Қазақша сөйлемесем ше?

Бүгінгі күн дүйсенбі болған үшін бе, күллі әлемге негатив шашып, улағым кеп тұр. Бүкіл өткен-кеткен реніш-өкпемді жинастырып, еске алып, өз-өзімді аяп, өзімді сондай бір әділетсіздіктің құрбаны сезінгім кеп отыр — деп күлкім кеп кеткені)))

Көпшіліктің сөзін сөйлеп, ығына көшіп немесе көпшілікке қарсы шығып, атым шығару мақсат емес. Дұрыс/бұрыс болсын тек өз ойымды айтқым келеді. Біреу түзелер, не мені түзер. Себебі, қоғамда менің қауашақ миыма симайтын құбылыстар көп. Соның бірі — қазақ тілі мәселесі. Нақтырақ айтқанда, бүкіл ФБ толған “қазақша сөйле” деген лозунгтар.

Бұл сөзді қазақ қазаққа айтып жатса қабылдауға болады. Бірақ, бұйрық райдан гөрі “Ана тілің арың бұл” деген сөздер жақсы әсер етеді ма деп ойлаймын. Өзге ұлттарға қазақша сөйлеуін талап ете алмаймыз. Біріншіден, менің тілімде сөйле деп ешкімге бишара болмайықшы. Екіншіден, адам өзге тілді, көбіне, тек қажеттілік болған соң ғана үйренеді. Неге ауылдағы орысың да, кәрісің де қазақша сөйлейді? Неге қаладағы қазақ орысша сөйлейді? Себебі, бізде қала мен ауылда екі тілдің сұраныстары бірдей емес.

Осы ғана ғой, мәселенің басы. Керек болса, орысың қазақтан бетер сайрап кете алады. Олай болса, әрбір өз ана тілін құрметтейтін қазақ жүрген жерінде өзгелерге үлгі болу керек. Қазақша сөйле, тарихыңды біл, ұлттық құндылықтарыңды жеткіз. Шу шығарып, даурыққаннан нақты істермен мақсатқа тезірек жететін сияқтымыз. Бізде, әсіресе, тағы да бір жыным келетіні — бірдеңе жасау керек болса, міндетті түрде мемлекет оған ақша бөлу керек. Бәрін жоғары жаққа ысыра салады. “Балық басынан шірейді” деген мақал билік басындағыларға ғана арналмаған. Сонда елім-жерім, тілім деп еңіреп жүрген патриоттығымыз қайда қалды?

Мемлекеттің қаржыландыру саясатын былай өзгертсе екен: бірінші мемлекетке қарызға істейсің, бәрі ойдағыдай шықса — мемлекет ақшаңды қайтарады. Міне, осы кезде нағыз бір-біріне бәсеке жобалар шығар ма еді. Нағыз елдің қамын ойлағандар мен өз қарнын ойлағандардың арасы ажырар ма еді. Әйтпесе, “аспандағы айды әперем” деген жобалар біршама уақыттан соң беті бүлк етпей, банкрот болып жатады. Не деген жауапсыздық бұл?(((

Мәселенің шешімі қаражатқа емес, адамдардың патриоттығына тірелуі керек. Рас, елім деген азамат елі үшін тегін еңбектенуден таймайды. Қажет болса, бірігіп күш жинайды. Мемлекетке тіреп қою — ол жалқаулардың, қорқақтардың, аузымен орақ оратындардың, ақша жасап қалғысы келетіндердің, т.с.с. далбасамен айналысып жүргендердің ісі.

Жақында елбасы мемлекеттен қаржы бөлу кезіндегі олқылықтар жайында сөз сөйлеген болатын. Бұл мәселенің елбасыға жеткеніне қуаныштымын. Келер жолы қатты қаралатын болар деп сенемін.

Уффф, кеттім, суып кеткен әбетімді ішейін…
Дереккөз
Әрі қарай
  • 12
  • 21

Қазақ тіліне еңбегі сіңген сурет 10 жылдық мерейтойында марапатталды

Менде бір керемет сюжет бар...: Қазақ тіліне еңбегі сіңген сурет 10 жылдық мерейтойында марапатталды
Кеше Қызылорданың танымал басылымы «Сыр ақшамы» газетінің редакциясында тіл мерекесі іс-шаралары аясында қазақ интернетіне еңбегі сіңген сурет марапатталды. 10 жылдан бері түрлі сайттарда 537 жаңалыққа тақырыптық сурет қызметін атқарған сурет осы саланың үздік суреті атанды.

