Асқар тауым

Адамға өнер қайдан дариды? Неге, мысалға, мен домбыра тарта алам, бірақ, сурет сала алмаймын? Әлгі, қазақтың "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген сөзі рас-ау. Маған домбыра тартуды үйреткен әкем. Үйреткенде отырғызып қойып, мәжбүрлеген жоқ. Өзі қолы босаса (ал, қолы босай бермейді, дәлірегі, бос отыру дегенді білмейді) күй тартып, ән салады, содан құлаққа сіңген ғой. Бірақ, менікі енді ол кісінің қасында далбаса. Құнт жоқ.
Әрі қарай

Домбыра Party: Сюрприз

Соңғы уақытта астаналықтардың Домбыра Party-ға деген қызығушылығы азайғандай. Күйбең тірлік қой, әрине. Бірақ көріп үйренген көптеген қыз-жігіттердің келуді қойғанына қарап, аздап көңілің түсетіні де өтірік емес. Дегенмен, Домбыра Partyдің кереметі сол — сәт сайын жаңа көремен, әншілер келіп жатады. Бұл жолғы патиға келмей қалғандар қандай қызықтан құр қалғанын өздері де білмес сірә.
Әрі қарай

Біздің уақыт...


Youtube-ке кіріп, мына ептібайымайтқа қарасақ, даусы — дауыс, Arijit Singh-тың әнін«айырып» айтқан. Біздің эстрададағы кедей әншілер осылай студияда ән айтып, тартатынын тартып, ойнайтынын ойнайтын заман өз-өзіне суицид жасап, виртуалды аборт жасатқан шығар. Ептібайымайттардың тойдан қолы босамайды. Ақан серінің қасындағы пацаны өмірден өкініп өткен екен видеоға түсіретін камерам, youtube-ім болмады деп бәрін наққа жіберіп. Ән айту арқылы нанын тауып жейді екен, студияда 10-15 минут ішінде бір әннің бір көтлетін айтса да жетіп жатыр ғой.

P.S. Ептібайымайттарды наққа жібердім. Қалай, мына сыболыштың ән орындауы ұнады ма-нақ?!
Әрі қарай

Домбыра Party: Өш, домбыра қайда?

Домбыра Party-дің бесігі болған Астанада үш апта қатарынан ән шырқалмай қалды. Содан өткен бейсенбіде Нұржол бульварына жиналдық. Барсақ, ән айтуға келген, домбыра тыңдауға келген қалың көпшілік бар да, домбыра жоқ. «Ұяттың көкесі осы болды-ау» дей бергенім сол еді, арамыздан бір супержігіт табылып, домбыра әкелуге жүгіріп кетті.
Әрі қарай

Новая волна-2014. Адуынды әншілер

«Новая волна» ән байқауын тамашалап жүрсіздер ме? Қызықты өтуде, иә?
Әсіресе, Алла Пугачеваның "ән кеші" керемет өтті  
Біздің елдің намысын қорғауға барған Әлішер Кәрімовтың әні қалай, ұнады ма сіздерге? Жеңістен бәрібір үміттіміз

Пугачеваның «Миллион алых роз» әні ешқашан ескірмейтін шығар. Тыңдай бергің келеді қайта-қайта

Алланың атымен бірге Филипптің де есімі қатар аталыпеді бір кезде. Әлі де ойжың бір бұрышында екен. Ендеше Филиптің әнін ұсынамыз

Ресейдің Дима Билан атты әншісі сахнадан көрінбей кеткен сияқты. Әлде өзіміз көрмей жүрміз бе… Сұраныстан шығып қалды ма екен, әлде хит ән жаза алмай жүр ме, белгісіз. Бірақ, бірнеше ел алдында көрсетілетін ән байқауында сахнаға шығыпты

Николай Басковтың дауысына жетер дауыс бар ма екен Ресейде  Тамаша, керемет!

Ер мінезді Лолитаның энергиясы экранның бер жағынан-ақ қатты сезіледі. Өте мықты әйел секілді. Орындаған әні де әдемі екен
Әрі қарай

Оргазмды сағындым

«Нағыз ән сирек туады. Оның қасында оргазм секстен кейін темекі шеккенмен ғана тең». Не деген сөздер! Әрине баршаға ұнамауы мүмкін. Алайда, шын әннің дүниеге келген сәтін бұдан артық суреттеу мүмкін емес сияқты (әлі тәжірибесі жоқтар болса кешірім сұраймын). Бұл менің сүйікті рок-топтарымның бірі «Сплиннің» фронтмені Александр Васильевтің сөзі.
Әрі қарай

Бір Әннің тарихы: "Мен қазақпын"

Блог - abzalsariyev: Бір Әннің тарихы: Мен қазақпын«Жер жаннаты — Жетісудың» тұмса табиғатында туған, өнерге бай өлкенің тума таланты, дарынымен, қарымымен халық қошеметіне бөленген азаматтардың бірі — белгілі ақын әрі сазгер Кентау Назарбек.
Әрі қарай

Қалың қалай, қазақша караоке?

