Arular.kz
Рейтингі
+818.55
Тәжірибе
2466.64

Омар бырат

Жарияланымдар

image image

Әлемдегі ең бай қайыршы

Пакистандық Абдул Саттар Эдхи қайыр тілеумен айналысады. Бірақ оның басқа қайыршылардан айырмашылығы бар. Ол қазір 25 жекеменшік аурухана, 1800 жедел жәрдем көлігі мен 335 көмек көрсету орталығының иесі екен. Ақшасы болмағандықтан ауру шешесін ажалдан арашалап алуға шарасы болмағанын ұмытпаған Эдхи енді...
image image

АЖЖ: австралиялық джиу-джитсу!

Осы уақытқа дейін кенгуруларды циркте бокстасатын сүйкімді жануарлар деп ойлап келіппін. Бірақ мына төбелесі қатаң екен. Бас жағы кенгурулардың кәдімгі секеңдеген тебістері, қызық жерлері 4:30-да басталады. Соңғы кездері әлеуметтік желілердегі ММА қауымдастықтарынан айына бір рет Австралиядағы аңдардың...

БЖЖ: Қажетке жараған әдістің жаманы жоқ

Мына күресшінің тапқырлығына риза болдым

Тосын сый деп осыны айт!

Майкл Ди деген полицей мұжық «Тойота Камри» алған екен. АҚШ-та болғасын, әрине, несиеге. «Тойотадағылар» оның 50 миллионыншы сатып алушы екенін анықтап, несиесін өз қалтасынан төлеп беріпті. Сыйлықтары мұнымен бітпеген екен… Сатып алған «Камриінің» үстіне, компания тағы «Тойота РАВ4» сыйға тартыпты!

UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Міне, кезекті демалыспен бірге тағы бір айтулы UFC шарасы өтті. Бұл бір титандар қақтығысына толы кеш еді. Алистар Оверим , Маурисио «Шоган» Хуа , Чейл Соннен сияқты мықтылар қатысады деген соң, көптен күтілді. Бірақ нәтижелер көпшілігі күткендей шықпады. Мәселен, кештің басты жекпе-жегі саналатын Чейл Соннен-Маурисио «Шоган» Хуа және Алистар Оверим- Трэвис Браун кездесулерінде «Шоган» мен Оверим фаворит болып тұрған еді, бірақ «андердогтар» Соннен мен Браун айды аспаннан бір-ақ шығарды. Төменде — әдеттегідей GIF форматындағы суреттер.

USB-флешкіге үлкен файлдар көшіру

Жұмыс аптасы бітті. Алда екі күн демалыс бар. Ешқандай жоспарыңыз болмағасын, үйде отырып кино көруді ұйғардыңыз делік. Мониторға телміріп отырмау үшін телебизірден көргіңіз келді. Құдай қарасқанда, арт жағында USB жалғайтын ұясы да бар екен. Бірақ… Аяқ асты эстеттігіңіз ұстап қалып, фильмді жоғары сапамен көргіңіз келеді. Не болмаса, телебизіріңізбен бірге келген 3D-көзілдірікпен көздің жауын алар кескіндерден рақаттанғыңыз келіп қалды. Енді, «көксәуле»* дискілерін сатып алуға ақша болмағасын (әрқайсысы кемінде 5000 теңге), BDRip қылып сығылған көшірмелерін Интернеттен алдыңыз (3D форматында видео файлының салмағы орта есеппен 7-8 ГБ тартады). Керек фильмді компьютерге жүктеп алған соң, флешкіге көшіріп ала қояйын десеңіз — ом мане… көшірілмейді!

Америкалық балуан шолақ

Интернетте респектке лайық адамдар туралы небір мотивациялық посттар, суреттер, видеолар, т.б. материалдар көп қой. Бірақ басқа тілдерде. Мен де осы бір жігіт туралы қазақша жазайын дедім. Таныс болыңдар: Ник Ньюэлл — жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық жекпе-жекші. 1986 жылдың 17 наурызында Коннектикут штатындағы Милфорд қаласында дүниеге келген. Бойы — 178 см. Салмағы — 70 кг. ММА рекорды — 10 жеңіс (2 рет нокаутпен, 7 рет қарсыластың берілуімен, 1 рет төрешілер шешімімен) — 0 жеңіліс — 0 итжығыс. Былай қарасаң, аралас жекпе-жектерде жолы жақсы болып келе жатқан көп файтерлердің бірі сияқты, бірақ Ньюэллдің басқалардан айырмашылығы

WOCS: Бұл - капоэйра!

Бүгін жекпе-жек спорты туралы жазатын БАҚ-тардың бәрі шулап жатыр. Сөйтсем, Бразилияда Watch Out Combat Show деп аталатын промоутерліктің 28-шарасында бразилиялық Жулио Сесар «Кішкентай жарқанат»* Невес деген спортшы қарсыласы Денер дос Сантосты (Жуниор дос Сантостың фамилилиясы ғана шығар деп отырмын) капоэйрадағы бір тебіспен бірінші раундта нокаутқа жіберіпті. Жалпы, қимылдары мен тебістері көзге әдемі көрінгенімен аралас жекпе-жектерде капоэйра сирек қолданылып жатады. Сиректігі — осы сияқты айына-жылына бір рет  Есесіне қандай шоу жасайды!