Шара барысында қазақ тіліне қызмет етіп жүрген таңдаулы суреттерге БАҚ ұйымдарының және сайттардың марапаттары табысталды. Биыл «Еңбегі сіңген сурет» атағына "Қазақ тілі" суреті лайық деп танылса, үздік суреттер қатарына «Домалақ ту», «100 % қазақша»,«Тіл» суреттері кірді. Аталмыш суреттер мемлекеттік қорғауға алынып, бұл суреттерге арнайы хостинг беріледі. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлінетін болды. «Сыр ақшамы» газетінің құрылтайшысы және бас редакторы Марсель Көшімхан "Қазақ тілі" суретіне«Газеттің құрметті суреті» атағын берді.

Кеш соңында отандық эстрада жұлдыздары суреттерді және қолданушыларын мерекелерімен құттықтап, әннен шашу шашты.

Марсельдің Элеонорасы
«Сыр ақшамы»
Әрі қарай
  • 20
  • 13

Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!

Дұрыс!
Себебі ме? Бірнешеу!
Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.
Әрі қарай
  • 4
  • 4

Қазақша сөйлеуді алдымен өзімізден бастайық!

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін алдымен өзіміз таза сөйлеп үйренейік. Ең оңай және қарапайым жаттығу: ай, күн аттарын қазақша айтуға дағдылану.

Ай, күн ең жиі орысша айтып жіберетін сөздеріміз. Егер осыларды қазақша айтып үйренсек мида үнемі сигнал тұрады, басқа сөздерді де барынша қазақша айтуға тырыса бастайсың.

Әрі қарай
  • 15
  • 18

Кесіртке адамдар


Кесіртке деген бауырымен жорғалаушының өз құйрығын тастап кете алатынын білетін шығарсыз? Егер көрмеген болсаңыз қысқаша тоқтала кетейін.

Бала кезімізде қызық көріп кесірткені аулайтынбыз. Қызығы сол – құйрығынан ұстасаң болды, кесіртке құйрығын үзіп тастап өзі құтылып кетеді. Әрине бізге ермек болғанымен, бұл олар үшін басын аман сақтаудың амалы ғой. Мен мұны не үшін айтып отырмын. Бүгінгі таңда дәл осы кесіртке іспеттес адамдар көбейіп бара жатыр. Ашып айтсам, қара басын қорғау үшін қарамағындағыларды шыңырауға итере салатын басшылар жайлы.

Олай дейтінім, кейінгі кездері бір мекемеде былық шықса, көп жағдайда басшысы емес, қарапайым қызметкер бәлелі болатыны әдетке айналғандай. Қаражат жөнсіз жұмсалса есепші кінәлі, мемлекет қаржысы жымқырылса күзетші ұры атанады. Әйтеуір басшыдан басқасы айыпты. Тек жұлып тастайтын «құйрық» табылмаса ғана басекеңдер тұтылуға мәжбүр. Ықлым замандарда бастың қылмысы үшін мойын байғұс айбалтаға түсетін еді. Қалай дегенде де бас пен денені дұрыс жалғамағаны үшін осылай жазалау жөн шығар. Бірақ бүгінгінің «құйрық лақтыру» әдісі қай жағынан алсаң да ақылға сыйымсыз. Өйткені, құзыреті шектеулі жұмысшының биік секіре алмайтыны бесенеден белгілі. Жоғарыдан бұйрық келмесе бас изегіш бағыныштының мұндай қадамға бара қоюы екіталай. Тіпті, бұйрықсыз өз құлқынын толтырды десек те, басшы қайда қараған деген сұрақ қажайды-ау!

Бүгін қазақ контентін дүр сілкіндірген "ҚазПочта" менеджерінің қазақ тілін суахили тіліне теңеуі де осындай жағдай. Тек менеджер-құйрық үзіліп түсіп қалатын сыңайлы. Оны жұмысқа алған басшы қайда қарады екен.

Түйіні сол, Абылай ханның түсіндегідей, «жәндік ұрпағының» дәуірі келгені да. «Бастан құлақ садаға» деген заманда, мойын – салғырт, бас – миқұрт болған кезең келгендей ме, қалай?
Әрі қарай
  • 11
  • 8

Ана тіліміз үшін күрес немесе көз бояушылық...

