Новелла бәйгесіне. Сатыбалды Кербабаев. «Тауық махаббат»
«Ақзеренің аватары құшті, үйленем, ғыӘ» ©СаянҮш
«Охх…». Ермек өзіне ызаланды. «Виртуал өмірді жүректеріңізге тым жақын қабылдамаңыздар: ол бар болғаны – шынайы өмірге пародия ғана» деп пе едім кешегі семинарда? Айтқан екенмін нақ! Біреу қыштаған жоқ қой, ең болмаса осы соңғы сөзді айтпай-ақ қойсам нетті-ау! Енді міне, өзімнің ындыным құрып, танауым желпілдеп кеткені...».
Тек қолмен ұстап, көзбен көргеніне ғана сенетін педант Ермектің өмірлік ұстанымы найқалып, құлауға әзер тұрғанына бүгін үшінші күн. Желілерді қаңғырып жүріп, біреудің досының досы арқылы шықты ма, есінде жоқ: әйтеуір түн жарымында онлайн отырған осы бойжеткенді әуелде біртүрлі қызық көрінген. Суреттерін қарады. Сұлулығы ма, бәлкім сиқыры ма; әлде екеуі де бар ма — әйтеуір баурап алды. Имене-имене достық ұсынған – бірден қабылдады. «Атым — Қырмызы» деді ұяң дауыспен. Иә, ұяң дауыспен! Себебі Ермек осы бір биязы қыздың тіпті дауысын естігендей болды! «Жазбадан да адамның үнін естуге болады екен-ау»деді Ермек іштей. Сосын: «Жазбадан да адамның үнін естуге болады екен-ау» деп, сырттай да айтып көрді, әнасстың: үйде бір қой ешкім жоқ еді.
Әншейінде сылбыр сағат сол күні зулады дейсің! Жаңа таныс бойжеткеннің жазған сайын елітіп
Әрі қарай