Айна сыры

Қазақ халқының ырымында «Айнаны ашық қалдыруға болмайды» деген ұғым бар. Бұл ырым тектен-текке айтылмаса керек-ті. Өйткені, одан басқа әлеммен байланыс жасалады деген ой бар секілді. Сондықтан үлкендер түнге қарай айнаның бетін жауып жүруді тапсыратын. Шындығында, кейбірде сол айнаға қатысты тосын жайларды құлағымыз шалып қалатын. Түннің ішінде айнаның ішінен белгісіз адамның сұлбасын көргендер бар. Соның салдарынан кейбір адамдар тілін кәлимаға зорға келтіріп, қатты қорыққаны жасырын емес. "Қорыққанға қос көрінеді" дегенмен, сол көрініс бірнеше мәрте қайталанғанын да құлағымыз талай мәрте шалған еді. Сонымен не керек, айна біз үшін түсініксіз құбылысқа айналды десек те артық емес. Әрине, оны зерттеп көрсеңіз, тылсым дүниенің талай сырына назар аударуға болады. Бірақ, әзірге осы тақырыпты тереңнен зерттейтін ғалымдар жоқтығ қасы. Соның салдарынан бұл жағдайлар әлі күнге дейін түсініксіз сауалға айналып отырғаны тағы бар. Үлкендердің «Айнаның бетін жауып жүріңдер» деген сөзі әрбіріміздің құлағымызда тұрған шығар. Сонымен, айна туралы не білеміз? Осы тұрғыда қолдағы мәліметтермен бөлісіп көрелік. Айна – кез келген үйде қолданатын мүлік. Жалпы, үлкендердің айтуынша, айнаны сыйға тартуға, немесе бұрын қолданыста болған айнаны сатып алуға болмайды. Өйткені, айна – қараған жанның энергиясын тартып алып, адамдардың бет-бейнесін, айнаның бетіне түскен қимыл қозғалыстарды компьютер бағдарламасы секілді жадында мықтап сақтап қалады деген түсінік бар. Олай екенін бүгінгі зерттеушілер де дәлелдеп отыр. Сондықтан ескі айна келесі бір басқа жанға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал тіптен қолданылмаған су жаңа айнаның адамға еш қауіптілігі жоқ деп есептеледі
Өз келбетіңді өзіңе көрсететін айнаның сыйқыры да өз алдына. Ертеректе жас бойжеткендер сол айнаның көмегімен өмірлік жарын көруге тырысса, болашақты болжап, өмірінің өткенін көре алғандар да болыпты. Емшілер арасында айнамен аурудың бетін қайтарғандар да кездескен. Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген Парацелсь науқастың айнаға үрлеген демі арқылы аурудың диагнозын қойып, сырқаттарды айна арқылы емдеген. Ол магиялық сыйқырдың көмегімен сырқаттың бойына дендеген аурудың жаман энергиясын пациенттің айнадағы бейнесіне ауыстырған деген аңыз бар. Айнаның шығу тарихы тым тереңде жатыр. Оны сонау ежелгі Шумер, Үнді және Мысыр елдерінде жасаған. Басында айнаны шыны тәріздес, қаралау түсті обсидиан, қола және күмістен дайындаған екен. Алғашқы шыны айналарды ХІІ ғасырда Мурано аралына қоныс теуіп, сол жерде жұмыс істеген венециялық шеберлер жасапты. Бірде Муранодағы шыны жасаушылар кішкентай мәрмәрдің бетіне қалайыны жайып тастап, үстіне сынап құяды. Сынап қосылған қалайыдан «амальгама» деп аталатын қоспа дайын болыпты. Оның үстіне шыны әйнек жабыстырған. Осылайша, қарапайым қажеттілікті өтейтін тұрмыстық бұйым осыдан 9 ғасыр бұрын пайда болады. Бірақ, венециялықтар өнертапқыштық құпияларын 200 жылдан астам уақыт бойы сақтап, айнаны жат жұрттықтарға қымбат бағамен сатып, табыс тауыпты.
