Жердегі періштеміз - АНАмыз!

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың! (М.Мақатаев)
-деп, бірінші блогымның тұсауын ешқандай асыл тасқа жетпейтін АНА деген жанға арнадым. АНА деген қасиетті, күміспен қапталған, алтынмен аптаған сөз. Бірақ біз сол «ана» дегеннің орнына «мама» деп қолданып кеткеніміз өкінішті-ақ. Алайда, қай тілде айтылмасын — ол асыл сөз мағынасын өзгертпейді. Біз неге махаббат дегенде бір жақты ойлап қаламыз, Анамызға деген махаббатты ұмытпадықпа?! Қайтседе, тек Ана ғана бізді 9 ай құрсағында, 3 жыл алақанында және өмір бойы жүрегінде әлпештеп өтеді. Ия, әрине бірінші — Алланы, екінші Пайғамбарымызды(С.А.С), содан сон Анамызды, Әкемізді сүйуіміз керек.
Бірде пайғамбарымызға Мұхаммед (с.ғ.с)ге біреу кеп:
-Ең алдымен жақсылықты кімге істейсің десе,
-АНАМА!,-депті.
-Жарайды, ал сосын кімге десе,
-АНАМА!,-депті.
-Иә түсіндім ғой, ал сонан соң ше? десе
-Тағыда АНАМА депті!
Жұмақтың кілті ананың табанының астында демекші оған аса қамқор көрсетіп, бөлек, ерекше көңіл бөлейік! «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.
Ана туралы Бір кішкене видеоролик немесе сурет көріп қалсам көзіме жас ұйыла кетеді, бұл Мейірімі Шексіз, Рахымды Аллаһ Тағаланың жүрегіме берген мейірімі ма?! Сол сәтте өз анам есіме түсіп, жүгіріп құшақтап алып Рахметімді айтып, қалай бақытты қыла аламын деп сұрағымда келіп тұрады.
Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Мен анамды өзімнің өмірлік идеалым деп санаймын. Әлпештеп, аялап, төрт ұйқысын төрт бөліп өсірген Анама бас иемін!
1997 жылғы сурет. анам - Мира және Мен.
Соңына айтарым анаға махаббат жүрегінің түбінде, оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бірақ, жәй ғана сөз айтпай амалын жасайық!
P.S. Әкемді де ұмытқан жоқпын, оны да ерекше жақсы көремін!

Бір де бір мақсатымызға жеткеніміз аналарымыздың арқасы Аллаһ қалауымен.
 Жердегі періштем — АНАм!
Әрі қарай

Қарқыраған аяз салдары – бұл ақыр заман болмаса, онда не?!

2012 жылдың 11-12 желтоқсан күндері еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерін жаппай 35-48 градус шамасындағы аяусыз аяздар кеңеттен басып алды. Көптеген адамдар үсік алып, ауруханаларға жеткізіле бастады. Ауылдық типтес қалашықтар мен кішігірм қалалар соғыс кезіндегі блокада секілді сырттағы өмірден тыс қалды. Трассалар мен қалаға баратын жолдар жабылып, көліктер мұз сияқты қатып, оталу қиындықа түсіп халық алғашқы қауіп қатерліктерге ұшыра бастады. Кейінгі кезекті үлкен қалалар да өз меңшігіне иемденді. ШҚО бойынша Семей мен оның қасындағы кішігірім қалашықтардың әкімшіліктері былтырғы жылдың жіберген қателіктерінен сабақ ала алмай, биыл тағы да халықты тондырып, әлеуметтік қажетіліктерден сырт қалдырды. Канализация, су құбырлары белгілі бір сценарий секілді кезек-кезек жарылып, халықтың жағдайын қиындатып жіберген секілді. Осы уақытта әрбір минут, әрбір сағат өте бағалы болып, жауапты органдар бұл апатарды дереу шешу керек еді. Бірақ өкінішке орай, үйлердің іші мұз басып, кейбір бала-бақшалар мен мектептер, ауруханалар мен халыққа әлеуметтік кызмет көрсететін орындар жұмыстарын тоқтата бастады. Көшелерде адам саны өте санаулы… Қарапайым халық үлкен ойға бөленді. Бұл қиындықтар, өкінішке орай әлі де кейбір жерлерде жалғасын тапты.
Әрі қарай

Қазақтар мен Спарталықтардың арасындағы параллель.

