Стрип-пластика: денсаулық және «жансаулық»

Соңғы жылдары стрип-пластика (ағылш. Strip – «шешіну», plasty – «пластика») нәзік жандылар қауымы арасында кең таралған спорт түріне айналды. Кез-келген қаланың би клубтарында, спорт сарайларында міндетті түрде оған арналған зал мен жаттығу кестесін табасыз. Бағасы шамамен айына 8-12 мың теңгені құрайды.
Стрип-пластиканың тарихы Ежелгі Шығыстан бастау алады. Көптеген тарихи деректер шығыс матриархат мәдениетінде бөксені толқындата айналдыру қимылы бастапқыда ер адамдарды қызықтыру үшін жасалмағандығын растайды. Ол ең алдымен әйелдің бала туу мүшелерінің тонусын сақтау арқылы дүниеге дені сау ұрпақ әкелуіне арналған. Қазір де бұл би өзінің бастапқы міндетін толықтай сақтаған. Жалпы, аты бір қарағанда «ұятсыздау» көрінгенімен, заты оның этимологиясынан әлдеқайда алыс жатыр. Стрип-пластиканың кәнігі стриптизден басты айырмашылығы – би барысында шешіну міндет емес, сонымен қатар киілетін киімнің талғаммен таңдалуы, би қимылдарының ырғақты, көзқарастың жұмбақ болуы.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
Осыдан бір жарым жыл бұрын құрбыларыма еріп бидің осынау бір түріне жазылғанымда менің, әрине, денсаулық туралы ойлай қойғаным шамалы. Еу, еу, азғын қиялдарыңды бір шетке ысыра тұрғандарың жөн: менің мақсатым жай ғана артық салмақтан арылу болатын. Жалығып тастап кетпей ұзағынан айналысуымның себебі – бидегі жаттығулар мен қимылдардың сан алуандығы. Белгіленген 1 сағаттың алғашқы жартысы сергіту, жекелеген қимылдар мен созу жаттығуларына арналса, келесі жартысы би үйренуге жұмсалады. Енді осы спортпен шұғылдану кезінде өз бойымнан байқалған өзгерістермен бөліскім келіп отыр.

Салмақтың азаюы
Бірден салмақ тастай қоймайсың әрине. Өзім, мысалы, бастапқы жарты жылда небәрі 1-2 кг айырмашылық байқадым. Тек күзге қарай тұп-тура 5 кг тастадым. Бірақ бұл аса маңызды емес.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Бұлшық еттің қатаюы
Таразы тіліндегі нәтиже аса көңіл қуантпағанмен, алғашқы айларда-ақ тартылып, жинақылана бастағанымды өзім байқадым. Киім де бұрынғыдан жақсырақ жарасатын болып қалды. Сөйтсем, босаң тартқан бұлшық ет қатайып, тығыздала түседі екен. Ал бастысы масса емес, көлем екені қыздар қауымына бесенеден белгілі.

Иілгіштіктің артуы
Студенттік кездің дене шынықтыру сабағы аяқталғаннан бері жүктеме көрмеген денем кәдімгідей қатып қалыпты. Масқара десеңші, алғашқыда биді былай қоя тұрып, тізе бүкпей еңкейгенде қолымды жерге әрең тигізетінмін. Кейін сіресіп қалған арқам қимылға келіп, жаттықтырушыдан мақтау сөздер ести бастадым тіпті. Бірақ шпагат деген бәлеге отыра алмаймын әлі күнге дейін, тіпті соған онша тырыспайтын да сияқтымын. Әйтпесе, менімен бірге келген Бану шпагатқа еш қиындықсыз-ақ отырып жүр ғой.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Иммунитеттің жоғарылауы
Кез-келген би секілді стрип-пластика да жүрек пен қан тамырлары жұмысын жақсартып, қан қысымын қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Мен енді үйдің 9-қабатына ентікпей, бір деммен жаяу көтерілетін болдым. Тағы байқағаным, иммунитетім жоғарылады: тұмау тигізіп ауыруды сиреттім.

