Ғажайып бір сезім бұл...(виртуалды махаббат туралы)
не ғо: көп әріп деп сөге, заһарларыңды төге көрмеңдер! 16 жастағы қарындасымның жазған әңгімесі. Төзімдеріңнің тұнығын тауыспай, оқып ой-пікірлеріңді білдіріңдерші. Маңызды болып тұр! Алдын ала рісбек!
сурет орны
Жаз айы.Көптен күткен сынақ – емтиханда өз мәресіне жетті.Оқушы біткеннің бәрі мәз, ал түлектер болса алдағы болашағына жол сілтер бақыт құсын жолықтырам деген арман үстінде… Студенттер де өздерін асыға күткен үйлеріне тарауда… Ал ендігі кезек дем алу… Біреу күні-түні ғаламтор әлемін шарлап уақыт өткізсе, екіншілер таң сәріге дейін ұйқының тәтті құшағына батуда, ал соңғылары болса үй ішін азан-қазанға айналдыратын іні-қарындастарын бағып-қағуда…
Ақнұр біріншілердің қатарына жатады десем,қателеспеспін.Бойы аласа ғана келген,қазақтың нағыз қара домалақ қызы.Демалыс кезеңін көп күткенмен,қазір ештеңеге зауқы жоқ ол, мүмкін қасында дос-құрбылары жоқтың қасынан ба әлде үй ішінде балалардың үлкені боп, сырласатын, жайма шуақ күндері серуен құратын ешкімі болмағандығынан болар, «агент», «в контакте» ,«facebook» секілді ғаламтор әлемінде өз сырласын іздеп күн кешетін жастардың бірі.
Қызық… Сіздер қашықтықта, бір-бірінен алшақта жүріп-ақ ғашық болған жандардың махаббатына таңдана қарайсыз ба?! Басында мен де сенбеп едім, бірақ ол да мүмкін екен…
Әрі қарай