Arular.kz
Рейтингі
+947.41
Тәжірибе
2760.69

Нұрғиса

Жарияланымдар

2014 №1

Басталды…

Карагандада да Домбыра PARTY өтті!!!

Жанасыл «Сапаржай» жақтағы теміржол вокзалына уақыт оздырмай тез жетті. «Сапаржай» жақтағы деймін-ау, одан басқа жерде т/ж вокзалы бардай. Ол бір топ біздерді шығарып салуға келген-ді. «Чырт» етіп фотоаппарат жадысына жол тарттырған «электричкамен» Қарағандыға бастаңғылатып жол тартып бара жатқан суретімізді іле-шала Фейсбуктен көрдік. Біз ол суретке жеткенше Омар Анарбаев «лайктап» үлгерген еді…

Эстафета: Керек маған, мен керекке не бердім

Данияр бауырымыз бастаған эстафета жалғасусыз қалмасын. Ойланған адамға әлдебір виртуал сайт саған о бастан борышкер емес, сенің оған да берешегің мөрленіп, заңдастырылмаған. Бірақ алынып та, беріліп те жатыр. 2004-2005 жж. бастадым-ау деймін бұл саяхатты.

Мен көрген Лондон

Лондон – Британия астанасы. Тұмандысын қайдам, біліктілікті арттыруды көздеп екі аптаға барған бізді жылы шыраймен қарсы алды. Гэтвик әуежайы бізге қоныс болған «қонақүйден» (Guest House) біршама қашық екен. Қап-қара «Мерседесімен» қарсы алған шопыр Ибрахиммен сөйлесіп, жол қысқарды. Қарашаның он сегізі, жексенбі еді.

"Come ooon, Chelsea!"

Футболға ұйқының қисапсызын құрбандыққа шалуға барлардың кейде қиялдары, армандары болады. Корифейлердің допты ұршықша иіріп, дриблингтерімен орныңнан ұшырып тұрғызатын, ертесіне «кәрістеріңмен» (корештеріңмен) жарыса тәпсірлететін сәттеріне куә болу сағат белдеуі Еуропадан анағұрлым алдағы біз үшін көп ретте қолайсыздықтармен ұштасып жатады. Ал дәл сол элит-топтағы «топтардыкін» тебіскенін өз көзіңмен көру ше?

Қайтсем бақытты болам … (Don’t worry, be happy!)

Қазіргі бұлбұл заманда қылауы түспеген белсебет ойлап табу қиын да, көмескі аксиомаларды жаңашыл реалияға сәйкестендіру – актуальдылау. Күнделікті тіршілікте ірілі-ұсақты жағдайға толы мозаикада кейде әсіре әсершілміз, кейде алапаттарға міз бақпайтын гиперсалқынқанды шығармыз. Өмірдегі алуан ситуация көңіл-күйімізге әсерін тигізбей қоймайды. Кейбірі жаншиды, кейбірі қанат бітіреді. Сіздермен бірге мүмкіндігінше ауқымдырақ аудиторияға пайдасы тиеді-ау деген бақытты болудың алғышарты болуға тұрарлық тезистерді тізіп көруге талпынып көрейікші? Әрбіріміз ары кетсе жетеуден аспайтын «кілтпен» бөлісе отырсақ, әжептеуір бір мануал түзуге болатын сияқты. Мен ұсынатын кілттер:

Мен көрген жаужүрек балалар - Ермек Тұрсынов бұны көрмесін!!!

Сурет www.kino24.kz сайтынан алынды Әлқисса, алданып қалудан басталды. «Қазақфильміміздің» күттірген дүниесін қазақшасының үстінен жазылған орысша нұсқасында көру жазылыпты маңдайға. Осыдан-ақ түсіне беріңіз – рухтану, күш алу мен серпілу импульсі түсінілетіндей бәсеңсиді. Едәуір жаншылады. «Көшпенділермен» еріксіз салыстырасың. Жанры, месседжі мен тағылымы сабақтас болғасын. Бұнысында осал тұстар ескерілгенсігенімен, ә дегеннен кейбір кемшін тұстарын елемейін десең

Чайка Айгүл неге ондайсың?