Көңіліміз түсіп, құлазыған сәтте де, қуаныштан жарылып кетер шақ туса да — ыңылдап әндететініміз бар. Тіпті достарымызбен бас қосып, дауысты кеңге салып ән шырқау үшін караокеге жиі барып жатамыз.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Корей елінде пайда болған бұл жап-жақсы дүние талайлардың ішкі запыранын ақтарып, «жынын шығаруға» көп көмектесіп тұрады. Өзгені қайдам, өзім караокеде ән салып қайтсам, іште тұншыққан бүкіл проблемаларымды айқайлап шығарып тастағандай болам.

Астананың барлық караоке-клубтарында болғам жоқ, бірақ, осы уақытқа дейін барған 5-6 клубтың қайсысына кірсем де, жұрт орыстардың әнін шырқап жатады. Өзім де солай. «Караокеде қазақ әндеріне сұраныстың болмау себебі неде» дейсіз ғой?!
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Бас қаладағы адам көп жиналады-ау, бағасын халықтың қалтасы көтереді-ау деген караоке-клубқа бет алдым. Мұнда қазақ әнін айту үшін сізге сыртында «Раша» деген жазуы бар каталогты қолға алуға тура келеді. Бірден соңғы парақтарын аша қойыңыз, қазақ әнін алғашқы беттерден іздеп, сатып алған уақытыңызды текке жоғалтасыз. Тіпті, соңына жетем дегенше кенет ерініп қалып, көзіңізге түскен орысша әнді айта салуыңыз да ықтимал. Бұл бірінші себеп деп қойыңыз.

Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Ақтарып отырған парақтарыңыз таусылуға шақ қалып, каталогты «жабамын-ау» деген тұста қазақ әріптері көріне бастайды. Он шақты парақтағы тізімнің саны 200-дің о жақ, бұ жағында ғана. Әннің аздығы сонша, қазақша барлық әнді лезде айтып тастап, үйіңізге ерте қайтып кетуіңіз мүмкін. Екі. Үшіншіден, кілең ескі әндердің ішінен үнемі «Белгісіз жан» мен «Сүйген жүректі» ғана орындап, ұйықтап жатып та айта алатын дәрежеге жеттім. Өздері көрсетіп қойғандай, 2010 жылдан бері қазақ эстрадасының әндері жаңармаған. "Қызыл өрікті" айтып, достарыңызды қыран-топан билетемін деген жоспарыңыз быт-шыт болады.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Домбырамен әп-әдемі айтып жүрген әнге караокеде дауысыңыз жетпей, шиқылдап қаласыз. Тіпті, қасыңыздағы адамдардан ұялып, көңіл-күйіңіз түсіп кетеді. Дыбысталуы нашар, аражировкасы тіптен жылатып жіберетін әннен гөрі жақсы өңделген өзге тілдегісін айтып, өзімнің "әжептеуір әнші екеніме" қомпаңдап қалғаным артық. Бұл — төртінші себеп. Бесіншісі тіпті күлкілі. Әнді беріліп айтып, дауысыңыз енді ашылып келе жатқанда суреттегі «иман қанаты талған» сияқты сөздерді оқып, еріксіз күліп жібересіз. Дауысыңыз бір жақта, әніңіз бір жақта. Мәтіндегі аяқ алғысыз қателерді көре-көре, сол күйі жаттап, ақындардың қатесіз жазғанына күмәнданатынды шығардым. «Бұл қателерден өздерінің хабары бар ма, неге түземеске» деген оймен бірнеше қатені суретке түсіріп алып, әнді орындаушылар мен мәтін авторларының пікірін білдім.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Мейрамбек Бесбаев, әнші:
— Ой, айтпа, мәтіннің қате берілетіні — бір. Сосын шетелдің, орыстың әндерін алайықшы, аранжировкасының оригиналы шығады, айтуға өте ыңғайлы, сапасы да өте жақсы. Біздікілер осы жағын қолға ала алмай жатқан сияқты, өкінішті. «Сағындым Алматымды»-ның мәтіні әлі күнге түзелген жоқ, аранжировкасын кім жасағанын бір Құдай біледі. Өзім караокеге көп бармаймын, анда-санда барып қалғанда достарым айтып, күліп жатады. Караоке иесіне де, барлық жерге ескерту жасап шаршадық: «иә-иә» деп, шығарып салады. Директорым да айналысты мұнымен, баяғы жартас — сол жартас. Өзім соттасу дегеннен аулақпын, бірақ, қателердің тезірек түзелгенін қалаймын. «Көзіңнің мөлдірін-ай» әні дейсің бе, оны мен айтқан емеспін.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Қалқаман Сарин, «Жібек сезім» әнінің сөзін жазған:
— Анда-санда караокеге барғанда қазақша әндердің мәтінінде қате көптігін жиі байқайтынмын. Бірақ, өз сөзіме жазылған әнде қате барын дәл қазір сенің аузыңнан естіп тұрмын. Караокенің өзінен болсын, әндерін дайындайтын қандай да бір студиядан болсын біреу маған хабарласып, рұқсат сұраған емес. Ол әндерден пайда тауып жатыр, маған гонорарын да берген емес. Ақшасын қойшы, халық игілігіне қолданып жатса — қуаныш. Қазір екінің бірі караокеге барады ғой. Сонда қате толы өлеңімді оқыса, менің репутацияма, ар-намысыма, шығармашылығыма нұқсан келмей ме? «Ой, ана пәленшенің ұйқасы да жоқ, басқасы да жоқ, керемет ақындығы қайда,» деуі мүмкін. Бұл нәрсені бей-жай қалдырмау керек.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Қарақат Әбілдина, «Ал, құрбым» әнін орындаушы:
— Қазақша караокедегі әндердің сөзі де, өңделуі де, дыбысталу жүйесі де, бәрі қате екенін білемін. Маған ұнамайтыны да — сол. Орыстың, шетелдің аранжировкасы ұрып тұрған әндерін айтқанда, ән айтып жатқаныңды сезінесің. Ал, қазақтардікінің барлық жағынан сапасы төмен. Сондықтан ел караокеде қазақша ән айтқысы келмейді, айтуға ұмтылмайды да. Ол да болса әдейі жасалып жатқан саясат па деп қаламын кейде. Менің ғана емес, барлық әнде қате бар, қайсыбірін түзей бересің?! Караокемен айналысатын ұйымдарға сауатты өнім шығару туралы талап қою керек.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Назира Бердалы, «Сүйген жүрек» әнінің сөзін жазған:
— Мен караокеге бармаймын. Мұндай қателер туралы бірінші рет естуім. Ешқандай караоке-студиямен келісім-шарт жасасқан емеспін. Бірақ, «Абырой» авторлар қоғамының мүшесімін. Менің шығармаларым караоке, кафе-ресторан, тойларда орындалып жатса, солар жауап беруі тиіс.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Ақбота Керімбекова, "Қош, махаббат" әнінің орындаушысы
— Өзім караокеге бармағандықтан әнімнің мәтіні қате екенін білмеппін, сізден естіп отырмын. Маған біреу келіп, «осылай жасағалы жатырмын» деп рұқсат сұраған жоқ. Қателердің түзелгенін қалаймын, кімдер жасағанын табу керек. Өзім қандай да бір шара қолдануға уақытым жоқ.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Астананың біраз караокесіндегі әндерді ұсынған Ресейлік Studio Evolution караоке-жүйесінің сайтындағы нөмірге хабарластым. Владимир есімді жігіт сұрақтарыма: — "Әнді авторлардың өздері береді, ал, халық әндері үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймыз. Мәтінде қате кеткеніне біз жауапты емеспіз, ол — программадан. Программа кейде қазақ әріптерін оқымай қалады. Келесі айда әндер жаңарады. Енді әр ай сайын жаңа әндерді каталогқа қосып отыратын боламыз," — деп жауап берді.

Авторлар «рұқсат бермедік» дейді, әнді пайдаланғандар «алдық» дейді. Әй, екінші тараптың айтып отырғаны жалған-ау. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңның 16 бабы, 5 тармағында:
Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi,
делінген.
Өз авторлық құқығын қорғаймын деген өнер иесіне бәрі түсініктірек болу үшін Зияткерлік меншік құқығы комитетінің маманынан кеңес алғанды жөн көрдім.
Зияшова Райкен, Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының сарапшысы:
— Егер автордың рұқсатынсыз әндері қолданылса және одан қандай да бір қателер табылса, сот арқылы мәселені шешуге болады. Ол үшін автордың қателерге дәлелі болуы керек. Егер арыз келіп түссе, біздегі арнайы бөлім караоке өнімдерін дайындаған студиялардың рұқсат алған-алмағандығын тексереді. Бұл іспен айналысуға әнші, ақындардың уақыты жоқ болса, сенім өкілдері арқылы шеше алады.

