#ББББ. Рейтингтерге рейд

Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Рейтингтерге рейдКөне қарлұқтардың аңызы бойынша, көбелектердің уақыт санауымен бағзы заманда, мыңдаған ұрпақ келіп-кеткен өте-өте ерте заманаларда бір Әкімші болыпты. Ол бір ақылды, бірақ жауыз, рухани қаніпезер екен. Өзі сол кезеңде тілі мәйекті, ойы дәйекті қауымды жинап, жаылнама жаздырып, әр азынадан кейін жазмыштың жазғыштарының жіктеу тізімін жасап жүреді екен. Тізімнен тізімге, саннан санға, сөйтіп бір күні ол тілдері текті, саусақтары ептілерге өздерің жасаңдар осындай тізім деп серкені ортаға тастай салыпты. Өздері тізім ішіндегілерге солай айту дегеніңіз енді… Бұдан асқан аморальдылық (бөлшектемей оқыңдар бұл сөзді!) болар ма?
«Неге бұл жолы осылай жасадыңыз? дегендерге», ол: «Бықақ, бықақ» деп қарқылд… Ә, жоқ, бұл жерде ол бұлай қақалып қалыпты. Содан кейін ғана «Ахаха, ахаха» деп күле беріпті.
Ұзын қоңырқай қызғылт шымылдық.
Бұл аңызды есіме алмас па едім, егер де түнімен қуып ішіп, аузыма саусағыма келгенді шатып отырмағанымда… :) Хыхы.
Қазақ деген қызық халықтың алғашқы блогиадасының ақтық кезеңінің 6-туры «Рейтинг» деген тақырыпта қазір жойылып бара жатқан қыздардың бұрымындай өрілгенін өздерің де білетін шығарсыңдар.
Алты алаш үшін алтыншы турға алты ауызым.
Әйгерім Кеулімжай суреттерін тамаша орналастырып, "Кофеханалар шеруі" атты қызықты пост жазып шығыпты
Тілге кофехана деген сөз еніп кетті ме не, мен басқа тірліктермен жүргенде? Пысық, пысық…
Тек екінші кофехананы сипатталғанда ұққанымыз — рейтинг бойынша төмендей түседі бұл тізімде. Бұл априори соңғы кофеханалардың минусы көптеу болуы тиіс екендігін меңзейді. Алайда, бжик! Соңғылары, мысалы, Рафе — онли пазитиф. Жүйе, ханым, жүйе.
«Бағалары шамалас орындар дизайны мен қызметіне байланысты приоритетке ие болды.» — басымдық деген, әрине, көп мағыналы, сонда да қолдануға болады. Ол ренжімейді.
Артықшылық па, кемшілік пе, өздеріңіз саралаңыздар – мәзірде спирттік ішімдік мүлде жоқ. — Әлбетте, кемшілік! :)
"… алдын-ала брон жасамай жай соғып тамақтанып кете салам деу – далбаса болып қалады." — брон жасау, қықы.
«Бірақ мына бір есіктен өтсеңіз КFC-ге топ ете қаласыз, ал онда әлгі тауықтар бар, хехе.» — "Әлгі тауықтар!". Гениалды тіркес. Несі дейсіңдер ме? Білмеймін, бірақ қолданатын боламын.
«Кофе – тек қана сылтау» демекші, әрине біз кофеханаға тек кофе үшін бармаймыз. Тыныш та жайлы кофехана — құрбылармен сырласуға немесе махаббатыңмен кездесуге таптырмайтын жер. — «Жәлеп – тек қана сылтау» демекші, әрине біз кофеханаға тек кофе үшін бармаймыз. Тыныш та жайлы жәлепхана — құрбылармен сырласуға немесе махаббатыңмен кездесуге таптырмайтын жер. Уахахаха!
Тақырып таңдалуы — нормада. Жақсы, тірі пост.
Маралбек Сағынғанов осы блогиаданың үздік ондығы жайлы толғанады
Менің ойыма да келген тақырып. Қызық екен.
Соңында „Айтпақшыдан“ кейін „Иә, айтпақшы“ деп тавтолог болғаны болмаса, Маралбекктің идеясы қызық. Қысқа қылып жазуды дәрімен ішіп тастай алмайсың. Флакондап па, лакондап па тастаған екен, әйтеуір. Сонда да әй, тәуір.
