Жастықтың көзі

Сәлем бердік!
Көптен бері Қолөнер тақырыбына ешнәрсе жазылмай кетті ғой. Бүгін сол жазып қояйын. Қолөнершілерге артықтық етпес деймін. Бұл жолы тоқыма емес, жастыққа көз. Көз болғанда не ғой, жастыққа сән ретінде жасайды. Әдетте мен көбіне құрақтан жасалған жастықтың көздерін білетінмін. Кейін мынадай түрлерін жасайтынын білдім. Білгенде, жеңешемнің артынан келген көрпе-төсекте сондай жастық бар екен. Міне, мынадай.
Әрі қарай

Қолөнер

Сәлем бердік, жамағат!  Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Әрі қарай

Шақпақ қант пен ащы кәмпит

Бүгін әбедтте түріктің мейрамханасына бардым. Ақ су көк су қылып шәй әкеліп берді. Тістеме іздеп едім, пахлавадан басқа ешнәрсе жоқ екен. Менікі рафинатқа тұрмайды.Балалық шақ тағы да мен мұндалап шақырды. Есіме әжемнің қант қайшысы түсті. Баяғыда әжем марқұмның қалтасында үнемі күйдірілген қант немесе ащы кәмпит, болмаса шақпақ қант жүретін. Қазалының түрлі түсті ұзын кәмпитін таласа-тармаса жейтінбіз. Әжем 1 кәмпитті 4ке бөліп, бізге таратады, сосын біреуін алып шәйіне салып жібереді(ұзындығы 15-20 см болып қалады). Соған қарап біз кәмпитті трубочка қылып шәйді ішетінбіз, араларындағы кішкентай тесіктерін өтіп, ауызға шәйдің дәмі ащы да емес, тәтті де емес, әдемі тіл үйірердей жететін.Кәмпит жоқ болса, біртүрлі қисық добардай шақпақ қантты қант қайшысымен шағып, алдымызға «мә!» деп лақтыра салады. 90 жылдардың басында не нәрсе болса да қат кезінде, сол шақпақ қант пен тапа нан азығымыз болатын. Талонмен алынған бор кәмпитті қонақтар келген кезде ғана мүләйімсіп отырып, қағып кететінбіз. Сол шақпақ қант пен қазалының ащы кәмпиттерін әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарды деп мақтанып жүрсек те таба алмайсың… Әжемдікіндей қант қайшы да жоқ қазір…
Әрі қарай