Құрметті әншілер, ақындар, композиторлар, қазақ өнерін жасап жүрген майталмандар!
Еңбегіңіздің еш кетуіне жол бермеңіз! Караокедегі қазақ әндерінің тағдыры сіздердің ғана қолдарыңызда, сіздер ғана түзей аласыздар. Талап күшейсе — сапа да артады. Халық сапалы ән айтсын десеңіз, авторлық құқығыңыздың бұзылмауын қадағалаңыз. Бұл барша караоке тұтынушыларының атынан айтқан үндеуім болсын
Қазақша ән айтқым келеді!
Әрі қарай

Sorry Seems to Be the Hardest Word - қазақша cover-нұсқа

Элтон Джонның 1975 жылғы бұл әнін білмейтіндеріңіз кемде-кем шығар. Сөзін жазған британдық өлеңші-ақын Берни Топиннің айтуынша, бірде Элтон пианинода әрнені бір ойнап отырып, осы әннің әуенін шығарып, оған тыңдатқан екен. Әуеннің ұнағаны сонша, әннің атауы мен алғашқы жолдары ақынның ойына бірден келе қалыпты. Осылайша керемет хит бір-ақ сәтте жазылған. Ал мен өз кезегімде сіздерге осы әннің қазақша аудармасын ұсынғым келіп отыр. Мағынасын бұзбай, барымша ұқсатуға тырыстым, қабыл алыңыздар!

«Кешір» деуге енді шама жоқ....

What I got to do to make you love me?
What I got to do to make you care?
What do I do when lightning strikes me?
And I wake to find that you're not there?
What I got to go to make you want me?
What I got to do to be heard?
What do I say when it's all over?
Sorry seems to be the hardest word.

It's sad, so sad
It's a sad, sad situation.
And it's getting more and more absurd.
It's sad, so sad
Why can't we talk it over?
Oh it seems to me
That sorry seems to be the hardest word.

What do I do to make you want me?
What I got to do to be heard?
What do I say when it's all over?
Sorry seems to be the hardest word.

It's sad, so sad
It's a sad, sad situation.
And it's getting more and more absurd.
It's sad, so sad
Why can't we talk it over?
Oh it seems to me
That sorry seems to be the hardest word.

What I got to do to make you love me?
What I got to do to be heard?
What do I do when lightning strikes me?
What have I got to do?
What have I got to do?
When sorry seems to be the hardest word.
************** Қалай ғана сені ғашық етем?
Қайтсем маған күйіп-жанасың?
От-жалындай кенет шарпып өтіп,
Оянсам ғайып боласың.
Қалай маған сені ынтық етем?
Қалай ғана сені тыңдатам?
Өтті енді бәрі, ынжық екем,
«Кешір» деумен қалай тіл қатам?

Әттең, әттең,
Өкінішті сәт неткен?
Сандыраққа мүлде дауа жоқ.
Әттең, тіптен,
Айрылдық па біз тілден?
«Кешір» деуге де,
«Кешір» деуге енді шама жоқ.

Қалай маған сені ынтық етем?
Қалай ғана сені тыңдатам?
Өтті енді бәрі, ынжық екем,
«Кешір» деумен қалай тіл қатам?

Әттең, әттең,
Өкінішті жайт неткен?
Сандыраққа мүлде дауа жоқ.
Әттең, тіптен,
Айрылдық па біз тілден?
«Кешір» деуге де,
«Кешір» деуге енді шама жоқ.

Қалай ғана сені ғашық етем?
Қалай ғана сені тыңдатам?
От-жалындай мені шарпып өтсең,
Қалай ғана енді?
Қалай ғана енді?
«Кешір» деумен қалай тіл қатам?

Бір оқығанда кейбір сөздер құлаққа түрпідей тиетін сияқты. Дегенмен уақытынан бұрын сынамай, әнді түрлі нұсқаларда тыңдап көріңіздер.

Алғашқы нұсқа — «романтикалық» нұсқа. Орындайтын — студентім Нұржан. Ол енді «вешірлерде» айтатын репертуарын толықтырып алды


Келесі нұсқа — ұлттық нұсқа. Орындайтын өзіміздің Алмас Алтай (aza ). Домбыра-патиде айтылатын әндер қатарын толықтыра ма деген үміт жоқ емес


Соңғы нұсқа — эстрадалық нұсқа. Элтон Джонның Blue тобымен айтқандағы әрлеумен орындаған өзіміздің Мейірбек Нарымбетов (TERISKEY ). Бұл әнмен әлі талай караокені «жыртамыз» ба деген ой бар


Ал мынау — бонус. Джеки Чанның кинолары осылай аяқталады ғой
Әрі қарай