Қарапайым формула, жеке өзіме идея қызық болды. Бірақ қандай стиль — сондай шолу.
Асқар Базарбай, "Туыстығы адам сенгісіз 10 хайуан".
Енді шіли адам сенгісіз деп, әсірелемесең де болады ғой. „Нәрмәлні“ айтсаң, сенеміз ғой. :)
Тақырып таңдалуы ұнаған жоқ. Жануарларды жек көргенім емес, олар дәмді. Әлеуметтік маңыздылығы жөнінде өзгелерден қалыс қалды. Құрма ли, олар танымдық дүние жазса, осыны айтпас едім. Бірақ…
»Демек, Мараға қояннан бұрын өз «әулеттен» шыққан кәдімгі теңіз шошқасы әлдеқайда жақын екен."
«Ну, енД… «мәңгі» дегенде арқам қозып кетсе керек, 10-15 жылдай дейікші». — Арқаң болса, болар.
«Ал жайраны қазақтар «тағылан» және „үлкен кірпі“ деп атағаны жөнінде деректер бар». — пайдалы-ақ ақпарат.
Тала тағысы — дала дағысы. :) Ақиқат орта жағында шығар.
Мыналар ше, ехидна мен үйректұмсық — ой, бұлардың туыстығы жайлы үнемі біліп жүретінбіз ғой. Егіз ұғымдар. Аудиалды. «Балалар, үйректұмсық пен ехидна — туыстар» деген үйрек тұмсықты апайымның аузынан «ехидно» шыққан фраза әлі есімде.
Ех, жалған дүниедегі сорлы мақұлық — үйректұмсық секілді көрініп кетті өзіме. Бірақ, біз білмейтін тылсым сырлар көп қой…
Жалпы, тақырыпты өз кәйпіңізге таңдасаңыз да, рейтинг қызықты. Негізгі себебі — …
Эльвира Ерғалина той-бизнестегі әншілер райдері жайлы жазады
Мхм, қызық тақырып. Ақшасы барлар үшін.
Жазба жаныңызға жақын, жұлдыз құрбым. «Менің жазбагерлігім аса кең ауқымды, алуан бағытты: Мен кейде Х жайлы жазам, кейде Х жайлы жазбаймын!» депті баяғыда біреу. :)
«Мұны той-бизнестегі тәжірбиесіздігі дегеннен гөрі, тым қарапайымдылығы деген дұрысырақ болар.» — «Тәжірибе» сөзінің орфографиясы мен орфоэпиясы әртүрлі. Дей тұрғанмен… Назгүл әпкеңнің құрметіне зарлатпай-ақ жазайық жөнін.
Әрине, алты жұлдызды қонақ үйлер пайда болса, бірден соны таңдар еді. — ??? Өзім екіжұлдыздыдан асқанына жатып көрмесем де, бар екенін естігенмін. Ә, Қазақстанда ма? Жәрәйд.
Әрине, өзге жұлдыздар мен жұлдызсымақтардың бәрін сұрап, зерттеп шығу мүмкін емес. Кейбіреулері — жұлдыз емес, бірақ жарқырауы Поляр жұлдызындай. Ал ол уақытша. кейбіреулері болидтер, кейбіреулері астероид. Энергияңды сорып алатын атаңа нәле қара құрдымдар да бар! Ой, қысқасы, айтайын дегенім, осы табылған\таңдалған жұлдыздармен рейтингтің өзі де еңбек, жарайсыз!
«Ақпарат әншілердің өзінен, продюсерінен және администраторынан алынды.» — Өртец екенсіз!
Журналистік жазбаға айналмас үшін жеке блогерлік қорытынды жетпей тұр. Жалпы, сапалы жазба.
Қысқаша осылай деп түйейін.
Бірақ, жалпы, мына жазғанның бәрін оқымай-ақ қойсаңдар да болар еді. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Рейтингтерге рейдХә, енді оқып қойғасын, не пайда? Оқымасаң да мейлі дейтін себебім — алда менің де жеке рейтингім бар. :)
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Рейтингтерге рейдСонымен, бұл турдағы ең үздік, ең қызық, ең тартымды дүниелер. Бұл менің бар болғаны өзімнің жеке об субъективті ойым екенін естеріңе кейін де салам. Ал рейтинг 11 сатыдан тұрады. Мен өз ондығымды жазам, сондықтан 11 сатыдан тұрады. Осындай математика!
