Бұл қалай?

Мына сілтемедегі сурет World Press Photo 2012 байқауында көркемөнер және көңіл ашу номинациясы боайынша үшінші орынды жеңіп алған. Байқаудың түпнұсқа фотосы мына жерде. Түсініктемені қазақшаласақ: «Шаман діні жосыны бойынша құшынаштың(бақсының) адам ұшықтау рәсімі» болады екен. Қазақстан жері деп түсінік берілген фотоны түсірууші Pavel Prokopchik. Сонда, бұл қалай? Қазақтар әлі шаманда жүр деген түсінік қалыптастырмай ма?


Әрі қарай

Алладан басқа біреудің атымен ант ету

Алладан басқа біреудің атымен ант ету — ширк (Аллаға тең біреу бар деп сену). Аллаһтың елшісі былай деген: «Кім ант ететін болса, онда Аллаһпен ант етсін немесе үндемесін»(Бухари 6107, Муслим 3/1646).
Әрі қарай

Жұмақты гарантиялаған Мақаш атай бұдан кейін тек репутация үшін ғибадат қылмақ

Астаналық зейнеткер, бұрынғы экономист Мақаш Байжомартов жұмақты гарантияладым дейді. 83 жастағы зейнеткердің айтуынша бүгінге дейінгі жиған сауаптарын ойша есептейтін болсақ жәннатты әлдеқашан гарантиялаған екен.

Мақаш атай достарымен бірге
Әрі қарай

Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиеті

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиетін келтіреді:
«Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: „Әй ұлым! Аллаһқа серік қоспа! Күдіксіз серік қосу — орасан зор зұлымдық“ деді»(Луқман сүресі, 13-аят).
Әрі қарай

«Христиан бауырлар» туралы

Наймандардың несториандық бағыттағы христиандықты қабылдағаны туралы мектеп оқулықтарында айтылады, бірақ Кіші жүз Ресейге кірмей тұрып христиандықтың ізі де қалмағанын жеті жарғы бойынша кімде кім христиандықты қабылдаса оның мүлкі тартып алынып, руластырына бөлініп беріп отығандығынан байқауға болады.
Қазақтардың алғаш шоқына бастауы Кіші жүз Ресейге кіргеннен кейін басталады. Алғашқыта патша үкіметі қазақтарға жақын болу үшін,өзінің саясатын түсіндіру үшін, жақындасу үшін татар молдаларды оқытып қазақтарға жіберіп отырады. Бірақ 19 ғасырдың басында Кіші жүз руларының арасында қақтығыс көбеюіне байланысты кедей жатақтар көбейіп, олар Ресеймен шекараға қоныс аударады, Христиандарға «шаруашылық мұқтаждық» үшін ақша бөлінетінін біліп жатақ қазақтар шоқына бастайды!!! )). Ал жергілікті шенеуніктер шоқынға ішкі губернияларға жіберіп отырады. Бұл процесс старшындар мен сұлтандардың наразылық тудырғандықтан тоқтатылып тастайды. Егер сол кезде патша үкіметі наразылыққа қарамай шоқынуды кеңінен қолдағанда не бола еді ?)) Мүмкін бір бірімізге, шынымен, «Христиан бауырым» деп отырар ма едік? ))
Әрі қарай

