Астанамда болса осындай көлігім...


Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Көліктің тарихы сонау көшпенділерден бастау алады. Жылқыны алғаш қолға үйретіп, оны пайдасына жаратқан көшпенділер екені белгілі. Атқа мініп, қолына қаруын алған сақ әскерлерін көрген Еуропа жұрты «төрт аяқты, адам денелі ерекше құбылыс» деп шошынған. «Кентавр» ұғымы осылай дүниеге келген деседі. Содан бері ел аузында Кентаврға байланысты түрлі аңыз тарап, оның өмірде бар екеніне қатысты түрлі дау да туындады.



Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Ал, әлемдегі ең алғашқы бензинді мотормен жұмыс істеп, өздігінен қозғалатын автомобильді 1885 жылы неміс инженері Карл Бенц жасап, оны 1886 жылы патенттеген. Бенцтің үш дөңгелекті, екі адамға арналған экипажы адамдарды моторының дауысымен шошытып, ашуына тиетін болған.



Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...

Қазір «айшылық алыс жерлерге» жылдам апарып тастайтын көлік түрлері өте көп. Қозғалыс ортасына қарай су көлігі, әуе көлігі, ғарыш көлігі, құрлық көлігі деп бөлінеді. Пайдалану мақсатына қарай жалпы пайдаланымдағы көлік, арнайы көлік және жеке көлік болып үшке бөлінеді.



Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Құрлық көлігі, оның ішінде темір жол көліктеріне жататын метрополитен жайлы болмақ әңгіме.
Метрополитен француздың «chemin de fer métropolitainә» сөзін қысқартқанда «métropolitain» сөзінен шыққан, «астаналық темір жол» деген мағынаны береді.

Әлемдегі ең алғашқы метро — Лондон метросы. 3 км 600 метрге созылған, 7 станциясы бар Лондон метросының алғашқы желісі 1863 жылы ашылды.


Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...Метрополитен желісі жер астында тоннель арқылы, жердің үстімен және жерден биік эстакада (суретте) арқылы жүргізіледі. Әлемдегі маршрут ұзындығы және станция саны ең көп метрополитен Нью-Йоркта, ал, ең ұзын метрополитен Шанхай (538 км) мен Бейжіңде (465 км).


КСРО кезінде іске қосылған метроның бірі — Ташкент метросына жолым түсіп, сол туралы жазба жазу бұйырыпты.

Ташкент метросы — Орта Азиядағы бірінші метро. 1968-1970 жылдары құрылысы басталып, 1977 жылы пайдалануға берілген. Ол кезде 9 станциясы болған, желі ұзындығы 12,2 км созылған.

Қазір Ташкент метросы 3 желіден тұрады: Чиланзар, Узбекистон, Юнусабад. 29 станциясы бар. Ұзындығы — 36,2 шақырым. Бір қызығы, барлық станциясына барып көрер болсаңыз, 3 рет жердің бетінен өтесіз. Яғни, жердің бетінде станциясы болмағанмен, кей жолдары жердің бетімен өтеді.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Өзімізге қажетті мекен-жайды жақсылап сұрап алдық та, сол жерге метромен баруды ұйғардық. Жақын жердегі «Тошкент» станциясына кірдік.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Метроға кіру сомасы — 800 сум (48,7 теңге).

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Жетондары мынадай.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Ташкент станциясының іші
Ташкент метросына екінші рет мініп тұрғаным. Алғаш рет қыста мінгем. Әйгерім екеуміз қақ ортасына тұра қалып, суретке түстік. Фотоға түсіруге тыйым салынғанын қайдан білейік  Артынан тәртіп сақшылары біртіндеп тұрып өшіртті. 2-3 ай ішінде ол ережелері өзгеріп кетпегеніне сенімді болдым да, суретке білдіртпестен, байқатпастан, жасырын түсіруге тырыстым

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Отырып алып, келесі станциядан түсеміз. Сіңілім жан-жаққа қарап, тәртіп сақшыларының бар-жоғын айтып тұрады да, мен сол сәтте суретке түсіріп үлгеремін  Жалпы, Ташкентте тәртіп темірден де мықты екен. Аттап бассаң, тәртіп сақшылары тұрады. Тіпті, көшеде топырлап жүреді.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Дұрыс бағытқа қарай отырмаппыз, Достлык станциясынан ары қарай қаладан шығып кетеді екенбіз

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Адасқан адамға әдемі нұсқау бар мұнда: қай беттен отырсаң — қайда баратының анық көрсетілген.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Қажетті станциямызға қанша уақытта жететінімізді анықтау үшін вагон інішдегі мына сызбаны суретке түсіріп алдық.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Ойбек станциясында арнайы жол арқылы келесі желіге ауысу керек екенбіз. Бұл жолмен жүрген сайын ауа тарылып, иісі нашарлай бастады. Шаңның иісі шығатын сияқты. Тері ылғалданып, терлей алмай қысылып жатқандай сезім болады.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Жүріп отырған жолымыз келесі желіге алып келді. Ол төменірек орналасқан екен, ауаның тарылуы түсінікті

