Поколение "П" немесе "Ауызкөттер Теориясы"



Кеше «Поколение „П“» фильмін көрдім.
Мақтаулы кітаппен айырмашылығы жер мен көктей болса да, былай түсінікті, айналасын жұмыр етіп шығарған.
Боғауыз көптігінен кинотеатрларда көрсетпеген сияқты. Өз басым экранизацияның прокатқа шыққанын екі ай бұрын ғана естіп, оны жазып алатын уақыт болмай жүрді.
Әрі қарай

Түнгі ойлар

Испаниямен 6 сағат айырмашылық. Әлі үйренісе алмай, барлығы ұйықтап қалғанда, түнгі үкілер сияқты жалғыз өзім тықырлап шай ішемін, киімдер реттеп, үй жинаймын. Әрине интернетте отырамын. Алайда түнгі 3.47-де достарымның көбісі тәтті ұйқыда, твиттердегі лентадан «Главное не бояться» фильміне берілген жақсы пікірден соң көрейін деп жүктеп қойдым. 2011 жылы түсірілген, басты рольде өзім жаман емес деп білетін Кейт Хадсон. Кино алдында аузымды жыбырлатып бір нәрсе жеп үйренген әдетім бойынша алдыма туған күнімнен қалған тәтті емес торт пен шай әкеліп алып көруге ыңғайландым…

Жалпы фильм рак ауруына шалдыққан қыз бен оның сол оқиғадан алған сабақтары жайлы. Бірден айта салайын, қыз соңында қайтыс болады. Бірақ ол оған дейін шын ғашық болып, әкесін кешіріп, өмірдегі қорқынышынан арылып үлгіреді. Бір қарағанда, қарапайым сюжет, қарапайым американдық драма. Алайда адамның эмоциясын біраз қинайды екен. Ақыры желінбеген торт пен шайды апарып, жаттым.

Қаншама адамдар өмірлерінде бір қорқыныштың кесірінен бақытына жете алмай жатады? Бірі "ұнамай қалсам ше" деп жүрегін ашуға қорқады, бірі «ал егер қолымнан келмей қалса ше?» деп армандаған кәсібіне бармайды, бірі «ол мені тастап кетсе ше» деп күмәндана бастайды, т.с.с сансыз қорқыныштар. Ал ол қорқыныштардың себебі неде? Менің ойымша, біздің заманда «бақытты болу керек», "өз жартыңды табу керек" деген мақсаттар тым жарнамаланып кеткен. Әр адамның арманы бақытты болу, өз жартымды табу дейді. Тіпті қуаныш, тойларда айтылатын тосттардың барлығы соны саған міндеттейді. Егер сен бақытты болмасаң, не сүйгеніңе қосылмасаң өмір аяқталып қалмайды ғой.

Бейне бр бақыт деген белгілі нәрселерге қол жеткізгеннен кейін ғана келетін сияқты. Менің ойымша, ең басты адасу осында. Әрине ондай жетістіктер аз уақытқа шабыт беруі мүмкін, алайда бақытты болып ҮЙРЕНБЕГЕН адам, ол сезімді де тез арада ұмытып кетуі мүмкін. Бақытты болу әр адамның таңдауы ғана.

Ал екінші жартыға келетін болсақ, «екінші жарты» деген ұғымның өзі адамды адастыратын сияқты. Ол сені өмірде жоқ «идеалды» адамды армандап өтумен немесе қасыңдағы сені сүйетін адамды бағаламауға соқтыруы мүмкін. Егерде маған осыдан екі жыл бұрын осындай сөздер жазасың десе, сенбеуші едім. Өйткені мен мәңгілік махаббатқа сенетінмін. Ал қазір менің ойым басқа… «Махаббат жайлы ойлар» атты эллегиямды келесіге қалдырып осы жерден тоқтайын.

Бұл жазбам өзгеден гөрі, өзіме арналған сияқты. Иә, түнгі ойлардың пайдасы да бар екен.
Әрі қарай

Киносөздер

Қисықтың Голливуд фильмдері жайлы жазған тамаша жазбасы бар еді. Мына сілтеме арқылы өтіңіз.
Ол жерде біраз көріністер талқыландды. Ендігі кезек сол фильмдерде айтылатын сөздер.

Басты кейіпкер қаланың жартысын қиратып, ақырында залым жанды ұстап алады.«Осының бәрі не үшін?» деген сұраққа «Я делаю свою работу» деп жауап береді.

Басты кейіпкердің жұмыстасы әкесінің жолдасы болып шығады. Соңында «Знаешь Джек, твой отец гордился бы тобой» деп жас жігіттің иығынан қағады.

Басты кейіпкер рөліндегі қыз жігітке «Уходи, просто уходи» деп сүйе тұра айтады және кейін өзі іздейді әлгі жігітті.

