Ең нашар газет сайттары

  • KazNET
сурет: Азаттық радиосы
сурет: Азаттық радиосы

Қазір қазақ сайттарының басым көпшілігі ақпараттық, яғни БАҚ өкілдері сайттары. Оның ішінде газет сайттары. Бүгін сол газет сайттарының ішіндегі ең жамандарынан бір жинақ жасап отырмын.
Әрі қарай

Өз сайтыма кіргім келмейді.

Пәнге байланысты бір сайт ашқан едім, әрине дайын конструктормен. Соның шаблонын өзгертемін деп бәлеге қалдым. Басты бетте тұрып басқа бетті ашсам, сол жағындағы меню, мини чат, сауалнама бәрі көрінбей қалады, басқа бетке ауысу үшін қайтадан басты
Әрі қарай

Адырна сайты.

Адырнама
АДЫРНА I Қазақтың шертпелі саз аспабы.

АДЫРНА II Садақтың керме қайысы.

АДЫР Бір-біріне ұласып, тұтасып жатқан белесті дөңес жер. («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 18 бет)
Әрі қарай

Сайт керек пе?

Джумлада орнатылған сайтты басқара білетін, сайтты тегін иемденгісі келетін юзерлерге:

Саған (күшік) сайт керек пе? Мен qalamger.idhost.kz/ сайтын беруге әзірмін. Өзімнің басқа жобаларды қолға алуыма байланысты, жеке бас мәселелерінің көбеюіне байланысты, бос уақыттың азаюына байланысты сайтты жауапты біреудің қолына тапсыруды жүн санап отырмын. Одмин болам деуші еріктіге бере саламын.

Талап: Ешқандай міндет-шарттар қоймаймын. Сайтты бір қалыпты басқарып, қолданушыларды-оқырмандарды көбейтуге жұрт қатарлы үлесін қосса жетеді.

Жауып тастайын десем обал болып тұр.
Әрі қарай

Қуаныштымыз... СІЗДЕРГЕ РАХМЕТ!!!

Достар, аптаның басында тек жақсылықтар тілегім келіп отыр сіздерге!

Сенбі күні кешкі сағат 5-тер шамасында суретшілер үйінде жиналған біздің көңіліміз көтеріңкі болды, Неге? көп нәрсені бітіріп тастадық демесек те, біраз нәрсені шешіп алдық. Алдыңғы поста, «керек, керек және керек» — деп жазып едім, енді онымыз тағы бірнеше «керекке» өсті. :) Сол постан соң, тап осы сайттан, еріктілер мен көмек етемін деген достар саны көбейді, соған мыңда бір алғысымыз шексіз :)
Әсресе, осы сайттың админі — Аршатқа сайт жасап беремін, көмек етемін деген ниетіне мыңда бір алғысымызды айтқымыз келеді!
Және сол сайтты жүргізіп, басы/қасында қадағалап отырамын деп уәдесін берген Жалғас Ертайға да зор алғысымыз шексіз :)

Алғашқы көрменің өтетін уақыты жақын қалды достар! көмек береміз ерікті боламыз дегендерге әр кезде есікігімз ашық, және Қазақстанда алғашқы жастардың ұйымдастыруымен өтейін деп отырған шараға, ниет танытсаңыздар… асығыңыздар ;) жасаған проекті үлкен жобаға ұласып жатса, «Алғашқы қарлығаштар» деген атпен, тарихта қалатыныңызға еш шүбә келтірмеңіз :)
Шын ниетпен қуаныштымыз сіздерге!!!
Әрі қарай

Google-дан жас жұбайларға жаңа қызмет


Google бұл жолы жас-жұбайларға арналған бір қызметін ашты. Жастар енді өз тойларына арнап жеке сайт аша алады, суреттерінен альбом құра алады, той бюджетін немесе шақырылатындар тізімін де реттей алады. Барлығы тегін.

google.com/weddings

Ал, мен ақылы қызмет ұсынамын. Егер қазақ тілінде жас-жұбайларға арналған жеке сайт тапсырғыңыз келсе хабаоласуыңызға болады. Жас жұбайларға арналған сайт жасаймын. Мұны үйленгендер өздері де немесе тойға сыйлық ретінде де тапсырыс беруге болады. Той суреттері, тілек бұрышы т.б беттерден құралған мұндай сайттың үлгісін мына жерден қарай аласыз: abzal-gulmira.kz
Әрі қарай

Бұл тек қана бастамасы - surak-zhauap.kz !

Қазақ тілінде халыққа пайдасы тисін деген мақсатпен құрылған сайттардың бірі — szh.kz. Уақыт өте келе сіз білмеген талай сұрақтарға жауап алатын, қазақ тілді контентке бай үлкен сайт болады деген үміттеміз. Сайт 10.10.2010ж ашылды. Осы уақытқа дейін біз неге қол жеткіздік: Қысқаша жазып шығайын! Осы уақытқа дейін 1228-сұрақ, 3315-жауап, 1302-пікір алынған екен. Тіркелген қолданушылардың саны 360-қа жетіпті. Осымен тоқтап қалады деген сөз емес, бастамасы ғана. Жақында орысша нұсқасын қостық. Әзірге ол жерде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, кіріп көремін деген қолданушылар немесе орыс достары болса мекені http://szh.kz/rus/. Қосымша сайтқа тез кіру үшін szh.kz мекені де жұмыс істеп тұр. Уақытша қаржаттың жоқтығына байланысты, сайт келбетін қолдан келгенше өзіміз өзгертіп жатырмыз. Болашақта сайт дизайны істелсе де, қазіргі ақ-қара түсті келбеті өзгермейді деп отырмыз. Қазіргі уақытта Termin.kz сайтының мүмкіншілігін арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмын.
Әрі қарай

Сайт жаңаруда



Сайт дизайны жаңартылуда. Көрген қателеріңіз болса жаза отырыңыздар. Бұрынғыға қарағанда мындай ақ фон жақсы сияқты.

Сайт жылдамдығы туралы да пікір жаза отырыңыздар.

Update: басқа хостингке көшірілді. Өзгеріс байқала ма, пікір жазу кезінде тез кетеді ме?
Әрі қарай