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
"Әр станцияның дизайны бір-біріне ұқсамайды, бірінен бірі асады, әрқайсысы өзінше әдемі," деген еді. Келесі станцияны да көрейік деп шештік. Бұл жерде ең ұзын эскалатор бар.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Вагонның кеткеніне неше уақыт болғанын көрсетіп қойған. Мысалы, мына жердегі вагон 1 минут 11 секунд бұрын кеткен. Қасындағысы — жергілікті уақытты көрсетіп тұр.
Вагондар таңертең 4 минут сайын, түсте 6 минут сайын, кешке 8 минут сайын жүреді. Жұмысқа асыққандарға өте ыңғайлы

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Біз жұмыс аяқталған уақытқа түсіппіз, адам өте көп болды. Жалпы, күніне Ташкент метросымен 450 мыңнан аса адам жүреді екен. 2,5 миллионға жуық халқы бар Ташкент үшін орташа көрсеткіш дер едім.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Ескі болса да, әр станцияның өзіндік әдемілігі бар. Әсіресе люстраларына қатты мән береді ғой деймін. Мына Алишер Навои станиясының «потологы» қатты ұнады

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Бізге Пахтакор станциясында үшінші желіге ауысу керек. Баратын жеріміз — осы желідегі Хамид Олимджон станциясы.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Міне, «соңғы аялдама» — осы станция  Сыртта милли интерьерлі Тумор рестораны бар .

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Шығу

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Айтпақшы, Ташкенттің көшелерінде жүретін көліктердің түрі санаулы-ақ. Матиз, Шевроле Спарк пен «булка нан» өте көп, «блатной» көліктерді өте-өте сирек көресің. Бәрі де ақ не ашық түсте. Ташкент ыстық болған соң күн тартпасын деп, бәрі ашық түске жүгіреді екен. Қара түсті көліктер ақ түсті көліктен 1000-2000 АҚШ долларына арзан болады-мыс.

Неге қымбат көліктердің жоқ екенін сұрағанымызда: — «Бізде қытбат көлік мінуге болмайды. Президентіміз қатал, алып қояды. Елімізде шіріп кеткен байлар көп, бірақ, олар да Матизбен жүреді. Әйтпесе, „қайдан алдың“ деп тексереді. Сосын байлығы белгілі боп қалады да, тартып алуы мүмкін. Қымбат көліктер тек қана кешке шығады. Кеш — көшеде бақылайтын адамдар үйіне қайтатын уақыт,» — деп жауап берді Мурод таксист.

Шынында да, қас қарая көшеден Матиз бен «булка нандар» жоғалып, тек қана қымбат көліктер пайда болды

Ташкент — өте таза қала. Жап-жасыл қала. Еңбекқорлар қаласы. Еңбегінің өнімділігіне метроның тигізер пайдасы орасан. Біздің астанамыз — Астанада да «астаналық темір жол» болғанын армандаймын

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...

Көлік тарихына қатысты ақпараттар мынау, мынау, мынаужәне мынау жерден алынды.
Әрі қарай

ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?

Өзбек ғалымы не бүлдірді? Әуезовтің бір ауыз сөзі...

1997 жылы қыркүйектің 10-20 аралығында Ташкентте Әуезов күндері өткізілді. Оны Өзбекстан Жазушылар одағы, Өзбекстан қазақтарының мәдени орталығы, «Нұрлы жол» газетінің редакциясы ұйымдастырды. Бұған Қазақстаннан Қалубек Тұрсынқұлов бастаған делегация, құрамында Шерхан Мұртаза, Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы, Зейнолла Серікқалиев қатысты.
Блог - qonyrbai: ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?Блог - qonyrbai: ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?
Осы жолы өзбек ғалымы, академигі, жазушы-драматург Иззат Атаханұлы Сұлтановпен Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы ұзақ әңгімелесті. «Заман-Қазақстан» газетінің №33 (206) санындағы мақалаға енбей қалған деректі Иззат Сұлтанов өзі ауызбен айтады.

Елуінші жылдардағы дүрбелеңнен сытылып, Мәскеуге бардық. ССРО халықтары әдебиетінен екеуіміз де дәріс оқып жүрдік. Бір жолы филология факультетінде студенттермен кездесу жиыны өтті. Бір қыз бала маған сұрақ қойды: «Иззат Атаханович, сіздің пьесаңыз бойынша қойылған «Навои» спектаклі мемлекеттік сыйлық алды. Сіздің сценариіңіз бойынша түсірілген фильм мемлекеттік сыйлық алды. Ал сізге автор ретінде неге сыйлық берілмеді?» – деді.

