Жарияланымдар

Ақтау мерейтойы

Ақтау қаласы мерей тойын дүркіретіп өткізгелі жатыр… «Маңғыстау облысына 40, Ақтау қаласына 50 жыл», мереке құтты болсын! "Қырық жылда қазан жаңа, елу жылда ел жаңа" деп, жақсы жаңалықтар, дақсылықтар болсын)

http://www.lada.kz/aktau_news/society/12257-na-prazdnovanii-dnya-goroda-aktau-vystupyat-30-kazahstanskih-zvezd.html
Әрі қарай

Сірне

7.09.2013 күн — көптен айтылып жүрген сірнеге де шықтық-ау әйтеуір. Күн райы да жақсы болды, аспан бұлттанып, көлеңке болды. Ақшұқыр ауылына, теңіз жағасына барып (барып-келуіміздің өзі де есте қаларлықтай болды), қазан-ошақтарымызды даярлап, сірне жасап, оны жеп болғаннан кейін, бір жеңілдеп қалдым))) Әйтпесе, сол сірне мойныма бір жүк болып еді, кім барады, не апарамыз, қайда барамыз деген сұрақтармен, уайым болып жүр еді… Ақсындарға көп рахмет, Қызаннан қозының етін алдырып, нағыз сірне болды)) Сол сірнеге келген Аяған, Самат, Нұрхат, Айымгүл, Абылай бәріне рахмет, бір күнде ұйымдасып, бәрін реттеп, жайластырғандарына))) Негізінен сірнеге біраз адамдарды шақырып едік, жұмыс бабымен келе алмады бәрі де… Қаланың адамдары қызылсырап, көптен жас ет жемеген шығар, дәмін алсын деген ниет қой біздікі)) Сірне өте дәмді болды… Нұрхат күйші күй тартып, Аяған өлең оқыды, Абылай фотоға түсірді, Ақсындар екеуі… Мына сурет сол қазаннан жаңа түскен сірне)))
Блог - kydyrbai: Сірне

Қазанға қозының құйрық майы салынады. Оның үстіне сол жас қозының еттері ретпен салынады. Қабыртқа сүйектер сындырса да, сындырмаса да өз еркі,өйткені жас малдың сүйегі өзі жұмсақ.Қазанды қызуы күшті шоққа қоямыз, не болмаса жалыны аз отқа қойсақ та болады. Ал көкөністер тек жай ғана сәндәе үшін, дәмдірек болу үшін ғана. Қосқымыз келді,қостық. Ал сендер қоспай-ақ қойың)))


сірнеге шыққандағы тағы суреттер))
құрт, балқаймақ
Блог - kydyrbai: Сірне
күй де тартылды, ән де айтылды))
Блог - kydyrbai: Сірне

басқа да суреттерді жүктей алмадым))
Әрі қарай

Қазақстан Қытайстан болып бара жатыр ма?

Қазақ қонақжай халық, аңғал, ақкөңіл дегенге бәрі басынып бара жатыр. "Қара қытай қаптаса ақырзаман болады" дейтін. Сол қара қытай елімізді соғыссыз-ақ басып алып жатыр. Тіліміз орыс, дінімізге өзіміз шошып қараймыз, руға бөлініп тағы бүлінеміз.осының бәрі шет елдіктердің арам ойын іске асыруларына жол ашып беріп отыр. "Қазақ жақсы" — деген өтірік мақтауға алданып, барымызды береміз. Мына бейнебаянда тек қытайлықтардың елімізді қалай басып плып жатқаны айтылған. Қытайдан бөлек қаншама шет елдік фирмалар, шет елдік тыңшылар бар. 7-8 миллион қазақты әдемі сөзбен алдап, арзанын беріп,қымбатымызды тонап жатқандар қаншама. "Қара қытай қаптаса, сары орыс ағаңдай болады" дейді, «ағамыз» жерімізді улап зымыранын жарып жатыр, жастарымызды арағымен алдап жатыр. Тіліміз орыс болды. Қазақтар ояну керек! Қазақтың салт-дәстүрін, дінін, өнерін ескінің сарқыты деп қарауды қою керек, шет елге еліктемеу керек. Қазіргі жаһандану уақытында ұлттық құндылықтарымызды сақтап, өз тілімізде сөйлеп, дәстүрірімізді қайта жаңғыртып, қазақ екенімізге мақтануымыз керек. Қытайлықтар "қазақ тілі міндет емес" дейді екен, "Қазақтардың өздері қазақша білмейді" — деп. Аллаһ біздерге көп нығметтер берді, соны дұрыс пайдалану керек. Ата-бабамыз дініне мықты, ұлтжанды, намысты болғандықтан еліміз бай, жеріміз кең болды Аллаһтың қалауымен. Иманды, ұлтжанды, намысты болайық. Қытайдың емес құдайдың құлы — қазақ!
Әрі қарай

