Таңдаулы

satibaldi
Ctrl+Alt+Enter+S+52418790 — АҚШ-тың авианосецтеріндегі барлық ядролық зымырандарды бір уақытта атып жіберу коды. Интернетке қосылған кез-келген комптан жіберуге болады.

Барлығы 412 оқпаннан қуаты 5 килотоннан 25 мегатоннға дейінгі 412 ядролық зымырандар атылып, олар Жердің 200 нүктесіне түседі. Зымыран атылғаннан бастап алғашқы 10 секунд ішінде 9 млн адам бірден көз жұмады. Жер шары бойынша 800 млн адам бір күн ішінде қырылады. Тынық Мұхит жағалауында температуралық резонанс кесірінен ең кішісінің өзі «Катринге» тартатын 65 тафун пайда болып, 1 күн ішінде Филипптердікі, Қытай, Жапоншешеңңдер Жер бетінен жойылады. Нәітижесінде адамзаттың дамуы бірден 200 жылға кейін шегеріледі.
"Өш қасқа, рас екен ғой, несіне ғана басып көрдім!" деп зар илейді VKM үңгірдің ішінде егеуқұйрықты мотор майына шыжғырып отырып
Aya
Жақсы көру, ұнату бір болғанмен,
Шындығында мағынасы екі бөлек.
Автор: С. Сансызбай
Осыны ешқашан ұмытпа АҚҚУ
ereke_enu1
Теорема: Қыздарға карьера қуу — зиян.

Дәлелдеу: Карьерада табысқа жеткен қыз анау-мынау жігітке қарамайды. Өзіне тең табысты жігітті іздейді. Ал, табысты жігіт ешқашан кәрі қызды алмайды.

