Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)

Армысыңдар, достар!

Осы аптаның тақырыбына сәйкес, «5-сыныптан кейін математиканы өмірде қолданасыз ба?» деген сауалға математикаға тікелей қатысы жоқ кәсіп иелерінен жауап алу қызық болды. Оған қоса, кейбірінің математикаға жақындығын кішігірім тест арқылы сынауға болады.
Сонымен, екі сұрақ, үш есептен тұратын 5-8 сынып бағдарламасынан алынған төмендегі шағын тест жасалды.
Әрі қарай

Математика жайлаған апта

Иә, бұл апта расында да математика жайлаған апта болды өзі. Қайда барсам — математика… Жә, басынан бастап айтайыншы.

Бұлдыр математика
Бұлдыр математикаға дүйсенбі күні-ақ тап болдым. Кафедрамыздың шақыртуымен бізге дәріс оқуға түу Жапониядағы Осака университетінен профессор Умано Мотохидо келіпті.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Курс атауы — «Бұлдыр жиындар және олардың қолданылуы» және ол бұлдыр көрсеткіштер, бұлдыр талдау, сараптамалық жүйелердегі бұлдыр жиындар, бұлдыр жағдайда шешім қабылдау сияқты сұрақтарды қамтиды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Мұндай пайдалы дәрістерден шет қалмауды жөн көріп алғашқы күннен қатыса бастадым.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Шыны керек, бастапқыда аздап миымыздың ашығаны рас.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Бернұр тіптен мұңайып кетті. Ал сендер «математика — нақты ғылым» дейсіңдер.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Дегенмен, есепті шығарған сияқтымыз.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Мына екі магистрант мәз, әйтеуір.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал профессорымыз болса бұлдыр жиындардың жапондық Matsushita компаниясының кір жуатын машинасы программасына қолданылуы туралы сөз қозғады.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Оның айтуынша, машинадағы кір жуу уақыты бұлдыр басқарумен анықталады екен.
Ғылыми жетекшім «сөйлеуді тануды бұлдыр логикаға салуды үйреніп ал» деп тапсырған еді. Тура мағынасында бұлдыр, бұлыңғыр болып тұрғаны…

«Былдыр» математика

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Былдыр» математика мені жұма күні өзім 4-курсқа оқитын «Сөйлеу технологиялары» пәніндегі «Марков жасырын моделдері» тақырыбына арналған дәрісімде күтіп алды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Студент аз екен» деп таң қалмаңыздар, себебі пән өте тар профилді және оны тек қана «Компьютерлік лингвистика» мамандандырылуын таңдағандар ғана оқиды. Қас қылғандай топтағы жалғыз ұл да сол күні сабаққа келмей қалыпты.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Сөйлеуді қандай да бір Марков процесінің туылуы ретінде қарастыра аламыз. Біздің сөйлеу мүшелеріміз сөйлеу дыбыстарын шығара отырып түрлі күйлердің тізбегінен өтеді, мысалы тілдің орналасуы, жақтың ашылуы, дыбыс трактісінің формасы және тағы басқа. Әр күйде шығарылатын дыбыстарды қандай да бір бақыланатын символдар тізбегі ретінде сипаттауға болады. Жасырын Марков моделдерінде күйлер тізбегін тікелей бақылай алмаймыз, сондықтан модель жасырын деп аталады. Біз тек қана қандай да бір ықтималдықпен таратылған сәйкес символдарды бақылай аламыз» деп отырмаймын ба :-b

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал Дина болса… Сонда қалай, бұларға ештеңе қызық емес пе?

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Дегенмен қызығушылық танытып отырғандар бар екен, сұрақ қойып жатыр :d Менің «былдыр» деген математикам бұларға бұлдыр болып отыр екен. Мотохидоның дәрісіндегі өзімнің түрім есіме түсіп жымиып алдым да, қайта түсіндіре бастадым.

«Нағыз» математика

Сабақтан соң кабинетіме келіп поштамды ашсам, университет бойынша ғылыми-зерттеу институттарын бақылау нәтижесінің рейтингі келіп тұр екен. Біздің «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институтымыз ашылғанына 2-ақ жыл болғанына қарамастан, бірінші санатты ұйымдар қатарына еніпті. Ал рейтинг басында жоғары санатты ұйым ретінде 9,31 баллмен «Теориялық математика және ғылыми есептеулер» ғылыми-зерттеу институты көш бастап тұр екен. «Бұл — белгі» деп ойладым мен: «нағыз математиктер бар ғой онда. Ол ұйымды кезінде математикалық анализ пәнінен коллоквиумға дайындалғанымда кітабын жастанып оқыған профессор Темірғалиев басқарып отырған жоқ па? Барып, институтпен танысып, әрі ол кісіден студенттерді қалай математикалық ойлауға үйрету керектігін сұрап қайтайын.»

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Содан бүгін, яғни сенбі күні институт орналасқан оқу-лабораториялық ғимаратқа қарай бет алдым.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Келсем, профессор Темірғалиев шәкірттерін жинап алып семинарлатып жатыр екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Аз уақытта семинарды аяқтап институтпен таныстыруға көшті. Институт небәрі үш кішкентай кабинетте орналасқан екен.
Екі кабинетте институт қызметкерлері таңнан кешке дейін жалпы сомасы 1 жылға 44 миллион құрайтын 7 ғылыми жоба бойынша жұмыс жасайды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Институтта талантты жас ғалымдар жетерлік. Солардың бірі — PhD Нұрлан Наурызбаев. Ол Thomson Reuters рейтингісі бойынша 2-орында тұрған «Foundations of Computational Mathematics » атты жоғары импакт-факторлы басылымға 34 беттік мақала жариялаған. Мұндай рейтингілі мақаламен оған енді кез-келген шетелдік ғылыми орталықтың есігі ашық. Ал ол болса ЕҰУ-да.
«Мақалада атауынан көрініп тұрғанымыздай, жалпы сандық интегралдауда қорытындылар беріледі. Математика мен информатикада дискрепанс дейтін орталық ұғым бар, яғни жақсы таралудан ауытқу.»

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Болашағынан үміт күттіретін жас ғалымдардың бірі — ақтөбелік жерлесім, PhD — Ақсәуле Жұбанышева. Импакт-факторлы мақала саны — 3. Ақсәуле докторант кезінде-ақ Германиядағы дүниежүзілік математикалық орталықтарының бірі болып табылатын Иена университетіне барғанда әуелі студенттік семинарға қойған баяндамасын ол жақтағылар өздері сұрап профессорлық семинарға ауыстыртқан екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал мынау – Нұрлан Темірғалиевтің кабинеті. Көзіме түскені – барлық кабинетте тақталар. Иә, математиканы тақтасыз елестету қиын.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Маған коллоквиумда көмектесіп, кейін емтиханнан «автомат» алуыма себепші болған «Математикалық анализ» кітабы көзіме оттай басылды. Бұл кітабы туралы профессор «Бейнелі сөзбен айтсам, қасқыр отарға шапқанда бір ғана қойды жеп кете бермей, артындағы күшік қасқырларға, үйіріндегі әлсіз қасқырларға да жемтік даярлау мақсатымен алдында кездескен қойлардың барлығын бауыздап қырып кететіндігін исі қазақ баласы біледі. Біздің институттың да қойып отырған есептері осындай, ары қарай жалғастырып кетуге мүмкіншілік береді. Ал қасқыр қойды жеу үшін оның азуы қандай рөл атқарса, біздің ұсынып отырған «Математикалық анализ» оқулығымыз да сондай рөл атқарады. Ол ғылымға ауыз салатын – «азу» дейді.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
»Оқулық" демекші Нұрлан Темірғалиевтің мектептердегі қазіргі математиканы оқыту үлгісіне мүлде көңілі толмайды. Сол себепті Теориялық математика институты "Қазақстанның инновация-өндірістік дамуына – математикалық қолдау" жалпыұлттық жобасын ұсынып отыр, ол жоба аясында институттың мектеп математикасы бойынша жаңа методология мен методикалары негізінде бүкіл Қазақстан мұғалімдеріне бағдарлама мен оқулықтар толық көлемде дайындалмақ. Ол үшін 2 миллиард теңге көлемінде қаражат керек екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ақыры әңгіме орайы келіп тұрғасын, дайындап келген математикалық ойлау туралы сұрағымды қойып жібердім.
«Математикалық ойлауға баулу мектеп жасынан бастау алуы керек. Баланы жастайынан автоматты түрде жаттауға емес, шығармашылыққа бейімдеу керек. Мысалға қарапайым көбейту кестесін үйретуді айтсақ, біздің мұғалімдер бірден дайын кестені жаттатуға құмар. Одан да алдымен бір мысалда көбейту мағынасын түсіндіріп, ары қарай кесте мәндерін өзі жазып шығатындай ету керек. Сол кезде бала үшін ол жаңалықпен тең, ол оны түсініп тұрады, математикалық ойлау, анализ деген осыдан шығады. Содан кейін ғана кестені жаттата беруге болады. Мектеп математикасының негізгі жүгі «есеп шығару» емес, болашақ мамандығына қатыссыз әр адамға қажетті «математикалық жетілуге» жеткізу болып табылады» деді профессор.



