Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік

Алған әсерлер шексіз десем артық айтпаған болармын. Мүлдем басқа мәдениет, мүлдем басқа менталитет… Амман деген астаналарына келдім, 4-5 қаласында болдым.
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік
Танысу
Үйге кірсем, бәрі қаздай тізіліп, орындарынан тұрып қарсы алды. Баттасып боянған және ірі денелі болғандықтан ба, қара хиджабта кексе тартқан 3-4 әйел-ау деп ойлағаным жас қыздар болып шықты. Мамасын солардың ең үлкен әпкесі деп ойлаппын. Сонымен, аттарын айтып, біздегі Шымкенттің қыз-әйелдерінің амандасуы сияқты қолдарын беріп амандасып, танысып болдық. «Жасмин» дегеннің «Ясмин» деп өзгертілгені болғандықтан содан басқа бірде-бір ат есімде қалсашы. ))) Сол және тағы басқа қосылған аттарды бірнеше күн бойы «анандай киген қыз, мынандай істеген ұл» деп, шартты бірдеңелермен ұқсастырып айтып жүріп, жаттап, үйрендім-ау, әйтеуір. Қыз-келіншектердің аттары: Абрар, Тамадор (біразға дейін «Тамагор» деп жүрдім)))), Мәляк (оны «Мелек» деп), Ду'әa, Баә'на, Эфнәа'қ, Зеена, Ясмин, Әридж, Сузанна, Ханейн… Ер адамдардың аттары: Омар, Махер, Әнас, Шәди, Тарик…
Иорданияда монғолоидтық түрлер сирек кездеседі, яғни, келушілер аз. Содан көшеде бәәәәрі саған тесіліп қарайды және «Хай!», «Халло!», «Уэлкам ту Джордан!», «Ар ю Кореан?», «Ар ю Малейжан?» деген сияқтыларды айтып ер адамдары айқайлайды. Бұл өзі бір қызық сезім болды: біздің елде жүрген африка, афро-американдықтардың күйін бір жақсылап түсінгендей болдым...))
Әрі қарай

Хэтроу

Бұдан бұрын сіздермен өмірімдегі өзгерістермен бөлісіп едім. Жаңа жер жайлы фотосет жасау ойымда болған, бірақ кешігіңкіреп жариялап жатырмын. «Ештен кеш жақсы» дегендей, қабыл алыңыздар.
Осында соңғы рет 2007 жылы болған едім. Қала өте өзгерген. Ең ұнағаны ағаш егілгені көшелерге. Кеткен әкім Бергей Рысқалиевті қанша даттап жатса да, әйтеуір қала үшін бір игі іс жасапты ол. Жолдар дұрысталған, жаяужолдарға тас салынған. Байқасаңыздар, жолдың бойында сарғыш қоқыс жәшіктері тізіліп тұр. Жаңа әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов салқын түскенде жол жиектерін (бордюр) ауыстыруға кіріскен, негізі ескі емес еді олар. Жиектерді ауыстырған соң, маңайындағы тастарды да ауыстыруға тура келеді.
Жаңа үйлер көп, бүкіл жерде салынып жатыр әйтеуір. Бірақ бағасы енді қып-қызыл.
Көлік көөөөөөөп, күнде жол-көлік оқиғасы болып жатады. Бағдаршам аз, барлығы әйтеуір асығып бара жатады, очм экстрим.
Супермаркет, дүкен көп. Ақша бар жерге саудагерлер де үйіледі ғой.
Қазір қала түрлі-түсті шамдармен жанып тұр. Әр мекеменің алдында бір шырша. Бірақ қар жооооооооқ. Кейін уақыт болса, қысқы қала фотосетін жасап, жариялармын.
Әрі қарай

Дала.Қала.Мен.

Сағынғанмен даланы алабөтен
Мен үшін болып кеткен қала мекен
Өткен жолы түсімде күрең мініп
Күн батысты бетке алып барады екем…

Бөктердегі су ішпей бұлақтардан
Телміремін кранға жылап қалған
Кейде өзімді қозыдай сезінемін
Енесінен адасып жырақ қалған

Қабылдамай қаланы түсінігім
Мен даланың адами пішінімін
Қан-жынымен қалаға тастап кеткен
Мен даланың жасанды түсігімін.

Сынаңдар, ұрсыңдар, ұрыңдар." Қалада не істеп жүрсің, кет ауылға" десеңдер жауабым міне
«Күн көру керек». Артыңдағы бауырларыңды ойлайсың дегендей…
Әрі қарай

Сұрақ менен, жауап Сізден

Бұл жазбаны оқып отырған адамға өтінішім бар. Егер қиындық тудырмаса, есіңізде қалып қойған ең ерекше
1.бір кітап
2.бір фильм
3.бір ән
4.бір қала (Қазақстандағы)
5.бір қанатты сөз ЖӘНЕ
6.өз қалауыңыз бойынша бір нәрсе ұсыныңызшы. (Өз қалауым екен деп орынсыз сөз айтуға (жазуға) болмайды. )) Өмірлік тәжірибеңізден бір кеңес немесе басқа да пайдалы іс – әрекет болса нұр үстіне нұр болар еді). Алдын ала рахмет!
Әрі қарай

Текелі қаласы

Қала 1952 жылы құрылған. Аумағы – 6133 га немесе 0,06 мың шаршы км., Талдықорған қаласының оңтүстік – шығысынан 40 км және Алматы қаласынан 285 км қашықтықта орналасқан, олармен автокөлік және темір жол жолдарымен байланысты. Қала Жоңғар Алатауының батыс тау етегіндегі солтүстік беткейге орналасып. Сайдан Текелі, Чажа, Қора, Қаратал өзендері 32 км. Созылып жатыр. Қалаға: достық, Алатау, Металлург және Горняцкий 4 шағын ауданы кіреді. Қала Жоңғар Алатауының батыс тау етегіндегі солтүстік беткейге орналасып, сайдан Текелі, Чажа, Қора, Қаратал өзендері 32 км. Созылып жатыр.
Әрі қарай

Аперис адам

Ол кезде ойын баласымыз. Ауылдың жайпақ (шатырсыз) үйінде тұрамыз.Шатырлы үйлерге қызығатынмын.Себебі, олардың шатырында кептер (көгаршындар) бар. Көгаршындардың уілдегені қызық еді. Сабаққа бармаған кезім.Мүмкін «Нөлебайға» барған шығармын қырсам. Шамасы жазғы каникулға келген болуы керек көршіміз Мәдина апаның (ауылдың бәрі мәдинаапа деп атап кеткен) үйіне біздерден екі-үш жас үлкендігі бар бала келді. Мәдина апа күніге бір рет келіп біздің үйден шай ішіп кететін.Қонақ бала апасымен еріп келді. Көзі жылт-жылт етіп тұратын қара бала екен.Есімі -Нурик. Жезқазғаннан келіпті. Қаланың баласы ғой ақыры, лып-лып етіп тұр. Білмейтіні жоқ. Екеуміз аз күнде достасып алдық. Ойынның түр-түрін ойнаймыз.Мендегі неше жыл сынбай келе жатқан ойыншықтарды сындырдық.
Әрі қарай

Қаладағы айт

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесі ғой. Қазір білмеймін, бұрындары айт мерекесі кезінде ауылдық жерлерде жұрттар жаппай айтшылап бір-бірінің үйіне кіріп-шығып жүруші еді. Әліде солай екені даусыз ғой, бірақ, дәл баяғыдай үлкендері жеке, балалары жеке айттай қоймас.Тіпті, мектептегі қыздар жиылып жеке айттаған кездер де болған.
Әрі қарай