Жүктіліктің 1-аптасы. Жүктіліктің алғашқы белгілері

Сәлем, достар! Бұл сайтта менің бірінші мақалам. Сол үшін барлығыңызбен танысқаныма қуаныштымын. Мен акушер болып жұмыс жасаймын. Соған байланысты жүктілік жайында ютуб канал ашып оны дамытып келемін. Сонымен, менің бірінші тақырыбым жүктіліктің 1 аптасы жайлы болмақ.

Жүктіліктің алғашқы белгілері көбінесе байқалмайды. Әйел адам өзінің жүкті екенін тек уақыт өте келе ғана біле алады. Белгілер өзі екіге бөлінеді. Күмәнді және нақты белгілер.

Күмәнді белгілерге: бас айналу, өзін ерекше сезіну, ай сайын келетін әйел адамға тән қонақтардың тұрақсыздығы және циклдың бұзылуы жатады.

Нақты белгілеріне анық байқалған токсикоз, әлсіздік, шаштың түсуі және бел омыртқасының ауыра бастауы.

Толығырақ мына видеода қарай аласыздар.

Өмір үзіктері

Тастама әке балаңды,
Оятшы қызым санаңды!

— Менің аяғым ауыр…
— Алдырып таста! Маған бала керек емес!
— Жоқ… Алдыра алмаймын.
— Не? Туып алып, менің мойныма артып қоймақсың ба? Мүмкін ол менікі емес шығар?!
— Жандос, екеуіміз кездесіп жүргелі жарты жыл болды ғой. Осы уақыт аралығында өзіңнен басқа ешкімге көз салған емеспін. Бұлай деуің қалай?
— Мен сені бағып жүрген жоқпын ғой. Бала менікі емес. Не істесң де өзің біл. Менің шаруам жоқ.
— Маған сенен ешнәрсе керек емес. Мен сені тани алмаппын… Саған сеніп едім… Сонда… мені сүймегенің бе? Махаббаттың болмағаны ма?
— Болса, болған да шығар. Бәрі бітті. Енді маған хабарласушы болма. Кездесу де іздеме. Қош бол!
***
— Мақсат, саған бір өтінішім бар еді…
— Ия, айта бер.
— Мен… Мен… Қалай айтсам екен?.. Менің аяғым ауыр.
— …
— Сенен өтінерім… Мақсат, маған үйленші. Бала туылғаннан соң ажырасып кетеміз… Мен… Мен үй ішіме қалай айтарымды білмеймін. Оларды ұятқа қалдырғым келмейді. Сондықтан саған осындай өтініш айтуға мәжбүр болып отырмын.
— …
— Мен түсіндім. Кешір… Бір өтінерім: екеуіміздің арамыздағы болған әңгімені ешкімге айтпашы. Рахмет саған! Сау бол!
***
— Арайлым, сенімен сөйлесуім керек.
— Мақсат? Ия, айта бер.
— Арайлым, кешірші. Маған ойлану үшін уақыт керек болды. Саған бұрыннан айтқым келіп жүрген. Алайда орайы болмады. Мен сені сүйемін… Маған күйеуге шығасың ба?
— Мақсат… Рахмет саған! Тек… Мен сенің махаббатыңа лайық емеспін… Мен… Мен…
— Арайлым, өтінемін, жыламашы. Мен сені және баламызды бақытты етемін.
***
— Арайлым?
— Ия, біз сізбен таныс па едік?
— Мен Жандоспын ғой. Қалың қалай?
— Жандос?.. Мен де бәрі жақсы. Өзіңнің қалың қалай?
— Арайлым… Кешірші мені… Мен бәрін жаңа түсіндім. Менің бақытым баламыз екеуің екенсіңдер.
— Мама, мама! Жүрші тезірек! Әкем күтіп қалды.
— Жарайды, балам. Мен қазір келемін. Сен әкеңе бара бер.
— Мама? Бұл… Бала… Менің ұлым ба?
— Жоқ, Жандос. Ол менің ұлым! Сен қателесесің, Жандос, сенің бақытың біз емес. Бақытыңды басқа жақтан іздегенің жөн болар. Қош бол!
Әрі қарай

Кеш жүктілік турасында

Бұрын 35-40 жаста бала көтерген әйелдердің өмірі қауіпке толы болатын. Ал, бүгінгі таңда 27-28 жастағы жүктіліктің өзі тым кеш саналады. Сол себептен қазір 30 жастағы келіншектер операцияның көмегімен баланы өмірге әкеледі. Осыны ескерген дәрігерлер тұңғыш баланы 20-25 жаста көру керек дейді.

Кейде табиғи заңдылықтар әрқашан адам ойын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Нақтырақ айтсақ, ерте отбасын құрып, бала сүйе алмай жүргендер қаншама. Ақырында өзгенің баласын бауырына басып алғаннан басқа амал қалмайды. Бүгінде әрбір бесінші отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр.
Әрі қарай

Жұрттың қатыны қатын...

Жұрттың қатыны қатын, менің қатыным атым (атом, айтылуы бойынша жазылды)! Капоттың мұнша жыны келмеген шығар.Қатынына да әрине! Талай жерде талай жігіттермен ішіп жүр, әңгімелесіп жүр… Оларда мұндай бас қатырарлық мәселе жоқ тәрізді.Тәрізді емес
Әрі қарай