Үйге келе жатып Темірғалиевтің «негізі, адамға отансүйгіштікке қоса қажетті деңгейдегі білім де керек» деген сөзін есіме алып бір күліп алдым. Алда әлі Мотохидо дәрістерінің бір аптасы бар. Қажетті деңгейдегі білімімді алып қалудың бір аптасы…
Әрі қарай

Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

Бұл постты оқып отырғандарыңыздың көпшілігі өзге елдердің тағамдарын қаладағы кафе, ресторандардан немесе фастфудтар арқылы таныдыңыз десем қателеспейтін шығармын. Бүгінгі күні әлемнің кез-келген елінің асханасының тағамдарын қарапайым фасфутарда да қолжетімді бағамен дәмін татып көруге болады.

Пицца, спагетти десе бірден ойымызға Италия, суши десе Жапония, грек салаты десе Грекия, ал дөнер десе Түркияны ойлаймыз. Ал шындығында қалай?


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындықАҚШ
Сосa-Cola, хот-дог, гамбургер десе бірден Америка құрама штаттары ойымызға келеді. Бұл тағамдар бізге АҚШ-тан келген деген стереотип қалыптасқан. Ал шындығында хот-дог – Францияда, картошка-фри Бельгияда, гамбургер – Германияда дүниеге келген.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ҮНДІСТАН
Үнділердің тағамы түрлі қызылды-жасыл көптеген дәмдеуіштермен жасалады деген стереотип бар. Ал шындығында ол олай емес екен. Үндістандықтар белгілі бір дәмдеуішті тек бір тағамға ғана арнап қолданады. Бізде біртүрлі үнді тағамын жеп қалсаңыз ол үнді асханасының жамандығы емес.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық
Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ИТАЛИЯ
Италиялық спагетти мен фрикадельки бұл елдің өзіне қарағанда Америкада танымалдырақ. Италия асханасына тамыры терең сіңген пицца Италияда дүниеге келген деген стереотипке қарамастан, оның дүниеге келген жері Греция болып табылады. Ал танымал италиялық неке сорпасы – Испанияда ойлап табылған.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ГРЕКИЯ
Аты танымал «Грек салаты» әлем бойынша түрлі құрамда дайындалғанымен, оны гректердің асханасынан таба алмайсыз. Сонымен қатар, грек жаңғағын біз Грекиядан деп ойлаймыз. Өйткені ол өзге елдерге Византия арқылы тарай бастаған. Алайда оның Отаны Азия саналады. Ежелгі грекиялық ғалым Теофраст оны парсы жаңғағы деп атаған.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық
Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ТАИЛАНД
Таи тағамдары көбіне батыстықтарға икемделіп дайындалады. Ал шындығында ол тағамдар өз Отанында үндістандық тағамдарға қарағанда да ащы болады.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ТҮРКИЯ
Дөнер десе ең алдымен түрік елі еске түседі. Алайда оның дүниеге келген жері Берлин. Дөнерді ең алғаш рет 1971 жылы Берлинде тұратын Махмұт Айгүн есімді түрік азаматы жасаған.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындықЖАПОНИЯ
Бүгінгі күні әлем бойныша Жапонияның ең танымал ұлттық тағамы ретінде танымал сушидің дүниеге келген жері Қытай. Б.з.д 4 ғасырда қытайлықтар балықты ұзақ сақтау үшін оны тазалап, күрішке салып қояды екен. Алайда балықты жейтін кезде сыртындағы күрішті алып тастайтын болған. Дәл осы тәсілден дүниеге суши келген.



Ал сіз тағамдарға байланысты қандай стереотиптерді білесіз? :)

Фото сурет: Jonathan Icher

P.S. Стереотиптерді бұзу тақырыбында тағамдар туралы жазуыма жарты әлемді аралап келген құрбым Гүлмираның әңгімесі арқау болды.
Әрі қарай

Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!

"Әйел баласы көлікті дұрыс айдай алмайды," деп жатады ерлер қауымы. Тіпті, «көлік тізгініндегі әйел — граната ұстаған маймыл» екенін айтып, өзара қарқылдасып алады. Иә, иә, сіз де дәл қазір бас шұлғып оқып отырсыз.

Ха!

Осы неге екенін қайдам, көшеде жол ережесі бұзылып жатса, «рөлде „точно“ әйел отыр» деп, көріпкелдігіне салып жатады көп кісілер. Әлбетте, сол көліктің жанына барып, болжамының рас-өтірігіне көз жеткізеді. Көкелерім-ау, машина айдаған қыз-қырқынды сырттай сыбай бергенше, алғаш рөлге отырған әйелдің қандай пайда әкелгенін біліп алмайсыздар ма?


Көлік рөліне отырған бірінші әйелдің пайдасы

Қазіргі талайдың махаббатына айналған, «сән-салтанаттың белгісі — Мерседес Бенц» көлігін ойлап тапқан Карл Бенцтің әйелі Берта Бенц (жаңылпаш боп кетті ғой ) — алғаш рет бензинмен жүретін көлікті жүргізген әйел. Ол күйеуіне айтпастан екі ұлын қасына ертіп, көрші ауылға үш дөңгелекті машинамен кетіп қалады. Жолда көлік өшіп қалады, бұзылады. Сол кезде Бертаның шаш қыстырғышы бітеліп қалған жанармай құбырын тазартуға пайдаланылса, шұлығының резіңкесін оталдыруда қолданады. Пәлі, әйелдің мотор-потордан хабары бар боп тұр ғой  Әрине, сырттан көмек те көрсетіледі. Сонда Карл Бенцке Берта «беріліс қорабын» (коробка передач) орнату туралы кеңес берген екен.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Әйелдер жол ережесін сирек бұзады

Рас, қазір жүргізуші әйелдер көбейіп кетті. Әкімшілік полиция Басқармасының статистикасына сүйенсек, Астанада әр бесінші көлікті әйелдер жүргізеді екен. Жол ережесін бұзған 30 көлік тоқтатылса, оның ішіндегі бір жүргізуші ғана әйел жынысты болып шығатын көрінеді. Бұл — Жол Патрульдік Полициясының мәлімдемесі.
Демек, әйелдер тірлікке ғана емес, автоға да өте ұқыпты қарайды. Анда-санда жол үстінде «бұзық боп қойған» қыздың қылығын өмір бақи ұмытпай, барлық қыздың бетіне салық қылады да жүретіні несі екен осы жігіттердің?  Ал, еркектердің трассадағы «оқалақтығы» назарға да ілінбейді…

Рөлде боянады дейсіз бе? Қыздар рөлге отырған былай тұрсын, жаяу жүріп келе жатып бояна алмайды. Өйткені, бетке сурет салу үшін тоқтау керек, артық қимыл болмау керек . Ал, бағдаршамға не тығынға тоқтағанда ерін бояй салғанды есепке алмаса да болады. Өйткені, көлік тоқтап тұр — ешкімге зиян келмейді

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Кілең әйел жынысты жүргізушіден тұратын таксопарк

"Әйелдер көлік жүргізе білмейді" деген стереотип шытынап, тіпті, қирап бітті-ау. Өйткені, кілең әйел жүргізушіден тұратын таксопарк Қазақстанда да көбейіп келеді. Алматыда 2 жыл жұмыс істеп, жабылған «Леди» таксопаркін есепке алмасақ, Қарағанды мен Шымкентте «күлгін көлікті такси» қызмет көрсетеді.

Биыл маусым айында ғана қызмет көрсетуге кіріскен Шымкенттегі «Айсұлу» таксопаркінде 11 көлік бар. Жұмысқа алынған 11 бикештің еңбек өтілі 4-5 жылдан кем емес. Әрине ер-азаматтар сенімсіздік танытып, ол сұлулардың қызметіне жүгінуге қорқатын болар, сондықтан көбіне «Айсұлу» таксиге тапсырыс жасы үлкен кісілерден түсетін көрінеді.
Оны айтасыз, ендігісі 68 жасқа келген оралдық Оразхан апаның өзі аталған стереотипіңіздің қирауына үлес қосқан жоқ па?
Зейнетке шығып, үйде отырған әжелерге кеңес беріп өткенім ұят бола ма деп отырмын.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Такси ұсынатын жаңа қызмет — "әйел жүргізуші"

Тіпті, «шопыр әйелге» деген сұраныс күн өткен сайын артып келе жатқан сияқты. Өйткені, жәй ғана таксилер ұсынатын тағы бір қызмет пайда болды: "әйел жүргізуші". Әйел жүргізуші барлық таксиде бар деп айта алмаймын, сирек кездеседі. Интернетті ақтарып отырып, Астана қаласы бойынша таксиді тізгіндеген 7-8 бикешті ғана таптым. Сұраныс болмаса, бұл қызмет пайда болмас еді

Таксидің қызметіне көп жүгінетін әйел баласы үшін нәзік жан жүргізетін темір тұлпарға отырған анағұрлым сенімді. Бұл қызмет шетелде ертеректен етек жайған. Мысалы, Ресейдің Қазан қаласында әйелдерге арналған мұсылмандық такси бар екен. Жүргізушілері, сәйкесінше — әйелдер. Олар клиенттерін бір межеден екінші межеге жеткізіп қана қоймай, жол үстінде босанып қалған әйелдерге алғашқы көмегін көрсете біледі екен
Ал, Мумбайда (Үндістан) әйел-таксист әдеттегі жүргізушілерден 15 пайызға қымбат ақы алады екен.
Гомельде (Беларусь) әйел жүргізушілердің міндеті — көлігіне мінген адамдарға жанын тыныштандыратын атмосфера құру-мыс. Сондықтан көліктерінде үнемі релакс-бағдарламалар, релакс-музыкалар қосылып тұрады екен.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Өзім әлі машина айдай алмайтындықтан, постымды көлік жүргізетін қыздардың сөзімен аяқтағым келеді

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!