11. Осы турдың тақырыбы біздің қит еткен хит еткен парадымызды ашады. Қызық тақырып! Жалпы, түснесіздер ме, бұл тақырып болмаса, бұл рейтинг те болмас еді!
10. "Әлгі тауықтар" деген тіркес! Маған мейлі, солай шештім. Мұны тек тауықтарға ғана қолданады десеңдер, қателесесіңдер!
9. Блогерлер еңбекқорлығын қоямын. Әсіресе, аяқпен барып, көруге не телефонмен хабарласып, сөйлесуге мәжбүр болған қыздардың еңбекқорлығы. Адам еңбегімен һәм моргта ғана танылады. Еңбектенейік. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Рейтингтерге рейд
8. «Осы күнге дейін қазыларlfy ең жоғары балл алған 33 жазбаның жиырма бесі финалистерді екен (менікі үшеу-ақ).» дейді Маралбек. — Қолдың қалт еткен қателігі тамаша өң беріп тұр. Тура бір фавориттердің аутсайдері "Қазылар, фу!" деп жазып қойғандай. Қалжың, әрине. Жюриге барахол… брр, базар жоқ. Сонда да бұл тіркес рейтингте орын алады. Түзетпеңіз!
7. Бұл орынға Әйгерім кеулімжайдың мына бір инста-скрині орналасады. Өзгелері де қызық, бірақ осы орысбайлығы мен миррор-селфиі рейтингіме енді. Әлде енД. :)
6. Дельфиндер мен сусиырлардың арасында қыз алысуға болмайтындығы. Кімде бірінші орында, кімде бесінші орында.
5. Қоюлап көрсетілген ерекше райдерлер. Джиптері ақ, аз адамға биіктен тойхана жалдап қойған әулетке алғашқы бестіктен тек Қайрат Нұртасты ғана шақырады ма сонда? «Орамал тон болмайды, жол болады» деген дана халқым, әсіресе таза орамал болса. :)
4. Түсіндірме қажет емес шығар. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Рейтингтерге рейд3. Асхат Тарғынның бірінші орыны. Оу, неткен райдер! Неткен кербездік… Сіз де қыңыр екенсіз, Эльвира. Бірінші орынға қойып. Тек айта барыңызшы: кіндікке сақина салған қыздың кіндігі бір күні сауысқанның ұясында жатады, Асеке… Мария Магдалена, өзің сақтай гөр!
2. Асқар Базарбайдың жеткізу, жазу стилі. Осы жазбасында да айрықша көрініпті. Бағанағы жерде «Негізгі себебі — ...» дегенімді енді айтып отырмын. Айуан тақырыбы демекші, «Акела мүлт кетті! Акела мүлт кетті!» деп айқайлайтын шибөрілер (ортақ түбір менің онымен туыстығымызды білдірмейді) пайда болмасын деп тіледік. Ол үшін соңғы қос турда да «коала» болмаңыз, «мангуст» болыңыз!
1.
Бұл тармақты мен әр көзі қарақты және құрметті оқырманның өзіне қалдырдым. Жарайды, кімді алдайын, көзі әншейін фотодәнекерлік функцияны атқаратын, жай ғана оқырманның өзіне қалдырдым дегім келген. Саяси корректілік. Қысқасы, өз үздік дүниеңізді өзіңіз қойып алыңыз!
Естеріңе салам дедім, саламын: Шын мәнінде, бұл рейтинг те субъективті дүние. Сондықтан, іс жүзінде бәріне бридж, ой… покер болуы тиіс! :)
Ал блогерлерге рақмет!
Өзі жоқтың сөзі жоқ, жюри пікірі жайлы бүгін ештеңе айтылмайды. Оқырмандар пікірі менің қарауыма импотент, ой, тұрмайды. Сондықтан, бастығы келгенде порносайттарының сілтеме іздері компьютерінде қалып қойған офис қызметкері секілді жағдайға қалмас үшін, мен кетейін. Прораб келгенде, қазақша сайтта тым ақылды сөздер жазып отырған сылақшыны көрсе, түсінбей қалып жүрер.
Қош, ағайын! Егер менің жазғандарым миларыңа сыймайтын болса, целлофан пакет алып отырып оқыңдар!
Әрі қарай