Көтеріңкі көңіл-күй
Стрип-пластикамен айналысу бақыт гормондарының түзілуіне көмектеседі, эндорфиндер қанға түсіп, көңіл-күй көтеріле бастайды, маусымдық күйзеліс деген атымен жойылады-мыс. Өз басым күйзеліске аса бой алдыратын адам емеспін, әйтсе де, жалпы сымбатыңның жақсарғанын сезінудің өзі мәз қылады емес пе? Жаттығу залынан шып-шып терлеп, құрыс-тырысың жазылып, денеңді тәтті шаршау меңдеп шығудың кайфын айтпай-ақ қояйын.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Комплекстерден арылу
Иә, иә, жан дүниеңнен ойып тұрып орын алатын жасырын/ашық комплекстерден құтылудың тамаша жолы бұл. Стрип-пластика менің өзгеруіме, ашылуыма (әлбетте, шектен шықпай) және өзімді тартымдырақ сезінуіме септігін тигізді. Айналамдағы адамдардан «өзгеріпсің» сынды сөздер мен комплименттер, «қандай диета ұстадың?» тектес сұрақтар көзге көрінетін нәтиженің болғанын растай түсті. Әлеуметтік желілердегі өзімнің спортқа дейінгі және кейінгі фотоларымды шолып шықтым, сіздер де көріңіздер,
дейін:
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
және кейін:
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
Әрі қарай

Үзік-үзік ойлар

***
Денсаулық-зор байлық. Осындай ұран іспеттес, нақыл деуге де келетін мәтелді денсаулық мекемелерінен жиі көремін. Кейде осыған қарап отырып «Зор байлық-денсаулық» деп жазса не болар еді деген сынды ойға шомамын…
***
Бұл денсаулық дегеніңіз адамзатқа Құдайдан берілетін сый секілді. Сый деген әркімге беріле бермейді ғой. Денсаулық та дәл солай. Қанша жерден күтінсең де ауыруға шалдыға беретін кездер болады. Қарапайым ғана мысалдар келтіре кетсем.
Біздің үйдің балалары қыста далаға шыққанда жемпірдің сыртынан свитір қабаттап, қалың пәлтесін киіп, мойнына шарпы орап, киіз ұлтарақ салынған етіктерін аяғына іліп, буынып-түйініп шана тебуге шығады. Көрші үйдің балалары күзгі күртемен, жеңіл – желпі киіммен қалай болса солай шыға салады. Біздің үйдің ең кішкентай баласы астына көрпе төселген, одеялмен қымталған шанада отырады. Көрші үйдің сол шамалас баласы астына сабан төселген боқ шығаратын кәритада жатады. Ертеңіне, тымауратып, суық тиіп, сабаққа бармай қалатын біздің үйдің балалары. Ауырмайсың деп тұмшалай беруге де, өбектей беруге де болмайтын шығар. Бірақ, дәл ана балалар секілді жеңіл –желпі киініп шығып, ауырып қалып жататын да сол баяғы біздің үйдің балалары.
***
Біздің ауылда Тайкен деген азамат болды. Мен ес білгелі жалғызбасты. Тайкеннің отбасысы болған еді деген әңгімені естімеппін және ол жағына бала болған соң ба бас ауыртпаған екенмін. Сол Тайкен тереңдігі 3-4 метр болатын құдықтарды жалғыз өзі бір күнде қазып тастайтын. Біз ол кісіні күші қайта бастаған кезде көргенбіз. Құдықтың түбінде тұрып, дымқыл сазды құдықтың ауызынан ары 4-5 метр жерге лақтыратын жарықтық. «Денсаулығы бар кезде Тәйкендерің бұндай саздарды 10-12 метрге лақтырушы еді. Қартайыпты.» деп үлкендер бас шайқап отырушы еді. Денсаулығы қайтқандағы түрі қылшылдап тұрған жігіттерді жолға қалдырып кететін. Құдайдың сыйы емес деп көріңізші енді…