Әсел:
— Мен көлік жүргізіп отырып боянбаймын. Тіпті, күнделікті өмірдің өзінде боянғанды ұната бермеймін, айтулы іс-шара болмаса. Көбіне машинамды қара көзілдірігімді киіп алып жүргіземін
"Қыздар көлік жүргізе алмайды" деген стереотиппен келіспеймін. Сол келіспегендігімнің әсерінен, темір тұлпарға деген махаббатымның мықтылығынан рөлге еш қорықпай отырдым.



Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!



Әйгерім:
— Рөлде отырып боянбаймын. Егер көлік тығынында тұрсам, боянуым мүмкін. Соғұрлым уақыт бос өтеді ғой.
Қыздар көлікті жүргізгенде қандай, тіпті, жігіттердің өзінен артық жақсы жүргізеді. Айдауды енді үйреніп жүрген болар деп ойлаймын, ара-тұра ереже бұзатын қыздар кездесіп жатады. Үйренеді ғой.



Дереккөздер: mojazarplata.kz, otyrar.kz, drive2.ru, ru.wikipedia.org, dvdt.kz
Әрі қарай

ҮЗДІК 10 "ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ". Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

— Олар не істеуші еді маған? Көп болса укол салар… Әйтпесе, алып кетер...

«Тамақтан ұшындым» деп қысылып жатқан құрбымнан неге жедел жәрдемге хабарласпағанын сұрағанымда алған жауабымның сиқы осы еді.
Рас, еліміздің науқастарға жедел көмек көрсету жылдамдығы мен сапасы кейде сан соқтырып, бармағыңды шайнатады. Оған жақсылы-жаман сан себептер бар. Дегенмен, жеке өз жауапкершілігіміз қайда?!
Айталық, ол жай улану емес — «сальмонеллез» не бір вирустық жұқпалы ауру болса ше?! Алып кетсе, дәрігерлер аурудың себебін анықтауға тырысып, жазылғанша оқшаулар ма еді?!
Бірақ, жо-о-оқ. Біз дәрігерге сенбейміз. Одан да жағдайды әбден асқындырып, алтын уақытты өлтіріп, бәрібір сол «жәмән» дәрігердің алдына барғанды артық көреміз…
Ал оған дейін не істейміз?
Әрі қарай

Шетелде білім алу туралы 7 миф

Жылдан-жылға түрлі бағдарлама, стипендия көмегімен немесе өз қалталарынан қаржы шығарып шетелге білім алуға кететін қазақстандықтар көбейіп келеді. Өткен 2013 жылғы дерек бойынша шетелде оқып жүрген қазақстандықтар саны шамамен 67 мыңға жеткен екен. Бұл аз сан емес. Осыған орай біз шетелде оқумен біреуді таңқалдыру қиын деп ойлағанымызбен, ел арасында шетелде білім алу туралы түрлі алып-қашпа мифтер әлі де өріп жүр. Солардың ең көбірек таралғандарын тексеру мақсатында шетелде білім алған/алып жатқан қазақ жастарына сауалнама жүргізіп, пікірлерін сұрадым.

1. «Шетелде білім алу тым қымбат»



ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 мифОксфорд не Массатчусетс технологиялық университетінде оқығыңыз келсе, әрине, бұл миф шындыққа айналады. Дегенмен рейтинг тізіміндегі төмендеу тұрған университеттерге көз қырын салсаңыз, ондағы оқу ақысының Астана мен Алматыдағы оқу орындарымен шамалас екендігін көресіз. QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS бойынша 369-шы орындағы біздің Еуразия ұлттық университетінде ақылы оқу 4000-6000 долларды құраса,

ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 миф

одан сәл жоғарырақ 336-шы тұрған Италиядағы Università¡ degli Studi di Roma — Tor Vergata – да оқу небәрі 2000 долларды құрайды:
ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 миф
Франция, Германия, Чехия сынды елдерде олардың тілін білген жағдайда тіпті тегін оқи аласыз:
ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 миф

Жанна Қаршығанова, Васэда университеті (Жапония): «Мысалға Жапонияны алар болсақ, мұнда мемлекеттік университеттер бар, оларда магистратура жылына 5-6 мың доллар ғана тұрады. Сосын көбіне оқу үлгеріміне қарай 50% жеңілдік немесе стипендия береді. Бізде өз.ақшасымен оқитын қазақтарды білемін. Алғаш келгенде әке-шешесінің қаржысымен келіп, кейін төлемақыға жеңілдік алып, немесе мүлдем босатылғандары да бар.»

Сымбат Айжарық, Carl von Ossietzky университеті (Германия): «Германияда Қазақстанмен салыстырғанда өмiр қымбат. Бiлiм алу ақысыз. Скандинавия елдерiнде де мемлекеттiк жоғарғы оқу орындарында бiлiм алу ақысыз. Студенттерге күнделiктi жолақысына, театр-мұражайларға, спорт клубтарына кiруге үлкен жеңiлдiктер жасалады.»

2. «Шетелге оқуға түсу және шетелде оқу тым қиын»


ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 мифӘр елдің, әр университеттің өзіндік талаптары болады, бірақ біздегі талаптардан еш өзгешелігі жоқ. Негізінен бар мәселе шет тілін білу деңгейіне келіп тіреледі. Ортанқол ЖОО-ларға ақылы оқуға түсу қиын емес. Тек уақытылы барлық құжатты жинап тапсырсаңыз болғаны.
Ақылы оқудан бөлек түрлі бағдарламалар бойынша грант жеңіп алу мүмкіндігі бар. Қазақстандықтарға әлемнің кез-келген жоғары оқу орнына «Болашақ» бағдарламасының арқасында жол ашық.
Оған қосымша ЖОО-лардың өз гранттары болады (сол елдің үкіметінің қаржыландыруы немесе бизнес-компаниялардың қаржыландыруы бойынша берілетін). Олардың біразына өзге елден студенттер түсуіне мүмкіндігі бар. Көп жағдайда мұндай гранттарды минимум құжат жинағымен жеңіп алып жатады.
Нағыз кер жалқаудың өзі болмасаңыз, шетелде оқудың қиындығы жоқ. Тіпті көп жағдайда меңгерілетін кредиттер саны қазақстандық бағдарламадағыдан аз болып жатады. Отандық ЖОО-лардағыдай кейбір қажетсіз сабақтарды оқу міндеттелмейді, өзіңізді қызықтырған курстарды таңдап аласыз.

Динара Талдыбаева, Гази университеті (Түркия): «Түркия Білім министрлігінің шетелдіктерге арналған арнайы шәкіртақылары бар, мемлекеттік және жеке университеттер де (қор университеттері – vakıf üniversiteleri деп аталады) шетелден келіп білім алам деген студенттерге арнайы континтгент бөліп, ақысыз оқуға қабылдайды. Сонымен қатар, түрлі ұйымдар, мекемелер, және беделді тұлғалар үлгерімі жоғары студенттерге стипендия тағайындап отырады. Кейбір қарапайым кісілердің өзі ай сайын қайырымдылық есебінде студентке белгілі бір мөлшерде шәкіртақы беріп отыруды әдетке айналдырған.
Ол жақта білім алу тым қиын емес, бізге қарағанда қиынырақ дер едім. Тек өзіңе сенуің керек, біліміңе және пысықтығыңа байланысты дипломыңды уақытында алып шығу — басты мақсат.»

3. «Шетелге оқуға түсу үшін шет тілін жоғары деңгейде білу керек»


ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 мифСауалнама нәтижесіне қарап, бұл мифтен гөрі шындыққа жақын деуге болады. Иә, көптеген ЖОО-ларда тілді жақсы білу талап етіледі. Оқуға түсу үшін тапсырылатын құжаттар қатарында, әдетте, тіл білетініңді растайтын сертификат болуы керек. Ол Ұлыбритания және Австралия ЖОО-Лары үшін IELTS, АҚШ ЖОО-лары үшін ― TOEFL, Франция ЖОО-лары үшін ― DALF, Германия ЖОО-лары үшін ― TestDaF және т.б. болып келеді.
Әйтсе де жоғары деңгейде болмаса да өзгені түсініп, өзіңіздікін жеткізе алатындай тіл білсеңіз де оқуға қабылдайтын ЖОО-лар жеткілікті. Оларда тіл деңгейі төмен болған жағдайда арнайы курстар бар, қажеттілігін сезінгенде өзіңіз үшін жетілдіріп алуға болады.

Жазира Жанділдә, Измир университеті (Түркия): «Түрiк тiлiн не ағылшын тiлiн мүлде меңгермей барған шетелдік, қазақстандык таныстарым бар. Мамандықтарына байланысты ағылшын, түрiк тiлiн меңгеру үшiн дайындық курсын оқиды.»

