«Әлем Барысы» атанған кубалық Оскар Рене Кубада қазақ күресі секциясын ашты

Кубалық ауыр салмақтағы дзюдошы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, «Әлем Барысы» Рене Брайсон Видал Кубада қазақ күресі секциясын ашып, желтоқсанның 15-16 күндері Ақтөбеде өтетін Әлем Чемпионатына өз командасымен келеді.
Кубалық Оскар Рененің есімі қазақ күресінің жанкүйерлеріне жақсы таныс. Бірнеше жыл бұрын ол «Әлем Барысы» қатысып, финалда әдемі әдісімен чемпион атанған еді.
Бүгінде ол өз Отанында осы спорт түрін белсенді дамытуда. Оның айтуы бойынша, қазақ күресі – ең тартымды және болашағы жарқын спорт.
«Маған қазақ күресі ұнайды. Техникалары дзюдоға ұқсас келеді. Менің ойымша қазақ күресінің әлеуеті зор», — дейді Оскар Рене Брайсон Видал.
Биылдың 15-16 желтоқсан күндері Ақтөбеде да өтетін Qazaq Kuresi Әлем чемпионатына спортшы Куба құрамасының жаттықтырушысы ретінде келеді.
Сонымен қатар, Әлем Чемпионатына Араш Миресмаели – Ирандық дзюдошы, дзюдодан әлем чемпионы және Ли Вон Хи де өз командасымен бірге келеді.
Qazaq Kuresi халықаралық федерациясының арқасында қазақ күресінің даму географиясы қарқынды түрде кеңеюде. Қазіргі уақытта федерацияның құрамында 29 ел бар. Олардың қатарында: Моңғолия, Украина, Латвия, Грузия, Польша, Норвегия, Эстония, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Болгария, Иран, Испания, Қырғызстан, Кипр, Италия, Словения, Үндістан, Ресей және тағы басқалары бар.
Иран мен Грузия елдерінде балаларға арналған клубтар ашылды.
Қазақ күресі бүгінде даму үстінде: арнайы кеңес құрылды, қазақ күресінің ережелеріне өзгерістер енгізілді, балуандар белдесетін кілем жарақат жағынан қауіпсіз ролл матқа ауыстырылды. Қолдануға ыңғайлы, сапасы жоғары бұл қалың материалдың арқасында күрестің динамикасы арта түспек.
Ақтөбе қаласында өтетін Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Аустрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б.
Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.
Анықтама үшін:
Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы — бұл халықаралық деңгейге ие қазақ Qazaq Kuresi турнирлерінің белсенді ұйымдастырушысы болып табылатын Қазақстандағы жалғыз қоғамдық ұйым.
Федерация жыл сайын халықаралық турнирлер мен іс-шаралар өткізеді. Екі жылдан астам уақыт ішінде: Qazaq Kuresi 2017 Әлем Чемпионаты (Астана, Қазақстан), 2018 Халықаралық бапкерлер мен төрешілерге арналған семинар (Тбилиси, Грузия), Qazaq kuresi Еуропа чемпионаты (Грузия және Польша), 2018 оқу-жаттығу жиыны (Алматы, Қазақстан), Азия чемпионаттары (Қазақстан және Моңғолия) Федерацияның қолдауымен «Әлем Барысы» секілді турнирлер өткізілді.





Міне, осындай жағдайлардан кейін күрестің атауын өзгерту мәселесі көтеріліп отыр. Енді оған қандай атау беруге болады? Әлбетте, сырттан әкеп, жапсыра қою мүлде мүмкін емес. Өйткен өгей сөз өгейлігін көрсетіп, құлаққа сіңбесі анық. Біздіңше ең әдемі, лайықты атау «Белдесу» секілді. Құлаққа жағымды, күрестің синонимі болып, орынын еш қиындықсыз ауыстыра да алады деген ойдамыз. Мысалы «күресе кетті» деген тіркес көбіне «белдесе кетті» деген тіркеспен жиі ауысым жасайды. Бұл құлаққа әбден сіңген атау. Ал оған қарсылардың «Белдесу» Қазақ күресінің бір әдісі дейтіндер үшін, оның орнына "Қоян-қолтық белдесу" деп атаудың еш сөкеттігі жоқ. Демек, қарсылықтың орны емес сияқты.



Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым…
Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал.
Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.
Керек болса, мінеки, сергіту сәті:




































































