***
«Ақша болса болды, қалғанын сатып аламыз» деген қалжың-шыны аралас тіркесті жиі естіп қаламын. Бос сөз секілді. Рас, қатты ауырып жүрген, қымбат дәріге, қымбат отаға ақша таба алмай жүрген адамдарға солай болса солай шығар. Бірақ, жағдайлы адамдарға да медицинаның көмектеспей қалатын кездері көп. Менің атамның немере інісі ҰҚК ұзақ жылдар қызмет еткен болатын. Мен білетін шені полковник. Сол кісі зейнеткерлікке шыққан соң өзін-өзі керемет күтті. Оған дейін де күтініп жүрген адам деп естігенмін. Мен ол кісімен қызметінен кетер кезден бастап араласа бастадым. Қарағандыға оқуға келген кезімнен бастап дегенім дұрысырақ болар. Ия, сонымен, ол әкеміз өзін қатты күтетін. Тағамдарды талғап жейтін. Жылына екі-үш мәрте денсаулығын тексертіп отыратын. Шипажайларға бас сұғуды да ұмытпайтын. Өзі менің атамнан бір он жас шамасында кіші. Менің атам қайтыс болғаннан кейін үш айға жетер-жетпес уақытта ол кісі де кетті ғой…
***
Жұрттың күтініп жүрген қатындары бала туатын кезде түрлі аурулары шығып, ем қабылдап барып бала көтеріп жатады. Ақ қар, көк мұзды к*тімен ерітіп қайыр сұрап отыратын анабір халықтың қатындарына таң қаламын. Жылда бала туатын секілді өздері. Емшегінде бір бала, жетегінде жеті, етегінде екі бала. Әлде, ол балалар олардікі емес пе? Әй, сонда да денсаулықтары мықты әлгілердің…
Әрі қарай

Зияндының да пайдасы бар

Тақырыпты неден бастарымды білмей отырмын. Ғаламтүрменің түкпірінен тапқаным біздің зиянды деп жүрген заттарымыздыңда денсаулыққа пайдасы бар екен, солардың кейбіреуімен бөліскім келіп отыр. Әркім өзінше дұрыс түсінеді деп ойлаймын.
Әрі қарай

Ішіп-жеу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ішіп-жеңіз

Өз тірлігін жасап жатқан табиғатты кінәламай, өзіңізді кінәлаңыз. МИЛЬТОН.
(Поль Бреггтің «Чудо голодания» кітабынан үзінді)
Блог - Korkem: Ішіп-жеу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ішіп-жеңіз

Тамақ! Тамақ! Тамақ! Ол адамдар үшін шын игілік шығар, сонымен бірге, қарғысқа айналуы да ықтимал. Артық ас адам ағзасына үлкен зиянын тигізеді. Күндердің күнінде ас қорыту жүйесі шамадан тыс жұмыс істеуін тоқтатады. Оның салдары сұмдық қорқынышты.
Әрі қарай

Көзді сақтау.

Бәріне сәлем. Міне компьютер алдына отырмағалы бірнеше күн өтті. Отырмаудың басты себебі — көзімнің көруі нашарлап кеткен. Компьютерге жаман үйреніп алған екемін, отырмасам бас ауырғандай, не істерімді білмей, сандырақтай кетем. Отырсаң уақытылы достармен, таныстармен сөйлесіп, жаңалықтар бөлісіп отырады екесің, оның үстіне керекинфо жаңалықтарынан да кұр қалыппын...(
Соңғы кездері компьютер алдына отырсам көзім ашып, жасауратып, ұйқым келіп кетеді. Ұйықтасамда бәрібір бұрынғыдай компьютер алдында түндеп отыра алмай қалдым.
Алыстан көруім төмендеп кеткен. Сөйтіп интернеттен жаттығулар, көзді қалыпқа келтіру туралы іздеп, таптым. Бірер жаттығулар бар екен. Күнделікті орындап жүрмін, пайдасы бар сияқты. Бірақ көздің көруі расыменде қалпына келедіма екен? Қалай ойлайсыздар? Және де бірер жаттығулар, немесе көзге пайдалы дәрі- дәрмек, халықтық рецептілер білсеңіздер бөлісе отырыңыздаршы…

Мына сурет сіздерге қажет болар:
Әрі қарай

Кел, билейік! Бачата.