4. «Шетелде стипендия мөлшері жоғары. Рахат»


ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 мифЖалпы стипендия деген көптеген шетелдік ЖОО-ларда оқуға ақысына жасалатын жеңілдікті білдіреді. Ол жеңілдік оқу ақысының қандай да пайызын құрауы мүмкін, бірақ бұл қолыңызға ақша беріледі деген сөз емес.
Арнайы бағдарламалар бойынша білім алушылардың күнкөріске берілетін стипендиясы, әрине, ауыз толтырарлық, бірақ кететін шығын да оқитын еліңізге байланысты қымбатқа шығуы мүмкін.

Әйгерім Болатбекқызы, Амстердам университеті (Голландия): «Стипендия жоғары болғанымен, Еуропа елдерінде тамақ, киім-кешек, тұрғын үй жалдау тым қымбат. Алған ақшаң бір айға әрең жететін кездер болады. Студенттер үйін жалдау да тым қымбат.»

5. «Кез-келген шетелдік білім сапасы қазақстандықтан жақсы»


ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 мифОсыдан 10 шақты жыл бұрын жұмыс ұсынушылар Еуропаның қай қуысында болса да оқып келген маманға ерекше көзқараспен қарайтын. Ал қазір жағдай өзгерді. Оның үстіне жоғары еңбекақы төлейтін шетелдік компанияға тұрам десеңіз, ол жердің басшылығы да көбіне шетелдік ЖОО-ларды бітірген болу мүмкін. Олар да ай қарап отырған жоқ, қай ЖОО-ның жақсы, қай ЖОО-ның нашар екенін біледі. Бұл тұрғыда біздің университеттегі математик профессор Темірғалиевтің сөзі есіме түседі: «Швециядағы Лулео технологиялық университеті дейсіңдер ме? Іхе-іхе, оның деңгейі «Жетісайский» университетпен бірдей-ақ».
Бұл жерде аталған екі ЖОО-ны да ғайбаттаудан аулақпын, тек естігенімді айтып отырм

Динара Талдыбаева, Гази университеті (Түркия): «Кішігірім қалаларда, немесе жаңа ашылған университеттерде білім сапасы жоғары дей алмас едім. Тіпті ол университеттерді өз елдерінде «менсінбей» жатқанда қазақстандық дипломнан жақсы дегім келмейді, бірақ арнайы стипендия жеңіп алып, ол елде тегін оқуға түсуге мүмкіндігі болып жатса, Қазақстанда ақылы бөлімде оқығаннан әрине жақсы.»

Санат Батпен, Бостон университеті (АҚШ): «Қазақстанда ЖОО бітіріп шетелдегі ең үздік компанияларға жұмысқа тұрған мамандар өте көп, және керісінше шетелдегі ЖОО-ны бітіріп жұмыс таба алмай жүрген қазақстандықтар да аз емес. Қазақстандағы ЖОО-да оқыған адамдармен араласқан сайын білім алу ел мен жерге байланысты емес екенін көріп жүрмін.»

6. «Шетелде оқығасын тек жоғары рейтингілі ЖОО-да оқу керек»


ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 мифТоп-университеттер бәріне қолжетімді емес. Мәселе тіпті керемет ақылды немесе қалталы болу керектігінде де емес, мәселе оқу орындарының саясатында. Әрине, өз мүмкіндігіңізді байқап көруге тұрады, тек басқа да жеткілікті деңгейде білім бере алатын ЖОО-лар бар екендігін есте сақтаңыз.
Салалық рейтингке мән беру – міне, бұл енді дұрыс шешім. Мысалы, АҚШ десе Гарвард университеті көз алдымызға келе қалуы мүмкін, бірақ Гарвард заң және саясат жағынан жақсы болғанымен өзге салаларда оны басып озатын университеттер бар ғой.

Әйгерім Болатбекқызы, Амстердам университеті (Голландия) : « Барлық жер шарын аралап жоғары деңгейлі университетті іздеудің қажеті жоқ. Оқу орны таңдаған мамандығыңды, жатақханамен, мемлекеттік гранттармен қамтыса болғаны. Негізінде шет елдерде бір университет бірнеше университтермен өзара келісімшарт жасасқан. Бір университетте оқып жүрген студент басқа да университеттерге сабаққа, әрі практика өтуге, сонымен қатар өзіне қажет білімді меңгеруге бара алады. Оларды тіпті арнайы бағыттайды. Мысалы біздің университет «University of Amsterdam» Дания мемлекетінің Орхус университеті, Ұлыбритания елінің Суонси қаласындағы Уэльс Университетімен әрі Алмания мемлекетіндегі Гамбург университетіне оқуға жіберіп отырады. Ол жақтағы жоғары деңгейлі оқытушылардан көп нәрсе үйренуге болады. Сонымен қатар қазақстандық студенттермен танысып достасуға үлкен мүмкіндік бар.»

Санат Батпен, Бостон университеті (АҚШ): «Гуглдің негізін қалаушыларының бірі Сергей Брин бакалавр дәрежесін Мэриленд университетінде алған, ал ол АҚШ бойынша небәрі 62 позицияда тұр. Сондықтан бұл жерде рейтинг маңызды емес. Одан да түсейін деп жатқан ЖОО-ның профессорлық құрамын қараған дұрыс, себебі кейбір «орташа» деңгейлі оқу орындарында өз саласының үздік ғалымдары болуы мүмкін.»


7. «Шетелде оқыған қазақ жастары бұзылып жаман жолға түсіп кетеді»


ОҒМ жазбалары: Шетелде білім алу туралы 7 мифШетелдегі «тентек» қазақ жастары туралы қаңқу сөздер көп-ақ. Білмеймін, мен енді өзім кілең қазақтың көкірегі ашық, көзі ояу жастарымен араласатын болған соң ба, сауалнама нәтижесі көңіл қуантарлықтай біржақты шықты   Мен білетін шетелде оқитын/оқып келген жастар – мақсатшыл және намысшыл.
«Санасына берсін» деген атам қазақ, сондықтан жақсы болу да, жаман болу да өз қолыңызда.

Виктория Әлжанова, Бостон университеті (АҚШ): «Түскен ортасына, алған тәрбиесіне байланысты әрине, бірақ өз көргенім бойынша айтсам, керісінше, айналасына қарап бой түзеп, спортпен айналысып, жан-жақты дамуға көңіл бөледі.»

Жазира Жанділдә, Измир университеті (Түркия): «Бұл тұжырыммен келіспеймін, қайта шетелге шыққандықтан патриоттык сезімдері оянып,«елім, қазағым» деп тұратын қазақ қыз-жiгiттерiн көргенде қуанып қалдым »

Міне, шетелде білім алу үшін мақсат қоя білу мен діттегенге жету үшін сәл ғана еңбектену керектігін өздеріңіз көріп отырсыздар.
Ал сіз осыған байланысты қандай мифтерді білесіз? Айта қойыңыз, қарсы тұжырым табылып қалар
Әрі қарай

Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Осыған дейін арықтау үшін диета мен фитнестің қайсысы маңызды деген тақырыпқа тоқталған едім. Ол постты бастан-аяқ оқуға ерінсеңіз, тұжырымымды қысқаша айта кетейін. Мен үшін екеуі мәреге жетуге көмектесетін құралдар. Демек, бір-бірін толықтырып отыруы керек. Алайда, ең басты проблема адамның басында. Арықтағысы келген жанға кедергі болатын мифтер мен стереотиптер әртүрлі мамандар мен шарлатандар жасаған арықтау бағдарламаларынан да көп. Ендеше, бірінші кезекте миды тазартып алайық.
Әрі қарай

#БББББұзу. Өмірде жақын құрбылар, блогиадада кім бұлар?

Бұзылған нәрсенің бәрі жарамсыз емес. Блогиаданың осы кезеңіндегі 6-туры «Бұзу» деп аталғанын көзі -18 бен +23 арасындағы оқырман жақсы білетін шығар.
Түһ, тағы көп әріп боп кетті. Жарайды, оқыңдар, һәм посттың жартысын суреттер ап тұрғанын ұғыңыздар.

«И сразу о главном...» дейтін жаңалықтар дикторлары секілді. Әуелі мұңды нәжіс болмаса да, көңіл көншітпейтін жайттар хақында.
Абзал Сариевқа ұйымдастырушылар атынан алғыс айтқаннан өзге амалы жоқ. Онсыз да қазақы саналы беймарал блогерлердің арқасында бірнеше сатыдан өтіп кеткен бұл азамат осы межеден жарысты тәмамдады. Ақаулар кесірінен бірнеше сағат кеш жариялаған блогерге ұйымдастырушылардың қатаң болғаны да заңды. Жарыс ол жарыс, ереже ол ереже. Алайда, алғашқы үштікке (қой онымен, бестікке де) таласуға лағынеті де, қабілеті де жете бермейтін жігітті қинамай-ақ, өздері де тыныш көңілмен өтінішін қабыл алған щығар. Абзал, еркексің! Блогиададағы жолың үшін рақмет!

Жандос та уақыт тапшылығын көре отыра, үлгермей қалды. Мен үміт күткен айдаһарлардың бірі еді, екі тур қатар жазбасыз қалды. Сәйкесінше, төрттіктен сырғыды. Ресми өтініш жайлы дерек жоқ, дегенмен… Бәрібір рақмет, сегіздіктегі семіз орның құтты болсын, Жандос! Сенің Асқар туралы туындың менің жүре… жарайды, енді, оттамай-ақ қояйын, архивімде мәңгілік қалмақ.