77777_000_abk дегенді банға, жазғандарын зынданға жіберуге лайық па?

Былай ғо, сұрыптау мен сұрыпталу деген түсінік әуелден бар, және болғаны, бола бергені дұрыс.
Сонымен, осы керекте 08 маусым 2013, 22:11-де тіркеліп, бүгінге дейін 8 тақырып пен 0 пікір жазған 77777_000_abk атты қолданушының жазбаларын зынданға, өзін банға жібереміз бе? Ақыры, жазбаларына пікір жазуға рұқсат бермейд, өзі де пікір қалдырып, ой бөліспейд екен, не дейсіз, оуу халайық, ішіп кетеміз бе, Жаңа жазбалар дегенге адамға ұқсап кіремін, ол жерде 77777_000_abk дегеннің төрт пресс-релиз жазбасы тұрады.
Админ, «Ауу» деп жіберсе…
Әрі қарай

Ұсқынсыздар

Автомобиль – сән емес, көлік қана. Енді, былай, тұжырым жалпы дұрыс қой. Бірақ, астындағы көлігінің жұтынып тұрғанына ешкім қарсы болмас. Кариншуранс деген америкалық сайт ұсықынсыз автомобильдердің тізімін жасапты. Әдістемесіне тоқталып, көпәріп жазуға тәбет тартпай тұр. Сондықтан, бірден рейтингті қабыл алыңыз.
Әрі қарай

04:24 Сен келме. Мен күтемін



00:13. Түңгі сағат. Түңгі Алматының аспанында жұлдыз
болсайшы. Көк түтін ғана. Сұрланып тұр. Қою қара түнді
сағындым.

00:45. Түннің тыныштығына рахаттана алмай ұйықтап
жатқандарға Жаным ашиды.

01:26. Қалғып кеттім бе? Жоқ. Менің ойым екен қалғып
жүрген …қалқып жүрген

02:11. Жүрегім жұлынып қалардай соғып кетті. Артық
жүрегім жоқ. Ол өзі біреу.

02:36. Жете алмай келемін. Бірақ қайда? Кімге?

03:10.Тағы да түн. Мына таңның ататын түрі жоқ қой. Сенсіз
қанша таң атты?

04:24.Сен келме. Мен күтемін… Ұйқым
Әрі қарай

КерекИнфода жоғары рейтингті пост жазу амалдары


КерекИнфода бүгінге дейін 9000-ға жуық пост жарияланыпты. Оның барлығы жақсы баға алды, пікір жазылды дей алмаймыз. Сайт ішінде қолданушы рейтингі де бар. Көбінесе сол рейтингі жоғары блогшылардың жазбалары оқылады, көп пікір жазылады. Бүгінгі жазбам КерекИнфода беделді блогшы, рейтингі жоғары қолданушы болу туралы болмақ.

Сонымен жазған постыңыз жақсы бағалануы үшін не істеу керек?

1. Дұрыс уақыт
КерекИнфода уақыт маңызды факторлардың бірі. Байқасаңыз бұл жер жұмыс күндері қатты қызады. Жұмыстан қолы босағанның бәрі осында келеді. Демалыс күндері белсенділік төмендеу. Сондықтан мақаланы адам көп кіретін кезде жазған дұрыс. Жұма күні жұмыстан кейін немесе сенбі күні жарияласаң оқылу шансы аз болады. Одан кейін жазылғандардың артына түсіп, көпшілікке көрінбей де қалады. Ең идеал уақыт сейсенбі күні таңертең шығару немесе жұмыстан босай бастаған жұма күнгі таңертең. Дүйсенбі күні жұмыс аптасының басы болғандықтан онша байқалмай қалуы мүмкін. Егер тақырыбың актуальды болмаса ыңғайлы уақытты күт.
Әрі қарай

ТҮРКІСТАН БАЗАРЫ-ТҰТЫНУШЫ АЗАБЫ

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!


ТҮРКІСТАН БАЗАРЫ-ТҰТЫНУШЫ АЗАБЫ
Авторлық сурет
Тазалық саулық негізі дейтін қазақ, кезінде тазалыққа зор мән берген. Қазіргі таңда оған назар салып жатқан ешкім жоқ. Тазалық тұрмақ, алдау, арбау кездесетін Түркістан қаласының базары жан түршігерлік жайды басынан өткеріп отыр.
Әрі қарай

ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАҒАН ҒАНА ҚҰМАЛАҚ ТАРТАДЫ

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!

Бүгінде көше бойын жағалап келе жатып, картасы мен құмалағын жайып отырған көріпкел сымақтарымызды көзің шалады. Бірі көше жағаласа, бірі жеке үйлерінде отырып, болашақты болжайтыны бар. Көріпкелдерді сынамас алдын, көріпкел сөзіне анықтама бере өтейік
Әрі қарай

ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГ немесе не ұтып, неден ұтыламыз?

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!


Бүгінде елімізде «Желілік маркетинг» ұғымы қанатын кеңге жайды. Бұл не дейсіз ғой? Оңай ақша табудың жолы. Қазір ғаламтор арқылы жұмысқа шақыратын бұл жүйе көпшілік арасында дау тудыруда. Жүйелі маркетинг бізге не береді? Немесе біз одан не ұтып, неден ұтыламыз? Осыған кеңірек тоқталайық.
Әрі қарай