Ерні пю қыздар (ән)

1. Көп дубльмен алдың
Суретіңді сәтті.
Ғаламторға салдың
Шақыр деп махаббатты.
Келтіресің күлкімді
Елітпексің кімді сен?
Табиғи емес біртүрлі
Сенің бір мүшең.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.

Блог - MERmukhanov: Ерні пю қыздар (ән)

2. Ақылсыз қыздарды
«Тауық» дейді халық.
Бірақ олай сіздерді
Атамаймын анық.
Ақылдысыздар сіздер,
Ондай қыз сирек.
Мен білсем сендердің
Атауың — үйрек.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
.
.
.

Блог - MERmukhanov: Ерні пю қыздар (ән)

3.Айнашыл қыздарға
уақытымды арнадым,
Себебін білмекке
гуглды шарладым.
Кататондық іркіліс
симптомын көрдім
Ауруға мен енді
күлмейтін болдым.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.

4. Жай фон жарамайды,
Бермейді сымбат.
Ал айфон жарайды
Өзіңнен қымбат.
Физилогия дакфейс,
Дұрыс емес мұнша:
Мұрныңнан озып,
Ерінің тұрса.

Қ/сы:
Қыздар «пю» ерін,
Қыздар «пю» ерін,
Мамамыз сұраған
Дені сау келін.
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Сондықтан сендерді
Никак не люблю.
Әрі қарай

Жайдарманнан аздаған есеп

Бейсенбінің кешінде астаналық керекшілер Домбыра Патиге асықса, мен Конгресс Холлға қарай беттедім. «Жайдарманнан» бөлек, онда баруға тұрарлық себеп болған. (Ол — оқырмандар үшін маңызды емес).

Қазақпыз ғой, 19:00-де басталады деген Жайдарман жарты сағаттай кешікті. Ұйымдастырушыларды түсінуге болады. Түсірім болғасын залдың толып отырғаны керек. Көрермен жастардың жайбарақаттығына қынжылдым. Орнымызға жайғасып алған соң, әзіл-қалжың басталып кетті.

Ұнады


— Бұрын Шымкент қазақша квн-нің отаны еді. «Сөз тимесін», «Көз тимесін» және т.б. командалар болатын. Кейінірек сол жақтың жайдарманшыларының әзіліне жарытып күліп көрмеппін. Есесіне кешегі Астана қаласы әкімінің кубогына келгендердің арасынан шымкенттіктер суырылып шықты. Атап айтатын болсам, Қуатжанның кафеге барған сәті кубокті Оңтүстіктің қолына ұстатты. Очм, Қуатжан — кешегі күннің «жұлдызы».
Әрі қарай

Әйелдер тұрақсыз

La donna è mobile. Джузеппе Вердидің «Риголетто» операсындағы Мантуан герцогінің ариясы. «Әйелдер тұрақсыз», — дейді герцог. «Әрдайым ізетті, әдемі бола тұра, олардың ойы мен дауысы құбылып шыға келеді. Күлгені де, жылағаны да өтірік. Оларға сенген еркек бақытсыз». Шамамен осылай аударуға болады.
Әрі қарай

Мерекелеріңмен "біздің" қыздар!(видео)

Көктем келді. Көктеммен бірге мерекелер де келді. ертең біраз жігіттер өз сүйіктілеріне гүл сыйлайды. Себебі, гүл әдемілік символы. Гүлдің әдемі екенін біз қыздың әдемілігі арқылы сезіндік. «Біздің» қыздарды шын жүректен құттықтаймын. арзан сыйлығымды қымбатқа балаңыздар!
Әрі қарай

Бұрынғы қызым, Көк Базар және Organic Dog

Неге екенін қайдам, ерте тұрған күндері, әсіресе демалыс күндері оянған соң таңғы ас іше алмаймын. Көзді тырнап ашып, бет жумастан су қайнатамын. Мен жуынып шыққанша су әзір болады. Қара кофеге ақ қағазға оралған темекімді қосып, никотин-кафеин араласқан мезгілді өткіземін. Сосын сүт қосылған күрең шайды құйып алып, атын барахолқа деп сақтаған плей-листімді тыңдап, сурет салумен миды босатамын.

(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).

Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…
Әрі қарай

Сұхбат кезегі...

Сауалнаманы Керекинфоның көрікті де, сұлу, ақылды қызы бастаған соң одан әрі сондай көркіне ақылы сай қыздармен жалғастыруды жөн көрдім.Қыздың жолы жіңішке дегендей, жігіттер жағы ренжи қоймас. Бұл сұхбат менікіне қарағанда өте қызықты шықты деп ойлаймын. Сонымен кезек ademi_alem атымен жүретін Зарина Долатайға берілді.
Әрі қарай

БОДИ кисеңші....