Әлемге әйгiлi Спaртaлықтaрдың рухы қaзaқтaрдa дa болғaн. Мысaлғa ежелгi Спaртaдa бaлaлaрды жетi жaсынaн соғысқa дaйындaп, қылышқa жaқын өскенiн қaлaғaн. Спaртaны қоршaйтын қaмaл сaлғызбaғaн. «Бiздiң қaмaл — бiздiң жaстaрымыздың қылышының ұшы» деген. Біз де ұлдарымызды екі жасынан атқа отырғызып, 7 жасынан садақ атқызып, 13 жасынан шайқасқа қатыстыратын болғанбыз. Нaғыз қaзaқ соғыстaғы бaтылдықты қaтты бaғaлaғaн.
Әрі қарай

GANGNAM STYLE дәуірі бітті ме?

Сәлем достар! Көп болды ғой жазбағалы! Бәріміз білеміз жаздың ортасында PSY Gangnam Style атты бейнеклибін шығарған болатын. Бір ай өтер өтпеспен бүкіл әлем көре бастады. Youtube сервисинен миллиондаған адам тамашалап жаңа рекордтар қойыла бастады. Бірақ миллиард жайлы көп адам ойламаған еді! Бар жоға 6 ай өткеннен кейін Джастин Бибердің өкінішіне орай PSY бірінші орынға атып шығып өзінің миллард көрерменін жинап алды! Күніге әр жақтан ести беріп шаршай бастадық. Тіптім қыздарға «Эээээй Секси Лэди!» деп қырындап та жатты. Бірақ басталған нәрсе бітеді ғой. Мойындау керек шаршадық бұдан. Бұл миллиардтан басқа миллиондап жинап жатқан пародиалары да бар! Көбінесе өзінің атағын шығару үшін жасап жатқан болу керек. Соның ішінде біздің қазақстандықтар да ерекшеленбеді.



Сонымен біздікілер қалай жасаған екен? Көрейік! Әр видеоға 10 балдық шкаламен бағалап отырамын.

Әрі қарай

Сөйлеші, бауырым!

Қазіргі таңда барлық дамыған елдерде блог жазу модаға айналды. Блог жазудың маңызы көп. Солардың бірін сізге ашсам деймін. Тілдің тірілігін білдіретін дүние – оның қолданылуы. Мысалға эскимос тілі өлуге жақын, ол тілде тек 2-3 адам сөйлейді. Ол тілде блог жазсаң, сол 2-3 адамнан артық ешкім оқымайтынына кәміл сенуге болады. Оған қарсы ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді. Сондықтан бұл тілде әлі күнге шейін жаңа сөздер пайда болып, Оксфорд сөздігіне еніп жатыр. Бұған дәлел “fog” (тұман) және “smoke”(түтін) деген екі сөзді қосып “smog”( тұманмен аралас түтін) деген жаңа сөз құрылды.

Кез келген тілді дамытатын — сол тілде сөйлейтін адамдардың ой бөлісуі, ойды дамытуы. Өзіңіз ойлаңыз, сіздің 5 минутта ойыңызға келген пікірді жазып, ғаламторда сақтадыңыз. Кейін оны 5-6 жылдан кейін бір қазақ керекке жаратып өмірінде, немесе саясатта еңбек ететін ағалар оқып мемлекет ісіне қолданар. Біз білмейміз

ертең не боларын. Бірақ осы жарқын елдің болашағы біз. Біз ойымызды ашып жазуымыз, сонымен ғаламторды толтыруымыз қажет. Біздің тіліміздің дамуы әлемдегі қазақтардың санына емес, олардың ана тілінде сөйлесуіне байланысты.

Интернет тіліміздің дамуына позитив амал жасауда. Себебі Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан және Еуропадағы қазақтар елімізбен арасын үзбей, жергілікті қазақтармен ой алмасып отырады. Барлық қазақтар бір торапта жиылып, бір әліппеде тілдесіп сөйлессе қандай керемет болар еді! Біздің қазақтар қай жерде жүрсе де өзінің қандастарының ойын білу үшін жай ғана ғаламторға кіріп сол тораптың атын терер еді.