Егер де сіз сенетін барлық рухани субстанциялар жар болып, келесі блогиада боп жатса, соңғы сегіздік қатарынан мұндай жолмен жарыстан кететіндер болмауы тиіс де санаймын. Иә, өмір, иә, тіршілік. Алайда, «осадок-то остался».

Сонымен…
Ернар Бекенов. «Блогиада #20. Менің стереотиптерім қалай бұзылды?». Маған өз басынан өткен жазбалар ұнайды. Бір жылылық, сенімділік, объективтілік (парадокс!) бар секілді.
Алайда, өз басының стеротиптері жайлы айтқанда, Ерлан Оспан есімді азамат айтпақшы, «Стереотип комплекспен шатасып кетіпті». Жо-жоқ, бұлар да стереотип. тек бір адамның өз жеке басына қатысты болғандықтан, масштабы сондай тар көрінеді. Жеке бастың күйі әркез комплекстермен іргелес. Қысқасы, жалпы мағынасында стереотип ұғымы көп адаммен байланысты болуы тиіс. «Принциптер мен стереотиптер талай өзгереді екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын өміріңде осындай оқиғалар болады десе сенбес едім.» Міне, міне, бұл принциптар болса керек.
Сөзсіз, жазбаның басым тұстарына — тартымдылығы, жылылығы жатады. Өйткені, онда сіз барсыз. Суреттеріңіз — «и-и, джәні». Базарбайдың сіз жайлы жазбаған тұстарын мына посттан білдік. Техника шебер. Сонсоң, аталған кемшіліктері бола тұра, осынау идеяны, постты осылай жазу бастамасын тамаша дегім келеді. Ерекше.
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұзу. Өмірде жақын құрбылар, блогиадада кім бұлар?

Маралбек Сағынғанов. «Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес».
Жазба тілі жатық. Демотиваторлар (факт жүзінде — мотвиаторлар) — өрт! Иә, бәлкім, көбі орысша дайын демдердің аудармасы шығар. Бірақ ол кімнің шаруасы? Нәтиже біреу — қазақша қағытпа, тамаша материалдар шықты.
Енді, жалпы, тақырып таңдау. Білетін тақырып болғасын, жиі бой ұруға кет әрі еместігіңіз көрініп*-ақ тұр. Өйткені тура бір ай бұрынғы постыңыз да «Арықтау амалдары: Диета әлде фитнес» деп аталып еді ғой. Ой, балдызыңды, сөздеріне дейін бірдей-ақ екен. «Алдыңғы бір постты өңін айналдырып қайта жазып шыққан сияқтя екен» (цитата қаз-қалпында) деген Қожабекова ханым да мұны байқапты.
Сонсоң, стереотиптерді айтып-айтып тастап, олай емес екенін ұқтырғаннан соң, сәл-сәл басқа не істеу керек екенін кеңестеген ләзім бе деп қалам. Мысалы, «Кешкі алтыдан кейін нәр татпа» — стеротип-миф екенін паш еткен соң, онда сол кеште қалай, не, қанша жеген жөн екенін де айта кетсең, қатып кетер ме еді? Білмеймін, «аяқталмай қалудың тұщымды дәмі».
Жалпы, ана айтылғанның бәрі стереотиптер деген тұспал үшін ғана, ақпараттық салмағы үшін ғана тағы да бір сауатты пост дер едім. Дей тұрғанмен, дәлелдеу жүгі онша орындалмаған секілді.
Иә, тағы бір рет айтайыншы, демотиваторлар — өрт!Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұзу. Өмірде жақын құрбылар, блогиадада кім бұлар?

Әйгерім Кеулімжай. «Шетелде білім алу туралы 7 миф».
Пост тілі — қарапайым, түсінікті. Еңбек көзге ұрып тұр. Тамаша пост!
Бірден: «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» (С.Т.) дейтұғын тұжырымдардан гөрі, мынадайлардың бар екенін оқырманның өзіне дәлелдей көрсете отырғаның — жақсы жүріс. «Статистиканы қара, еу, маубас!» деп шұқып көрсету — қалай болғанда да әккілік (әкулік?  ) Дегенмен, бірінші мифтегідей көрнекі статистканы басқаларға да көрсетуге болар еді. Мәселен, оқу ақысы туралы пунктте. Дәніктіріп жібердің жай.
«2. «Шетелге оқуға түсу және шетелде оқу тым қиын»» — сауалнама қорытындысы бойынша, халықта бұндай стереотип жоқ екен, шынымен де солай деген сияқты нақты қорытынды жасай кетсең, біз секілді ноқалай ноқаттарға тәуір еді. Әйтпесе, тақырып стереотип бұзу болғасын, біз жарым-жартылай оқып, сондай стереотип бар деп ойлап қалармыз. Егер терең үңілсең, логикалық шырмалуға ұшырап қаласың. Жалпы ботқа, бірақ ол сенің постыңа байланысты болмауы мүмкін. Менің басыма байланысты болуы да ықтимал.
«Ал сіз осыған байланысты қандай мифтерді білесіз? Айта қойыңыз, қарсы тұжырым табылып қалар.» Поһ, не деген паңдық, не деген сенімділік! «Бүге-шігесіне дейін білем, келіңдер нақ!» дейсің бе?
бы.зы. Шетелде оқитын таныстарың көп екен. Жазба — құнтты, алда жаңа жетістіктер тілеймін!
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұзу. Өмірде жақын құрбылар, блогиадада кім бұлар?

Асқар Базарбай. "ҮЗДІК 10 «ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ». Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады". Көрейік.
Стиль, тіл — орынды. Жоқ, материал суперрррро! Мысалы:
"Әрине, ондай кезде әрбір «шәкәрімтанушы» табан астында медицина ғылымының докторы боп кетеді."
«Ақтөбе облыстық жедел дәрігерлік көмек көрсету ауруханасының оташысы — Арыстан Базарбай» — Сыбайлас қамқорлық?
Бірақ, мен «кажется, сапсем ақуел». Мынаны қарашы. "Ұшық, яғни герпес суық тию арқылы емес, вирус әрекеті нәтижесінде пайда болады" дегеніңе сене отыра, оны дәлелдейтін дәйек іздеп отырмын. «Асқар айтты ғо» — негізі, аргумент, дей тұрғанмен… Тағы бірдеңе қоссаң, қарабайыр ажалды ғалымдар сөзі, статистика, меднұсқаулық үзіндісі. Жай, қалау.
Жоооқ, мына «подачаны» қарашы! Түууу!
«Сондықтан, тағы да қайталаймын, білмесең — түртпеші бейшараны.»
«Сатпаев пен Гагарин көшелерінің қиылысын меңзеп, ұлы тұлғаларды масқаралау үшін тұрған жоқ.» — Құрманғазы?
Болдым. Цитаталап отырам ба енді осылай?
Жалпы, пост — күшті-күшті. Маған өзіме көп кеңес түйгізді. Менің қара жұмысымда, айналамда талай «ауыштар» жүргенде пайдалы ма деп қалдым. «Келесі жазбаңызға автоматты түрде 10 ұпай қоямын деп отырмын. Тіпті далбаса жазсаң да.» (Ерлан Оспан) — неннадда так.  Бірақ мен де осылай жеткізер ем эмоциямды. Назгүл 9 қойды, хехе!
Асеке, шаба бер!
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұзу. Өмірде жақын құрбылар, блогиадада кім бұлар?

Эльвира Ерғалина. «Көлік тізгініндегі әйел — граната ұстаған маймыл? Ха!»
Пост танымдық ақпараттарға толы. Стиль — аралас, алайда, бұл жерде — бұл артықшылық.
«Астанада әр бесінші көлікті әйелдер жүргізеді екен. Жол ережесін бұзған 30 көлік тоқтатылса, оның ішіндегі бір жүргізуші ғана әйел жынысты болып шығатын көрінеді… Демек, әйелдер тірлікке ғана емес, автоға да өте ұқыпты қарайды». Суыртпақтаған тұжырым ғой, феминистка! Қой, қауіпсіздік қызметкерлері кейде жай әйел екенін көріп, тоқтатпай қоя салады.
Жалпы, өте сапалы пост. Жарып жіберетін ештеңе болмағанымен, әр бөлшегі орнында секілді. Есіңізде ме (не сұрақ мынау? сіздің есіңізде болмағанда, кімнің есінде болад?), «Көктем — кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы» атты жазбаңызда жезөкшенің пікірмен аяқтап едіңіз ғой. Сол секілді қою нүкте болса деймін де. Мысалы, қатты айдайтын (мәшинені) қатынның видеосы. Жай, өз толғанысым. Рақмет, сізді лав екенімді айтып па ем өткенде?
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұзу. Өмірде жақын құрбылар, блогиадада кім бұлар?

Айнұр Ракишева. «Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық».
Классикалық әйелдерский жұмыс. Ізденіс бар. Безендіру — зор!
Ал жұмыс орташа. Сіздің сегіздікке сай пост жазбауыңызға себептердің ішінде -" пост жаза салсам болды" дегендей пиғыл байқалатындай ма… Турнирлік жағдайға орай, таныс алқаш Бәжөн айтатындай, "Өмір сүру — зайпал, өлу — западло" деген ұстаным ойға келеді. Сонда да, соңына дейін жазып жатқаныңызға ризамын.
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұзу. Өмірде жақын құрбылар, блогиадада кім бұлар?

