Тойға арналған тілектер базасын жасайық
Жақында туыстарымыздың қызы ұзатылды. Алыстағы келе алмай қалған туыстардың атынан құттықтау жазып, апарып беру деген тапсырма алдым, әбден той боларға бес-алты сағат қалғанда. Жұмыстың да қызып тұрған кезі, интернет ағамызға жүгінбекші болдым. Сондағы тапқаным бір сайт (қалғандары сондағыны көшіріп салып қойыпты): www.kuttybolsyn.kz, оның өзінде толып тұрған жоқ. Содан не керек, ең қызығы, құттықтауды жазып, түрлі-түсті принтерден шығарып, оны открыткаға жабыстырып апарып берген едім, той үстінде бір ағам сөйлеп тұр, айтқан сөздері дәлме-дәл әлгі сайттағысы, бір сөзін де өзгертпестен айтып берді! (Дәл сол сөздерді құттықтауға жазып қойып, абырой болғанда, орын жетпей алып тастап едім)
Сөйтіп қысылтаяң тілек іздеу үстінде осы бір идея келді: нағыз керекинфоның бірі болар еді, егер осы қауымдастыққа тойға, туған күнге, т.с.с. қуаныштарда айтылатын тілектерді салып тұрсақ. Осындағы сен тұр мен атайын шешендерді бай қазыналарымен бөлісуге шақырамын!
Әрі қарай