Сені үздік адам ететін 6 шындық

Бұл жазбаның авторы Дэвид Вонг есімді блоггер. Сracked.com — ға жазып тұрады. «Сені үздік адам ететін 6 шындық» мақаласы 2012-жылдың 17-желтоқсанында жарияланыпты. Содан бері (05.06.2013 ж. дейін) 9 112 525 рет қаралып, 8799 пікір жазылған. Мықты, иә. Қысқасы, мен аударған болдым. Сөзбе сөз емес, кей жерлерде аздап еркінсіп кеткенім де болды. Мақала ұзақ, алты бөліп саламын. Кеттік.

Егер карьераңа ырза болсаң, өзгелермен қарым-қатынасыңа жұрт қызыға қараса, жалпы өмірің қызық болса әрі қарай оқыма. Қазіргі күйіңнен ләззат ал, достым, бұл мақала сен үшін жазылмаған. Сен кереметсің! Біз сені мақтан тұтамыз.
Ал, қалғандарыңа тапсырма. Өзің мақтанышпен айтатын бойыңдағы бес қасиетті тап. Алайда, жазғандарыңның арасында «Мен тамаша адаммын. Мен әділмін» деген түсініктер болмасын. Өз қолыңмен жасаған, өзгелерді таңқалдыра алатын нәрселерді жаз (Мен күрестен ел чемпионымын. Мен төрт күй шығарып, бес кітап жаздым. т.с.с). Мұндай жетістіктерің жоқ болса бұл мақала сен үшін және саған ұнамасы да анық.
Әрі қарай