Ана - өмірдің шуағы!

Ана… Ана үш әріптен ғана тұратын сөз. Алайда осы сөздің астарында телегей-теңіз ой жатыр. Дүние есігін ашқан әрбір адам ең алдымен ыстық махаббатымен, жүрегімен, сезімімен бір ғажайып иісті сезеді. Ол — ана жүрегі, ана сезімі, ана иісі.
«Ана бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес, Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Ана — өмірдің бастауы. Ана — отбасы ұйытқысы. Тіпті, анамыз 10 минутқа сыртқа шығып кетсе, лапылдап жанып жатқан отымыз сөніп қалғандай, үйдің іші қараңғыланып, түнеріп қалады. Ал, анамыз үйдің табалдырығын аттай бастағанда үйге бір жарқ сәуле шашылғандай, бұлттанып бара жатқан аспанымыз кенеттен күн шығарып жібергендей үйдің іші лезде жарқылдап, аппақ моншақтар төгілгендей ғажайып сәулелендіреді. Сондықтан да анамызды ешқашан ренжітпей, көңілге кірбің келтіретін сөздер айтпай, керісінше жылы сөздер айтып масаттандырыңыз. Сонда ғана ананың күлімсіреген, бақытты жүзін көресің. Айналамызға нұрын шашып жүрген аналарымыз аман болсын!!! Әрқашан қадірлеп, сыйлап, қастерлеп өтейік!!!
Әрі қарай

Аспаннан қарағанда

DigitalGlobe атты жерсеріктен фотоға түсіру ісінің әлемдегі көшбасшыларының бірі жыл сайын аспаннан түсірілген фотолардың байқауын өткізеді екен. DigitalGlobe мамандары Quickbird, WorldView-1 және WorldView-2 деп аталатын жерсеріктер түсірген үздік фотоларды 2012 жылдың үздік фотолар финалына іріктеген екен. Бірге қарайық.
Италия. Коста Конкордия кемесінің құлауы.
2
Әрі қарай

Қайтсем бақытты болам … (Don’t worry, be happy!)

Қазіргі бұлбұл заманда қылауы түспеген белсебет ойлап табу қиын да, көмескі аксиомаларды жаңашыл реалияға сәйкестендіру – актуальдылау. Күнделікті тіршілікте ірілі-ұсақты жағдайға толы мозаикада кейде әсіре әсершілміз, кейде алапаттарға міз бақпайтын гиперсалқынқанды шығармыз. Өмірдегі алуан ситуация көңіл-күйімізге әсерін тигізбей қоймайды. Кейбірі жаншиды, кейбірі қанат бітіреді. Сіздермен бірге мүмкіндігінше ауқымдырақ аудиторияға пайдасы тиеді-ау деген бақытты болудың алғышарты болуға тұрарлық тезистерді тізіп көруге талпынып көрейікші? Әрбіріміз ары кетсе жетеуден аспайтын «кілтпен» бөлісе отырсақ, әжептеуір бір мануал түзуге болатын сияқты. Мен ұсынатын кілттер:
Әрі қарай

Өлең жаздым, мінекей!

Өмір!
Өмір…
Өрекпідік өктем біз,
Кеуде қақтық…
Бірақ, көппен теп-теңбіз!
… Жеріткен соң Жердегі өткен Көктем, Күз,
Аспан аңсап, Аспан аңсап жеткенбіз!
Әрі қарай

БІР УЫС ТОПЫРАҚҚА АЙНАЛЫП...



Ақылынан адасқан ба демегін,
«Кешір» деген сөзге айналғым келеді.
Жиі – жиі айтылғанда жаралы,
Жанның дағы табылар ед(і) тез емі.

Оңашада көңіліңді тербейтін,
Үніменен жан дүниеңді емдейтін,
Әуен болсам әдемі, арман бар ма,
Жүректерде өмір сүрер, өлмейтін.