Сон Паскаль (Son Pascal) мен Әнуар Нұрпейісов өткенде Шымкент туралы әнімен біраз фуррор жасап кетіп еді. Жұп қылған екен. «Чайка» атына телінгендер әдетте кафе, мейрамханаларда өзгенің есебінен тамақтануға әуестеніп алған әккілер. Былайша айтқанда, «халяваға» машықтанғандар. Осы дуэттің репертуарының байи түскенін қалаушыларданмын.

Қара киімділер-3 - қазақ тілінде

Сурет алынған қайнаркөз: www.comingsoon.net/ Тенгриньюс жаңалық порталынан «Кара киімділердің» кезекті премьерасы қазақ тіліндегі дубляжімен шығатыны туралы ақпар беріліпті: http://tengrinews.kz/cinema/212716/ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен Уил Смит қазақ көрерменімен Абай, Шәкәрімдердің тілінде ұғынысады. Астаналықтар болып және қаламызға қонақтап келетін басқа да керектіктермен фильмнің қазақша премьерасына баруды ұсынамын. Трейлерін ұнатып отырмын. Үлкен экранға дәл қай күні жол тартарынан бейхабармын әзірге. Бірге кинолатайық!

Блогкемп 2012-ден Блогкемп 2013-ке

Бісмілләсі былтыр Алматыда айтылған құрылтай биыл Арқа төрінде арқасын кең жайды. Назарбаев Университет іргесін қалағалы блогшылардың осынау шоғырын қарсы алуы алғашқы рет шығар. Әдеттегідей, еріктілердің бейресми/ресми басқосуына ұйытқы болғандар аз болмады. Біріге көтерген жүк жеңілдің кезекті жарасымды мысалы болды бұл. Былтырғы алматылық мақсаттастарымыздың пәрменіне қарап, елордадағы біздің бастапқыда аздап шайлыққанымыз рас. Дәл сондай деңгейде үйлестірушілік болады ма,

Суперкубок – «Ордабасыда», «Шахтер» қалды егіліп...

«Шахтер» қақпасы маңындағы қауіпті сәттердің бірі (Суреттер kff.kz сайтынан алынды) Күні кеше «Астана аренада» еліміздің қос майталман дружинасы – «Ордабасы» мен «Шахтер» суперкубокты сарапқа салды. Жыл сайынғы дәстүрлі бұл дүбірлі дода ел біріншілігінің шымылдығын ашушы футбол спектаклі екені әмбеге аян. Шымкенттіктер сақадай сай еді. Оңтүстіктен командасының шын жанкүйерлері жолдың қашықтығына қарамастан, ат терлетіп жеткен. Көмірлі алқап та қарап қалмапты,

ШҰҒЫЛ!!! ШҰҒЫЛ!!! Путин қамауда

Ресейде күтпеген жерден әділдік орнап, сайлау алдында В.В.Путин абақтыға жабылды. Енді қызық, «Единая Россия» не деп ақтап алады екен. Айналайын, орыстар бәрін біледі ғой…

Туылған күніңмен, asaubota!

Аршаттың осында осымызды құп көрмейтінін білемін. Бірақ басқа-басқа, Аршат құрдастың ағамыздың бұнысын қалыс қалдырмаудың өз жөні бар сияқты. Кейде қырсық, кейде қыңыр

Уақыт сынағынан өткен махаббат

Мына суретті комментарийсіз ілгім келіп отыр:

Сатып алғым келетін көліктер

Футбол маусымы саябырсыған уақытта зейінім көлік атаулыға ауды. Ауғаны бар болсын, шатырым кетіп жүр. Көлік жүргізудегі өтілім үш жылға енді тақады. Қазіргі көлігіме дейін екі басқа модификациясы мінілді. Сондағы көзім жеткені – жапониялық «камрюхаларға» симпатиямның шексіздігі сияқты. Капотты ашпайтындарданмын. Айдайтыным – автоматика. Механиканы құнттамадым сол бойы.