Asaubota қолыма эстафета таяқшасын ұстатқан екен (айтпақшы, рахмет, аға!). Жалғастырайын. Ұнайды:Алматы, Көктөбе, түнгі Алматы, Баунти, джинси, қолөнер бұйымдары, табиғат аясындағы кездесулер, құрбыларыммен кездесіп әңгімелесу, жаныма жақын жандардың жазған СМС хаттарын, қолжазбаларын жинау, комедия жанрындағы фильмдер, театрға бару, жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, тапшада отырып шәй ішу, Сәкен Майғазиев пен Юрий Аскаров:-) Ұнамайды:Астана (суық болғандықтан), қыс мезгілі, лимон, өмірдің тез сырғып өтіп жатқаны, достардың сиреп жатқаны, сол бір жанның қазір алыста жүргені, Ақтауға көшу керектігім, өтірікшілер мен аферистер, жауапкершілікті сезінбейтін адамдар.
ЕРЛЕР МЕРЕКЕСІМЕН барша ата, әке, ағаларымызды шын жүректен құттықтаймын.
Жеке өз ойларым.
Қандай сыйлықтарды алуға (сыйлауға) болады:
1. Флэшка (USB ) {< 4 GB} :)
2. HTC Desire HD (2-3 жылға арналған сыйлық)
3. Кітап (жиі кездесетін, қызықты)
4. Сүйікті фильмдер
5. Романтикалық кеш
6. Ақшалай, өйткені 12 күннен кейін екі есе қайтарасың
7. Футболға билет н/е футбол көруге мүмкіндік берсе ;)
Жағымсыз сыйлықтар:
1. Салпыншақ(Брелок)
2. ГАЛСТУК
3. Фляжка
4. Әтір-су
5. Белдік
6. Киім
7. Суретке арналған рамка.