мобильный операторлар үшінші рет шутить етіп смс жіберіп жатыр. 1 апрельғо хыхых
мен РФ азаматымын. біліп жүріңіз, операторлар.
я голосую за путина или медведа
Бүгін Алматыдан келіп компьютерімді көріп, сағынып қауыштық. Жүзінде бір мұң бар секілді, мені де сағынып қалыпты. Хе-хе-хе ))) Айтайын дегенім ол емес еді…
Өркен ағамыздың презентациясынан сабақ алып, қолданушыларды мақалаға тарту мақсатында осылай сұрақ ретінде пост тақырыбын қойдым. Бірақ мен ұсынғалы видеоның сайлауға қатысы бар. Хе-хе-хе!
“ Төңкерілген пирамида” әдісі бойынша жазамын, анау-мынау, кіріспе сөз айтып бастарыңызды қатырмаймын. Жай ғана сурет қараңыздар. Мен Сіздерден ақылды емеспін. Тек бұл “ бәтшағарлардың” Ресейде болған сайлаулар кезінде “қолға түскенін” айтайын.
“Соғыс басталды! Ақпараттық” деген жүз жол жазба сүйкеткен едім. Кеше. “ Сәуірде сайлау өтетіні белгілі болысымен, жариясыз түрде осы соғыс жариялануы керек еді” деп басталады. Созып қайтем, Қазақстандағы ақпараттық соғыстың салт-дәстүріне тоқталып, Әлиев, Әбіләзовтың билікпен арадағы қағаз қақтығысына сәл кідіргем. Ол материалым оппозишн болып кетті-ау, кәзеттен ырғып түсті (кейін шыға жатар).
Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
“Бояушы, бояшы дегенге сақалын бояйтындар” әлі де бар екен. Оған несіне таң қалып отырғаныма таң қалып отырмын. Көшенің бәрі кезектен тыс сайлаудың үгіт-насихатымен көмкерілгелі қашан. Бәрі де бір кісінің жарнамасы. Баннерлерден де, бильбордтан да күле қарап тұр. Құдды “үйімізде, төрімізде портретте тұрған” Ленин атамыз секілді. Басқа үміткерлердің насихат жұмысы қалта күнтізбесінен аспаған секілді менің ойымша. Шамаларын білген соң шалбарларының қалтасына шамалы тиын алып қалғандары да дұрыс шығар.
Негізгі айтпағым мынау, ел президенттігіне үміткер президентіміздің бір афишасы цирк афишасымен қатар жабыстырылып тұр. Қоғамдық көлікте келе жатқандықтан суретке түсіре алмай қалғаным…