Zere
+176.58

Zere

Zere

Қолданушының жетістіктері және марапаттары

?

Романтик

Құрметті қолданушы
  • әйел

Ұмытылмас КиноПати-К

/ / 107 / 2771 / 1

Кеше, яғни 26 мамыр күні, Kinostan.kz сайтының админі Ернар-Патиктің туылған күні болды. Осыдан біраз күн бұрын туған күнін ерекше стильде, яғни кино стилінде өткіземін деп, киносүйер қауымды шақырған болатын. Кешке келгісі келетін адамға талап: киноға байланысты бір элементпен келу болатын. Сөйтіп, мен көп ойланбастан, қазір...

"Жұлдыздар фабрикасы" Қазақстанда

/ / 62 / 2906 / 0

«Жұлдыздар фабрикасы» байқауының көрсетіліп жүргеніне біраз болды. Басынан көрдім десем болады, бірақ біраз уақытқа дейін конкурсанттардың аттарын жаттай алмай әлек болдым. Бұл конкурстың басқаларынан ерекшелігі өте көп. Ең бірінші кілең жастар қатысты. Және көбі музыкадан жұрдай емес ұлдар мен қыздар. Ең басынын Тараздан келген...

Илья Ильин Әлемнің үш дүркін Чемпионы!!!

/ / 42 / 2961 / 0

Жарыс біткенше толқығаннан орын таппай кеттім. Жеңді ғой, әйтеуір! Әлемнің үш дүркін чемпионы болу Қазақстан үшін үлкен жетістік! «Бұл жеңісті Қазақстанның 20 жылдығына арнаймын!» деп ұрандатқан азамат нағыз ерлік жасады. Жарайсың, Илья!!!

Берекесі қашқан kk.wordpress.com

/ / 7 / 1530 / 0

Қазақ блогосферасы wordpress блогтұғырында кең етек жайғаны бәрімізге аян. Қазақша блогтарды топтастыру мақсатында арнайы kk.wordpress.com жүйесі де қалыптасқан еді. Алайда соңғы кездері бұл блогтұғырдың бір ашылып, бір жабылып берекесі қашқан сияқты. Осы жазда діни-экстремизмге байланысты ашылған бір блогтардың кесірінен мемлекет...

Қоғамдық көлікке табличка ұсынамын!

/ / 69 / 4206 / 0

Қоғамдық көлікте күнде жүретіндіктен адамдар арасындағы мәдениетсіздікке көп тап боласың. Мысалы, телефонмен ұзақ сөйлесу, айқайлап сөйлесу, бір-бірімен ұрысу және т.б. Сол себепті әрбір қоғамдық көлікке әдептілікке, мәдениеттілікке шақыратын табличка жасауды ұсынамын. Кім біледі, бір күні әкімшілік менің блогымды оқып, кеңесіме құлақ асып...

Ұнатамын/Ұнатпаймын

/ / 41 / 1699 / 0

Ұнайды: Кеш жатып, ертеңінде сағат он екіге дейін ұйықтау, жаңбырлы күні ешқайда шықпау, жақсы бір корей сериалының қызығына кіріп, күні бойы соны қарап тастау, жақсы бір тақырып тауып, блогқа жазба жазу, «бір адамның» қалжыңдары, жалпы суырып-салма қалжыңдайтын адамдар, отырыстарда гитарада, домбырада романтикалық әндерді тыңдау, өзімнің...

«Күзгі жапырақтар» сагасының аяқталуына аз қалды…

/ / 42 / 24859 / 0

2008 жылдан бері теледидардан көрсетіліп келе жатқан «Күзгі жапырақтар» түрік сериалы біздің елде үлкен аудитория жинай алды. Бізде ғана емес, Түркияның өзінде сериал бес маусымында да үлкен рейтингпен өткен екен. Тіпті «Манчестер Юнайтед» пен «Бешикташ» арасында өткен матч та көрермендер арасында осы сериалдың рейтингісіне жетпепті....

"Көліктер-2" трейлер

/ / 29 / 2061 / 0

23-маусымнан бастап Қазақстан кинотеатрында шығатын «Көліктер-2» фильмінің трейлері шықты. Трейлер бойынша қарасақ, аударма да дубляж да керемет шыққан сияқты. Жазулары бірақ сол күйінде қалған екен, мұны ақшаның аздығынан деп түсіндіріпті ұйымдастырушылар. Басты кейіпкерлердің бірін Бахытжан Әлпейісов дыбыстағанын кадрлардан анық байқауға...

“Ән айтатын әйел”

/ / 27 / 1984 / 0

Ресей әншісі Алла Пугачеваны өз жерлестері «Примадонна» деп еркелетеді. Ел арасында қаншама өсек-аянға, сөзге қалып жүрсе де Алла Пугачева сахнаға шыққан сайын халық оны қолпаштап, қошаметке бөлейтінін жиі көреміз. Біздің ұрпақтың есіне Алла Пугачеваның жас жігітпен бас қосқаны, жалпы көбіне жеке өмірі ғана оралады. Алдында «ОРТ-Евразия»...

Жазаланса, шіркін!

/ / 40 / 1488 / 0

Microsoft Word-та екі сөздің ортасына екі-үш пробел қоятын, немесе бір сөзді бір сөзден алшақтату үшін tab-тың орнына пробел қойып тастайтындар қатал жазаланса екен!!!

SM Entertainment Қазақстанда кастинг жариялайды

/ / 8 / 2062 / 0

SM Entertainment – Оңтүстік Кореяда беделді продюссерлік орталығы Қазақстандық өнерпаздарға кастинг жариялайды. Кастинг Алматы қаласында 2011 жылы 11 шілдеде өтеді. Іріктеуге ұлты, жасы, жынысына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Финалға шыққан жеңімпаз әлемдік сахналарда SM Entertainment қатысушыларымен бірге Азия құрлығының атынан...

Жақсы ән шығу үшін не керек?

/ / 67 / 2608 / 0

Соңғы уақыттары эстрадада сөзі ұйқаспайтын, әні бірқалыпты өлеңдер қаптап кетті. Онда да ақын/сазгерлерін қарасаң, аты шыққан, қолдау тапқан адамдар. Бірақ одан ән де, әнші де хитке айналып жатқан жоқ. Әншілер де ортанқол дүниелерді айтып әлек, көбіне той әндері. Жалпы хит әндер туу үшін не керек?