Өзіңізге қандай баға бересіз?

Сәлем Әлем!
Осы сұраққа жауап бере аласыз ба? Бірден? Әлде уақыт керек? Мүмкін қиналатын шығарсыз?
сілтеме
Бұл сұрақты көбіне шетелдік компанияларға жұмысқа қабылдау кезінде жиі қоятынын байқадым. Алғаш рет өзіме қойылғанда тосылып қалғаным рас. Мұнда бір-екі ауыз сөзбен құтыла алмайсыз, не де болса ықшамды шағын презентация керек.Кібіртіктеп қалмас үшін, алдын-ала ойыңызды жинақтап алғаныңыз жөн.
Әрі қарай

Тағы да бір үлкен қадамға жоспар құруға арналған кездесу....

  • KazNET
Алдыңғы мақала ізімен!

Құдай қаласа жігіттер өз істерін толықтай атқарса, жақында бір жақсы істің куәсі боласыздар! Бүгін тамаша бір кездесу болды Шымкент шахарында! Көптен көрмеген достарыммен бір ой тарқатып, сыр шертіп, алға жоспар құрдық. Кездесу туралы ҚАРАСАҚАЛ толықтай өзі жеке пост жазып өтер. Кездесуден бір суретті ұсынайын!



суретті үлкен көлемде көру үшін мұнда шертіңіз!
Әрі қарай

Қонақ күтіп алдық :) сурет көбейді :)

Кеше @patik- тың Қонақты жақсылап қарсы алайық деген постындағы @sigma- ны біразымыз жапа тарғамай күтіп алдық .
Өзіміз ертерек жиналып, әңгімемізді айтып, пицца жеп алдық. Сигма келгенде мафия ойнауға дайын болайық деген ой ғой сол баяғы. Қисық, Патик, Жалғас, Неомен Сигманы күтіп алды. Күтіп отырғанда @oitaza келіп салем беріп кетті бәрімізге.
Мынау енді, Қаз ҰУ дың қыздары кетеміз деп асығып жатып үлгеріп түсіп қалған суретіміз:

@neoman cуретке түспей қойды, «тайно» болып қалғысы келді  
Жақсы отырып, сырларымызды айтып қыздар 11 де үйге қайттық. Жігіттер сыралатып сырларын бөлісуге жеке қалды .
Сол азғана есеп кездесуден. Айтпақшы бұрын кездесуге келмеген @neoman келді. Сонымен, бәрлеріңізбен танысқанымызға қуаныштымыз
Әрі қарай

Тағы бір жиын

Өткен ай Атырау керекшілері үшін, кездесулерге толы ай болды. Ендігі керек кездесуін үстіміздегі айдың 17- ші жұлдызына, Мақпалдың вахтадан қайтар шағына жоспарлаған болатынбыз. Амандық болса 2 күн уақыт қалған екен. Осы кездесуге кімдердің қолы тиеді екен, Мақпалдың өзінің жоспарлары қалай екен деген ниетпен жазып отырмын.
Әрі қарай

Тағы да жиналайық

Қайырлы таң, керекинфолықтар!

Жаздың соңғы айында бәріміз жиналып Қиял Әлемі саябағына барайық деген ұсыныстар түсіп жатыр! Қалай ойлайсыздар? Жақсы идея сияқты. Былай ааааа деп айқайлап, тағы да адреналин бөлеміз
Әрі қарай

Кездесу

Бүгін кешкісін алматылық блогшылар қауымы «Ориент» кафесінде Асхат ағай мен Кәмшаттың ауызашарға арналған дастарханына жиналды.
Әрі қарай

Алматылықтаааар! Аттаныңдар:) (Тақырып ат болды-ау дейм)

Ағайын! Бугін Алматыда Қазақстан интернет ассосациясы Қазақ тілді интернетті дамыту туралы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Соған қатысып шығып, түйгеніміз интернет саласында жүрген қазақ тілділер бас қосып, ортақ ұйым құру қажеттігі туындапты. Сондықтан блогшылар, интернетте жүрген журналистер, ІТ мамандары бас қосып қазақ тілді қауымның құқығын қорғайтын, сөзін сөйлейтін, дамытуға атсалысатын ұйым құрсақ деген шешімге келдік. Өйткені біз қимылдамаған соң орыс тілді қауым қолға алып жатыр. Олардың қандай деңгейде дамытары белгілі. Осыны жеделдетіп қолға алу қажет. Алматылықтар, бүгін осы мәселе бойынша кешке кездесіп, ақылдаспақпыз. Ой қосам деген ағайын болса, келулеріңізді сұраймыз.
Адрес: Алматы қаласы, Сатпаев Байзақов көшелерінің қиылысы! Байзақовтан төмен! Уақыты 8:00 Сабах кафесі
Әрі қарай

Алматылық блогерлермен кездесу

Алматыға Димаштың шақыруымен MediaNet Халықаралық журналистер орталығы ұйымдастырған семинар тренингіне бардым. Бір күн бұрын барғандықтан кешкі уақытымызды босқа өткізбейік деп алматылық блогерлерге хабарластым. Менің жанымда «КазЖур» блог тұғырнамасына «Б Мырза» деген блогымен тіркелген Ботабек атты қарағандылық жігіт болды.
Әрі қарай