Тағы қандай сөздерді көп қолданады, өле көргенше бөле көрейік!
Әрі қарай

Бүгін мына киноны көрулеріңізге болады

Еркектер басқа не туралы әңгіме шертеді 2

Қызық комедия. Ресейліктердің киносын біздің кинотеатрлар отандық деп көрсетіп жатыр. Қарақшылық филім мында
Ал егер ресейдің филімін ұнатпаймын десеңдер онда өзіміздің отандық филімді қарап шығыңыздар. Жуырда ғана туссауын кескен екен. «Бір тамшы жас» деп аталады. Бірақ кинода көздің жасы көл болады. Гүлім деген қыз туралы. Қалаға оқуға келіп ауылдағы жігітінің көзіне шөп пихаттап, пәктігінен айрылып,  содан кейін де жайбарақат жүре береді. Ақырында аяғы ауыр болып қап, ауылдағы амигоосына қайта қосылады. Байғұс қазақтың режиссерлері-ай. Шынайы өмірді көрсетеміз деп, тұрпайы, анайы, жабайы кино түсіріп қояды.
Мына жерден жүктеп алуға болады
Әрі қарай

Сүйісіп болды

Ауылдан әжем келді. Осы кісілердің қолында өскендіктен «Мама» деп атап кеткенмін ғой бала кезден. «Осы күні телебзірден түк көрсетпейді?» дей отырып үйдегі көпшіліктің шешімімен «Денизбен» тоқтаттық канал айналдыруды. Шәй үстінде әр нені айтысып отырдық. Бір кезде кинодағы қыз бен жігіт сүйісті. Мамам «Баяғыда, 3-4 жасыңда кино көріп отырғанда сүйісетін көріністерде көзіңді жұма қалып, үйдегілерге көздеріңді жұмыңдар, сүйісіп жатыр»,- деп айқайлайтынсың.«Көздеріңді ашыңдар, сүйісіп болды»-деп шамалыдан кейін көзіңді ашатынсың" деп күліп еске алып жатыр.Менің де есімде сондай бір бейәдеп көріністер көрсетілсе бөлмеден шығып кететінбіз. Сол кино біткенше ана бөлмеге аяқ баспайсың ғой. Қазір ауылдағы ағамның балалары (жалпы көп елдің балалары) үлкендермен отырып көре беретін болды ғой бұндайларды. Оған етіміз де бетіміз де үйреніп алды.
Бала кезімде сүйісіп жатқандарды көргенде бөлмеден шығып кетсем де соның соншалықты жаман нәрсе емес екенін түйсінетін ем. Кейін үйленгенсін сүйісуден де жақсы нәрселер бар екенін білдік қой)))
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Высоцкий. Спасибо, что живой

Кеше мына киноға бардым… Алдында осы керек.инфода басты ролді кім сомдаған деп талқылаған сияқты едік… Кеше кинода көзім жетті, Безруков ойнаған… Безруковтың киноларын көргендер, оның қимылдарын, сөйлеу әдісін байқайды деп ойлаймын…

Енді киноға келер болсақ… Кино шынымен өте өте жақсы түсірілген..Қатты толқып шықтым… Высоцкийдің жағдайын түсінгендей болдым… Білмеймін, ондай адам болу оңай емес қой… Кеңес дәуірінің қыспағын қатты сезесін… Ондай деңгейдегі адамдарға қаншалықты қиын болғанын тағы бір көресің… Актерлардың құрамы да өте сәтті таңдалған… Иван Ургант та, Панин де жақсы ойнап шықты..Әсіресе Панин… Нағыз шебер ғой… Кинода Высоцкийдің жеке докторы болып ойнайды… Кинодағы істегендері енді керемет…
Әрі қарай

Ақсақ қой

«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деген жақсы сөз бар ғой халқымызда.Әйтеуір маңырайтынын жанымызға медет. сол қой тәрізде мен де түстен кейін емес, кешке қарай намаздыгер мен намазшамның ортасында маңырайын деп отырмын.
Алматы мен Астананың киносүйерлері баяғыда көріп, пікірлерін, жазбаларын арнаған «алып қашу операциясын» кеше ғана көрдім өз басым. Керемет алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Сол баяғы сөйлеу мәнерлері мен ойнау мәнерлерінің жұтаңдығы анық байқалады. Киноляп дегеннің болып тұратыны белгілі. Бұл кинодағы киноляп қыздың нағашы ағасы Джимми рөліндегі бойдақты сомдайтын Беріктің қолындағы неке сақинасы. Кино бойы біресе саусағынан байқалып қалса, бірде алып тастағандары байқалады. Кей эпизодтары «25 теңгені» еске салатындай.Қаракөз, Тұрсынбектер жақсы-ақ ойнап жүр. Сырым продюссері өзі болған соң басты рөлді сомдаған болар. Дегенмен актерлік шеберлігі аз екені көзге ұрып тұр. Солай.
Әрі қарай