Жолаушы
Жолға шыққалы бері күннің ыстығы бет терісін біртіндеп сылып алып тастағандай. Салқын жел лебі тигенде, ашыта түсті. Жауын айдап әкеле жатқан жел. Көзімді көкжиекке жүгірттім. Жан-жақта қатпар-қатпар сұр бұлттар. Төмен қарай бұлттардан түскен ақ тұман -алыста жауған жаңбырдың көрінісі. Желдің салқындай түскені жаңбыр тамшылары іріленіп, мұздай денеге тиетінін айқындағандай. Соны ескеріп, қалқан болатын паналайтын жер іздестірдім.
Көзге ілінер еш нәрсе жоқ. Адам баласынан жалғызбын.