Би...Өзінің тәнін басқара білу – өнердің өнері. Қарап отырсаңыз биде фонограмма жоқ. Қанша қиын болса да, перденің артында дайындалған бишілер әлдебір жарақат, травма алғандарына қарамай, сахнаға үнемі күліп шығады немесе образға сай эмоция көрсете біледі.
Би… Денсаулыққа өте пайдалы. Спорттың бір түрі десе де болады. Би терапиясы арқылы құрысып қалған бұлшық еттерді жұмыс істетіп, іштегі жиналып қалған негативті шығаруға болады. Күйзелістен арылтады. Мүсінің сымбаттала түседі. Жастық қалпыңыздың ұзақ сақталып қалуын қамтамасыз етеді. Қан айналымы дұрысталып, табиғи коллагеннің бөлінуіне әсері зор. Тоңғақтарға: қан циркуляциясы дұрыс болса — тоңбайсыз. Тіпті, сұлулық салондарына бармай-ақ, ажарлана түсетініңіз сөзсіз. Жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесінің жұмыстары жақсарып, иммунитет те көтеріледі. Күз мезгілінде, күн суытқан кезде, күннің көзі, сәулесі аз бола түскен сайын көп адамдарда санадан тыс депрессия пайда болады. Бимен айналысу соның бәріне ем…
Қазір көптеген би түрлерін әр түрлі спорт кешендерінде, мектеп, университет залдарында үйренуге болатынын өзіңіз де білесіз. Зумба, сальса, мықын биі – белли-данс, хип-хоп, стриптиз, тіпті, ересектерге арналған балет дейсіз бе, кез келгенін инструктор тауып алып үйренуге болады. Кез келген биді кез келген жаста меңгеріп кетуге болады. Тек ерінбесең және ниетің болса болғаны. «Уақыт жоқ», «сүйегім қатып кеткен» дегеннің бәрі жай сылтау. «Қаласаң – қар да жанады» деген бар ғой...
Бүгінгі әңгіме бачата биі туралы. Бачата – әдемі, нәзік, сезімтал және аздаған мұңы бар би түрі Доминикан Республикасында кедей әлеуметтік ортада дүниеге келген екен. Бір кездері Рафаэль Молина деген диктатор осы елді басқарып тұрғанда, елде қиын жағдай орын алады. Міне, сол кезде бачата билеу арқылы халық өз мұңын шығарған деседі. Барлық қиындықтарға мұңайған үстіне мұңаймай, сезімдерін, іштегі шерін осы бачата құштарлық биін билеу арқылы шығарып отырған. Үйрену оңай. Сәттілік!

www.youtube.com/watch?v=2cehkSxOLNA

ал, мына ән менен тарту ретінде. Тек тыңдамай, бачата билей отырыңыз: www.youtube.com/watch?v=HRWsGSx2N7Y&feature=related
Әрі қарай

Интернетке тәуелдісіз бе?Интернет сізге тәуелді ме?

Сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе? Таңертең тұра салысымен ноутбугіңізді қосып поштаңызды тексеремісіз әлде өзіңіз ұнатқан сайттарды аша жөнелесіз бе? Құттықтаймыз, сізде интернетке тәуелділіктің алғашқы белгілері бар.Жо-жоқ, бұл психикалық ауытқу емес, бұл жай ғана жаман әдет.