Қазіргі таңда айнаны қарапайым қажеттілігінен басқа үйге, кеңселерге, демалыс орындарына көрік беру мақсатында да пайдаланып жатамыз. Алайда, айнаның пайдасынан басқа, адамзатқа тигізер зиянды жағы бар көрінеді. Мәселен, орыс халқының нанымы бойынша, айнаны ұйықтап жатқан адамға қарама-қарсы қоюға болмайды. Себебі, түн ортасында оянып кеткен адам онан өз бейнесін көргенде кенеттен шошынып, бойындағы күш-жігерін жоғалтып алуы мүмкін екен. Ал, Шығыс елдерінде айнаны әсіресе үйдің кіреберісіне орнатып, оның босағадағы жағымсыз энергияларды бейнелейтініне сенген. Еуропада көршісінің жаман ойларын, арам пиғылдарын бейнелейді деп айнаны терезенің тұсына қойған. Ал, Испанияда тіл-көзден сақтау үшін сәби киіміне толтырып айна тіккен. Мұнда жалпы сәбиді 3 жасына дейін айнаға қаратуға болмайды деген қағида сақталған. Өйткені, еуропалықтар бала кекештеніп, тілі кеш шығуы мүмкін деп сенген. Кейде айна екі дүнеиені жалғастырушы секілді. Оны ғалым Раймонд А.Моудидің еңбегінен көруге болады. Ол «Өлімнен кейінгі өмір» атты кітабында «айнада өлген адамдардың аруақтары пайда болады» алыпқашпа әңгімелердің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрмекке бел буады. Атақты психиатор айнамен жабдықталған арнайы бөлме дайындап, сонда тәжірибе жасайды. Нәтижесі тіптен таңғаларлық. Өз еріктерімен келген он адамның бесеуі айнадан қайтыс болған туыстарын көріп, олармен байланысқа түсе алған. Мұндай экспериментті Санкт-Петербургтік танымал психотерапевт Виктор Ветвин де жасаған екен. Бүгінде оның айнамен жабдықталған «Психомантиум» деп аталатын орталығы бар. Ветвиннің орталығында болып, өзгеріп шыққан адамдар болыпты. Соның бірі көлік апатынан қаза болған ұлын қайғырумен депрессияға түскен келіншек: «Мен баламды көріп, онымен сөйлестім, оған ол жақта жайлы екен» деп қалыпты өмірге қайта оралыпты. Осыған қарап-ақ айнаның да сыры бар екенін ұғуға болады. Алайда, онан жөнсіз қорқудың қажеті жоқ. Сөз соңында ақша мен айнаға қатысты ырымға келейік, қаражатыңызды молайтқыңыз келсе, бұған айнаның тигізер көмегі бар екен. Мысалы, айнаның алдына бірнеше кесек ірі купюраларды шашып қойсаңыз, табыс көзі молаятын көрінеді. Үйде кiсi қаза тапқанда нелiктен айнаның бетi жабылады? Өлiм кезiнде айна о дүниеге есiк ашатын қақпа тәрiздi. Сол арқылы үйге жын-шайтандар кiрiп кетпеуi үшiн бетi жабылады. Базбiреулер өлген адамның жаны айна арқылы керi қайтып келмес үшiн жабу керек дейдi. Қалай болғанда да мұншалықты қасиеттi құралды немқұрайлы емес, күтiп ұстаған жөн»
Жәрмеңкеден алынған ескі айна. 37 адам келесі иелері қайтыс болған. Луи Арто айна иесі айна алдында өлтірілген басқа иелерінің бәрінде сол оқиға қайталанған
Барбара есімді патшаның ұлына үйленгелі жүрген қызды болашақ енесі улап өлтіреді. Баласын басқа қызға үйлендірген. Бірақ ол қыз да көп ұзамай өліп қалған. Жігіт Барбараны көру үшін мистикалық дүниені пайдаланғысы келіп екі апта күткен жер төледе. Арманы орындалып қызды көреді, тек ескертеді оған жақындауға болмайды деп. Бірақ сүйіктісін көрген ол бірден құшақтауға асыққан. Ал ол бейне қара болып жоғалып кеткен. Одан кейін қанша жыл өтсе де әлі сол Барбара бейнесін қамалдан көретіндер көп.