Тоқетері: көрдік, шолдық. Қазақтілді контентті ұлғайтып жатқандарыңызға рақмет! Назгүл Қожабекованың осы аптадағы қазылығына ерекше алғыс айта отыра, бір ауыз (бір тіл, 29 тіс) сөз:
Маралбекте тың идеялар, парасат ауқымы кең еді, осы турдағы жазғаны блоги стильдік тұрғыда сапалы болғанымен, төрттікке кіргендегі немқұрайлылықтың белгісіндей болды. Мәке! Жиналыңызшы! Жарайды, Асқар, қияр с ним, бірақ ана екі пері қызды тур шеңберінде шайнап алатын қабілетіңіз бар ғой!
Ернар мен Айнұрға айырып-айырып алатын, блогиадағы құлыпсыз есікті әдемі тарс жабатын сәт келді. Әдемі пост күтеміз. Айнұр, сіздің талғамыңызбен көсілетін кезіңіз осы тур екенін өзіңіз де сезетін шығарсыз?
Асқар — өз бабында. Маньяк!
Және… Әзірге рейтингтегі әзірге екінші орынға тамаша тартыс боп жатқанын айтқым келеді. Ох, Эльвира, ох, Әйгерім! Ох, кербездер! Бірінен-бірі өтіп сілтеген арулар осынау турнирлік жағдайда шын шеберлік көрсетіп жатыр. "Өмірде жақын құрбылар, блогиадада кім бұлар"? Өз артықшылықтарына ие қасқыр қарсыластар, менің пікірімше… Бір-біріңмен алыссаң да, бір-біріңді қамшылай отырып, Базарбайды тақтан құлататын мүмкіндіктің мүңк еткен исін сеземіз әлі…
P.s. Өткенде біреулеріңіз мәймөңкелеп, «бұ гім болды, қай танысым тыраштанды?» деген шығарсыздар?
Біле жүріңіздер, керекинфоға тіркелмей оқитындар тіркелгендерден көбірек. Халық санасында оқып алып, ештеңе жазбай, тіпті пікір білдірмей кете беру — қалыпты секілді көрінеді. Арамтамақтық сана. Мен де 3 жылдан бері жай оқыдым, тіркеліп жазғандағым осы болды. Енді жұрттан қағып кеткен стильдер, тіркестер болды, әрине. Сонда да өзімнің журналистік «началым» тегін емес, қабілетім болуынан деп санаймын.
Мен — Бөрібаймын. Және маған сендердің артық пайымдарыңыз емес, осындай шолудағы фотогерлік, безендіру мәселесіндегі кеңестеріңіз қажет.
Бейбітшілік, достық, блог!

Келесі кезекте… Вуа -ля! Математика! Фотореп!

Суреттерді ықыласпен ұсынған Медет Жансановқа алғыс айтамын.
Әрі қарай

#ББББ. Миттельшпильдегі дебют: Сұмырай келсе, су құриды

Бірден байыппен баяндайын, бәріне белгілі болсын. #ББББ-ны — «Бөрібай Бекарыстан Блогиада барысы» деп білген абзал.
Ойынға ортадан қосыла салып, мәңгіп отыратын ойыншылар болады ғой. Солар секілді сегіздіктің бесінші турынан бастап шолу жасап жатырмын. Бірақ мәңгіп отырғам жоқ, отырмаймын да. Ортадан біліп қосылдым. Миттельшпильдегі дебют. Шах!
Уа, исі қоламт… бррр… исі қазақ ағайын! Келесі шолуым жарық көрсе, мұндай көбәріб болмайды, сол себепті ыждаһатпен оқи салыңдаршы.
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Миттельшпильдегі дебют: Сұмырай келсе, су құриды
Негізі, «Сұмырай келсе су құриды» деген рас екен. Бір шолу жасай қояйын деп едік, өзі сегіз түйір ойыншы, түгесілмей қалды ғой.
Жалпы алғанда, осы тур аса қатты көңілден шыға қоймады. Сандық мәселе емес тіпті… Жоқ, бұл менің өз сексуалды толғаныстарым ғой, сонда да… "Әзіл" тақырыбына бір де бір мәтіндік әзіл, құдай-ау, қарабайыр қалжың пост жазылмады. Кемі бір-екі блогер жазбақ керек еді. Әзілдің өзі жоқ, оған жету жолдары, жетіп жүрген жандар, құрылымы, оригинали сатира жазылыпты.
Бірақ жұмыстар, әдеттегідей, сапалы. Блогерлердің уақыт тапшылығы посттарынан сезіледі. Алайда өз биігінен түспей өліп тұр бәрі.

Асқар Базарбайдың жұмысы. Шарж. Визуалды қалжың технологиясы. Жұмыс барысында сайттарға сілтемесі пайдалы енді. Бірақ, мысалы, көрші Нәкөштің «айфон төрт-эс-інде» (өзімде ескі нокиа) сол функциялардың бәрі болмаса да, көбі бар бағдарлама тұр. Бір қосымшада. Күрделендіріп не керек деймін де…
Негізі, жеткізу қабілеті — оның мықты тұсы ғой. Шарждау әдісін көрсетуіңде, сатылы түрде жіліктеуінде мін жоқ. Топас Нәкөш те түсініп кетер еді (Топас болса, неге айфонды демеңіздерші тек, әкесі — ауылдың байы).
«Бейталант» деген ізетіңізден — оқырманға: «айтпақшы, мынадайлар бар ғой, білмейсің бе не?» деп, тиісе сөйлеу формасынан қашқаныңызды байқадым. Бірақ оныңыз бекер: мынауыңыз тамаша жаңалық пен мүмкіндіктер!" дейді Ерлан Оспан. Міне-міне, бейталант деп аздап сақтандыру жасап алады, кім біледі, қалай боп кетеді. Сондай-ақ өзіндік ирония бар. Басқаларың бұдан да нашарсыңдар, бұтқа!

Ернар Бекенов. Міне, мен мұны түсінемін — адам шешім қабылдады, адам асфальттағы каток секілді жапырам деді, адам жасады. Ап-адаммм! Сыны субъективті, әрине, бірақ бұл қалыпты. Критикадан қорықпайтыны зор да, яуу… Әй, онсыз да қорықпайды ғой, қанша критикадан өзінің басы шығып жүр қылтиып…
Жайдарман жайлы «Неге екенін білмеймін, тартымдылығынан гөрі, көрерменді кері итеріп тұратын бірдеңесі бар: мүмкін атмфосферасы, мүмкін басқа да көркемдік ерекшеліктер» депсің. Мен айта салайыншы, ол нәрсе — априори әртістің лажасын күту. Әртістің профи емес (болмауы да шарт) екенін білу, түйсік деңгейінде сапа күте бермеу. Сосын Физтехтің интеллектуалды әзілін өз тұжырымыңа пайдалану — орынды. Тек, объективті емес. Олар — өздері сондай стильде ойнайтын сирек команда, бәрі мұндай стильде ойнаса қызық емес. Бұлардың да кемшіліктері бар. Ән-би, артистизм, мэй би… Ой, мұның бәрі лирика. Постың ұнады.
Жюридің бірі де 10 қоймапты. Жо-жоқ, сеніңіздер маған, кемі бірі 10 қоюы тиіс пост! Иә-иә, бла-бла, олар жақсырақ біледі, бірақ Бекенов шешім тауып беруге міндеткерлігі жоқ қазақ әзілінің қапастағы жағдайына! Фи! Таза орташа тоғыз — тоғыз жарымдікі, жюри зынданға! Тек Еркімбай жақсы айтыпты орыси көзқарас жайлы.
Кейде Базарбайға инерциямен 10 қойып жібереді-ау деймін. Әйтпесе, мынаған кір іздеп не көрініпті-ей…

Тағы не дейміз? Ракишева Айнұрдың әзілі осы аптада ең омүшеенный әзіл болды. Жоқ, сегіздікке кіре отырып, лақтырып кету — сарказмның көкесі емес пе, иә???
Кемі, 6 баллға бағалауға болады ғой, иә?
Жарайды, Ерғалина жайлы еңбегің үшін саған бәрін кешірем. Хаха, менің кешіріміме қарап қалған ештеңе жоқ демеш тек… Одан басқа кешіруге тұрарлық посттарың кем де кем просто… Әзіл. Турнирлік тұрғыдан ештеңеден ұтылмадың, Айнұр! Ана артыңдағы екі бәйтөбетті жеткізіп алмасаң болды. Абзал уже сдулся, нет?  Қуанта берші айдай сұлу бейнеңмен һәм посттарыңмен!

Жандос Құсайынов… Ай, қазанатым-ай… Фильм маңыздырақ, әрине. Түсінемін. Әйтпесе, айырып алар ең мыналарды. Алдағы апта не болады, не істейсің? Бізбенсің бе, маэстро, маған сол қызық? А? А? А?

Қоя берші оны, Абзал Сариевтікі деген… Әрі заңгер, әрі шымкенттік, мұндай жағдай өмірде мүмкін емес! Жоқ, ескертетін игі мұсылман табылмаған ба? Ескертсе де, жүре берген бе? Не гәп бар? Айсұлтаннан үлгі алмадыңдар ешқайсың! Егінде жүріп, екінші күні-ақ еңкілдетіп жіберетін. Сауап! Тағдырдың әзілі… Сен жайлы пост жазып жүр ме тағдыр?
Осы аптада постсыз блогерлер! Кетпеңдерші, хей! Базарбайды Шиеліге барып электр желісінсіз қалдырып кетсек те, бір шешімін табармыз.