Қорытынды: Уақытында тұрмыс құрып, "қосағыңмен ағар" ©
Aldeken
«амиго» деген білуімше шетелдің латын америка халықтарының тілдерінде «дос, тамыр» дегенді білдіретін тым жақсы сөз. «Күчт» деген де кәдімгі «күшті» деген сөздің жергілікті диалектісі. «Кө*» мәселесі туралы жоғарыда айтқанмын, мүйізі қарағайдай, азуын айға білеген әдебиетшілердің өзі ұялмағанда түрім көрінбейтін виртуал әлемде қолдануға мен неге ұялуым керек, а?
Aldeken
кө*іне
негізі, бұл әдеби шығармаларда қолданылатын қазақтың сөзі секілді ед…
Пы.сы. еркін демал, денеңді бос ұста, қарапайымдау бол. өмір алда, жүйке талшықтары қалпына келмейді, босқа шаршама…
bizbike
Менің жұ байым ұрмайды, тек ыдыс лақтырады. Бір күні мен де лақтырдым тәрелкені тамағымен қоса.
MERmukhanov
Бұл молда мүслім болды, ұл өсірді,
Керекке де қосасың үлесіңді.
Романтика не теңі молдалардың,
Кәпірмен жасай берші күресіңді.
Нәпсіміз қайбір оңған нәпсі дейсің,
Көп сынамай, баса сал пәлөсіңді!
Daniar-Alan
Кеше бір әңгіме естіп ем. Біз ерлер, қыздардан әдеміміз, өйткені оларды бояусыз ақ сындырамыз деген  аядым очм
satibaldi
Екеуі де дұрыс. Жалпы, жүзграммдатып отыратын адамды тұздыға тартатының сыры бар. Денедегі қан айналымында жүрген кальций тұздары этилмен ыдыратылып кетеді. Таң атпай қияр суына, кез келген ащыға аңсарың ауып тұратыны сол.
Ал процесс кезінде-ақ тұзды нәрсе жеп отырсаңыз, ертеңгі азапты жеңілдетеді.
satibaldi
Жоға, пәлсапа доғдыры мен тақуаның тандемін елестетіп отырм.
satibaldi
Әмпей-жәмпей болуларың жаман емес Ох мулла, охх дон Жуан, охх Казанова, охх Біржан сал, реті келсе, сен де, ә?
kariim
Иә, Сатеке, сізбен саусақтасып жүргеніме де бес-алты жылдай уақыт бопты. «Білетін жау атыспаққа жақсы» деуші еді атамның үшінші кемпірі.
satibaldi
Арманым — Қазақ елінің гүлденгенін көру.
Менің арманым — жұрт осы моментті қалай елестететінін көру
Aldeken
сөйтіп марқасқалардан ұрпақ аз қалды.
«бас-басыңа қыз қайда, кейбіреуің қатын ал» деген сөз жүретін біз жақта…
Әлі марқасқалар онша атыла қоймаған, шартты түрде қой үстіне бозторғай жұмыртқаламағанмен соның ишарасын жасап жүрген 1920 жылдары Қазақ АКСР-і құрылған кезде республиканың басшылығына Әліби Жангельдин ұсынылған екен. Бірақ, осы бір ұсыныс Кеңестік дәуірдің күн көсемі Лениннің аузынан шығар-шықпастан қазақ жерінен Лениннің атына үшбу хат келіпті. Хаттың қысқаша мазмұны «Біз қазақ деген жалпы үш жүзге одан қалды руларға бөлінетін елміз. Әліби Жангелдин пәленше рудың өкілі, ертең басқа ру өкілдері оған бағынудан бас тартуы мүмкін. Сол себепті, қазіргі большевиктердің мемлекеті жаңа құрылған уақытта Қазақ жері бөлініп, бөлшектенбес үшін, біздің басшылыққа мүмкіндігінше басқа ұлт өкілін қойған дұрыс деп санаймыз» дегенге саяды екен. Осылайша, қызыл империя Кеңес үкіметінің өзі қазаққа қазақ басшы қоймақшы болғанда өзіміз бас тартып, елді басқаруға Паустовский деген поляк жіберілген. Осыдан кейін-ақ, ойбай репрессия болмағанда еліміз тек асылдың сынығы мен алтынның жұрнақтарынан тұратын еді, жағамыз жайлауда, көйлегіміз көк, ауызбіршілігіміз көп, ел басқарушылар тек елдің болашағын ойлайтын басшы болар еді, бәріне Кеңес үкіметі кінәлі деген сылтауларды естігенде қажып кетем, шыны керек…
Қыртымай, іс тындырыңдар. Бұрынғыдай текті ұрпақты өлсең де таппайсың, ендеше текті ұрпақты өзің тәрбиеле. Осыны тындырсаң, тірлігіңді ақтағаның!
Gastarbaiter
"Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесіз шынайы кескініміз. "©
serjan
Ех! Сатеке ХХІІ ғасырдың құрдасысың сен бар ғой, том-том болып сөреде тұрмасаңда вирус басқан дискілерден табыларсың.
Gastarbaiter
Жазу стандарттары өсіп кетті. Бұрын жәй құса салып соны арзан бағаға өткізіп жіберуге болатын еді, қазір аудитория қатаа-ал.
Шалыс бассаң, біреуі желкеден бір перед, «а шешшесс» деп кепкаң жерге түсіп кетіп оны көтеріп алуға еңкейіп жатқанда артыңнан тағы екі охуерман тақалып, басжверуге ыңғайланып жатқанын байқайсың.

Бірақ сол дұрыс. Босаңсымайсың.
Zilola
мәселе ғашық болып үйленіп кету емес, өмірде басқа да қыздар бар екенін көру, бәлкім ойың өзгерер. Бәлкім сені лақтырған суперкрасапщік деп жүрген қызың сен бағалағаннан да төмен шығар.
И вообще көңілің бөлінеді, бір адамға қатып қалғанды ұнатпаймын, ол кетсе өмір бітпейді деп тіршілігін жалғастыратындарды абажаю!
sammita
үйленуға кредит алатын, сосын ажырасып кетіп екінші әйелі екеуі төлейтін де қаззақтар
satibaldi
Флешкамызды вирустан қалай қорғауға болады?
Қалай қорғауға болады деп, жұқтырып болғаннан кейінгі әрекеттер туралы жазғаның қайткенің, KILYZAMAN ? Не болып жүр саған осы?