Сыр сұлуы! (ақсақалдың әңгімесі)

Бала кезімнен бері үлкендердің әңгімелерін естігенді жақсы көретінмін. Әсіресе тарихи әңгімелерін. Бұл оқиға да сол тойдан кейін, сол ақсақалдың әңгімесі.
«Жылжиды аққу» тағы да басқа әңгімелердің шет жағасын естігеннен кейін мен де ақсақалға жармастым. Жолымыз бір екен таксиге бірге отырдым. Сол өте шыққан жиырма шақты минуттың ішінде әңгіме айтқанды жақсы көретін ата Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әні туралы бір оқиғаны айтып берді.
Күндердің күнінде Шәмші ағамыздың досы үйіне келіп әңгіме барысында «Сырдан да жаны ерке, тістері күріштен де аппақ, жігіттердің барлығы әніне қосатын, Сыр бойы түгел мақтап жататын Саған шабыт әкелген Сырдың құпия сұлуы кім? Қашан көрсетесің?» деген екен. Шәкең де көп ойланбастан «Қатты көргің келген болса осындай күні келеді. Күтіп алуға менімен жүр» депті. Уақыт өте келе Шәмші аға қасына досын ертіп вокзалға келеді. Досы шыдамсыздықпен көзіне іліккен әдемі қыздардың барлығын нұсқап «осы қыз ба?» деп сұрай берген екен. Бір уақытта вогоннан түскен сұлулардың соңынан денелі, еркек шора әйел адам түсіпті. Шәмші досына қарап «Мені сағындарған Сыр сұлуы осы» деген екен. Көзіне басқаша елестеткен досы Шәмшіге ренішті көзбен қарап «Мына әйелдің қай жерін ұнаттың?» депті. Сонда Шәкең: «Досым, Сен менің әнімді түсінбеген екенсің? Оның тәні емес жаны сұлу! Қасыңа келіп сәлемдескенен бастап жанының сұлулығына ғашық боласың» депті.
Тәннің ғана сұлулығына сүйсінбей, Жанның да сұлулығын көре білейік!

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың?!
Әрі қарай

Экспресс тағам - Назгүл

Аса мейірімді және қызуқанды dark_nazgul -дің атымен атаймын бұл тағамды!

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Экспресс тағам - Назгүл

«Ас Кок» байқауында сөзсіз үштікке кіретін бұл тағам бір көргеннен ақ тіл үйіртіп тұр емес пе? Қалай жасалатынын түсіндіре кетейін.
Әрі қарай