Сондай тораптың бірі Қытайдағы бауырлар тарапынан ашылды – senkazakh.com. Бірақ сайт жетілдірушілері кіріл әліппесіне аудару амалын нашар орындапты. Мысалға төте қазақшада «І» әрпі мен «Ы» әрпі бірдей жазылады. Соларды кірілшеде ажырату үшін скрипттер жазылмаған. Кейін сайттың интерфейсі онша келіспеген. Сондықтан, менің ойымша тораптың бастапқы нұсқасы латынша болуы тиіс. Оны кірілшеге де, төтеге де оп-оңай аударасыз. Сондықтан қазақ елінің тұтастығын аңсайтын АЙТИ мамандарының назарына салсам деп қолыма пернетақта алып осы мақаланы жаздым.

 Бейс Серікбай. Атырау қаласы
Әрі қарай

"Қазақстан қалалары" онлайн ойын

Желтоқсанның 21-22 күндері Астана қаласында ұйымдастырылған Астана Интернет Форумында қазақ тілді интернет жасаушылармен кездесуде Бақытгүл деген әріптесіммен кездескенімде біраз дүниелер үйренген едім. Оның бірі онлайн ойындар жасау. Мамандығым сай “Қазақстан қалалары” атты ойын жасаған болдым бұл менің www.purposegames.com сайтында жасаған бірінші ойыным артық кемі болса дұрыс пікірлер қалтырарсыздар. Сіздерге де әріптестер сабақтарыңызда қолдану үшін жасауларыңызға болады. Бұл сайт арқылы танымдық сұрақтар жасауға өте қолайлы екен. Сонымен сілтемеге өтіп мен жасаған ойынды ойнап көріп еліміздегі қалаларды қаншалықты білетіндеріңізді сынап көріңіздер.

Мына сілтемеден өтіп ойнап көріңіздер Сосын қанша пайыз білгеніңізді пікір ретінде жаза отырыңыз. Картада қала орындары сәл тайып кету мүмкін оны түсіністікпен қарарсыздар. Карта кішкене болғандықтан.
Әрі қарай

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!



Құрметі сайттастар, ұлттастар!

Ежелден еркіндік аңсаған халқымыздың негізгі, бас мерекесі құтты болсын. Тәуелсіздік чемпиондық атақ сияқты. Біреуге оңай, біреуге қиын жолмен келеді. Қалай келгенде де оны сақтап қалу ең қиыны. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Құрметпен админдерің.
Әрі қарай

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік таңы атқан арайлы
Болашаққа нық сеніммен қарайды.
Желбіреді тек биікте жалауы,
Сөнбей жанып еркіндіктің алауы.

Қылшылдаған боз баланың жасындай
Аз мерзімде ірге тасы қаланыпты.
Бүкіл әлем мойындап қазақ елін,
Дамыған елдердің қатарынан саналыпты.

Астанасы аз уақытта бой түзеп,
Көк тіреген ғимараттар әдемі.
Осы жерден табылар-ау сұлулық
Әсемдіктің, кереметтің әлемі.

Ұлт аралық татулыққа ту тіккен,
Жарасыпты жұлдызымыз өзге ұлтпен.
Ынтымақпен сыйластықтың мекені,
Әлемге аян Қазақстан екені.

Сәтін салып, айы туып оңынан,
Қазақстан көшті бастап жолынан.
Халықаралық ұйымдарды басқару,
Келе бермес әр мемлекеттің қолынан.

Елімізде барлық бақыт тоғысқан,
Бақыттың білмес бағасында кей адам,
Назарбаевтай көшбасшыны бұйыртқан,
Мың тәуба жаратқанға дей алам.

Қазақстан жиырма жаста бүгінде,
Алып қыран самғап ұшқан көгінде.
Бейнесімен қайраттанған барыстың,
Бейбітшілік бастау алған жерінде.

Туған елім арта берсін ырысың,
Түзу болсын тіршілікпен тынысың.
Жүрегінде жұдырықтай әр қазақтың,
ТЕК СЕН ҒАНА, ТЕК СЕН ҒАНА ҰЛЫСЫҢ!!!

Марат Нигметжанов.
Әрі қарай