Ата-аналарға арналған 10 ұсыныс (кеңес).

1.Балаңызды бар болмысымен шынайы қабылдаңыз.

2.Ешқашан орынсыз бұйырмаңыз. Мақсатсыз бұйрықтардың қажеті жоқ. Баланың өміріне араласпау қаншалықты қауіпті болса, үнемі орынсыз «басыңызды сұға беру де» соншалықты қауіпті. Аражігін ажыратып, тепе-теңдікті сақтай біліңіз.

3.Сізге қарсы шыққан адамға белгілі бір мөлшерде сеніміңізді сақтаңыз.

4.Орнымен сыйланған сыйлық қанағатсыздықтың алдын алады. Балаларға «жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Қалағанын орындамау көбірек пайда әкеледі, я болмаса, қажеттілік пен ысырапшылдықты ажырата білетін болады.

5.Ешқашан жалғыз шешім қабылдамаңыз. Отбасылық өмірдің «алтын заңы» – диархия. Әке мен ананың бір-біріне қарсы шығып, сөзге келу барысы сәби үшін қызық құбылыс болып табылады. Әрине, ол жас санаға әсер етеді.

6.Әрқашан барлық істе өз үлгіңіз арқылы жұмыс істеңіз. Баладан өзіңіз істеген нәрсені ғана талап ете аласыз.

7.Барлық мәселе туралы қорқынышсыз ашық сөйлесеңіз. Сөз айтылса ғана өз мақсатына жетеді.

8.Туған-туыстарыңызбен жұмған жұдырықтай болыңыз. Отбасы – шағын мемлекет. Барлық іс-ірекет ақылдасу арқылы шешілу қажет.

9. «Ашық есік» саясатын ұстаныңыз. Ерте ме, кеш пе ер жеткен ұлыңыз бен бой жеткен қызыңызды үйде ұстап отыра алмайсыз. Уақытылы еркіндікке үйретіңіз.

10.Баланың өміріне араласуды өз уақытында тоқтатыңыз. Бұл заңдылық көңілсіздік тудырады, әрине. Алайда, ата-аналық кәсіптің шектеулері мен өз заңдылықтары бар. Қазақы менталитетке салсақ, тірліктеріне араласпай, махаббаттарына бөленіп, немерелеріңізді бағып, кәріліктің рахатын көріңіз!
Әрі қарай

Орынды эгоизм

Оcылай екен...: Орынды эгоизмНегізі кез келген адамда эгоисттік көзқарас болады, бірақ біз оны көп байқай бермейміз. Неге дейсіз ғой? Мысалы, қарапайым «эгоист» ол тек өзін ойлайды. Ал оның антонимі «альтруист» өзін басқа адамдардың орнына қоя алып, оларды түсіне біледі. Мизантроп пен филантроп сияқты ғо. Енді міне, белгілі болғандай, «саналы немесе ақылды эгоизм» деген түсінік бар екен. Ол ешкімге кедергі келтірмей-ақ, өз мүддеңмен және қызығушылығыңмен өмір сүре білуді білдіреді. Бұл әсіресе қазіргі таңда өте өзекті. Енді шынымен де ойлап көрсек, кез келген адам бірінші өзінің қамын ойлайды, өйткені оның жаны мен денесі оның өзінде және ол өзін ойламаса, оны ешкім де ойламайды.
Әрі қарай

"Хочу с мамочкой на улице погулять"

Бір танысымның 3 жасқа толған қызының айтқаны еді бұл. Өткен аптада туған күнін атап өтіп, тортты үрлерде ұзақ ойланды бүлдіршін. Ойланды да дәл осылай дүрс еткізді. Ауылдан келген атасы «Не дейді? Не дейді?» деп түсінбей қалды. Әрине, ауласы өзінікі, қолындағы немерелері еркін асыр салып ойнайтындықтан қайдан түсінсін. Қыс бойы 4 қабырғаға қамалған сәби қоғамның белең алып бара жатқан созылмалы дертін ашып тастады осылай. Бүкпесіз.
Бәріміз әке-шешесіне қараппыз ғой. Олар да қипақтап қалды. Бірақ, оларды кінәлаудан аулақпыз. Ауласына шығарса бала көп, ойын алаңы аядай. Оның жартысына көлік қойып тастаған. (Жүргізушілерді де сөгулден аулақпын. 300 пәтерлік үй салып, 30 көлікке тұрақ орын ойластырса қайтсін). Саябаққа жиі апарудың реті келе бермейді.
Тек ата-ананың ықыласын ғана аңсайтын кіршіксіз бала сезім, көңіл бөлмесек доғалданып материалдық құндылыққа бас иіп кететіндей ме?..
Әрі қарай

Бас тартуға қақың жоқ...

Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам ғұмыры сан түрлі мүмкіндіктер мен таңдау жолдарына толы. Таңдау мүмкіндігін тиімді пайдалана білген жан жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көре алады. Бірақ өмірде өз еркімізден тыс, Алланың қалауымен болатын құбылыстар бар. Оған наразылық білдіріп, тағдырға тас атып, бас тартудың қажеті шамалы. Ең бастысы — тағдыр қалауына мойынсұнып, өмірдің қаралы тұстарын әдемі бояумен бояй білу керек. Алланың қалауымен болатын, адамның бас тартуына қақысы жоқ құбылыстарды жіктеп көрсек…

Туған жерден бас тартпа. Егер туған жерді таңдау мүмкіндігі болса, сәбилердің бәрі салыстырмалы түрде болсын әділеттілік орнаған елді таңдар еді. Алайда, туған жерді таңдау адамның еркіндегі дүние емес. Сондықтан кіндік қаның қай жерде тамды, сол жерді жақсы көруге міндеттіміз. Мейлі ол қарбаласы көп қала болсын, мейлі құлазыған дала болсын, мейлі адамдары қайсар да қайырымды болсын, мейлі арам да айлакер болсын, тіпті ол тарихи Отаның болмаса да туған жердің аты – туған жер. Сондықтан одан бас тартуға болмайды. Ес біліп, ер жеткенше ауасымен тыныстап, суын жұтып, топырағына аунап өскен, бір кездері басыңа пана болған жерді күндердің бір күнінде өзге елге барып жер-көкке сыйғызбай жамандап отыратын жанды көрсем жағасына жармасып, кеудесіндегі жүрегін жұлып алғым келеді…
Әрі қарай

Жетімін жылатпаған ел едік...

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!



Соңғы жылдары әлемде жетім балалардың саны артып отыр. БҰҰ-ның балалар қорының хабарлауынша, төрткүл дүниеде 100 миллион бала ата-анасының қамқорлығынан айырылған. Ал Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша 75 мың жетім бар. Бар болғаны 16 миллион халқы бар еліміз үшін осыншама жетімек аз ба, көп пе?.. Жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған ел едік.
Бүгінде жетім балалар мемлекет қамқорлығында. Шымкенттегі №3 балалар үйінің есігінен аттай бергенімде, екі бүлдіршіннің көздері жәутеңдеп, маған қиыла қарады. Олардың қорғансыз күйіне қарап қатты толқыдым.
Әрі қарай

БАҒДАРШАМ

Таңның атып, кештің батысына дейін ары – бері жүретін сіз жол бойында үнсіз тіл қатып тұратын бағдаршамға күніне неше рет жолығасыз? Үш түстен құралған қарапайым бағдаршам «Тоқта, дайындал, жүр!» деп жанып – өшіп, қаншама адамның мезгілінен бұрын көз жұмуынан сақтап тұр екен?! Ол түсін алма кезек ауыстырғанда көз алдыңызға не елестейді? Бағдаршам сіз үшін қай кезде жүріп, қай кезде тоқтау керектігін түсіндіретін құрал ғана ма?..
Әрі қарай

Ұстаз, оқушы, ата-ана


Кеше баламды мектепке алып барып, әншейінде істемейтінді істеп, сыныбына дейін апарып, кіргізіп жібердім. Сонда мынадай көріністің үстінен түстім. Тура сынып есігінің алдында бір ата-ана практикант қыздың жер-жебіріне жетіп ұрсып жатыр. Мәселенің төркіні неде екен деп, құлақ түрдім (ұяттымын). Сөйтсем, практикант қыз баланың бағасын төмендетіп қойған сыңайлы. Үш қойды ма екен, сондай бірдемесі бар. Себебін былай түсіндірді: «балаңыз сабақ айт дегенде орнынан тұрмай, қырсығып, бедірейіп алды» дейді. Соған әлгі мамаша: «сонда сен, баланың тәртібіне қарап, оның бағасын төмендеттің бе?» деп таңқалып тұр.
Қой, өсек бітті, енді істің мәнісіне көшейік.
Әрі қарай

Әскери ойыншық балаға зиян ба әлде пайдалы ма?