Түн

ТОСЫП ЖҮРМІНТүн. Айлы түн… Қара түн…
Түн дегенде, алдымен, көз алдымызға айлы түндегі қол ұстасқан қос ғашық елес береді. «Желсіз түнде жарық ай» соның куәсіндей. Бұл – баршаның ойы. Ал, мен үшін, түн – қорқынышқа толы түнек басқан қара түн. Сол бір түнді есіме алсам, өзгеше күйге бөленіп, ұзақ сонар ойға батамын. Алайда, ойлаған ойымның шешімін таба алар емеспін. Осынша терең ой соңына салған сол бір түн жайынан сыр шертейін.
Балалық шағым. Бірде ата-анамды жолдастары қонаққа шақырады. Мені амалсыздан ерте кетеді. Қал десе де, қалмаймын. Өздері де менің жыламсыраған жүзіме қарап, тастап кетуге қимайды. Ата-анамның тұла бойы тұңғышымын. Алғаш көрген қызықтары…
Түнделетіп қонақтан кеш қайттық. Аяндап келеміз. Жол ұзақ емес. Анам мен әкем қонақта болған жайларды сөзге тиек етіп келеді. Мен қолдарынан қатты қысып, қорқып келемін. Қорыққанымды білдірмеуге тырысамын. Ұйқы қысып, жүргім келмей келеді. Аяқ істен шықты. Анам сәл аялдап, демалып алайық деді. Сол бетпен жол бойы мен оқитын мектептің алдындағы аялдамаға қарай тақала бердік. Аялдама ішіндегі орындыққа отырып, енді ғана «уф» деп демала берген едік, кенет анам айқай салды. Әкем «не боп қалды?» деп ишарат еткендей еді, сәлден соң оның да жүзі бұзыла бастады. Анам мені құшағына алып, жүзімді омырауына басты. Ештеңе түсінбедім. Анамды қатты қысып, мойынына асыла түстім. Баяғы бәсең жүрісті қойып, жорғалата бастадық. Әкем анам екеумізді құшақтап келеді. Анам мен әкем біреуден қашқандай болды. Байқаусыз артыма қарап қалдым. Көзіме қара түнде бір нәрсе шалынғандай болды. Жүрегім дүңкілдеп қоя берді. Көзімді тарс жұмдым. Аялдама ішінде жас бала жатыр. Басына тақия, үстіне қамзол киген. Кішкентайлығына қарап, бала деп ойласам, бала болмай шықты. Қарт кісі деуге де келмейді. Жын ба, пері ме? Білмеймін. Әйтеуір, адам тектес бірдеңе. Жүзінен мүсәпірлік білінеді. Жалынып, көмек сұрағандай. Бар аңдағаным – осы. Ал, ол болса бізге назар аудармады. Жатқан қалпы қозғалмады.
Қорқып келемін. Қорыққанымды айта алар емеспін, тілім күрмеліп, дауысым шықпайды. Үйге жеткенше көзімді ашпадым. Қайта көруден сескендім. Бөлмеге кіріп, төсегіме жаттым. Анам жарықты сөндіріп, есікті тарс жауып кетті. Төрт қабырға, төрт бұрыш. Жалғызбын. Қорқып жатырмын. Көзімді қайтадан тарс жұмдым. Түпсіз қараңғы. Ұзақ жаттым. Тұла бойым қалшылдап, өзімді-өзім ұстай алар емеспін. Дөңбекшіп жатырмын. Түн өтер емес. Көз ілінер емес. Таң атар емес. Не деген ұзақ күн?! Өмірімнен де ұзақ, неткен түн! Қара түн… Тылсым сыр…
Бетіме жылы леп сезілді. Көзімді ашсам, таң атыпты. Үй іші абыр-сабыр. Даңғыр-күңгір. Жамыраса сөйлеген дауыстар. Арасында анамның «Тұрсаңшы, ботақаным! Сабағыңнан қаласың?» деген сөздері еміс-еміс естіледі. Басым мең-зең. Сабаққа барғым келмей жатыр. Түндегі елесті есіме алсам, бойым түршігеді. Қорқамын. Ақыры сылтауратып бармадым. Сол түнннен бастап, аялдаманың қасынан айналып өтетін болдым.
Арада біраз жылдар өтті. Ер жетіп, азамат болдым. Аялдама баяғы бәз қалпы. Талай рет күндіз барып, қарап, бақылап жүрдім. Елесті қайта көре алмадым. Түнде баруға батылым бармайды. Уақыт өткен сайын оны көруге деген ынтығым арта түсті. Оны қайта көрсем қорықпастан қасына барып, сөйлесіп, мән-жайын білер едім.
Бір күні бар күш-жігерімді жиып, баруға бел байладым. Кеш батып, түн болды. Қорықпастан бардым. Тас қараңғы түн. Аялдама ішінде жалғыз отырмын. Елесті күтіп отырмын. Келмеді. Көрінбеді. Өзімді-өзім ұмытып, терең ойға баттым. «Ол өзі кім? Одан сонша неге қорқамын? Оның адамдарға қорқыныш сыйлайтын қандай қасиеті бар? Мейлі ол жын, мейлі елес болсын делік, онда олар неге күндіз көрінбейді? Бәлкім, күндіз болғанда қасына қорықпай барар ма едім? Түннің тылсым сыры неде? Түн неге адамдарға қорқыныш сыйлайды?» Осы сындас сан алуан сұрақтарға жауап таба алмай ұзақ отырдым.
Әлі күнге таба алмай жүрмін. Сол қара түндегі елесті тосып жүрмін...
Әрі қарай

СЕН дегенде...

Мына жер бетінде СЕН болмағанда не істер едім деп те ойлаймын… өйткені, жабырқаған жанымды жадырататын да, көңілсіз сәттерімде үнемі қасымнан табылатын да ӨЗІҢ емеспісің?! СЕНДЕЙ сенімді серікті қайдан таба қояр екем?!
Әрі қарай