Достар, қазіргі таңда елімізде ана тілміздің мәртебесі жоғарлап бара жатқаны әрине сөзсіз. Неше түрлі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып заңдық тұрғыда негізделіп келсе, қаржылық тұрғыда бөлінетін қаражат есебі де ұлғайып келеді.

Барлық мемлекеттік органдарда құжаттама ресми түрде қазақ тілінде болуын үкімет талап етсе, іс жүзінде өкінішке орай әлі ақсап жүрміз. Кейбір құжаттар мемлекеттік тілде жазылғанымен, көпшілігі орыс тілде жазылып, кейін ғана қазақ тіліне аударылып келеді. Ресми ақпараттар, құжат алмасу процесі толығымен мемлекеттік тілге ауысты дегенмен, дэ факто негізінде олай емес.

Теледидардан көрсететін бағдарламалар да әлі де болса толық тұрғыда, сапалы және мағыналы өнім шығара алмай отыр. Негізінен орыс немесе ағылшын тілінен аударылып көшірме жасаумен айналасуда. Таза түп тамыры қазақ тілінде шығарылатын өнімдер өте аз, оның өзі жеткіліксіз, қанағаттарлық сапаға жеткізе алмай жатыр.

Республика көлемінде симпозиум мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен үлкен жиналыстар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереміз деп сылтаулатып өткізіп жатыр. Оған былтырғы жылы 113 млн теңге жұмсалған екен. Бұл жалпы қазақ тілін дамыту үшін бөлінген қаражаттың 23,6% құрап отыр. Одан қандай нәтижеге жетті?! Ешқандай, тек ақшаны ауаға шашқандай болды.

Ономастика мен қазақ тілінде шығарылатын оқулықтар да мәселесі өзекті болып тұр. Оның сапасы мен іске асырылуы алға жылжи алмай жатыр. Көше атаулары қайдағы жоқ шетел азаматтардың атына беріліп жатса, басылып шығарылған оқулықтар мағынасыз.

Осының барлығымен қоса, енді бізге латынға көшу керек болып тұр. Бұл әрине қажетті әрекет деп санаймын. Бірақ түпкілікті қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, халық арасында,қоғамда сұранысқа ие болмағанша, латынға көшу қиынға соғар. Әрине, «Көш жүре түзілер» дегенмен, біз бар күш-жігерімізді бір жұдырыққа жұмылдырып, бар мәселелерге тойтарыс беруіміз қажет. Өз туған тілімізден желкенбей, достар арасында немесе жанұяда, жұмыста немесе қоғамдық орындарда ұялмай, көкірегімізді көтеріп сөйлеуге тырысуымыз қажет. Егер шала-пұла білсек, кейде қатемен жазып немесе сөйлеп жатсақ, бұл үшін ешкімнен қорықпай емін-еркін ойымызды жеткізе білейік. Осы ұсақ нәрселерден бастасақ, алға жылжуымыз тезірек болатынына сенемін.

Соңғы уақытта өкінішке орай еліміздің зиялы қауым атынан біраз ашық хаттар мен жолдамалар жазылып, басылып келеді. Дегенмен, бұл артық, қажетсіз әрекеттер деп санаймын. Халықты латын бізге керек немесе керек емес деп, іріткі салып, екі жаққа бөлгенше, барлығымыздың басын бір арнаға бұрып, қазақ тілінің дамуы үшін басқалай әрекеттер жасаса пайдасы көбірек болар еді. Жарқын болашағымызға үмітпен қарайық. Қазақ тілі жасасын!!!
Әрі қарай
  • 11
  • 19

Қазақ тілі жайлы кішкене ойым

Сәлемім сіздерге «Керек инфо»! Тіл туралы жазғым келді.Қазақ тілі жайлы.Жалпы, адамзаттың тілін әр түрлі тұрғыда қарастыруға болады.Мысалы, «тауар» есебінде.Егер тауар сөреде тұра берсе, не болады?Әрине, сақталу мерзімі өтіп кетеді, пайдалануға жарамай қалады.
Сол сияқты,"Қазақ тілін" тауар ретінде қарастырсақ, тіліміз сұранысқа ие ме?Қаншалықты сұранысқа ие?Қандай салаларда аз қолданылады? Неге ол салада қазақ тілі дұрыс дамымай жатыр?
Сіздің ойыңыз қандай?
Әрі қарай
  • 1
  • 10

