Жарияланымдар

timurrr
Мұрат ағаны атын атап шақырғанымнан соң жауап берді ғой. Әйтпесе үнсіз кете берер ме еді? Соны нақтылап айтып өт. Енді Нұрлан деген браттан жауап күтудемін.
timurrr
Көптен бері сыртынан қарап кететін Керекке мына жаңадан басталып жатқан керемет жобаға қолдау білдіріп, әрі өзімді бапкер ретінде сынап көрмекке кіргем. Содан Аршатқа, мені де қоса салшы деп айтқалы отырғанда көзім бірден осы сабаққа түсті де «Мені бапкер ретінде қоса сал» деген сөзді көмейден кері жіберген күйде, Керектің есігін кері жапқалы тұрмын…
timurrr
Хайырлысы, құрдас. Ендігі мақсат, сол бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ деген ниет қой…
timurrr
Балшыққа батқыр, тоңқылдамаш! ))) «Медиалаб» деген бір тілге тиек қой, ол «Мінбер» болуы мүмкін, ол басқа бірдеңе болу мүмкін. Сонда қазір «мінберліктер» келіп: «бізден не жамандық көрдің, Тимур?» деп айқай шығару керек пе? Бұл тек сөздің реті ғой? Сен де Жүсіп боп кеткенсің бе, бала болып? )))

"… блогкемпке «Медиалабты» тықпалап, өліп, шауып жүргендей түсініп қалатын болса" онда оны әркімнің патша көңілі білсін. Дені дұрыс адам олай түсінбесі анық.

Ал басқа айтқан түйткілдеріңе келер болсам, мен де, өзгелер де бұл жәйттардан бейхабар. Ендеше сол бейхабар күйде қалайық. Әйтпесе, «Журналистер секілід емес, аузымыз бір» деп жүргенімде… Одан кейін, осындай кухниядағы әңгімелер "Қазақ Интернетінің" ішінде жүрсе дегенім ғой. Оның бір себебі Серікқазы ағамыздың бала да емес, шаға да емес, әркімнің де жетегінде кететін жағдайда емесін, сондай-ақ ақыл тоқтатқан, бізден бұрын иткөйлек тозыдрған жан ретінде ол кісінің кандидатурасын мақұл көріп отырмын. Бүкіл қазақ блоггерлеріне сол ағамыз бас болса, кім "қыңқ" етер? Осындай сен айтқан, оған дейін де болған, одан кейін де болатын түрлі жәйттар болмас үшін де осылай бірауыздан, мөлдір, не болып, не қойылып жатқаны жыл соңында ұйым есебінен көрінетін жұмыс жасасақ деген ой ғой.

Ұсынылып отырған тақырып біреуді біреуден артық қою емес, ортақ бір іске жұмылсақ деген ұсыныс қана.
timurrr
13-тік жарайды. Жарайдының өзі ойнамай қалады. Өйткені, 15-тік тым үлкен болады алып жүруге.
timurrr
Дауай. Қашан? Әйтпесе, елде жоқ мұзайдынды сағындық.
timurrr
Керемет! Жарайсың, Эльвира!

… А л мен…
Шамамен жарты жыл болды керекке бас сұқпай кеткеніме(
Бірақ сырттай қарап, технологиялық өзгерістеріне қуанып жүремін. Мынга мобайл нұсқасы қосылғаны жақсы болған екен. Өйткені, соның негізгі тұтынушысы едім…
… Супер-пупер уақыт жоқ, иттірлік һәм күйбең уә күйкі тірлік.
Менің ойымша қазіргі уақыт 24 сағаттан емес 12 сағаттан және аптасына 3 күннен тұратын сияқты…
timurrr
Баршаңызға рахмет! Жүлділеі бірінші орынға ие болдым!
timurrr
Негізі "ІТ-тірлік". Сосын бұл сурет менің туындым және ол "ІТ-тірлік" журналындағы постер. Қай-қайсысы да энергияны бермесе, суырып алмақ емес!
timurrr
Сонымен, осы пікірлердегі жазылған кітаптардың басын қосып, бөлек бір тізім жасап жіберсең, @neoman Былықпай боп кетпей тұрғанда…
timurrr
Аха, рахмет. Негізі барлығы да ойда бар дүниелер ғой. Басқа нелер келіп, нелер кетпеді десеңші?! Тек идея — бос ауа. Оны материалдандыру — кәдімгідей шаруа.
timurrr
Кіріп те шықпапты. Оны қай жерден байқағаныңды айтып жіберсең?)