assar
+39.12

assar

Аssar

avatar
Ютубта әлемдік кинолар өзбек тілінде шығып жатыр бірінен соң бірі. Алдағы уақытта орыс тіліне жетіп қалатын түрлері бар. Әдепкі уақытта сапаға қатты мән бермеу керек сиақты. Орыстарда баяғыда мұрнымен сөйлейтін бір еркекпен ақш киноларын аударатын Соны көреміз, кейде қайыссы сөйлегенін айыра алмай қалсақта көреміз. БАсқа таңдау жоқ. ҚАзақ тіліне де көп аударма кинолар керек. Ауыз жыбырына емес мағынасына түсінсек болды. түрік кинолары ауыз жыбыры келмесе де жақсы жеткізіп жатады қазақша аудармалары. Солай аударса да болды қазақ тілділерге. Сосын үлкен кісілер отау тв-дан ақылы каналынан жануарлар туралы арнаны көреді. Ол арна ағылшын және орыс тілінде. Соларды да қазақшаға аударса көрермен жақсы жинайды. Жануарлар, аспан әлемін көрсетіп отыратын қазақша каналдар болса эх шіркін. Сонда өзге ұлттар қазақ тілін үйренер еді. Дым ақпараты жоқ, аудармасы жоқ тіл кімге қызық.
avatar
Марсқа ұшамыз деп жатқанда бұл одан көп арзанға және оңайға түсетін шығар?
avatar
Балапан арнасын көреміз ғой қазір. Сол жақын таныс болды)))
avatar
Кезінде мектепте істеген едім. Негізі менің мектепте карера қуамын деген мақсатпен емес уақытша жұмыс істедім. Келешек фирмаға немесе жеке кәсіпке кету деген ойым болған. Бірақ мектепте жүргенде де барынша қолдан келгенше адал жұмыс істеуге тырыстым. Өзім әу бастан ішімдікке құмар емеспін және темекі шекпеймін. Бастықтарым көп болды. Директор, оның завучтары және завхоз. Мені қатты қыса бастаса жұмыстан шығара салыңдар мен оған көнбеймін деп есікті жауып шығып кете беремін. Бірақ директор менің ол қылықтарыма ренжіген жоқ. Қайта маған сырттай мұғалімдік оқу оқышы сен жақсы маман боалсың деп көп үгіттейтін. Кейін Мәдениет саласын басқаратын кісіде шақырып бізге келші саған бір клубты берейін деп шақырды. Мен ол кісіні танымаушы едім. Сыртымнан біреу мені сілтепті сол баланың қоқаң соқаңы жоқ жұмыс істей алады деп. Мен сонда ешбіріне жағыну үшін іс қимыл жасап көрмеппін. Тек тапсырма келсе орындаймын, артық жүріс жоқ. Ортамызда ашық жарқын жүріп қалжыңдасып көңілді жүруге тырыстым. Сол жағы бағаланған шығар. Қызмет өсірудің жолдары әр салада әр түрлі негізі.
avatar
Түркия, Тайланд елдерінде қыс 1-2 ай ғана шығар. Сондықтан олар туризм дамытуға мол мүмкіндіктері бар. Бізде ұшақ қымбат. Киросинді ресейден аламызда сосын өзіміздің елдің ішінен бір қалаға бару өте қымбатқа түседі. Егер ұщақ билеті арзан болып туристтер ұшып қонып жүрсе олда жақсы болар еді. Өзімізде ұшып кете береміз өскеменді көруге ол кезде. Қазір Өскемен табиғатын тв-дан көріп қызығамызда бірақ барып келуге қиынсынамыз. Сақылдаған пойызда 2 күн қайту 2 күн. Біздің вагондарда қайбір жайлы дейсің.
Оның орнына үйреншікті шымкент, алматы тараз жаққа машинамен шуылдап барып келе береміз. Ақша аз жұмсалады жақын жер болғасын.
avatar
Маған минусы да плюсіде көрініп тұрған жоқ. Жекеме жібересің бе?
avatar
Өзге елге демалғанша неге өзіміздегі жақсы жерлерге демалмасқа деген әңгімелер көп. Әңгіме олай болмау керек. Кез келген адам өзге елді, өзге елдің қалаларын мәдениетін тарихи жерлерін көргісі келеді. Егер тек суға түсі үшін демалу керек болса онда алакөл, қапшағай сиақты жерлерге бару арзан және тиімді. Туризмді дамыту үшін өзіміз барып топырлап демала бергеннен ештеме шықпайды. 100 адам шетелге демалса бізге де 100 адам шетелден келу керек дегендай турист алмастыру саясаты керек. Ыстамбул, Анталия, Париж, АҚШ, Тайланд сиақты елдерді көру бәріне арман ғой. Біздіңде Астана, Алматы, Қапшағай, Шымкент, Өскемен қалаларын көруге өзгелер ынтық болу керек.
avatar
Ғылым білім технология, электроника тсс бәрі еркексіз дамымайды. Технология әр күн сайын дамып бара жатыр. Демек еркектерсіз даму жоқ әйелдерсіз сезім жоқ. Қазіргі еркектер анау-мынау деген қырта береді. 18млн халықтан жақсы, жаман, нәзік еркек, еркек шора қыз, қызтеке, ұлтекеде шығады. Құрдастарымның ішінде 2-3 жақсы ішімдік ішетін жігіт бар. Бірақ менің құрдастарымның бәрі шетінен ішкіш немесе көбісі ішкіш деген емеспіз. Қыздардан да сондай қиын мінезді қыздар бар. Біздің кластың қыздары шетінен қиын адамдар деген емеспіз. Туыстардың ішінде де дәл осындай мәселе бар. Жаманынан жақсысы көп қай жағыма қарасамда. Тек кейбір адамдар теріс жағын көбірек көреді.
