Сәлем!

Армысыздар, құрметті ағайын! Мен өзіме бүгін блог ашып отырмын. Осы сайтты бұрынырақ көзім шалып еді — Мерамбектің әнінің сөзін іздеп отырғанда. Іздеген жоғым табылғанға қуандым, әрине. Содан сайтқа ырза болдым. «Керекинфо» десе дегендей-ақ екен дедім.
Кейін блог екенін түсіндім. Жазылған посттар мен пікірлерді оқи бастадым. Олар баурап алды. Қазақ тілді орта екен, ырза болдым. Енді міне орталарыңызға келіп отырмын. Жатырқамай, жылы қарсы аларсыздар деп үміттенемін. Мында, сосын, жақсы-жақсы сындар көп айтылады екен. 6 сөйлемнен құралған постқа 60 ауыз пікірлер жазылады екен. Сайт осы пікір алмасуымен құнды деп ойлаймын маған.
Мен посттарды қатты жазып қоймаймын енді. Енді-енді үйреніп жүрген жайым бар. Сондықтан аса сөкпессіздер деймін. Пікір бөлісулерге көп араласатын шығармын, әзірше.
Осы… айтайын дегенім… Типа, кіріспе сөзім)
Әрі қарай

Жұмадағы жақсы жаңалық

Жұма мүбарак болсын жамағат! Алла қылған ниеттеріңізді қабыл етсін!

Мен үшін жұма жақсы жаңалықпен басталып отыр. Әдеттегідей жұмысқа кеп керекинфодағы блогымды қосып қарасам… Мащаллах, рейтингім өсіп қапты!) Дәлірек айтсам +қа өтіппін. Осыдан 3-4 күн бұрын ғана -10 бірбәле болған рейтингім. Қазір 1,57 ті боп қапты, тәуба.

пысы: енді пікірлерді бағалап, қауымдастық аша алатын болдым ба екен?)
Әрі қарай

Қисық сөздер. Бірінші сөз. БлоГ



Блог дейтін ыстық құшақтың бар екенін білгеніме шамамен үш, ал оның қойнына кіріп, балқып жүргеніме бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде небір жазба оқыдық, небір блогшыны көрдік, сараладық, салыстырдық, санадық. Берерімізден аларымыз көп болды. Сөзіміздің саптасы сылбыр жүрістен сары желеңге салатынды шығарды. Ойымыздың қанықтығы анықтала түсті, бұрын білмейтін біраз білімге ие болып шыға келдік. Әнебір сарыауыз шағымызда айдарымыздан жел ескен «белді, беделді» блогшы атандық.
Әрі қарай

Сәлем-пост

Сәлем барлықтарыңа!

Есімім — Зульфия. Жаңа Patick дейтін (дұрыс жаздым ба?) қолданушы "қош келдің" деп жазып жатыр, рахмет. Керекинфо туралы құрбыларымнан естіген едім, бір айдай болды, тек сырттай бақылап жүрдім. Бүгін тіркелейін деп шешім қабылдадым.

Блогтарда жүргеніме бір жылдай болды. Бұған дейін, негізінен орыстілді ортада болған едім (ол жайлы сұрамасаңыздар екен, неудачный опыт). Қазақтілді юзерлердің арасына келуім бірінші рет.
Әрі қарай

Неге мен осындаймын

«Неге мен осындаймын деген гностикалық сұрақтар мазалай ма?» деген еді Сатыбалды екеуміздің жария болмаған бір сұхбатымызда.
Шынымен де, неге мен осындаймын?

Әке-шешем маған генімен бірге иықтылық пен сүйкімді күлкімді берді (бәрі солай айтады, білімге құштарлықты берді. Сыпайылыққа үйретті. Бірақ сол сыпайылықтың таяғын да біраз жеуші едім. Сол үшін сыпайылықты жау деп есептей бастадым. Бала кезде ойқастап, ерке болған мен жасөспірімдік кезде, күрт тұйық бола қалдым.
Әрі қарай

Ағайын, жаңа блогтұғырды қарсы алыңыздар!


Армысыздар, керекші ауыл тұрғындары! Бүгін мен сіздерге өзімнің жаңа блогтұғырымды пайдалануға ерекше қуанышпен ұсынбақпын! Көптен бері осындағы көпшіліктің wordpress тұғырындағы блогтары ашылмай қалған соң «Бұл жағдайдан қайтсек шықсақ болады?» деген ой ұйқы бермей қойғаны рас. Сол үшін де осыған дейін "Өзіңе жеке сайт қалай ашуға болады?" тақырыбында бейне-сабақтар түсіріп, назарларыңызға ұсындым. Алайда, «Бірақ қалай болғанда да қазақ блогтарының басын қосатын бір ортақ желі һәм жүйе керек болар?» деген сұрақ тынымсыз әрекеттің нәтижесінде дәл қазір сіздерге ұсынып отырған "Қазақы блогтұғыр" блогтар желісін өмірге әкелді. Бәлкім, доменнің һәм желінің аты сіздерге «тізесі шыққан көтриоттар әлемі» секілді көрінуі мүмкін. Дегенмен де ізгі ниет, пәк көңілден шыққан жұмысты шын жүректен қабыл аларсыздар деген ойдамын.
Әрі қарай

Хостқа блогтұғыр орнату



Қабылда, @konvict!

Осының алдында жарияланған Құны $1 тұратын домен немесе тасбақаның шөбі және 250 MB тегін хостинг (Домен туралы посттың жалғасы...) бейне-сабақтар сериясының жалғасын қабыл алыңыздар. Бұл жерде хостқа уордпресс блотұғырын қалай жүктеу керектігі және мәліметтер базасын қалай құрып, сол арқылы сайтты қондыру түсіндіріледі.
Әрі қарай

250 MB тегін хостинг (Домен туралы посттың жалғасы...)



Бұл бүгін күндіз жазған "Құны $1 тұратын домен немесе тасбақаның шөбі" атты мақаламның заңды жалғасы. Жалпы айтқанда іздеу машинасына жүгінсеңіз әлемнің кез-келген нүктесінен сан мыңдаған тегін хостерлер тауып береді. Соның ішінде ірілеріне тіркелгенді дұрыс санаймын. Қызметтері сенімдірек.

Мысалы менің өз блогым www.000webhost.com атты хостерде орналасқан. Басқару панелі де ұғынықты (брондағылар үшін). Бірақ соңғы кезде «Блогың ашылмайды» не «Ашылып болмайды» деген арыз-шағымдар түсіп жүр. Негізі одан басқа тегіннен-тегін 1500 MB яғни 1 гектар орынды бере салған хостерді көрмедім. Ал мына менің ұсынып отырғаным 250 МБ орын береді. Блог не жеке сайт үшін тақияға тар келмейді. Ал ендеше іске сәт!
Әрі қарай