Әскери газетке кейде шыны керек, не жазам деп түк таппай қалатыным бар. Офицер, сержант, сарбаздар, әскери бөлімді «Жасасын, ура, ура» деген пафосты ноталармен жаза беруден «збым» шығып кетті. Кеше интернетте қаңғырып жүріп бір идея тауып алам ба деп біраз шашымды ауыртып көрдім. Содан әскери ойыншықтар туралы жазып көрсем не болады деген ой сап ете қалды. Бұл туралы әжептәуір ақпараттар бар екен. Бір қызығы, кейбір психологтар балаға соғыс, әскери туралы ойыншықтар әперу зиян, агрессивный болады десе, кейбірі керісінше жастайынан ата-ана, туыстарын, Отанды қорғауды, патриот болып өсуді, елі мен жерінің қазба байлықтарын біліп, соны қорғау керектігін түсініп өседі дейді.
Әрі қарай

Әкенің өлімі

Алдымен жеңіл көлік. Артынан ұшақ. Сосын тағы жеңіл көлік. Бір сөзбен айтқанда бір-ақ күнге созылатын, бірақ ұшы да, қиыры да жоқ бітпейтін бір сапар.

Бала күннен қорқатын жалғыз хабары бар-ды. Ол — "Әкең я шешең өлді" деген суық сөз болатын.
Әрі қарай

Адамның бақыты — балада

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін.Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады.Сондықтан темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалана бастайды.Яғни өзін жападан жалғыз сезініп калайша адасып кеткенінде байқамай қалады. Осының салдарынан Жасөспірімнің имунитеті әлсіреп денсаулығы нашарлайды.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Әрі қарай

Жетектің немесе қамқорлықтың әлегі...