avatar
Мен қарызға 40 000 теңге керек болып бір досымнан сұрадым. ол астанада тұратын. Ертең салып жіберейін карточкаңа деген. Артынан ойланып қажет емес маған бүгін керек болып тұр дедім. Мен сосын каспий банкке бардымда 40 000 теңге алдымда ісімді бітіріп үйге қайттым. 1айға жетпей 40730 теңге етіп жаптым. Содан кейін қарызға ақша сұрап біреудің мазасын алмай каспийден аламда 1 айға жетпей үстіне 300-500-1000 теңге қосып қайтарамын. Ал біреуден алсаңда сол ақшаны алу үшін таксиге отырып соның үйіне барасың немесе ол карточкаға аударса сол ақша банк комиссиясына кетіп қалады.
avatar
Ресей эстрадасы жиіркенішті негізі. Толы плагиат, ән ұрлау жөнінен бізді жүз орайды. Жалаңбұт, стрептиз жұлдыздар, кемпір мен жігіт әнші үйлену. Тәрбие бере алатын шоу ғана өнерге жатады. Өзбек халқы екі жағында жақсы дамытып жатыр. Құрлыста жүрген өзбектердің соткасында тек өзбек әндері тұрады.
avatar
Ағылшын тілін халық жақсы меңгерсе орыс тілінің қажеті болмай қалуы мүмкін.
Қатты дамыған мемлекеттер бір тілді бірақ. Германия, Франция, Жапония, Корея, Ақш, Испания, Израил.
avatar
MamaAya жарайсың! Әр қыз-келіншек сіздей болсын. Кішкентай қыз балдар көрсең білдірмей аузына тпа деп жүріңізші.
avatar
Өзім үшін өмір сүргім келеді деген түсінік 40-жасқа дейін ғана өз күшін сақтайды. Жасы өтіп кеткен қыз айтып еді "құрбыларым 1-қыркүйек жақындағанда бала-шағасына киім кешек алып базар жағалап жүргендеріне қарап өзімнің босқа жүргенімді көріп жылаймын"-деп. Кейбір қыздар киеусіз өмірді қаламаса да солай болса кейбірі бағынышты болуды өмірдің тозағы санағаннан саналы түрде еркіндікті қалап өзі үшін өмір сүреді. Әр отпуск сайын дубай, түркия, еуропа аралап келетін кластас қыз бар. Олда сол өміріне риза емес. Амал жоқ ел көрмеген де басқа не қызық көрем деп өзін алдайды. Негізі от басылы болып киеуіңмен ми ашып жүргеннен артық еш қызық жоқ екенін кеш түсіндім дейді. Адам бұл өмірде қыдырудан, тәттіден, қымбат киінуден, той-томалақтан, баршылықтан еркіндіктен, тб бәрінен жалығады екен да тек баладан жалықпайды екен. Автор қыз от басылы болмаймын деп отырған жоқ екенін түсіндім. Бірақ жанұясызда жақсы өмір сүруге болады дегені алдарқату сиақты жүріп қалғандарды. Мама миа бұл тақырыпқа нүкте қойған екен. Жалпы еуропалық өмір (мәселен орыстар) ең лас өмірге жатады.
avatar
Қалталы адамдар тоқал алғанда «тоқалы міндетті түрде киеуі қайтыс болған немесе ажырасқанына 2-3 жылдан асқан болуы шарт»- деген заң шықса.
avatar
Дамыған бай елдердің өзінде жергілікті халық арасынан жезөкшелікпен айналысатындар көп. Сосын жігітке алданып қалу деген сылтауды доғару керек, тұрмыс құрмай төсекке барды ма демек алдану емес тәрбиенің кемшілігі. Оларды ешқашан түсінбей өткеніміз дұрыс.
avatar
"Қызымызды біреуге тоқал болу үшін өсіріп жатырған жоқпыз " деген пікірде адамға ой салады, алайда тоқалдыққа жасы келген қыздар немесе киеуі жоқ жесір қалған әп әдемі келіншектер болса тағыда әрі қарай ұрпақты көбейте берер еді ғой 1-2 баламен шектелмей. Біреуге тоқал болуға намысы жібермейді бірақ әр жүрген жігітімен төсектес болуға намысы жіберіп қойып жатырғандар жетіп артылады қазір. Бұрыңғы әжелеріміз тоқал болып ұрпақ көбейтіп кеткендері намысы жоқ әжелер екен ғой енше?
avatar
Үндінің бір киносында дәл осы мысалды кіргізген арасына, тек терезе алдында жататын шалдың орнында 9-10 жасар науқас бала болады.
avatar
Сочиды википедиядан қарағанмын сен қызықтыра берген соң, бірақ 60пайызы орыстар 20пайызы армяндар деп көрсетіпті, мүмкін жалған көрсеткіш шығар.Сочи негізі тарихын зерттесе орыстардың қаласы емес шығар деп ойлаймын.
Соңғы түзету:
avatar
Ресейде Алматы сиақты қала жоқ. Мәскеуде кәдімгі үлкен Алматы, барлық теріс жағынан ұқсас оң жағынан қалық дер едім.
avatar
Олда мүмкін. Мәскеуде наурыз мерекесі өтіп жатырғой жылда. Мәскеуде де мұсылмандар көп, сол үшін мемлекет наурыз мерекесіне жақсы көзқараста.