Белгілері

Сіздегі интернетке тәуелділіктің маңызды белгісі ол интернет ресурстарына деген тым қатты қызығушылықтың болуы.Тіпті сіз өзіңізге маңызы жоқ сайттарды еш себепсіз шұқылай бересіз.Мысалы делік, сіз поштаңызды маңызды хат келгені себепті ғана ашпай, жәй ғана хат келді ме екен деп тексересіз.Сізге пошта жәшігін ашып қарау процесі ұнағандығы себепті ғана ашуыңыз мүмкін.
Әрі қарай

Оразаның денсаулыққа зияны бар ма?

Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған.
Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп болмайды, керісінше асқазанның саулығы үшін өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан анық, айқын түрде дәлелденген. Қаншама шетел тілінде маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда көптеген аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета арқылы емнің тез жүретіні білдірілуде.
Ораза – бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеген асқазанмен бүкіл ас қорыту жүйелерінің дем алуы және адам денесінің тазаруы деген сөз.
Адамдарда өте жиі кездесетін індет асқазан және ішек аурулары. Ал бұл жағдай семіру, жүрек және тамыр ауруларына, қант диабетіне және қан қысымының жоғарылауына себеп болуда. Ораза бүкіл бұл аурулардың алдын алушысы болумен қатар емнің көзі болып табылады. Бүгін көптеген аурулардан құтылу үшін диета сақтау керектігін дәрігерлер білдіруде.
Әрі қарай

Бар байлығы әлемнің...

Кенжетайым таңертең апасының қойнында оянса, мені іздеп, менің қойнымнан тұрса, апасын іздеп кететін әдеті бар. Бағана таңертең апасын іздеп кетті, ол арада атасы да келді. Екеуінің ортасында ойнап, кезек-кезек құшақтап, бала да мәз, олар да мәз. Сол арада, апасының есіне әлдене түсіп кетпесі бар ма…
Осыдан тура екі жыл бұрын, маусымның ортасы болатын.
Әрі қарай

"Неге ол өледі?"

«Біздің қателіктерді ең болмаса көмуге болады ғой»© — медиктің архитекторға прикол ұстауы.

Санитарка:
— Қалмырза ағай, өткенде сіз терапиядан келген бір зимагордан он бес мың алып, қалаға жіберіп едіңіз ғой.
-Ия…
-Сол пациент өліп қапты ғо.
-Өш?(мына тазалықшы қаншық не сандалап тұр ей?)
-Ия, прикиньте, ағай!
-Мен алған жоқпын ғой, өзі ғой қалтама салған.
-Ия, мен де солай айттым…
-Кімге?
-Жездекеме…

Айтып отырған жездекесі
Әрі қарай

Отырған орындығыңа абай бол!

Кеңсеге арналған орындықтардың бірі өздігінен жарылып отырған әйелді жарақаттады. Әйелдің жарақатануының себебі кеңсеге арналған әдеттегі орындықтың газдалған көтергішінің жарылуы салдарынан болған. Темір стержень жарылған кезде отырған әйелді тесіп өткен.
Бұл орындық кәдімгі біздің күнделікті өмірімізде пайдаланып жүрген газдалған көтергіш механизммен жабдықталған кеңсе орындықтарының бірі болып табылады. Бұндай механизмі бар орындықтармен әлемдегі кеңселердің 99 пайызы жабдықталған. Орындықтың төменгі жағында орналасқан газды цилиндр оны жоғары көтеріп немесе төменге түсіруге арналған. Орындықтың бұл қасиеті механизмге толтырылған жоғары қысымдағы газ арқылы іске асады. Мына жарылған орындықтта механизмнің еріктен тыс разгерметизацияланған (осы сөздің қазақша баламасын білсеңіздер айта отырыңыздар). Соның нәтижесінде орындықтың стержені атылып, отырған әйелді жарақаттаған. Бұл кеңсе орындықтарымен болған жағдайлардың алғашқысы емес. 2007 жылы Қытайда шығарылған орындықтарының бірі жарылып, 20 см стержень отырған адамның арқасын тесіп өткен. Жарақат алған 68 жастағы ер адам көз жұмған.
Пысы. Абай болыңыздар! Кеңсе орындықтарына жүгіріп келіп немесе секіріп отырмаңыздар ;-)


Әрі қарай

«Отырықшылық» өмір салтын ұстанатындарға арналған ақпарат



Қазір компьютер хайуани қажеттіліктерден басқаның бәрін алмастыратын заманда, адамның сиіп-тышу мен ішіп-жемге кеткен уақыттын есептемегенде, бүкшиіп отырған күйі кейде күніне 8-10 сағатқа дейін монитордан ажырамайтын кездер болады.

