Жарияланымдар

asaubota
аха, сондайға жетіңдер деген тілегі ғой
asaubota
шрек емес, ширк :)

астрологияның болашақты болжау жағына мен де келіспеймін. бірақ адамның туған күніне қарап, оның мінез-құлқын, ауруларын, сәйкес келетін зодиактарын шығару ақылға қонымды сияқты.
asaubota
негізі мен бұл доменді сәуір айында алған едім, абай.кз сайтына 1 жыл толған кезде осыны ашайын дегенмін. ойым сайт-пародия жасау еді. сосын ол ойымнан айнып қалдым да кейін осындай жоба бастап көрейін дедім. ойлағанымнан тез популяр бола бастады. оған әрине өзің бастаған блоггерлердің қолдауы себеп болды. ендігі ойым осы жобаға жаңа «фишкалар» қосып, әрі қарай дамыта беру. басында құлаққа бір түрлі естілген Дабай сөзіне енді құлақ үйреніп кеткендей.
asaubota
сен келіп бізге түсіндіріп кетсең дұрыс болатын сияқты
asaubota
сериалда Өмер әкейдің ұлы Полат пен келінінің бір бірін ренжіте бергендері туралы айтқаны ғой.
asaubota
пікірді өзгерткеннен кейін оған жазылған жауаптардың да мәні өзгереді ғой. сондықтан еш өзгеріссіз қалғаны дұрыс, түзету керек болса жаңасы жазылғаны дұрыс.
asaubota
пікір түзетілетін бір сайт көрсетші маған. менің білуімше пікір түзетілмейді, жаңасы жазылады.
asaubota
мақала авторы Асхат емес сияқты ғой :)
asaubota
дұрыс-дұрыс. сөйтіп саған арман болған Балғырғанмен кездестім де :)
asaubota
мұны да ұлыма айтып көремін. айдаһар туралының сөздері ауыр болған сияқты, меңгералмады біздің бала :)
asaubota
алдағы апта іші немесе соңында астаналық блоггерлерге кездесуге не кедергі болар екен? :) біз де жиналайық!
asaubota
контентті интернетте қорғаңыз келсе copyscape.com арқылы да қорғауға болады. бұл сайт арқылы сайтыңызды бір сканерлер алуыңызғада болады.

интернетте көшіріп жүргендермен күрес туралы бар (негізінде көбі сілтеме қояды). қағаз БАҚтар мәселе болып тұр, бұларға қарсы заң керек. ескертпе баннерлер блефтан басқа ештеңе емес.
asaubota
қош келдің! барынша белсенді болуға тырыс, жақсы жазулар күтеміз.
asaubota
сайдбар әркімде әр түрлі болғасын 150 пиксель бәріне жарап қалар деп солай істедім. үлкені керек болса білетіндер әрине мына жерден ала салуына болады.
asaubota
лого бекітілгенен кейін оны осында іліп қойдым. блогтарыңызға виджет ретінде қойғысы келгендер мына кодты алсын:

<center><a target="_blank" href="http://blogcamp.dabai.kz"><img src="http://dabai.kz/bclogomini.jpg"></a></center>


RSS сілтемесі мінекей www.dabai.kz/rss/blog/blogcampkz/
мұны да виджет қылып қоюға болады

p.s сайттағы іздеу жүйесі істемей тұр еді, соны түзетіп қойдым. тест етіп көріңдер, дұрыс істеп тұрған сияқты.
asaubota
ес білгелі Жаңа жылды атап өтеміз. бірақ ешқашан Исаның туған күні деп атамаппыз, Жаңа жыл — жаңа жыл. яғни жыл бітті, жаңасы келді. Григориан календарымен өмір сүріп жатқандықтан, осы календарьдың жаңа жылын күтуіміз заңды сияқты. менің түсінуімше жаңа жылға қарсы адамдар — григориан календарын мойындағысы келмейтін адамдар. олай болса олар үкіметке қарсылықтарын білдірулері тиіс, өздері қалаған календарға өту жөнінде.
asaubota
рап мүзик па? хехе :) басқа ештеңе тыңдатпайтын ба еді «тейптен»? :) мүмкін сендерге түсініксіз кітаптар оқыған шығар. қорықпа, есіңе түсіріп көр. сен жалғыз емессің :)
asaubota
иә, Ресейден алады да оны біздің елдің тіліне локализациялауға ерінеді. айналып келіп бәрі тіл мәселесіне тіреледі.
asaubota
негізі менің ойымша қазақша әріптер оқылмайды деу — өтірік. Юникод деген кодировка не үшін шығарылған? бұрын біз енді бастап жүргенде қазақша әріптер шықпайды деген мәселе болды, бірақ соған амал таптық, шығардық қой. қазір еш жерде ондай мәселе жоқ. банктегілердікі де өтірік сылтау, программаларының кодировкасын өзгерту қиын ба екен не? просто істегілері келмейді.
asaubota
балдызым да көп әуреге түскені бар, фамилиясын жаңа төлқұжат алған кезде Елеусінов деп жазғызып, бұрын Елеусинов болған екен. қайтадан СИК алып жүрген әйтеуір.