Бердібек Соқпақбаев: “Балалық шаққа саяхат”

Бүгін сіздердің назарларыңызға өзімнің жасаған кезекті epub, яғни электронды кітапты ұсынбақпын. Бұл, әйгілі “Балалық шаққа саяхат”. Кәдімгі “Менің атым Қожаның” “әкесі” Бердібек Соқпақбаевтың келесі бір шедеврі. Сонау балалық шақта ағам мен апамнан қызғанып, жастықтың астына тығып оқыған кездерім әлі есімде. Сырты көк, соңғы кезде шыққан нұсқасы болатын. Ол кітаптың алғашқы романы “Өлгендер қайтып келмейді” еді. Амандық болса, оның да осындай электронды түрін ұсынып қалатын болармын. Ал әзірше Бекеңнің қиын да күрделі, қызыққа да, шыжыққа да толы балалық шағынан хабардар бола тұрыңыздар.
Әрі қарай

Құран Кәрім арнайы iPad, Android және iPhone үшін!

Ассалаумағалейкум, құрметті оқырман!
Өткенде сіздердің назарларыңызға Абайдың “Қара сөздерін” epub форматында жасап, ұсынған болатынмын. Енді, Алланың қалауымен қасиетті кітабымызды қуана ұсынамын. Бұл да Аndroid және iOS телефон және планшеттері және кез-келген EPUB форматын оқитын құрылғылар үшін жасалынды.
Қолдарыңыздағы Құран Кәрімнің қазақша аудармасы Халифа Алтай атамыздың (Аллаһ күнәларын кешірсін) нұсқасымен жасалды.
Әрі қарай

Осы жаздың жаңалығы немесе қалайша қайтадан кітапқұмар атандым

Биылғы жылдың жазы кітап оқу тұрғысында мен үшін "Қайта туу дәуірін" әкелді.

Мектепте оқып жүргенде кітапсыз өткен күн болмайтын: бос уақыттың барлығы кітап оқумен өтетін, тіпті тамақ ішуге дастархан басына кітаппен баратынмын. Университетке келгенде жағдай түбегейлі өзгерді: бес жыл ішінде аяғына дейін жеткізіп оқыған бір ғана кітап есімде қалыпты — Ғабит Мүсіреповтің "Ұлпаны".
Әрі қарай