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Ассалаумағалекум, құрметті Керекшілер! Өздеріңізге керек болса алыңыздар, болмаса лақтырып тастаңыздар. Алайда, аптықпай, асықпастан аяғына дейін оқысаңыздар, бір керектеріңізге жарап қалар…
Қазақта «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген бар. Бүгінде кез-келген мешітке кіре қалсаң екі-үш топқа бөлінген жамағатты байқайсыз. Бірі — мазғаб, бірі — такфир, енді бірі — таблиқ дейді өздерін. Моншаққа ұқсаған бұл тізбектің түбіне жетпедім, әлі. Бастап қарасаң айтқан уағыздары жөн-ақ көрінеді кейбірінің, алайда бірін-бірін лайландыра бастағанда барлығынан да кері кеткің келеді. Әрине, мен оларға кір жаққым келіп тұрған жоқ, тек ертеңін ойламай сан-салаға бөлініп кеткендеріне ішім ашиды. Біздің қазақ, бөлінгенді бөрі жейді дейді. Әйтеуір, сыртымыздан көз тігіп, аузынан сілекейі аққан бөрілерге, бөлінем деп жүріп жем болмасақ болғаны. Осыны неге ойламайды екен деймін. Сан ғасырлар бойына жинаған аз ғана абыройымыз айрандай ағылып жатса, өзге елге күлкі болмайтынымызға кім кепіл.
Бүгінде, бір-бірімізге деген сыйластықты, бауырмашылдықты ұмытып бара жатқандаймыз. Бірде, пайғамбарымыз«саллаллаһу алейһи уа саллам» " Мұсылмандардың абзалы — бір-біріне тілінің және қолының зияны тимегені " деген екен. Ал, біз болсақ, мұсылман бауырларымызды көрсек, жалаңаш қатынды көргендей жеркенеміз. Әсте олай болмау керек қой. Тіпті, Аллаһ елшісі, мешітке кірерде, жебелеріңді орап кіріңдер деген екен, бұнысы жебенің үшкір ұшы бауырларыңа зияны тимесін дегені көрінеді.
Мұсылман мұсылманның айнасы. Ал, қазіргі мұсылман қауым, айнадан кімді көреді екен. Ойланып көріңіздерші…
Қазақстандағы көп мұсылманның басты проблемасы — осы болып отыр. Ал, неге ең үлкен кешірілмейтін күналарға қарамайды. Жә, оларды ойландырмайтын да шығар. Бүгінде аз-маз білім алып, нәпсісінің жетегінде кетіп жатқандар да осылар-ау шамасы. Себебі, адам алдымен туралыққа, сабырлыққа, ізгілікке, бірлікке шақыруы тиіс емес пе? Ал, біз ананыкі дұрыс, мынаныкі бұрыс деп ара-жігін бөліп тастаймыз. Осыдан барып, дінге енді ғана бет бұрған азаматтарымыз, қашып кетпей ме? Біз — мұсылманбыз. Басқа ағым жоқ. Болуы да орынсыз.
Менің айтпағым, әркімнің өз үйі — өлең төсегі. Сол үшін бар амалыңды, өз ұстанымыңды үйіңде жасаған дұрысырақ, себебі осылай ғана біз, елдігімізді, бірлігімізді, тәуелсіздігімізді сақтап қала аламыз. Менен ағаттық кетсе, артық айтсам, Аллаһ мені кешірсін…
Әрі қарай

Құрбан шалу

Бұрындары, мен кішкентай, әлем үлкен болған кезде, апаларым қарызы бар адам құрбан шалмайды дейтін еді.
Қазір ғой, миллиондаған кредиті, автокредиті, ипотекасы барлар құрбан шалып тыраштанып жатады.
Әлде банктен алған ақша қарызға жатпай ма?
Әрі қарай

Жәннәт және Тозақ

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Жәннәт және Тозақ



Осы дүниеге келіп өмір сүру, өлу, қабір өмірі, тірілу, жиналу, есеп беру сияқты бөліктерден тұратын ұзын саяхаттың аяғы не Жәннәт, не Тозақ болып екеуінің бірімен аяқталады.
Әрі қарай

Шымкентті шошындырған кімдер?

Соңғы күндері Шымкентті үрей билеп алды. Көшеде де, көлікте де, тіпті магентте де сақтандыру туралы суық сөздер өріп жүр. Жұртты дүрліктіріп, шошындырған кім? Бұл шындық па? Адамдар бір-бірінен сұрап, үрейленеді. Тіпті, 15-25 жас аралығындағы ұл-қыздарды құрбандыққа шалу туралы үнпарақшалар таратылған деседі. Ал, жұмыстағы бір апайымыз шеткері шағынаудандардың бірінде бір қыздың басын кесіп тастап кетіпті деген әңгіме айтып келді. Құдай сақтай гөр деп жаға ұстадық шынында… Бірақ, кеше облыстық ІІД Баспасөз қызметі үнпарақшалар таратқан екі азамат ұсталды деген хабар таратты. Олардың бұндай іске қатысы жоқ дейді. Кім біледі, бірнәрсені жасырды ма? Ал, енді бірі бұл жағдай діни ахуалмен, кешегі сотты болған Исматулламен тікелей байланысты дейді. Егер оны босатпаса… деген әңгімелер бар… Білмедім, басым қатып кетті…
Әрі қарай

Құдайдың кереметтігі: VHS-кассеталардағы оттаған дәлелдер

Бұл жазбам осындағы бір пяншіктің жазбасына соншалықты шүйліккеніме түсініктеме болып табылады.

Гарун Яхия. Пайғамбар емес шығар нақ, пенде ғой. Шынын айтқанда, бұ кісінің жанамағылыми айла-тәсілдері күлкі үйіреді. Жаратқанның атын атап ақыратын арыстан; мұндағы кейбір желөкпелер айтатын Кустоның әлгі басы піспейтін теңіздері; гендік инженерия, саясат — барлығы осы кісінің кассеталарында. Негізі, жаңалық ашып отырған жоқпын:
Әрі қарай

