Жарияланымдар

Kuathan
Ооо, жеңге деген жақсы ғой. Жас кезімде қатты ойнадым, екі саның байыңдікі, ортасы қайныңдікі деп, әлі де ойнаймын. Бара қалсаң, жайылып, жастық болып жатқандары. Бір-екі қонақты көтере алмай жататындар бар, курстас, сыныптас жігіттермен бара қалғанда да, қабақ шытпай, құрақ ұшатын бір жеңгемнің орыны тым бөлек. Бірақ, жасымыз алшақ болған соң, ол жеңгеммен аса қалжыңдаса бермеймін, тек сыйластығын айтайын дегенмін. Сырласатындары да бар, Мұқағалидың жеңгесі сияқты, қасында қара мұрты бар жеңгем (бұрынғы) де бар, бауырым мен қарындасым бар болған соң ба, қашан көрсең де, есігі ашық, дастарханы жаюлы. Мүмкін, сирек көретін болған соң да шығар.
Kuathan
Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар дегенге Інісі жақсы болса ағасының тынысы бар, інісі жаман болса, ағасына артып қояр жұмысы бар
Kuathan
Әзілің жарасса атаңмен ойна дегенге Әзілің жараспаса денсаулығыңды ойла
Kuathan
Есебін тап та екі аса оған қарсы Көп асаймын деп боқ асап жүр ме
Kuathan
Қасым Таукеновтың Азулы арланында тамаша жазылған, аңшылық туралы.
Kuathan
Жалпы ою-өрнектің өз тілі бар, модельерлердің дипломдық жұмыс қорғауында, қошқар мүйізді киімге салғандарды құлатқанды көргенмін. Экономикалық жағын қарағандықтан, нақты қандай айырмашылықтары барын білмедім. Сол кездегі мем.комиссияның төрайымының айтуынша, қыздардың киіміне, келіншектерге, аналарға, үй жабдықтарына салынатын оюлар әртүрлі болады. Қаралы үйдің белгісін білдіретін оюлар да бар екен. Соларды біліп, ары қарай дамытса, өте тамаша болар еді. Осы салада жүрген дизайнерлер азда болса ізденген шығар деп ойлаймын, жапсыра бермейтін шығар, кез-келген оюды.
Kuathan
Жастардың ісіне сәттілік тілеймін.
Пікір:
1. Сағатты алып тастаса, себебі күнделікке істердің тізімін жазғанда, уақытын өзің белгілейсің немесе уақытын көрсетпей жалпы тізімін жасайсың.
2. Жоспар, Нәтижесі деп 2 бағанға бөлмей, ұзын жолмен немесе тор көзбен жасаса, жоспарлған іс атқарылған соң, оның нәтижесін жазып жүретіндерді көп байқамаппын, тек белгі қояды немесе белгілемейтіндер де бар.
3. Бір бұрышына күннің шығуы, батуы, айдың тууы, деген сияқты тағы басқа табиғи өзгерістер көрсетілсе. Мен сияқты табиғи амалдарға өз бетінше талдау жасап жүретіндерге жақсы болар еді.

Жалпы жақсы бастама. Алла жазса тапсырыс беріп алып қалармыз.
Kuathan
Құдай басқа салмасын, бірақ бақилыққа аттанып кеткен ағаңның ақ төсегіне қалай жатасың деген ой келеді.
Kuathan
Түріктердің «Сүлейменшілер» медіресесінде бір жыл оқығанмын, оларда рабыта тарту деген ритуал бар. Барлығы бір-біріне иық тіресіп, жүрелеп отырады, шеңбер жасап, сосын тәсбихты айналдырып отырып, бір дұға оқиды. Рабыта оқитындар қатарына кіру, жоғары мәртебе. Екінің бірі кіре алмайды, (қуанышқа орай ондай бақ бұйырмапты). Түсінулерінше Алланың нұры сондай күшті, адам баласының жүрегіне тіклей құйылса, адам оны көтере алмайды. Оны тек Адам ғ.с. бастап барлық пайғамбарлар арқылы, сосын әулиелер арқылы ғана алу керек. Сол әулиелердің ішіндегі ең ұлығы әрі ең соңғысы Сүлеймен ұстаз. Сол кісіге дұға жасай отырып, жүрегіңнің тазаруын сұрайсың.
Сосын ол кісі сенің барлық қиындықтарыңды шешуді Алладан сұрайды.
Мәдениеттілігі мен қоғам арасында өздерін ұстауы өте жоғары. Оқытқан балаларының Түркияда білім алуына жәрдемдеседі (қазір білмеймін, мен 97-98 жылдары оқығанмын).
Тағы бір қызығы, кез-келген заманауи өзгерісті дінмен ұштастырып ала қояды. Мысалы, исламда ақыр заман келерде Тәджал (Дәджал, Тажал) келеді, ол адамдардың барлығын өзіне баурап алады деген түсінік бар. Жалғыз көзді дәу. Сонымен Иса пайғамбар алысып, оны жеңеді. Солдан соң жер бетінде тек мұсылмандар қалып, 40 жыл өмір сүреді. Тек содан соң ақыр заман келеді. Міне соны, олар тәджал дегеніміз теледидар немесе компьютер болуы мүмкін деп түсіндіреді.
АХАЖ бөлімінде некеге тұру, шариғатқа қайшы емес. Себебі, неке шарттары сақталады, куәгерлер бар.Әрине имамға барып қидырып алғанның артығы жоқ және ол абзал («біздің кезімізде молда неке қиған жоқ, сонда біздің балаларымыз некесіз туылған ба?» — деген сұраққа жауап) т.с.с.
Kuathan
Camel деген темекіні Самел деп сұрағанды көргенмін, бір сыныптасым Жездемнің машинасының артында жазылып тұрған Продам Camry — 10 дегенді оқып, Самия дегені адресі ма деп сұрап өлтіріп еді, Бір нағашы қарындасым базардан шығып келе жатып ет деген сөздің орысшасын үйреніп алдым, маясо екен деген. Сол қарындасымды кешке саған ночной Алматыны көрсетеміз деп, кешкісін түнгі Алматыны әбден қыдыртып, үйге келе жатқанда ночной Алматыға қашан барамыз деп еді
Kuathan
Білуімше, бүркіттің жемсауында тас қорытылмайды. Оны қоясын түсірген тәрізді, түсіріп алады. Ол үшін киізді бүркіттің өңешінен өтетіндей етіп жұмарлап, бүркітке күштеп жұтқызады. Киіз қорытылмағандықтан, шамамен бір тәуліктен соң бүркіт оны құсып тастайды.