Маралбек. Манасбек. Қызық, әрине. Оригиналды. Ақындықтан дилетанттығы артық боп тұр. Бірақ бұл мүшәйра емес, блогиада болғасын, материал қызы-ыыық. Әрі әзіл тығыздығы да төмен емес.
«Кірмей түске қайтесің,
Жазғаны кілең төсек-жыр». Пхахах. Мен білгем, анау үш қыз — пері!
Пост. Жанр. Негізі, ұтылыссыз вариант. Егер видео болмағанда 10-ға тұрмас дер ем. Қазір тұрады. Журналистік тілден жаңашылдыққа көшуің — во! Эльвира әлі опық жейді.
Сосын жауап бер Қожабекова есімді азаматшаға: «Домбырада салбырап тұрған не?»

Әйгерім. Кхехехе. Жоқ, мен діншіл ортодоксаль болсам ше? Не мынау? Қазақ тілін білетін христиандардың сезімінде ойнайтын пост қой мынау. Хардтау әзіл.
Ана екеуі дидарласатын жерде ұзақтау ми шағып, ұстап тұруға болушы еді,ә? Диалог жасатып, бір сурет қо сондағы пайдаланатын.
Еңбегіңді бағалапты жюри. «Тек, Пайғамбарды келеке етпегенің дұрыс, осы соңғысы болсын.» дейді Тимекең. Сатыбалдыға все можно, тебе нет? Куда годится это? Бұ жерде, хард әзіл ғой, ислами қарап керек емес. Бірақ тыңдай сал айтқанын, жөн білетін кісі.

Эльвира. Журналистка болып бара жатыр Эльвира. Бірақ сүбелі шыққан сұхбат, көлемді ме, салиқалы ма… Не ғой, сосын, Рамазан комеди-актер есебінде онша емес екенін мұнда да көрсетіп қойды, ә?
Жюридікін қарадым — тура сөйдепті: Журналистика. Еу, бұл қыз кәсіби журналистикаға бет бұрды, ұрса бермеңдер, кейін Марко сияқты орнына келеді. Назгүл де претензия ұстап қойыпты. ОК.
Бәрібір еңбекқорлығың мен талантыңа тұсау жоқ. Ю а зе бест. Ай лав ю.

пы.сы.
Жалпы, блогиада сапарында деймін де… Жюри болуы қиын-ау. Кейде басқаша қарауға тура келеді. Нұрбергеннің идеясыздық жайлы посты есіме түседі. Бағалау сәтінде психологиялық аспект ойнап, тақырып таппай жазды, сосын 10 алуы мүмкін емес дерліктей… Алайда… білмеймін, гениалды болмаса да, қарабайыр адамның тірілгі емес анау.
Асқардың ондық алған жұмыстары… Алмаған жұмыстары да… Ох, шандоз, ох, шандоз! Жазбаларын айтам… Сол шандоздарын шабандоз қалай-қалай баптайды, ә?
Эльвира! Бұтыңда шалбарыңды тіреп тұрған ештеңе болмаса да, еркекке татитсың! Блогиада сыйлығын Оскар сыйлығына айналдырмауға сенде әбден мүмкіндік бар! Ойлансаңшы, енең сүйінгір-ау, осы кезге Оскар сыйлығы деген сыйлық бар бұл әлемде! Екіншісін туындатып аттың тасағына керек болып па?
Қара өзің енді!
Екінші кім Базарбайды базар аралатып жібере алуға қабілетті? Ол — Жандос Құсайын! Тура фамилияң-ақ айтып тұр: «Бар жазған-пысқаныңа...» деп. Кешір, кешір, бауыр, егер фильмнен бір ауық көңіл бөле алсаң, айыра алар ең! Енді кеш боп қалғаны өкінішті. Приоритеттер, однако.
Осымен болды дейін десем… Көз алдыма сығырая мониторға шұқшиып, ернін тәлпиткен Кеулімжай елестеп кетті. Оу, иә, балақай! Сенің тәжірибең — менің кеудемдегі түгімнен бетер. Шансыңнан айырылма, сенің қасқырлығың бәрінің түбіне жетеді.
Оскардың құны — бір вахтадағы интернетсіздік қой.
Сонсоң, келесі жылы блогиада бола ма, болса, түзеліп кеп, Димаш, Нұрберген мотивация тауып, қосылса, 1000 бөтелке шарап, 200 арзан қатын келеді жүлдеге дегенді естіп, Сатыбалды ойнаса, қыздар қайта көреміз десе, ой, жағдай қиын. Мүмкіндік биыл!

Сондай әртүрлі қатысушылар, іріктелген жүйріктер сияқты… Мұнда енді кішкене лирикалық шегіністермен аздап қоймалжың боп кетті, айыпқа бұйырмаңыздар. Кайфқа бұйырыңыздар!
Келесіге жалшылықтан қол тиіп, тірі жетіп жатсам, тек тур барысына ғана шолу жасаймын. Сол себепті қысқарақ боп, ертерек бітіріп қоятын шығармын… Енді, үнемі бірдей мезеттік, ұзақ жұмыс қайда? Өздерің де ерте бітіріп қоятын кездер болады ғой, түсіністікпен қараңыздар…

Жарайды, оның бәрін қоя беріңдерші, қатысушылар келесі турға не әзірлеп жатыр екен, ә????
Әрі қарай

Қасиет Кәрім: "Әзілдің сәтті шығуы жеткізушіге байланысты"

Блог - aikarakoz: Қасиет Кәрім: Әзілдің сәтті шығуы жеткізушіге байланысты
Қасиет Кәрім, Жайдарман әзілдерінің авторы
Еңбек өтілі — 3 жыл

— Қасиет, айтыңызшы, әзіл қалай жазылады осы? Қиын ба?

— Фантазияңды іске қосасың да, екі желіні ойыңда қатар алып жүруің керек — болды. Мысалы, бір оқиға мен екінші оқиғаны қатар жүргізіп отырсаң, сол әзіл боп шығады. Әзіл жазу жаттығуды, шынығуды талап етеді. Басында қиын, үйрене келе жеңілдейді. Өзім қателіктерімнен сабақ алдым.

— Әзіл жазып жүргеніңізге неше уақыт болды?


— «Мен жиырма бірінші қыркүйектен әзіл жазуды бастап едім,» деп айта алмаймын. Бірақ, сегізінші сыныптан бері жазамын. Сосын жылдармен бірге деңгей де өсе береді. Әр түрлі оқиға болады, қызықты жағдай болады. Солардың бәрін ойда жинап, әзіл жүйесіне келтіріп, бірдеңе шығаруға машықтанып қалдым.

— Демек, осы уақытқа дейін әзіл жазған командаңыздың саны жүзге жығылып қалады екен...


— Мәәә… оны санап көрмеппін. Отыздан асатын болар. Әр түрлі деңгейдегі командалар ғой.

— Бір әзілді неше теңгеге жазатыныңызды білгім кеп отырғаны


— Ол жағын білмеймін тіпті… бір ғана әзілді сатып көрген кез болмапты. Мысалы, Жайдармандағы Сәлемдесу конкурсының регламентіне сәйкес 7-8 минутқа толтыру керек. Ол 7-8 минуттың ішінде үш әзіл болуы мүмкін, мүмкін қысқа-қысқа он бес әзіл болуы мүмкін. Әзілдің санымен емес, уақытымен өлшейміз. Бағалары әр түрлі болады.

— Қандай негізге сүйеніп бағалайсыздар?


— Әзілді халыққа өтімділігіне, маңыздылығына байланысты бағалаймыз. Мысалы, ойынның өзі өте маңызды, финал делік. Жоғары лига немесе премьер лиганың әзілдеріне қарағанда телевизиялық емес, орта ойынның әзілдері арзан. Ал, телевизиялық лиганың әзілдері қымбат. Маусымашар қатты маңызды ойын емес қой, оған ешкім әзіл сатып алмайды. Егер 1/8-ден 1/4 турға өту керек болса, міндетті түрде әзіл сатып алады. Бағасы да ойынның бағасына сай болады.
Шындығында, Жайдарманда ақша көп айналмайды. Ресейдікімен салыстырсақ, бізде дым да емес, тіпті әзіл сатылады деп ауыз толтырып айтуға да келмейді-ау. Финалға шыққанда 150 мыңға бір ғана әзілді алатын кез болады, кейде сол ақшаға бүкіл сценарийді алып жатады.

Ресейдікімен салыстырсақ, бізде дым да емес. Тіпті "әзіл сатылады" деп, ауыз толтырып айтуға да келмейді-ау.

— Өлең жазарда Муза шешейдің келгенін күтіп жүреді көп ақын, әзілді жазуда да Муза керек пе? Жалпы, әзіл неше күнде жазылады?


— Кейде бір түннің ішінде үш конкурстың сценарийін жазып шығаруға болады. Кейде бір ай жүріп, жаза алмайсың. Сондықтан шабыт бізге де келіп-кетеді. Уақыт тығыз болса, бір амалын табасың. Ертең ойын, өл-тіріл бірдеңе жазуың керек болады. Жазасың.
Тағы мынадай жағдай бар: екі адам отырып, 20 минутта дәріхана туралы әзілдің қырық-елуін шығарып тастауы мүмкін. Бірақ, оны қағазға түсіру көп уақытты алады. Соны да есептеу керек.