Біртүрлі сөздер

Ауылда, көрші тұрған бір кемпір болып еді. Марқұмның жалғыз баласы бар-тын. Ол тәп-тәуір келіншек алып, үй болды. Алайда, ерке өскен есалаң жиі-жиі «налево» кетіп қалатын. Ақыры, басқа біреуді екіқабат қылып, отбасысы ойран бола жаздады. Әдетте көп сөзі жоқ кемпірдің, сол кезде баласына ұрысқаны есімнен кетпейді. Дәлірек айтсақ бір ғана сөзі. «Желтасақ»! Естідіңіз бе мұндай сөзді бұрын? Меніңше, ең дәл айтылған анықтамалардың бірі.

Жабық қауымдастықтардың біріне салуға да болатын еді. Бірақ, админ шағымданған «Жазғы сылбырлыққа» аз да болса ем болар деген оймен осында қойдым.
Очм, осындай. Тақырыпқа қатысты білетіндерің болса, бөлісе отырыңдар.
Әрі қарай
  • 16
  • 80

Қазақ тілін меңгеру мүмкіндіктері туралы үздік жарияланым байқауының жеңімпазы алтын құймаға ие болады



Қазақстандық БАҚ пен блогерлар арасында мемлекеттік тілді меңгерудің мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бірінші дәстүрлі үздік жарияланым байқауы іске қосылды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге. Жеңімпаз 50 грамм салмағы бар алтын құйма мен ақшалай жүлдеге қол жеткізеді.
Әрі қарай
  • 5
  • 15

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

Қазақ тіліндегі сөз тудырушы осы бір жұрнақтарды қаншалықты дұрыс қолданып жүрміз?
Бұл сұрақ редактор ретінде мені үнемі мазалайды, бүгін мына мақала осы постты жазуға түрткі болды.
Әрі қарай
  • 21
  • 2
  • 136

Қазақ тілі немесе "Если мой родной язык умрет завтра то всегда готов умереть я СЕГОДНЯ"

Ассалаумағалейкум, достар!
Әр елдің өзіне тән қасиеттері бар! Біздің елде ол — қонақжайлылық! Ол шын мәнінде мақтан тұтуға тұрарлы нәрсе! Бір жағынан әйтеуір орнында тұрмай өсіпте келе жатырмыз. Бірақ осы қонақжайлылығымыз кейде өзімізге зиянын тигізеді! Ол қалай?! Өз тілімізді қорғай алмай келеміз! Тіпті қазақ тілін үйренген шет елдіктер біздің елге келіп таң қалады және өкініпте қалады. Өйткені неше уақыт жоғалтып үйреніп келген қазақ тілі Қазақстанда оған қажеті болмай қалады… Бәріміз орысша, ағылшынша, немісше, французша білуге тырысамыз, бірақ өз тіліміз жайына қалып кетеді. Бір орыс тұрса тоғыз қазақ сол орыс үшін орысша сөйлейміз! Тағыда қонақжайлылық? Білмеймін! Бір уақиға айтып берейін, репрессия уақытында болған!
Әрі қарай
  • -3
  • 21

Мемлекеттік қызметкер қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қыр-сырымен бөлісті

Астанада өткен Жастар форумының аясында өткен семинарлардың бірінде мемлекеттік салада бірнеше жылдан бері еңбек етіп жүрген маман Адиль Джалгасов қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қыр-сырларын үйретті.



"Қазақ мектебін бітірдім. Қазақы отбасыдан шықтым. Әрине бастапқыда қиын болды. Ең алдымен Ң, Ә сияқты маңызды дыбыстардан құтылу керек. Одан кейін буындарға салынатын екпіндердің орындарын ауыстыруды меңгеру керек.
Әрі қарай
  • 53
  • 2
  • 87

