдамдығына ие ғарыш кемесін ғалымдар Джордано Бруноның ескі еңбектерінен табылған алғашқы сілтемелер арқылы ойлап тапты. Екі рет «Бруно 667» кемесі автоматты түрде Күн жүйесінен шығып, экзопланетаның анық суреттерін Жерге жіберген болатын. Аталмыш суреттерден Глизе планетасының уранға бай екендігі анықталды. 2817 жылы Жердегі барлық энергияның көздері тек уранмен жұмыс жасап жатқандықтан, Глизеге космонавтттар тобын жіберу жобасын НАСА басшылығы бірден қабылдады. Экипаж 7 адамнан тұрды: 4-уі қазақ, 1-уі- АҚШ азаматы, қалғаны Ресейлік мамандар. Төрт қазақтың ғарышқа ұшатындығы Ресей-Қытай Басқармасының қарамағындағы автономиялық мемлекет боп саналатын Қазақстан азаматтарын қатты қуантты. Олар оны өздерінше бір белгі ретінде бағалады. Алайда экипаждың жартысынан көбі қазақ болуында ешқандай ерекше ешнәрсе жоқ еді, шынында 2817 жылдары космонавттар ерте кездердегідей аса құрметті қоғам мүшелері емес еді. Ең ауыр, қауіп-қатерге толы, кәсіби авариялар саны көп сала космонавтика еді. 1990 жылдардан бастау алған ғарыш қоқыстары бұл кездері шегіне жеткен еді, ескі жер серіктері, космостағы авариялардың қалдықтары әрбір төртінші ғарыш кемесінің күлін тура мағынасында көкке ұшыратын. Сондықтан да, ең ауыр, ең бастысы белгісіз осы жобаға қазақ космонавтттарын алу шешілген еді.
Келесі бөлімде экипаж мүшелерімен таныстаын боламыз.

Экзопланеталар туралы оқығыңыз келсе: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%B7%D0%BE%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B0
Глизе 667 с туралы: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%B5_667_C_c
Хаббл телескопы ашқан галактикалар туралы: www.adme.ru/illustration-and-photography/30-luchshih-fotografij-teleskopa-habbl-457105/
Ең бастысы ғарыш қоқыстары /космический мусор/ туралы: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%81%D0%BC%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D0%BC%D1%83%D1%81%D0%BE%D1%80
Әрі қарай

Білмейсіз...

Арай шашқан алтын күн мұзды сүйетінін білмейсіз,
Мына әлемде бір жанның сізді сүйетінін білмейіз,
Отырып ап сіз жайлы қиялдайтынын білмейсіз,
Мөлдір мөлдір жырларын жиі арнайтынын білмейсіз,
Ешбір жанға айтпаған сыры болғаныңызды білмейсіз,
Ескертпестен жүрегіне кіріп алғаныңызды білмейсіз,
Осылайша арманына айналғаныңызды білмейсіз,
Көңіліне мұң болып жайланғаныңызды білмейсіз,
Сізді ойласа шумақ жыр құрап шығатынын білмейсіз,
Құс жастығын құшақтап жылап шығатынын білмейсіз,
Сезімінің пернелерін басып өткеніңізді де білмейсіз,
Қарап жүрмей өзіңізге ғашық еткеніңізді де білмейсіз.
Сіз ештеңені де білмейсіз!
Әрі қарай

Үнсіз диалог

Түнгі аспан
Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық.
Әрі қарай

Капиталисттік тәрбие немесе балаға қиялды кім береді?


Бұрын Кеңес өкіметінің кезінде, әрбір мамандықтың қажеттілігін, әрбір колхоз бен совхоздың қажеттілігін үнемі халық санасына құйып, үгіттеп отырушы еді. Есесіне етікшіден, пеш жағушыға дейін әрбір «совет» азаматы өзін елдің дамуына үлес қосып жүрген, демек өмірінің мағынасы бар, қоғамның маңызды бір бөлігі сезінетін.

Қазіргі телевидение, ойын-сауық газет жорналдарының көбі адамның түбегейлі мақсаты шетелде тұру, немесе «жұлдыз» болу, бизнес корпорацияның топ менеджері болу, пластикалық хирург болу екендігіне екпін салып, дизайнер, қыртым-сыртым тағы басқа сыртқы жылтыраққа қатысты арман қиял тамырына су құйып отыр. Бәріне универсал жауап — заман талабы солай!
Әрі қарай

БОЛМАҒАН ОҚИҒА

Өмір болған соң күнде түрлі оқиғалардың куәгері болып жүреміз. Олардың біріне өзіміз араласып жатсақ, басқасын сырттан бағып, көзбен көріп, болмаса құлақпен шалып жатамыз. Қазір ақпарат заманы болғандықтан дөңгеленген дүниеде не болып, не қойып жатқанынан ілезде хабардар болып жатамыз. Кәзит, жорнал, теледидар, интернент тағысын тағы тағылар сияқты ақпарат каналдары бар оқиғаны жеткізіп салып тұрады.
Болған оқиға бәріне боян. Сондықтан сіздерге тың жаңалық айтып таң қалдыра алмаспын. Болмаған оқиғалар да болады. Сол төңірегінде біраз ауыз әріп.

Сонымен:
Тіл мәселесінен бастайын. Ол болды дегенге бәрібір ешкім сенбес.
Болмаған оқиға:
Қазақстанның дүйім жұртшылығы 112 пайыз қазақ тілінде сөйлеп жүр;
Болмаған оқиға:
Депутаттар күндіз түгілі түнде де ұйқы дегенді ұмытып, жарғақ құлақтары жастыққа тимей, елдің малын емес, қамын жеп тынбай еңбек етіп жүр;
Болмаған оқиға:
Студенттер сессияларын ақшасыз жауып жатыр;
Болмаған оқиға:
Жол ережесін бұзған көлікті тоқтанқан МАИ қызметкері жүргізушіден еш теңге дәм етпей, «байқап жүр, жол болсын» айтып тек шығарып салып жатыр;
Болмаған оқиға:
Шошып ұйқымнан ояндым…
Әрі қарай

Не қамшының сабы, не пенденің нысабы жетпес армандар...

(сурет)Жас кезіңде орындалмаған тілек-армандарың үшін күйзелесің. Ал жасы орта жастан асқандар — арман-тілектерінің орындалғаны үшін өкінеді. Сол баяғы жас кезіндегі орындалмайтындай болған армандар мен тілектері…

Жас болсаңыз екінші тұжырымға таңдануыңыз мүмкін. Осы жайлы кеңірек сөйлесіп көрелікші.

Әрі қарай

Жұрттарға рахат, La Lune'мен ойнап жүр

Поштыма пауэрпойнтпен жасалынған слайд жіберіпті, бір бауырым. Француздар түнде аймен бірге түскен суреттер екен. Маған өте ұнады. Слайдтағы суреттерден видео жасап, ютубқа орналастырдым. Сауынтірегіде сол слайдтағы әшулә.
Иә, ютубтан «авторский право» деген бірдеме келді, содан кивиге де жүктедім.

Сілтеме kiwi.kz/watch/md38r06ybd8c/

Сілтеме www.youtube.com/watch?v=cVZp2H-fMqc
Әрі қарай