— Алкогольдің, одан да ауыр заттардың көмегімен әзіл шығаратындар туралы есіткенім бар еді. Ол процестің бәрі камераға жазылып, ертесіне соның арасынан тәуірлерін теріп алады екен.


— Иә, ол бар. Бірақ, ескі тәсіл. Оны қолданбай кеткелі біршама жыл өтті. Өйткені, қазір халықтың талғамы өсті, ондай жолмен шығатын әзілдерге ешкім күлмейді. Ішімдіктің не тағы да басқаның көмегімен айтылған әзіл дәл сол сәтте күлкілі болғанымен, сау баспен қарағанда дым күлкілі болмай шығатын кездер көп. Жасырмаймын, бұрын болды ол жағдай.

Қазір халықтың талғамы өсті, ондай жолмен шығатын әзілдерге ешкім күлмейді.

— Қандай тақырыптағы әзілдерді көбірек жазасыз?


— Менің ерекшелігім де, кемшілігім де сол – тақырып талғамаймын. Саяси әзілді де, «гонды» да, басқасын да жаза беремін. Әзіл туындағанда оны мәтінмен көретіндер болады, мен оның сахнада қалай болатынын, қалай қойылатынын көремін. Сол бояу жағына келгенде басқалардан бір плюсім артық деп ойлаймын.

— Пах, шіркін  Он әзіліңіздің нешеуі редактурадан өтпей қалады?


— Көбіне бәрі өтеді. Ал, өтпей қалған жағдайда… көп болса, үшеуін алып тастайды.

— Өзіңіз керемет деп санаған әзілдер редактурадан өтіп, халыққа өтпей қалып жататын кездер болатын шығар, иә?


— Кез келген сценарийді дайындағанда өзім көз алдыма елестетіп көрсем, керемет боп шығады. Одан асқан әзіл жоқтай. Халықтан соған сай реакция күтемін. Олай болмай шықса, кішкене өкініш болады енді.
Қазір мен бұрынғыдай пытырлатып 4-5 командаға әзіл жаза бермеймін, таңдаймын. Кейбірінің ұсынысын кері қайтаруға тура келеді. Әзілімді орындайтын топтың жеткізу деңгейіне баса назар аударамын. Ойында туындаған керемет дүниені сахнада алып шығады-ау деген командамен істес болғым келеді. Сосын әрбір ойыннан соң жіберген қателермен жұмыс істеймін. Кейде бәрі жақсы болады да, тек ойыншыда өз-өзіне деген сенімділік жетіспейді. Сондайда психологиялық сабақтар да өткізіп жіберемін.
Негізі «бұзылмай», көпке дейін шыдайтын әзіл – мәтіндік әзіл ғой. Оны оқып та — күле аласың, тыңдап та — күле аласың. Ол Жайдарман тілімен «сухофрукты» деп аталады. Қысқа-қысқа мәтіндік әзілдерді кез келген ойын арасында оқып та беруге болады, ойнап та беруге болады.

Блог - aikarakoz: Қасиет Кәрім: Әзілдің сәтті шығуы жеткізушіге байланысты

— Сахнаның үстінде ойнап жатып ойға жаңа әзіл кеп қалатын кез бола ма және ол әзілдер сол мезетте ойналып кете ме?


— Иә, импровизация деген бар. «Мынаны былай етсек,» деп ақылдасып жатқанда шығатын әзілдер де болады. Ол әзілдерді кейінгі ойынға алып қаламыз. Редактордың тексеруінен өтіп, ойынға шығарамыз деп тұрған әзілдерді өзгертуге моральдық тұрғыдан құқымыз жоқ. Оған қайта дайындалуға ешкімнің уақыты да жоқ, текке сахнада шатасып, құртып аламыз. Жаңағыдай кенет туған әзілдерді келесі ойынға жазып қоямыз.

— Маған мына жері қызық болып тұр: финалға екі команда шығып тұр делік. Екеуінің де әзілін сіз жаздыңыз. Сонда қай команданың ұтатыны сізге байланысты бола ма?


— Жоқ, командаға «осыны жасайсыңдар,» деп әзілді бере салмаймын. Жеке принципім сол – мен әзілді ұсынамын. Алатын-алмайтыны өздеріне байланысты. Екі топқа қатар әзіл жазғанның өзінде менің бірінікін күшті, бірінікін әлсіз қылуға кәсіби тұрғыдан да қақым жоқ. Мысалы, өзім Күлтегін командасының әзілдерін жазамын. Бір керемет әзіл туындап қалады кейде. Ол Күлтегіннің форматына келмейді. Олар ойнаса, қатты күлкілі шықпайды. Бірақ, сол әзілді Барыстар тобы ойнаса, залды айырып тастауы мүмкін — Барыстарға ұсынуға тура келеді. Сол сияқты ғой.

— Әзілдің сапасы ойыншының актерлық шеберлігі мен жеткізуіне де байланысты деңіз...


— Иә, әзілдің сәтті шығуының 70 пайызы жеткізушіге байланысты. Мысалы, Ресейдің «квнщиктерін» алайықшы, олар бір типтес, бірінің әзілін бірі ойнап бере алады. Ал, бізде ондай емес, әр команданың өзінің форматы бар. Сол форматтан ауытқымау керек. Қиындау.

— Айтпақшы, танымал тұлғаларды жиі әзілдеп жатасыздар, сіздерге келіп, «мені әзілдеңдерші» деп тапсырыс беретіндері бола ма?


— Ондай «заказдар» болған емес. бірақ, соған ұқсас азын-аулақ жағдайлар болды. Ерболат Құдайбергеновтің концертінде ойнайтын болдық. Сонда ол келіп: — «менің осындай-осындай тұстарым бар, әдеттерім бар, мен туралы осылай әзілдесеңдер болады,» деп айтты. Сол сияқты, әншілердің жеке кешінде ойнайтын болсақ, олар өздері ұсынуы мүмкін. Оған қоса, әзіл түсінбейтін, ол туралы әзілдегенін қаламайтын адамдар бар. Өзімде кездескен жоқ, естуім бойынша, өзі жайлы әзілдемеуін ескерткен тұлғалар бар екен.

Өзі жайлы әзілдемеуін ескерткен тұлғалар бар.

— Сол әзіл көтере алмайтындардың арасынан шағымданғандары да болған шығар?


— Жеке өзім кездескем жоқ, ондай жағдайлардың болғанын естуім бар. Өзім көрмеген нәрсені айтпай-ақ қояйын. Есен ағадан сұрасаңыз болады. Өйткені, арыз-шағымның бәрі сол кісіге айтылады, бізге ешкім жекелеп жолыққан емес.

— Жарайды, сұрармын. Жайдарманда авторлар командасы неше адамнан тұрады?


— Авторлар командасы болғанмен, біз тек Жайдарманмен ғана шектеліп қалып жатқан жоқпыз. Төрт адам ғанамыз, оның өзінде әрқайсымыз жан-жаққа, басқа жұмыстарға кетіп қалдық. Жайдарманмен ғана шектеліп қалуға бізге әлі ерте. Өйткені, командалар тек автормен жұмыс істеуге дайын емес, автормен қалай жұмыс істеу керек екенін түсінбейді. Ол деңгейге әлі жетпедік. Қазір Жайдарманда атормен жұмыс істей алатын бір-ақ команда бар. Ол – Демеушіміз болашақ. Қалғандары да автормен жұмыс істейді, бірақ, қалай жұмыс істеу керегін білмейді. Мысалы, Ресейдің командалары автормен мықты жұмыс істейді. Жазылған сценарийді алады да, өздеріне керегін таңдап, тазалап, ары қарай қосатындарын қосып алады. Ал, бізде автордан дайын сценарий күтіп отырады. Үтір-нүктесіне дейін, тіпті, қойылатын музыкасына дейін дайындап беруің керек. Ал, өзі түсінбеген әзілді жеткізу өте қиын. Ол әзілі бір ойында өтеді, екінші ойында өтуі мүмкін. Үшіншісінде ақауы байқалады да, ұтылып қалады.
Сол себепті қазір авторлық командаға қажеттілік артып тұрған жоқ, сондықтан басқа жұмыстарға да кетіп жатырмыз. Ертең қажеттілік туындаса, қайта жұмыламыз.

— Қазір көп телебағдарламалардың басында экс-жайдарманшылар жүр. Тіпті, бірнеше әзіл-сықақ театрлары да жайдарманшылардан құралған, Нысана болсын, Базар жоқ болсын. Олармен де жұмыс істей бересіздер ме?


— Негізі олар өздері де сценарий жаза алатын адамдар ғой. Нысанада, кем дегенде, екі автор бар. Ал, Базар жоққа, иә, көмектесіп тұрамыз кейде.

— Сұхбаттасқаныңызға рахмет!



P.S.

Иәәәә… Әзілдің сәтті шығуы жеткізушіге байланысты екен, ендеше қызық эксперимент жасап көрелік. Бір анекдотты Жайдарман және әзіл-сықақ ойыншыларына айтқызып көрдім. Рас екен. Қызық болды

Әрі қарай