Классиканы сүю..!
-Скрипач Арман Мурзагалиевтің триосы қойған тамаша кештен келдім. Ой, несін айтарсың, керемет болды ғой. Шуман мен Малердің туындыларын бір деммен құйқылжытқанда жанымды қоярға жер таппай, өнерлеріне керемет тәнті болдым. Сен неге бармадың?
-Мен онша да классикалық музыка жанрын түсінбеймін, ызыңдап миымды ашытып жібереді.
-Айтасың-ау сен де, классикалық музыкалар жанды рахаттандырады. Ол нағыз өнер ғой, қалай түсінбейсің оны?! Білсең, миды тыныштандырады. Арманға ғашық болып қайттым, бір сөзбен айтқанда. Ол нағыз талант. Роберт Шуманның «ақын махаббаты» туындысын орындағанда бар ғой, өзімді қалай керемет сезінгенімді сөзбен жеткізе алмаймын. «Жамбыл» филормониясының жұпыны, жадағай, көңілсіз сахнасына көзім қадала қарағанмен, көңіліммен шарықтай Тулузедегі театр сахнасында махаббат биін ырғала билеп кеттім бір сәт… нара на на… нанна… патшалар да жаяу баратын жаққа барып келейін,-деп асығыс көтерілген ол тумбочканың үстіне төсеп қойған газеттің бір бетін далпита ұстап шығып кетті.
-Тез кір де, шықшы, мен барайын деп отыр едім.
Абырой болғанда көп күттірген жоқ. «Мана кешкісін ана өзбектердің самсасын бекер жеппін, бар пәле содан болды» деп дауыстаған күйі ішімді қаусыра ұстап, тапырақтап тұра жүгірдім. Көңілім жайланғанмен, ішімнің ауруы басылар емес. Байыз таппай алақтаған көзіме қақ шекесінен көлденең жыртылған Әуезовтың суреті басылған газет түсті. «Егемен Қазақстан» газеті екен. «… зов әлемі» деген баттиған жазуы бар жарты көлдей мақала. Әуезовтің жарты шекелі суреті менен алысқа қарап міз бақпайды.
«… Кешірші, Мұха...» дедім де бүріп бара жатқан ішімді сығымдай, ұстап әжетхана есігін тарс жауып, кете бардым… Міні саған классиканы сүю..!
Әрі қарай