Кіші Рой Джонс пен Куинтон Джексон бокстаспақ

Андерсон "Өрмекші" Силва жақында кіші Рой Джонспен бірге-бір шыққысы келетін айтып жүрген еді. Тіпті Рой Джонстан бір жекпе-жек сұрап, жалынған видеосы да бар. Негізі, Рой Джонс та кетәрі болмаған. Бірақ белгісіз бір себептермен келіссөздері әлі созылып жатыр. UFC келісім-шартының шектеулеріне байланысты шығар, кім білсін. Сөйтіп Өрекең жеті рет өлшеп жүргенде, жақында ғана UFC-ден Bellator-ға ауысқан Куинтон «Елірме» Джексон бір-ақ кесіп, Рой Джонспен жекпе-жекке шығатын болыпты. Кәсіпқой бокс ережелері бойынша.

2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)

Биыл көрген жекпе-жектердегі мен үшін ең әсерлі болған нокауттарды GIF форматында бөліссем деймін. Басқалар сияқты орын-орындарға бөліп, хит-парад түрінде ұсынсам да болатын еді, бірақ, шыны керек, қайсысын қай орынға жатқызарымды білмей отырған жайым бар. Нокауттардың барлығы мен үшін бірдей болып тұр Оның үстіне, өзім аралас жекпе-жек өнерлерінен өтіп жүрген жарыстарға қызығып жүргеніме көп болмағандықтан, постты субъективті шолу ретінде ұсынуды жөн санап отырмын. Яғни, бұдан да мықты нокауттар орын алған болуы мүмкін. Мен тек өзім көргендерді ұсынамын. Ал кеттік!

UFC: "Даниель Кормье vs. Рой Нельсон" келе жатыр

Strikeforce ұйымын Zuffa компаниясы сатып алып, ол чемпионаттағы жекпе-жекшілердің барлығы UFC-ге өткеннен кейін бір-ақ рет жекпе-жекке шыққан Даниель Кормьенің (жеңіс-жеңіліс: 12-0) өнерін тамашалайтын да күн алыс емес сияқты.

UFC: Жұмабек - сегізбұрышта!

Сонымен, көптен күткен күн де келіп жетті. Кеше ғана (29 наурыз) UFC ұйымы Қытайдағы қандасымыз Жұмабек Тұрсынмен келісім-шартқа қол қойды. Құтты болсын! Жұмабекке жеңістер тілеймін. Жекпе-жекке қашан шығатыны әзірге белгісіз. P.S. UFA-ға бір түрлі қимап едім Суреттің алынған жері

Құлақтан кетпейтін әндер

Мұндай әндердің ұнауы шарт емес, бірақ бір тыңдап алғаннан кейін біраз уақыт бойы сол ән ойыңнан кетпей, басыңда ойнап тұратын кездері болатын шығар, иә? Мұндай әндер бойынша жасаған рейтингімнің ең жоғарғы позициясында мына ән тұр. Таразда бір таксиге мінгенде естіген едім. Құлағымда бір аптадай ойнады ғой деймін

Эстафета: сыйлығымның сықпыты

Daniar-Alan , ұялдырдың-ау адамды! Барша жұртқа бір секірет айтайын, шейір жасап жүрмеңдер тек: оу бастан сыйлық беріп, сыйлық алу дегенге нәрсеге жоқ адам екенмін ғой. Берген сыйлықтарымның бәрі туған күн, мереке кезіндегі формальды сыйлықтар екен. Себебі де жоқ емес: сыйлықты бергеннен бұрын, таңдауда қиналамын. Мәселе сыйлықтың бағасында емес, шын көңілмен бергеніңде дегенді көп естимін. Бірақ бар ғой, тым арзан емес пе екен, ұнамай қалса ше, ондай заты бар болып шықса ыңғайсыз болып қалатын шығар деген сияқты ойлар жеп қояды да. Сөйтіп уайымдап алған сыйлықты қайбір жетіскен шын көңілмен береді дейсің, осы постты жазып отырған бейбақтарың Рас, мен соншалықты қатты да емеспін. Заттай сыйлықтан гөрі, көбінесе гүл ( ) сыйлаған екенмін. Кішкене кезімде балабақшаға барған жоқпын. Үйде жүріп өстік қой. Әке-шешем — сапқоздың жұмысында. Көктем кезінде шешемнің бригадасы...

BMW-дан "шешен" жарнама (фотобояннн)

Немістің BMW маркасы алдыңғы дөңгелектері тартатын көлік шығармайтыны көпшілікке белгілі*. Бавария автозауытының маркетинг және пиармен айналысатын қызметкерлері компанияның бұл принципін фотошоптың көмегімен былай түсіндірген екен:

Спорттық қызығушылықпен...: Жұмабек Тұрсын

Мен үшін Керектегі бүгінгі күннің басты жаңалығы Жұмабек Тұрсын болды (Сержанның сол посты " Біз білмейтін қазақтар " қауымдастығына сұранып-ақ тұр екен). Төбелес десе, елең ете қалып, қалың ортасына түйілген жұдырықпен қойып кіріп кетпесем де, сыртынан қызықтап тамашалаудан қашпайтын басым, спорттық қызығушылықпен Интернеттен мәліметтер ақтарып отырып біраз… біраз деймін-ау бірталай дерек тауып алыппын Әлқисса…