– Оны сыйлық беретін кісіден сұраңыз. Жалпы, сыйлықты кімге бергеніне қарай сыйлық берушінің де кім екенін тануға болады, – деп қалдым.

Жиын тарқады. Ертеңіне СССР Халықтар әдебиеті кафедрасының мәжілісі болды. Күн тәртібінде бір мәселе. Ол – менің кешегі жауабым.

– Сыйлық беретін Иосиф Виссарионович.
– Иззат Атахановичтің студентті Сталинге жұмсауы барып тұрған…
– Жолдастар, бұл саяси сауатсыздық. Мұнда саяси астар бар.


Саяси қателескен айыпкер болып шыға келдім. Біразы «Мұхтар Омарханович, сіз не айтасыз» дегендей Әуезовке қарайды. Мұхтар Омарханович қашанғы әдетінше асықпайды. Елдің ең соңынан сөйледі.
Блог - qonyrbai: ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?– Иззат Атаханович! Вы не педагогично поступили, – деді.

Басқа түк айтқан жоқ. Орнына отырды. Әлгі гуілдеп-шуылдап отырғандар: «Иә-иә, бұл педагогикаға жат. Бұлай айтуға болмайды. Қатты ескертілсін Иззат Атахановичке!» – деді.

Мәжіліс тарқады. Мен КГБ-ның тырнағына ілікпей «не педагогичный» болып тірі қалдым. Мұхтар Омарханович мені күтіп тұрған үлкен жазадан осылай бір ауыз сөзбен құтқарды.

Мақала: («Әуезов мені құтқарып қалды». Қазақ үні, 1997 жыл. №9 (316), қыркүйек)

Қосымша:

Тәшкентте 1930 жылы 17 қыркүйекте Мұхтар Әуезов тұтқынға алынды.

«Нұрлы жол» газеті – Өзбекстандағы қазақтардың төл газеті. Бас редакторы – Рысбай Анарбеков. Газеттің тұңғыш саны 1991 жылдың 10 қаңтарында «Достық туы» атымен жарық көрген. Ал 1993 жылдың 20 ақпанынан бастап газет атауы «Нұрлы жол» деп өзгертілді.
Блог - qonyrbai: ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ?
Шерхан Мұртаза мен Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы.

Зейнолла Серікқалиев (1938 жылы 10 ақпанда дүниеге келген) – қазақтың тамаша әдебиет сыншысы. «Ойлар, толғаныстар», «Жылдар сазы», «Ақыл таразысы», «Дүниетану даналығы», «Тағдыр және Біз», «Сын кітабы. Таңдамалы» еңбектерін жазып қалдырды.

Иззат Атаханұлы Сұлтанов 1910 жылы 16 маусымда Ош қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Өзбек КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ал 1966 жылы Өзбек КСР-ның Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі атанды. 1944 жылдан бастап Коммунистер партиясының мүшесі болды. Ал 1934 жылы Тәшкенттегі педагогикалық институтты бітірген. 1945-1948 жылдары Өзбек КСР-ның Халық Комиссары төрағасының орынбасары қызметін атқарды. ««Мезонул авзон» және оның сындық мәтіні» (1947 жылы), «Пушкин және өзбек әдебиеті» (1949 жылы), «Абдулла Қадыр шығармашылығы» (1958 жылы), «Жаңа кезеңдегі өзбек советтік әдебиеті» (1981 жылы) еңбектерін жазған. Драматург ретінде «Қыранның ұшуын» (1939 жылы), Уйгунмен бірігіп «Әлішер Науаиды» (1940 жылы), «Белгісіз» (1963 жылы), «Сенімі бар адамдар» (1960 жылы) пьесаларын жазып қалдырған. 1970 жылы Бируни атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Әрі қарай

"Ө"-ге оралу

Осы жолғы демалысымның 3 күнін қиып Өзбекстанға барып қайттым.
Әкем екеуіміз 16 сәуір таңертең Шымкент қаласынан Жібек Жолы өту бекетіне (таксимен 1000 теңге) келдік. Шекарадан өтпей тұрып, ақшамызды айырбастадық (айырбастау бөліміндегілерден аздап консультация алып, бар жоғы 40 мың теңгені 19,2 курсымен 768 мың сумға айналдырдық).
Әрі қарай

Арабша Каллиграфия көрмесі

Пост өзімнің жеке пікірім ;) егер қандай да бір қателік болса кешірім өтінемін :)

Өзіміздің, яғни Ғаламарттың Каллиграфиясын жазғанмын. Бүгін 10.00де Парасат қонақ үйінде, арабша Каллиграфия көрмесіне қатысып келіп отырмын. Арабша каллиграфия
Әрі қарай

Шоған Абыз(1584-1642)

Шоған Абыз Ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет

Сол бір замандарда 13 жасынан ерекше алғырлығы және батырлығымен елінің назарында болған екен. Абыз атағын бұл бабамызға елі беріпті. Мына ескерткштегі ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет
Әрі қарай