Қыздар оны БОДИ деп атайды. Бұл баяғы малаларымыздың кәдімгі комбинациясының жинақы, заманауи түрі. Ең рақаты — ішіңе жел қарыспайды, белің, бүйрегің тоңбайды. Сосын кейбір қыздардың еңкейсе, тоңқайса көрінетін құйрық сызықтары байқалмайды. Жып-жылы, ыңғайлы. Оның үстіңгі жағы кәдімгі кофта сияқты түрлері де бары белгілі. Қысқа нағыз керек киім. Общым, мақтауы жетті, ал сіз боди киесіз бе?

Әрі қарай

"Ақтөбе" фанаты Малика: Стадионда бір рет қараған футбол, теледидардан қараған футболдан 10 есе артық

Соңғы жылдары трибуналарда қыздар саны көбейіп келе жатыр. Футболға қыздар да қызыға бастады. Тіпті ультрас бағытын ұстанатын фанат қыздар да бар. Солардың бірі Малика — «Ақтөбе» клубының фанаты, «13-сектор» фанаттар бірлігінің мүшесі. Бұл сұхбатта ультрас қыздар қандай болады, жалпы қыздардың футбол махаббаты туралы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Малика:

Жасы: 25
Қызметі: Жылжымайтын мүліктер орталығының маманы
Сүйікті фильмі: Унесенные ветром, Қыз Жібек, Приключения Шурика. Қанша рет көрсетсе, сонша рет қарай береді
Сүйікті музыкасы: Аралас, көбінесе RAP
Сүйікті тамағы: Еті бар тамақ
Ұнайтын командалар: (Ақтөбеден басқа) Спартак Москва, Барселона
Сүйікті киім бренды: Бренд талғамайды, ұнатқан киімді кие береді
Ақтөбедегі ең ұнайтын жер: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. Негізі Ақтөбенің барлық жері ұнайды

— Футболға қызығушылық қашан басталды?
— Футболды 2002 жылы Корея мен Жапонияда өткен Футболдан Әлем Чемпионатын қарап ұнаттым. Сол кезден бастап Испания құрамасына жанкүйер болып келемін. Биыл футболды сүйсіне қарап жүргеніме 10 жыл. Қазақстан футболына қызығушылық 2005 жылы басталды.
Әрі қарай

Қыздар ғана кіретін кабинет

Бірінші курста ағамның үйінде жатып оқыдым. Екінші курста «Әй дейтін әже, қой дейтін Қожа жоқ» еркін өмірге қызығып жатақханаға шықтым. Жатақханаға шығу үшін медициналық тексерістен өтеді екен. Салып ұрып емханаға келдім. Тіркеу бөлімі тексерістен өтетін кабинеттерді бір парақ қағазға жазып берді. Бір уақытта құрбым Қарақаттың бауырын көзім шалып қалды. Ол бірінші курсқа енді кеп жатқан. Не істеп жүрсің деймін үлкенсіп. Мен де жатақханаға орналасайын деп едім дейді бала. «Кәне көріп жіберейін, қағазыңды бер. Саған бір кабинетті жазуды ұмытып кетіпті. Менде төртеу. Сенде үшеу. Ештеңе етпейді, бірге өтеміз. Менен кейінгі кезекпен кіресің»,-дедім ширақтық танытып. Кезек күтіп тұрмыз. Кілең әйел. Мына бала менен кейін деп қоям. Жұрт адырая қарайды. Сұрастырсам, кабинетке кіру үшін жаялық керек екен. Ақша бердім де, өзіңе, сосын маған алып кел деп әлгі баланы жұмсап жібердім. Кабинетке кіргенде бірақ білдім ғой! Баланы есік алдына тастап зыттым. Содан оқу бітіргенше Қарақаттың бауырынан қашып жүрдім. Ауылда іш ауырса да, тіс ауырса да баратының бір дәрігер. Қайдан білейін, қыздар ғана кіретін кабинет болатынын. Сөйтіп есейгенім бар.
Әрі қарай

Орта есеппен көлік жүргізуші әйел


1. Қысқарту жолдарын білмейді, өздері үйреніп қалған жолмен жүре береді «тығын» боп тұрса да
2. Рульде отырып артық істер істей алмайды, музыка ауыстырып терезе жабу деген жұмыстарды
3. Машиналары көбіне кішкентай маркалы: гольф, матиз, смарт, жук, мини, Рав 4, тайота лансер.
Әрі қарай