Тарақанмен төбелес
Кеше түнде ауылдан Алматыға келдім. Екі аптаға созылған демалысым аяқталып, әдеттегідей «Атырау-Алматы» бағытындағы поездға міндім. Бұл поезд «Ақжайық» деп те аталады. 2007 жылдан бері қолданыста жүрген "қытайский" поездар бұрын жақсы сияқты еді, қазір шаршап қалыпты. Жолсерік мен отырған екі жарым күнде вагонды бір де бір рет тазалаған жоқ. Дәретханаға кірудің өзі қорқынышты. Бірақ, мұның бәрі тарақканмен салыстырғанда түк те емес. Ес білгелі поезға отырдым, алайда поездан тарақан көрмеген көзімде кінә жоқ. Вагонда тарақан қаптап жүр!!! Түнге қарай тамақ ішетін столдың маңын торуылдаған тарақандардан қорқып,ұйықтамай, тамақ ішпей, қақшиып келген жайым бар. Жолсерікке айтсам, Атырауда вахтада істейтін жігіттердің сөмкесінен түскен деп ақталады. Сонда да, тазалау керек қой… Жүрегім айныды…
Әрі қарай

Өткен ай Атырау керекшілері үшін, кездесулерге толы ай болды. Ендігі керек кездесуін үстіміздегі айдың 17- ші жұлдызына, Мақпалдың вахтадан қайтар шағына жоспарлаған болатынбыз. Амандық болса 2 күн уақыт қалған екен. Осы кездесуге кімдердің қолы тиеді екен, Мақпалдың өзінің жоспарлары қалай екен деген ниетпен жазып отырмын.