Намаз

«Намаз діннің — тірегі!» Аллаһты еске ал, намаз оқы, бауырым! Мына баладан артық ештеңе айта алмайсың. Ойлан...

Алласын ұмытқан — азған ел, Алласын сүйген — озған ел!
Әрі қарай

Шүкіршілік...

Негізінен адамда қанағат, шүкіршілік ең басты қасиет. Соны дұрыс түсінбейміз де, сосын қиналамыз. Адам дүниеге ешқашан тойған емес. Бәрі де керек, керек емес зат жоқ. Бәрін иемденгіміз келеді. Негізі ойлап қарасақ, өмірге дымсыз келіп, дымсыз кетеміз, солай емес пе? Кім анасынан туылғанда қолына бірдеңе ұстап туылды, өлгенде қабіріне не алып кетіп еді? Дүние жима, кедей бол демеймін. Мұсылманның дәулетті болып ешкімге қол жаймағаны дұрыс. Ол жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да айтқан. Тек ашкөздікке салынып, артық кетпеу керек. Адам маңдайына жазылған ризықты тауыспай өлмейді, тағдырыңда жазылғанды көресің.
Мына бейнебаян аяқ киімінің жыртығына өкпелеп, мүгедек жандардың бар екенін есінен шығарған бала жайлы...

Әрі қарай

Жала жабылған...

Екіжүзділіктен Аллаһ сақтасын. Қаншама иманын серік қылған апа-қарындастардың намысына тиді, діни ортаны айыптап, онсыз да дін десе шошитын халықты одан сайын шошытты… Мұсылманның қорғаушысы Аллаһ, Аллаһ кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін өзі біледі. Намаз десе бахаббист деуді қойып, өзіміз әрекетке көшейік,құр айыптағаннан.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас»
деген, Құран Алланың сөзі болса, сол кітапта намазды бұйырған. Діндегі адамдарды қаралағанша, ахиретіңді ойла!

Әрі қарай

Қазақтар!

"Қазақша сөйле" дегені үшін «Жұлдыздар отбасы»-ның басшысын 3 тәулікке қамады. Не деген бассыздық! Масқара!
Қазақтар қазақ болайық мәңгүрттенбей! Өз жерімізде өз тілімізде сөйлегенге өз қандасымыз үкім шығарып соттап жатқан не масқаралық! «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!» деген емес па, неге қайдағы біреу ұлтымызды басынады? Сонда қай жерде тұрып жатырмыз? Қай елдің азаматымыз? Неге өз елімізде өгей баланың күйін кешеміз? Қазақ әлі ояна алмай келеді. Сол баяғы орекеңдерге жалтақтап жаман үйренген. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген… Орыстарға орысша сөйлесең жағасың, қазақша сөйлесең басқаша қарайды,өтірік күліп… Жалпы бар кінә өзімізден, бір орысқа он қазақ орысшамыз келіспесе де қиналып орысша сөйлейміз...


К.Ахметова Сен қазақсың!
Әрі қарай