Барахолкинг 2

Сумка туралы саганың жалғасы:

Әлқисса, өткен жолғы постта жазған сумканы ақыры алып тындым. Бір бутикте бұрын заттар алып жүрген болатынмын — сол жерден алдым. Бағасы 3050 теңге екен. Есебін карточкамен айырсыып едім, сатушы қыз мониторына қадалып тұрып, «Бұрын жасаған саудаларыңыздан бонус жиналып қалған екен, сонымен төлесеңіз болады» дейді. "Өй, жарайды, былай-ақ төлей берейінші" деп, ақшасын төлегеннен кейін чекке қарасам, 2970 теңге бонус бар екен. Сатушы қыз айтпаса, оны білмегендей де екенмін нақ. 3050 теңге төлеп, 2970 теңге қайтарып алғасын, сумканы 80 теңгеге сатып алғандай болып, кәдімгідей көңіл жайланып қалды, бонуссстың )

Түсінгенім бойынша, Қазкомның карточкаларының белгісі бар мәгезіндерде Қазком карточкасымен есеп айырыссаң, бонус ақша жиналатын көрінеді. Ол үшін қолыңдағы ашық жасыл түсті Go! Card болуы міндетті емес екен. Менде — Қазкомның кәдімгі CirrusMaestro картасы. Арт жағында бір шетінде елеусіз ғана Go! Card деген жазуы бар бірақ…
Әрі қарай

Барахолкинг

Таң атпай тұрып алып, сағат 11-де барахолкаға барып қайттым. Келесі шабат жездемнің туған күні еді. Соған бір аяқ киім алу керек болды.
Жолай базар аралап жүріп, қара көзілдірік алғым кеп жүргені еске түсіп кетті де, біреуін сатып алдым. Мәшинемен
Әрі қарай