Қисық сөздер. Үшінші сөз. Жүз

1. Сан. 100 саны қызық өзі. Бала кезден ол толымды, тұщымды, төрт тұяғы нық түскен дүниемен ассоциацияланады. «100-ге дейін санауды үйрендім» деуші едік қой. Өзім елуден кейін жаңылысып қалушы ем «алпыз тоғыз, жетпіз тоғыз, сексен тоғыздарды» тастап кетіп. Кейін пайызды үйрендік. Бағанағы 100 туралы ойымыз еселене түсті. 100% деген шегіне жетіп, шырқай дамыған, абсолютті болып көрінді.


… Мимырттанған тіршілік ай десейші. Ағаш(шөлке, бұтақ, ағаштың көзі, тақтай, қарағаш...) жармағандар жоқ шығар. Балтаны таңдаудан бұрын(…… ...) сабы сынып діңкемізді құртатын кездеріндегі өкініш пен ызаға не тең келеді?(Балта сермеуден басқа қолынан түк келмейтін пенде үшін).