Әрі қарай

Аспаны қабақ ашпаған Астана және "Құрылтай-2012"

Иә, дәл былтырғыдай блогшылар жарыса талай-талай жазбаларды жазып-ақ жатыр. «Тойдын болғанынан боладысы..» демекші, бір күнгідей болмай, зу етіп өте шықты. Астанада өткен құрылтайдың да блогшылар үшін орны бөлек болатыны даусыз. Препати, сәулетті университет, жинақы пәтерлеріміз, баяндамалар, шулап-шұрқыраған блогшылар, танысулар… тағысын тағы… оның бәрі көз алдымызда, қайталап жазудың қажеті жоқ шығар. Ең бастысы, Астаналық блогшылардың қолдарынан келгенше атқарған еңбегі еш кетпеді. Не керек, Талғат ескерткен соң, универ ішіндегі бассейнге түспей, абырой болғанда ешкім балконнан құламай, құрылтайды аман-есен өткердік!
Әрі қарай

Күн батқанда

Фотигімді көптен бері көрмей, сағынып (белгілі бір себептер болып еді), әйтеуір қолыма тигенде, мынандай әдемілікті суретке түсіріп алмай, тыныш өмір кеше алмас едім. Сұлулықтың бәрі де табиғатта екеніне тағы да түсіндім.
Түстердің сан түрлілігі, аспанның құлпырғаны, бәрі бәрі көркем! Соны көре алатыныма АЛЛАға шүкір!
Әрі қарай

"Вахталық" шағымның аспаны

Атырау облысында жүргенде түсірген суреттерім.
Ол жақта да жер жүзіндегідей таң атады, күн ұясына батады. Бір ерекшелігі таңның атқаны мен батқанын ешбір кедергісіз тамашалауға болады. Аспан өте жақын болып көрінеді екен.
Әрі қарай

Қадір түні және Марс

Бүгін, тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн — Қадір түні. Бұл күні Құран Кәрім түскен. Қасиетті кітаптағы "Қадір" сүресінде бұл күн туралы былай дейді:

«Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түні не екенін білесіз бе? Қадыр түні мың айдан жақсырақ. Ол түнде періштелер мен Жебрейл ғ.с Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік түні таң атқанға дейін жалғасады».
Әрі қарай

"Қатыным біреумен сүйісіп тұр екен"

Кейде телеарна алдында отырып қарадай қарап күйесің. «Әзілқой», «халықты қыран топан қылатын» бағдарламалар бар ғой… Иә. Бірақ солар әзілдерді қайдан алатынына миым жетпей-ақ қойды… Аспаннан алған дейін десем, брэйк билейтін әже мен қыздарға қырындап жүрген қарттың, әйелінен қорқатын еркек пен күйеуінің көзіне шөп салып жүрген әйелдің аспанға не қатысы бар? Әйтеуір бізге, көрерменге ұсынылған өнімдерден ұғатынымыз, «ұнамаса көрмеге» жүгінуіміз керек боп тұр. Олай болмаған күнде, бір сықыр сүйек ербеңдеп билесе шегіміз қатқанша күлуіміз керек екен. Бір көксоққан қатынынан қорқып бұтына жіберіп қойса да, бұратылып күлкіден жатып қалуыңыз керек. Дым күлкілі емес. Дым өтпейді.Өткенде бір «Тематик шоу» деген хабарды қарап отырсам мынандай әзіл айтады.
— Кеше үйге келсем әйелім біреумен сүйісіп тұр екен.
Қасындағы екінші әзілкеш-сымақ
— мәссаған – дей беріп еді, анау:
— оны қойшы, ең бастысы тамақ істемеген ғой -деп «қыран топан қылды»
Қазақтардың әзілінің сиқы осы.
Әрі қарай

Достучаться до небес! -үздік кинолардың бірі.


Кешкісін Кинопоиск.ру сайтынан жоғары баға алған кинолар тізімін қарап отыр едім. Осы киноға назарым ауды. Көруге тұрарлық кино екен. Сөз жоқ, теңіз туралы айтқан сөздері, актёрлардың шебер ойнауы барлығы көңілден шықты. Бір қарағанда кино көңілді де, қайғылы. Руди мен Мартин-ге қосылып, солардың қайғы, мұңдарына мен де қосылып бірге, теңіз көру деген саяхатына жол тарттым. Әсіресе фильімнің соңында ойнайтын пининаның үні денемді шымырлатып жіберді. Бір көріп шығыңыз, сіздерге де ұнар деп ойлаймын.

Theme From The Ocean
Әрі қарай