Мен ғашықпын...
Ғашықтық сезім. Адам өмірінде бірнеше мәрте ғашық болады дегенді оқып
едім. Менде кезекті рет ғашық болдым. Өзім секілді көптеген жастар сияқты
кеңсе мен үйдің арасында жүргендіктен, жұмыс пен тағы аздаған тіршіліктің
шырмалаңынан шыға алмай жүргенде уақыт шіркін зымырап өтіп барады.
Кештеу үйленген ағаларым айтушы еді, көзіңді жұмда үйленіп ал, жүрдім
дегенше таңдап қалдым дегенің, таңдау дегенің қиын болады деп. Әзірге
таңдау сағаты туындамаса да, үйлену туралы ойың болғандықтан, біреуін
таңдау қажеттігі бәрібір туындайды. Сондықтан да, танысудан қашанда бас
тартпайсың. Әріптестік қарым қатынастың мүмкіншілігін бағамдап,
әлдеқашан бастартқанмын. Өзіне қарамай, таңдап қалған екен деп сөге
көрмеңіздер, дегенмен мүмкіншілігің болса, жақсы қызға жолығудан қандай
жігіт болса бас тартпақ емес. Менің үйленбеген сыныптас достарым көп.
Ауылға барсаң екеу-үшеуінің үйленгелі жатыр екен деген сыбысын естіп
қаласың. Содан құлағыңды түріп жүресің ауыл жаққа. Бірақ, сол сыбыс
күйінде қалып келе жатқан жағдайы бар. Өзімен жолығып сұрасаң, «Е, тәуір
қыз жоққой», немесе "қыз жоққой" деп селқос жауап қатады. Сол,
уақыттарда менде ойланып қаламын. Ия, сын сағаты туғанда мен кімге
таңдау жасаймын? деген. Студент кезден қалыптасқан әдет, қыздармен
жүруден гөрі дос ретінде араласқанды ұнатынмын. Дос болып жүріп ғашық
болып қалғанда қыздар болатын. Бірақ, уақытында қадіріне жете білмедім ау
деп ойлаймын. Бір жағынан ұнамаса не қылам оны да, өзімді де алдап деп
ойлаушы едім. Осылай жүріп, біраз уақытта өтіңкіреп қалыпты. Ия,
үйленетін уақыттың да жақындап келе жатқанын сезінесің. Бірақ кімге деген
сауалдың жауабының нақты шешімін табудың қажеттілігі де осы уақыттарда
күн тәртібінде тұр. Қазіргі таңда, жігіттердің басым бөлігі қыз таңдағанда,
ойы оқыған ба, жұмыс жасайды ма, отбасы қандай деген сауалдың
төңірегінде топтасады. Менде, жасырмаймын осы сауалдар мен тағы бір-екі
критерилері бойынша қараймын. Қысқасы, кеше бір қызбен кездестім.
Бірінші рет көруім. Мен күткен ойдан өзгешерек болып шықты. Ұзын бойлы,
сызылып қалған, сүйкімді, ощм керемет жан болып көрінді, бірінші көргенге.
Кездесуден кейін, мүмкін менің ойымдағы «жан» осы шығар деген ой
туындады. Қазір әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы көп
айтылады. Менде, кеше кешкісін үйге келген соң, сол бір сезімнің жетегінен
шыға алмай, әдеттегінше тез-тез компьютерімді қосып, виртуалды әлемге
еніп кетудің орнына, бұдан басқа қызықтар бар, виртуалдан гөрі
айналамдағы жандарға көңілімді бөлейін деген ой туындады. ФБ-дан да біраз
уақытқа тыс қалуды жөн жасадым. Мұның барлығы сол жанға деген
ғашықтық сезімімнің құрметі деп шештім.
Пысы: соңғы уақыттарда орыстың әншілерін жиі тыңдап жүрмін. Әсіресе,
Натали сияқты: «Ия Алла, ғажап жігіт едің» деп, Ер жігіттің қадірін түсінетін
қаракөздеріміз бар деп ойлаймын.