Отырған жерінде омалғандар көбейіп кеткендіктен, онымен байланысты простатит (тас-асты сыздауы), проктит (көтаурудің бір түрі), геморрой (бұл да сол), остеохондроз (95 пайыз адамда бар мойын, жаурын ортасы, т.б омыртқа ауруы), миопия (әлжуаз әшкәристер ауруы), т.б ищщаа-кәпір бәлелердің кесірінен адамның уақытынан бұрын 20-25 жастан бастап-ақ істен шығуы, жұмысқа қабілеті, секске тәбеті төмендеуі пысық американ бастықтарын өз офистеріне «зыржолағы» бар тренажер үстелдер қоюға мәжбүрледі. Типі нақ, компьютерден көзіңді алмастан, жаяу жүріп қайтуға, жүгіруге болатындай етіп… Эхх. Нағыз өмір осылардыкі нақ, біздің қаззақтарға оған жету қайда-а-а деп мұңайғаннан басқа ештеңе қалмайтын сияқты.
Әрі қарай

Дәрумендер (мини-шолу)



Енді көктем жақындаған сайын дәрумен жетіспеушілік, қаназдық, көбейеді.
Білә, бірақ көк шөпке ілініп кетуге асыққан қой секілді қурап тұрса да, көтіне тақалғанда тірілетіндер оянып, дереу жаттығушылар көбейеді;
Себебі, биыл жазда тағы да бұты тырысқан джинсы, қарның болса кие алмайтын тар футболка, қолтық жүні қауғадай, бірақ қолдары жіңішкелер кие алмайтын стильді жеңсіз майкалар сәнге айналады.
Оларды киюге ұялмау үшін жігіттер күз түскенде емес, керісінше жаттығуды көктемде, не қыстың аяғында бастайды.
Қазір дәріхананың ішіне кірсең, көзің жан-жаққа жүгіреді. Жасыңа, өмір салтыңа байланысты түрлері де қойыма дейін. Арасына өтірік пайдасы жоқ қи қоса салса да байқамайсың ғой.
Бағасы да әртүрлі.
Қарапайым, құтысы 100-150 теңге тұратын ревит, ундевит, аскорбинкалардан бастап, 3000-ға дейін баратын мультидәрумендер комплексі бар.

Соның ішіндегі өзім тәжірибеме сүйеніп, жиі қолданғандарыма шолу жасап жіберсем деймін:
Әрі қарай

Оразаның пайдалары

Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған.
Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп болмайды, керісінше асқазанның саулығы үшін өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан анық, айқын түрде дәлелденген. Қаншама шетел тілінде маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда көптеген аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета арқылы емнің тез жүретіні білдірілуде.
Ораза – бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеген асқазанмен бүкіл ас қорыту жүйелерінің дем алуы және адам денесінің тазаруы деген сөз.
Әрі қарай

Қарбыз туралы



Қарбыз туралы аздап сыр шерткім келіп тұрғаны. Оған себеп, жаз келіп аз болса да алғашқы қарбыздар сатыла бастады. Ақтөбеде әзірше 60 теңге килосы. Күзге қарай 10 теңгеге дейін түсетін шығар.

Сонымен қарбыз. Қарбыздың отаны Оң.Америка екен. Ежелгі Египетте де адамдар бұл жидекті білген екен. Қарбыз сөзі парсы тілінен келген екен, парсыша харпузак — Есек қияры деген мағынаны білдіреді екен.
Әрі қарай