Қытай қыз

Бүгін бір қытайдың қызымен таныстым. Аты Синь Жәнь. Өзі дәл осылай жазып берді. Қытайдың ССTV деген ұлттық арнасының Орта Азиялық бюросының журналисі екен. Сайлау туралы репортаж жасап жүр. Ең қызығы, қалқам қазақша сайрап тұр! Дым мүдірмейді! Сұрастыра келе, Үрімшіде өскенін білдім. Бірақ, қалай болғанда да қытайдың қазақша сөйлеп тұрғаны таңқалдырды.
Әуелгі ойым, ана тілін білмейтіндерге, "үйрене алмаймын" деп қыңқылдайтындарға осы қызды көрсету болды. Үлгі тұтатындай-ақ. Алайда орыс тілділерім «рас-ау» деудің орнына, геосаяси филисофияға сүңгіп кетті. Ойлары, «Бұл қытай деген атаңа нәлеттерден бәленің бәрі шығады. Ол қыз әбден үйретілген. Қазақтың арасына тез сіңіуі үшін, арнайы қазақ тілін оқыған, ол шпион» дегенге саяды. Қолды бір сілтедім! Тап сол қытайға керек болса, қазақты қазақша сөйлемей-ақ құл қылып алады! Бүгінгі орысша сайрағандардың ұрпағы енді бір елу жыл өткен соң қытайша қыңқылдап тұрмайтынына кім кепіл?!
Очм, мораль жоқ бұл постта!
Бірақ, ана қытай қыз мадес! Айтпақшы, өзін суретке түсірткізбеді. Неге екенін білмедім.
Әрі қарай
  • 4
  • 27

“Ќазаќстан Республикасыныѕ Конституциясы” немесе Ата Заңды қорлағандарды кім жауапқа тартады?

… Күйдіргілер көп қой…
Жақында ҚР Дін істері агенттігі өздерінің интернет-сайтын ашты. Адресі: http://din.gov.kz Дұрыс қой енді. “Жаңа ғасыр”… 2012 жыл. Бірақ… Жалпы менің қаным қайнайтын кездер бар. Ол, мен біреуге қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді құрметтеу керектігін, ол тілде ақпарат алуға құқылы екенімді айтып жатқан кезде, екінші адамның “Орыс тілі ресми тіл. Бұл халықаралық тіл. Ұлтшылдық жақсылыққа апармайды. Өзгелер үндемей отырғанда, сенікі не?..” деген секілді, айналғанда өзімді кінәлі қылып, қазақ болғаның үшін мал болып кететін кездер.

Екіншісі, сол өздері айта беретін жаңа ғасырда өмір сүріп тұрып, мемлекеттік мекемелер мен банк жүйелерінде қазақ әріптерінің қате немесе мүлдем қолданылмауы. 2002 жылы алғаш жеке компьютеріме отырсам, содан есімде, Windows 98 жүйелері жаппай қолданылып тұрған кезде, қазақ әріптері шынайы проблема болатын. Бірнеше қазақ тілінің драйверлері бар етін. Біреудің қазақша шрифті екінші біреудің қазақшасын қолдамайтын. Үнемі конвертермен жүретінбіз. Қалай Windows XP шықты. Солай көзіміз ашылған етін. Оған да 10 жылдай болып қалыпты. Бірақ… Біздің мемлекеттік мекемелер өткен ғасырда қалып қойған сияқты. Күннің жадысы 2012 болса да әлі күнге дейін қазақша шрифттің проблемасымен отыр. Ағайын-ау, бұл не?

Өзгені қайдам, Ата Заңымызды осыншалықты күйге түсіру, мен үшін оны қасақана қорлаумен бірдей! Осыған жауапты адамды сотқа берер ме еді? Әттең жүргім келмейд, надандармен арпалысып. Қол астындағы мекеменің сайтында әріптер қандай болып шығып тұрғанын Қайрат Лама Шәріп көз салып қарамайды да ғой. Неткен жауапсыздық десеңізші?.. Саналарына берсін!
Әрі қарай
  • 3
  • 10

Қырсықтым

Әңгіме былай, жер лай емес. Очм, әшкиім сынып қалғанына біраз уақыт болған. Қайта барып тапсырыс беруге қол тимеді.(Өтірік, мойын жар бермеді). Сонымен бүгін түскен таман жаңасын алмақшы болдым. Алдымен 4 шағын ауданда орналасқан «Оптика»-ға бас сұқтым. Негізі бұрын да келіп тұратынмын бұнда әшкиді жөндету үшін. Сондағы орыс қатынға қояр притензиям жоқ. Қазақша сөйлей алмаса да айтқаныңды түсінеді. Бұл жақтан өзіме ұнайтын әшки таба алмадым. Бәрі бір сарынды. Кейбірі қымбат, өз бағасына татымайды да. Жақсы болса мейлі ғой бағалысының. ГарриПоттеріңдіссс.
Әрі қарай
  • 11
  • 80