сурет алынған жер
Құрсақтағы жетіліуші ұрық ретіндегі сәби — кіндігі арқылы анасының ағзасымен жүрек соғысына тікелей бағынышты. Ауа да, дамып өсу үшін қажет қорек пен нәр де анасынан беріледі. Кіндігі кесілген кішкентай адамға әліде болса қамқорлық керек, ол қамқоршылары — анасы мен акушерлер. Қамқоршылары — жөргектен құтылғысы келіп қарсы болған кіп кішкентай адамды оның ырқынан тыс қайталап орап тастайды. Енді ғана рахаттанып, құрсақ мейрамына қомағайлана кірісе бастағанда емшекке шектеу қойылады. Бұл кіп кішкентай адамзаттың өз еркімен ешнәрсе жасауына болмайды. Бәрін қамқоршылары шешіп отырады. Әлгі кішкентай адамзатымыз өсе бастайды. Апыл-тапыл қадам жасай бастағаннан ақ — өзі қызық көрген нәрселерін барып өз еркімен қызықтауына, ұстап көруіне(дәмін татуына) тағыда тыйымдар. Тағыда сол қамқоршылары(ата-анасы): «анда барма», «аузыңа салма», «айқайлама», «бұлай жасама». Қыл аяғы, сол кішкентай адамзаттың қашан ішіп, қашан тышуына шейін шешесі немесе басқада қамқоршылары шешеді. Ал енді қашан ұйықтап, қашан ойнауды айтпасада түсінікті.
Сонымен, бұл кішкентай адамзаттың ойы – «Қап бәлем, осыдан үлкен болып өсермін!»
Мектеп жасы басталды, енді не болмақ? Бұрынғыданда бетер, енді мұғалім(а), сабақ кестесі, қоңырау… Ал сабақтан кейін: үйдегі қамқоршыларына шамасының жеткенінше беретін парыздық көмегі…
«Мейлің дейді, есейе бастаған адам – Әліде өсермін».
Өскен сайын ол адазаттың қамқоршылары азаюдың орнына көбейіп, тіпті зорайып кетеді. Жоғарғы сыныптарда сыныптастарының қамқорлығын елемеу сөкеттік болып саналады. Бұл адам, енді үйдегі қамқорлықтан гөрі тыстағы(қоршаған ортасы) қамқорлыққа душар бола бастайды. Себебі, оның көп уақтысы сол ортада өтіп жатыр. Ортадағы әлеуметтік факторлар оның тәртібіне, өзін-өзі ортаға сай ұстауына себепкер болатыныда анық.
Қамқорлықтан еркіндікке шығу жайлы ой мазалауын қоймайды:
«Кәмелетке толсам, еркіндігімде көбейер, жаңа өмір басталар!». Тағда олай емес, енді басқа ортаның қамқорлығы басталады.
Мысалы, 18 жасыңда ғашықтықтың сиқыр сілемдеріне сүңгіп кеттің делік. Енді сол сезімнің тұтқынысың. Ендігі жердегі жетекшің сол. Сол адамның ырқына көніп, болмаса сол адамның арманына ортақтасқың немесе өз арманыңмен бөліскің келіп тұрады. Тағыда еркіндік жайлы арманыңа тұсау салынады.
Үйленіп алғаннан кейін өз еркіңмен шешім қабылдап, жарыңды ырқыңа көндіру тіпті мүмкін болмай қалады. Ендігі еркіндігің жанұяңдағы парызыңмен тұсалады. Өміріңді — жанұяңа, балаларыңа, олардың арманына арнайсың. Сенің арманыңда ендігі жерде жалтақтай бастайды. Балалар өскен сайын жаупкершілікте өсе бастайды, еркіндігіңді тағыда шектеуіңе тура келеді: достарыңмен сыр шертісіп сыралатқанды қойып, үйге қарай асығасың. Себебі, сені үйде жұбайың мен балаларың күтуде. Ал енді немерелі болсаң тіпті басқа күйге түсесің. Соншалықты сүйікті де сүйкімді, тәтті боларма? Өз еркіңмен солардың арманының тұтқыны боласың… «Өз балаңды өскенше, балаңның баласын өлгенше бағасың» — деген бар ау. Ендігі жерде, еркіндікті аңсап жүріп жинап алған кеселдерің есік қағып, достығын ұсынады. Олардан қашып дәрігерлердің қамқорлығына мойыныңды ұсынасың. Осылайша, ақырғы демің шейін біреуге тәуелді немесе біреудің қамқорлығында боласың.
Ақырып келіп, шешімі жоқ түйткіл пайда болады: сонда еркіндік, бостандық дегендер қайда? Тіпті сол бір тұжырымдардың адам өмірінде орны барма? Сонда біз нені армандап жүрміз? Айналамызға қарасақ, жоғарыдағы айтылғандардан басқа жолмен жетілген адамды таппаймыз. Сонда — еркіндік, бостандық деген құндылықтарымыз әлі шешімін таппай келе жатқаныма?
Еркіндік жайлы еркін ойланып көрелікші, ол не өзі? Ол, біздің қалауымыз бен талпынысымызға деген шектеулердің болмауы. Ол мүмкінбе? Біз социумда(қоғамдастықта) тұрамыз. Ал адам өміріндегі социум үнемі өзгерістерге ұшырап отырады, оның өзгеру жиілігіне байланысты мінездемесі де өзгерісте болады. Сол ортадан өзімізді қалай босатпақпыз? Ол, мүмкін емес нәрсе, біз сол ортаның бір бөлікшесіміз. Еркіндік жайлы тек армандай алатынымыз ғана болмаса, ортамыз үшін жаупкершіліктен тек жаратушының әмірімен бақилық болған кезімізде ғана құтыламыз.
– Кейде осы бір еркіндік деген қиялдың соңында кетіп көп нәрсені бүлдіріпте жатамыз. Көпті көрген, естоқтатқан ересек адамдар сол қиялдың соңында таңдап қосылған жарымен ажырасыпта жатса, кейбір жастар қиялдың соңында үйден қашып жатады...
Жалғасы болар...
Әрі қарай

Бақ шабама, бап шаба ма? ҰБТ басталды.

Бүгін рәміздер мерекесімен бірге еліміз бойына ҰБТ басталды қазір еліміздің кейбір аумақтарында осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып келіп таудай білім алып талапкерлеріміз ата-анасы мен ұстазының үкілеген үміттерін ақтау үшін бәйгеге түсіп жатыр. Асығы
Әрі қарай

Балаңызды жамандыққа баулап жүрген жоқсыз ба?

Сүйіспеншілік, сенім, қолдау, қорғау көрген бала өзіне сенімді, ашық-жарқын және ақжүрек болып өседі. Алдау-арбауға ұшырап, қағажу көріп өскен бала жігерсіз, сенімсіз, ынжық болады.

Көңіл бөлінбей өз бетімен өскен балалардың әлсіз, зиянды
Әрі қарай