Құран кереметтері

Жак-Ив Кусто есімі теңіз әлемімен тығыз байланысты. Аквалангтың авторы мұхит әлемін зерттеуде ғылым үшін көптеген еңбектер сіңірді. Оның атын бұл күнде әлем таниды. Талай жаңалықты ашқан ол 1962 жылы адам нанғысыз оқиғаға куә болады. Аден шығанағында жүрген зерттеуші топ Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының суы араласпайтынын көріп таң-тамаша қалады. Физика мен химия заңдылығына қарсы шыққан құбылыс Атлант мұхиты мен Қара теңізге жүргізген зерттеуде екі үлкен алып су басейінің бір-біріне араласпай мыңдаған жылдар бойы жатқанын көрсетті. Әлемді таңдандырған бұл жаңалық 14 ғасыр бұрын түскен қасиетті Құран Кәрімде былай баяндалған екен: “Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір бірімен араласпайды”. (“Рахман” сүресі, 19-20-аят).

Ресейлік ғалым Александр Фридман мен Бельгиялық Жорж Леметр XX ғасырдың басында ғаламның тоқтаусыз кеңіп жатқанын теория жүзінде дәлелдеп шықты. Бұл шындық 1929 жылы америкалық ғалым Эдвин Хаббл тарапынан дәлелденді. Ол өзі жасап шығарған алып телескоп арқылы жұлдыздар мен галактикалардың бір-бірінен қашықтап жатқандығына көз жеткізді. Физика заңы бойынша жарықтың шыққан жеріне жақындауы күлгін түспен білдірілсе, алыстаған сайын қызыл түске енеді. Хаббл жұлдыздардың қызыл түске еніп, тек бізден ғана емес, бір-бірінен тоқтаусыз кеңіп жатқанын анықтайды. Бұл осы ғасырдың теңдессіз ғылыми жаңалығы болды. Осы теорияны негізге алған ғалымдар бір-бірінен қашықтаған жұлдыздар уақытты кері айналдырса жақындайтынын, және бір нүктеге жиылатынын дәлелдеп шықты. Бұл теорияны – «Биг Бэнг», яғни «Үлкен Жарылыс» деп атады. Мына әлемнің жоқтан бар болғанын батыс ғалымдары жанталаса жариялап жатты. Ал, 14 ғасыр бұрын түсірілген Құранда «Біз аспанды құдіретімізбен жараттық және күдіксіз Біз оны кеңітеміз»(Зәрият сүресі, 47-аят) деп айтылса, «Әнбия» сүресінің 104-аятында «Ол күні көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз» деп жазылған. Бақара сүресінің 117-аяты «Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған «бол» дейді. Ол, бола қалады»

Құранның бұдан өзге талай кереметтері бар. Әзірге мен жаза алғаным осы болды. Негізге Харун Яхьяның «Kuran Mucizeleri» кітабы алынды
Әрі қарай

Рухани күйзеліс...

Ертеректе, діни немесе діни мақала жариялаған газеттер: "Құдайдың аты аталған газетті аяқасты етіп, не қоқысқа тастамаңыздар!" деген аңдатпа жазып қоятын.
Жаңа Десктоптағы бүкіл бәлекетті Шифт+Делете деп, келмеске жіберіп жатып, Інжілдің электронды нұсқасының да кетіп
Әрі қарай

Хиджап және мазаққа айналған қыздар



«Ухти айтты, үйлен деп. Ахиға әйел болдым. Алайда, ол мені талақ етіп, тастап кетті». Соңғы уақытта ислам шариғатын бүркеніп, кері уағыз жүргізіп жүргендердің кесірінен, тіркеусіз неке жиілеп, тастандылар көбейіп барады. Мұндай ащы ақиқат — хиджап киген арудың аузынан естілді. Мұсылман әпкесінің кеңесін тыңдап, шариғат бойынша некесін қидырған қыздар, «талақтың» құрбаны болдық, салдарынан хиджап киген көбелекке айналдық, — деп шағымдануда. Талақ, талақ, талақ! Үш мәрте айтылган осы сөз — тағдырымды талқан етті, дегендердің бірі хиджап киген Айша есімді ару. Әдемі бұрымы мен бет-әлпетін бүркемелеген бойжеткен, дінге таяуда ғана бет бұрған. Алайда, санаулы ғана уақыттың ішінде, бір емес, екі рет некелесіп үлгеріпті. Бірінші жары — «талак» деп тастап кеткен. Онда да заңды тіркелмеген некесін әйелі бар ахимен қиған. Алайда, «ахи ағасы» пәктігін қиған қарындастың тағдырын «талақтын» тасасына тастап кетіпті.
АЙША:
— Ухтилер, ягни бұл мұсылманша әпкеміз ғой. Сол кісілер айтты, «ахимен» некеңді қи, намазханмен жұптасуға қарсы шыққаның — Алланың қалауын қылмағанын, Аллахтың қахарына ұшырайсың, — деді. Үш рет хитба болды, яғни кездестік. Содан кейін менімен некесін қиды. Көп уақыт өтпей, талақ еттім деді.
Айшаның айтуынша, мұндай ника, яғни жубайлардың жұптасу некесі мен — ахидың талақ айтуының арасы кей кездері екі үш күнді ғана құрайтын көрінеді. Яғни үш күннен соң, хиджаптағы ару ажырасқан әйелге айналады. Күйеуі талақ еткен әйелге тағы бір намазханның көзі түссе, келесі неке қиылады. Сөйтіп қолдан-қолға өткен хиджапты қыздар, өздерінің жеңіл жүрісті жезөкшелерге ұқсап барамыз, деп қапалы.
АЙША:
— Жақында арамыздагы тағы бір қыз некесін қидырды. Әпкелердің айтуымен әрине. Ол қыз әлі некеге отыратын жаста да емес еді… Бір айға жетпей жатып, күйеуі тастап кетті. Бұл уақытта қыздың аяғы ауырлап қалды. «Талақ» деген еткен ағаны, оның болашақ баласының болатындығы да тоқтатпады.
Ислам шариғаты бойынша, баланы алдыру — үлкен күнә, харам іске қолдары бармаған қыздар заңды әкесі жоқ бөпесін өздері бағуға мәжбүр, дейді Айша. Ең сорақысы — ислам шариғатын теріс бұрмалап жүргендердің үгіттеуімен, иманға енді бет бұрған бойжеткендер тіпті, жазасын өтеп жатқандармен ұялы телефон арқылы некелерін қиғызып үлгеріпті. Тағдыры тәлкек еткен ару баласын құшақтап, өзінше тірлік қылады. Күнкөрістің қамын қылып. Ал, Алматыдағы қылмыскерлерге іздеу салынған тақтада хиджап киген қыздардың сұрауы көп. Мұсылманша киінген бойжеткенді алаяқтық дерегі негізінде, күдікті ретінде іздеуге салған.
Айша да Алматыда сенбі сайын өтетін тәлім сабағына қатысушылардың бірі. Айтуынша, соңғы уақытта сенбілік жиындарға жиі баратындардың ішінде, иманын күшейтуді, мамандық алу үшін, алдып жатқан ілімнен жоғары қоятындар көп көрінеді. Ондай жиындардың біріне біз де бардық, бүркеніп, хиджап киіп… Расында да мұндағы тәлімнің негізі — ахиларды ұлықтап, некені құрметтеуге құрылған. Түрмеге тоғытылғандар өз алдына, қазақтың қызына сонау кавказ елінің қара жігіттері де сөз салып жатыр. Оған мүмкіндікті интернет желісі арқылы «Никях ру» танысу сайты беріп қойған. Мысырлық араб және солтустік кавказ жігіттерін ақидасы адал, иманы күшті деп хиджаптағы қыздар қағып алудың қамын қылып жур. Ал, қаба сақалдылардың ойы — харам ба, әлде халал ма, оны ескеріп жатқан ешкім жоқ.
Ирина Советжанқызы, Думан Сүлейменов, Информбюро.
Әрі қарай

Жамағаттардың да жақсы жақтары бар

Дін туралы БАҚ өкілдерінің бүгінгі жазғандары тым біражақты пікір деп айтуға болады. Себебі қай газетті, журналды, қай арнаны ашып қарасаң да ислам діні жамағаттарын жамандаған мақала мен түсірілімге куә боласың. Бірақ, сол жамағаттардың елімізге тигізген аз да болса пайдасына көз жұма қарағанымыз әділдік пе? Түріктердің жақсы бір мақала бар. «Жақсылар жақсылықты, жамандар тек жамандықты көреді» дейді түбі бір халық. Біз де жақсылар қатарынан табылуға тырысып көрелік.
Әрі қарай

СССР және Ислам

Интернетті ақтарып отырып мына бір деректі фильмге жолығып қалдым. Менің санамда «Кеңес Одағының кезінде дін өкілдері қудаланды, дін апиынға теңелді, молдалар қатаң бақылауда болды...» деген секілді-сықылды пікір қалыптасқан етін. Ал мына өздеріңізге ұсынып отырған фильм сол бір менің "қатқан ойларыма" сілкініс жасаған тәрізді. Сөйтсек, Өзбекстанда кәдімгідей дін ұстанып, жер-жерден оқушылар келіп, Орта Азия және Қазақстан мүфиі де өз қызметін атқарыпты. Тіпті шет мұсылман елдеріне оқытуға бала жіберілген де екен. «Ол аз» десеңіз, фильмнің бір жерінде «Дін мемлекеттен болғанымен, біздер адамдардың наным-сеніміне қол сұқпай, олардың ғибадат жасауына кедергі жасамаймыз» деп қояд… Қалғанын өздеріңіз тамашалаңыздар:

Әрі қарай